Күрең күз, шертіп мұң шерді

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күрең күз, шертіп мұң шерді

Материал туралы қысқаша түсінік
өлеңдер өрелі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күрең күз шертіп мұң шерді

Күз жетіп мына ағаштар сыңғыр қағып тұр,
Күлімдеп атқан ақ шағи таңда жарық бұл.
Саудырап түсіп сағыныш хаттар ілегі,
Сағыныш тамұқ екені жанға анық бұл.

Сырласып сұлу сағыныш деген тамұқпен,
Жұлдыздай жанып арындап келем ағып мен.
Ағылып кейде саябырсыған қалпында,
Cезінем, толқып, кетердей осы қалыппен.

Сезе ме бәлкім сезді ме екен от кеудем,
Сезініп жаным аулақ бол мені шектеуден.
Көк орай белмен күмістеп күптеп көмкер сен
Күлімдеп келіп көкорай белді көктеммен.

Сырымды ұққын дауылдай тынған іштегі,
Іштегі дертім еселеу менен күштері.
Өмірдің жазған заңдылығына не шара,
Боялды сары саялы терек түстері.

Әспеттеп, әптеп көмкеріп алтын жалатқын,
Ен жайлаған жағасынадағы алаптың.
Сімірсем-дағы өмірдің улы шарабын,
Мен саған тағдыр бір түйір ғана дән ақпын.

Көктемім қайда, өткенім қайда кешегі,
Кешегі күндер елестеп есте көшеді.
Жаңылыстырса өткен күндердің есебі,
Жаңылта көрме, сынағым келер кеш мені.

Құлазып көңіл көңілсіз күйге енбегін,
Өлеңім менің өмірім, онсыз өлгенім.
Тағдырдың түртіп жабулы тұрған пернесін,
Ашайын енді ақындық атпен пердесін.

Кептерім менің қияға қанат қаққалы,
Сәулелі нұрды түнерген бұлт та жапқалы.
Аптаның ыстық қытымыр күні қапқалы,
Тыпыршып көңіл тыным бір мезет таппады.

Уақыт қарымды

Құлайын мейлі құздан да биік,
От кеудем мына ызғарға тиіп.
Етек-жеңді көл етсем-дағы,
Өмірім мәңгі өтермін сүйіп.

Арманның шегіп сапарларына,
Күнімнің атар батар таңына.
Құдіреті күшті о Аллам саған,
Мың тәубе етер құлың табына.

Шығарар алып заңғарларына,
Қуанар сонда аңғал жаным да.
Адам баласы сенбейді екен,
Өзінен-өзі алданғанына.

Жаралы жаным жақсыға құмар,
Жаныма жиған жақсыдан шығар.
Жылдарды уақыт ұрлап та жатыр,
Аңқаулар жарға аңғармай құлар.

Бүтіндеместен сынықтарымды,
Қалайды өмір шыныққанымды.
Мұрша бермес тыныққанымда,
Жіберер қайта құмық дауылды.

Түсіріп еске аһ ұрғанымды,
Жүрекке мына ақыл бағынды.
Алдамшы екен мен соны ұғып,
Таңғалып дедім – уақыт қарымды.

Жан анама

Жан анашым ардақты,
Өзің ең ғұмыр сыйлаған.
Сөзге де шешен салмақты,
Болған ең шіркін сыйлы адам.

Қарап та жансыз бейнеңе,
Көзімнің жасын сел қылам.
Өзіңсіз мынау дүниеде,
Жоқ шығар, бәлкім, енді мән.

Жылай да жылай, зар еңіреп,
Көздің де жасы таусылды.
Енді бір қайтып әлемнен,
Естимін бе екен дауысыңды.

Өзегім мұңға малынды,
Сағыныш тербеп жанымды.
Серігі енді болсын деп,
Берді Алла осы дарынды.
Алақаныңды аялы,
Анашым, балаң сағынды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2018
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі