Күн энергиясын құрылыста пайдалану.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күн энергиясын құрылыста пайдалану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн өте үлкен энергия қорының көзі және оның бойындағы энергияны тиімді пайдалану қазіргі кездегі басты мәселе. Энергия тұтыну адамзат тіршілігінің міндетті шарты болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күн энергиясын құрылыста пайдалану.

Күн өте үлкен энергия қорының көзі және оның бойындағы энергияны тиімді пайдалану қазіргі кездегі басты мәселе. Энергия тұтыну адамзат тіршілігінің міндетті шарты болып табылады. Сондықтан адамдар ертеден күн энергиясын тиімді пайдалану жолдарын қарастырды. Әлемде энергия қоры тапшы. Сондықтан болар, дамыған елдің бәрі баламалы энергия көзін қолданысқа енгізумен әлек. Күн, жел энергетикасы сынды қуат көздерін дамыту бүгінгі күннің басты қажеттілігіне айналып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап энергетикалық және экологиялық проблемалардың өсуiне байланысты экономикалық жағынан дамыған мемлекеттер күн энергетикасын дамытуға елеулi қаржы сала бастады. Күн энергиясын өндіру үшін жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектрстанцияларды, күн элементтері мен батареяларды және т.б. инновациялық құрылымдарды ойлап тауып, өндіріске енгізуде. Күншығыс елінде өндірілген күн энергиясының 90% тұрғын үйлерде пайдаланылады. Жапония тұрғындарының қоршаған ортаны сақтауға деген саналы түрдегі қатынасы үлгі тұтарлық. Энергетика саласында да табиғатқа зиян тигізбеу жан-жақты ойластырылған. Күн батареялары алғаш шыға бастаған кезде олардың күші өте әлсіз еді. Қазіргі таңда күн батареялары да жаңа технологиямен жасалынып, оның құрылымы да, қызметі де дами түсті. Күн технологиясы – бұл қуатты күннен алатын құрылғылар. Бұл батареяларды кең түрде қолданудың тиімділігі көп. Егер күн батареясын тұрмыста қолданатын болсақ, электр қуатын қолдану жылына 70 % ға төмендейді. Сондай-ақ бұл құрылғылар көптеген инновациялық технологияларда кең қолданысқа ие болуда. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. Күн батареялары – күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Күн энергиясын пайдалану жүйелері мінсіз және экология үшін қауіпсіз болып табылады. Дүние жүзінде оларға үлкен сұраныс бар. Төмен температуралық компонентте жұмыс істеп, күн жылуының қуатын қолданатын технологиялар қазіргі танда кең таралып жатыр. Ғимарат энерготиімді болуы үшін мына жағдайларға көңіл бөлу қажет: - ғимарат орнын дұрыс таңдау. Солтүстік аймақтарда тұрғын үйді меридиальды орналастыру арқылы оған келетін жарық мөлшерін 30% өсіруге болады. Ал оңтүстік аймақтарда керісінше, үйлерді ендік бағытта орналастырған жөн. Бұл арқылы бөлмені желдетуге кететін шығынды азайтуға болады. - ғимарат пішіні, яғни ұзындығы мен енінің қатынасы– параллелепипед болғаны дұрыс; - табиғи жарықтандыру. Ғимарат энерготиімді болу үшін ол жылы ауаны сыртқа, ал суық ауаны ішке кіргізбеуі керек. Ол үшін ғимаратты түгелдей жылытқыш арқылы қымтау қажет.Қабырға арқылы үйдегі жылудың 40% сыртқа кетеді. Сол себепті қабырғаны қымтауға көп көңіл бөлінеді. Соңғы сездері заманауи түрі – желдетілген қасбет (фасад) қолданылады. Жылытқышпен қапталған қабырға сыртына арнайы әр түрлі материалдан қаңқа тұрғызып, оған түрлі плиткалар бекітіледі. Арасында 2-3 см бос кеңістік қалады. Ол да жылытқыш ролін атқарады. Қазіргі заманғы сәулет өнері күн батареялары орнатылған үйлерді көбірек салуды жоспарлап отыр. Күн батареяларын арнайы тіреуге немесе ғимараттың шатырына орнатады. Бұл ғимараттар тыныш, сенімді және қауіпсіз энергия көзі - күнді пайдаланады. Күн энергиясы жарықтандыру, ғимаратты жылыту, салқындату, желдету, электр энергиясымен қамтамасыздандару үшін пайдаланылады. Қазақстан аумағында күн энергиясын қолданудың келешегі жоғары, қазірдің өзінде түрлі эксперименттік жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен, сарқылмайтын күн энергиясын сәулет өнерінде, азаматтық және өндірістік ғимараттарда пайдалану арқылы энерготиімді ғимараттарды жобалауға қол жеткізе аламыз.



Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің өндірістік оқыту шебері

Төленов Азамат Асхатұлы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2021
372
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі