Материалдар / Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары Практикалық жұмыс №2

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары Практикалық жұмыс №2

Материал туралы қысқаша түсінік
STEM. STEAM Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары Практикалық жұмыс №2
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2024
210
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Динамика

Педагогтің аты-жөні:

Зейнелхан Г.

Күні:

27.09.2024ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 22 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

Практикалық жұмыс №2

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру және есептер шығару.


Сабақтың мақсаты:

- бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру.

- Ньютон заңдарын есептер шығаруда мысалдар келтіру.



Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут






Өткенге шолу

5 минут









Негізгі бөлімге дайындық

7 минут






Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Топқа бөлу. Күш, үдеу, масса, жылдамдық.



1 .Тест тапсырмалары (қосымша 1).

Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс

Қолданылған әдіс-тәсіл: интернет ресурстарын қолдану.

https://www.flippity.net/CertificateQuiz.htm





2


«Сіз қалай ойлайсыз?»

Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру мақсатында проблемалық сұрақтар қою.

1.Дене жылдамдығының өзгеруіне не себеп болады?

2.Автобус кенет тежелгенде немесе жылдамдығын бірден өзгерткенде жолаушылардың құлап кетуі мүмкін екенін қалай түсіндіруге болады?

3.Бір нүктеге түсірілген модульдері жағынан тең үш күштің тең әсер күші нөлге тең болуы мүмкін бе?

4. Үш оқушы аққу, шортан һәм шаян. көрніс


Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс

Қолданылған әдіс-тәсіл: қойылым. сұрақ –жауап ретінде қызықтыру.


Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау





Оқушылар әртүрлі термин жазылған карталарды алу арқылы 4 топқа бөлінеді.

1,2,3.4..




Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.









(функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмалар)






Оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.














Дескриптор: білім алушы

күштер, олардың түрлері туралы қайталайды;

-Ньютон заңдарын тұжырымдайды

- динамика заңдарына мысал келтіреді.

ҚБ: Үздік сертификат









Дескриптор: білім алушы


-Ньютон заңдарының тұжырымдасына сүйене отырып түсіндіреді.

-бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына сипаттама береді.

- бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құруға қадам жасайды.

ҚБ: Бір – бірін бағалау әдісі













Үлестірмелі карта






https://docs.google.com/spreadsheets/d/ 10 сыныпқа арналған оқулық, интерактивті тақта


https://quizizz.com/join?gc=91956313

https://quizizz.com/join?gc=91956313











https://youtu.be/Nieyxxcc2bI










Сабақтың ортасы

Практикалық жұмыс



15 минут





Топтарға практикалық жұмыс нұсқаулығы таратылады.

Көлбеу жазықтықта қозғалған дененің үдеуін анықтау.

Үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, онда білеуше көлбеуліу бұрышын 300 және 450 болатын көлбеу жазықтық бойымен қандай үдеумен қозғалатынын зерттеңіз.

3 ҚОСЫМША


Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс

Қолданылған әдіс-тәсіл: зертеу, зертханалық жұмыс жасай отырып түсіндіреді.




Оқушылар күштердің түрлері, инерциялық санақ жүйесі, Ньютон заңдары туралы ақпаратты толықтыра отырып топ ішінде талқылау жасайды.

топ оқушылары бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмін құрады.Топ спикерлері топтық жұмысты қорғайды.



Дескриптор:

- күштер, олар- дың түрлері туралы айтады;

-Ньютон заңдарын тұжырымдайды

- бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құрады.


ҚБ:

Топ ара бағалау


-Қай топтың жауабы ұнады?

-Сіздер жауапты қалай толықтырар едіңіздер?



Постерлер

Сергіту сәті


8 минут






Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс

Қолданылған әдіс-тәсіл: толықтыру

1

Серіппелі динамометрге қарама-қарсы бағытта 4 Н және 7 Н күштер әсер етеді. Динамометрдің көрсететін мәні қандай? Егер динамометрге қарама-қарсы бағытта әрқайсысы 5 Н тең күш әсер ететін кезде қалай өзгереді?

2.

Серіппе массасы 400 г жүк ілінген бос ұшынан 0,8 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілді. Серіппенің қатаңдығы 250 Н/м. Серіппенің массасын ескермей, оның ұзаруын анықтаңдар. Қозғалыс басталғаннан 5 с өткеннен кейінгі жүктің жылдамдығын табыңдар.

Бір нүктеге түсірілген әрқайсысы 120 Н-ға тең екі күштің тең әсерлі күшінің модулі 207,6 Н болса, күштердің арасындағы бұрыш


Шешуі:





Оқушылар жеке тапсырманы орындайды. жекелей тапсырманы орындап болған соң жауаптарын тексереді.



Тең әсерлі күш векторы , модулі (сурет)



Дескриптор:

-Динамика заңдарын қорытындылайды.

- бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін қолданады.

-бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін қолданып есептеулер жүргізеді.


ҚБ:

Тақтадан дұрыс жауаппен өзара бағалау







Тапсырма бар парақшалар









Сабақтың соңы

7 минут














Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс

Қолданылған әдіс-тәсіл: Бағалау



Рефлексия. « Төрт сөйлем».

Пікір : сабақ бойынша туындаған өзіндік пікіріңізді 1 сөйлеммен келтіріңіз.

Дәлел: Келтірілген пікірді 1 сөйлеммен дәлеледеңіз.

Мысал: өзіндік пікірді тағы да 1 негіздеп кету үшін 1 сөйлеммен мысал келтіріңіз. Мысал өмірден алыну керек.

Қорытынды: өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап қорытынды шешіміді 1 сөйлеммен келтіріңіз.


Үй тапсырмасы: Рымкевич есептер жинағынан №330-№332



Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды. Алған теориялық білімдерін практикада есептер шығаруда жалғастырады.



Оқушылар бүгінгі сабаққа кері байланыс береді, сұраққа жазбаша жауап жазып даналық ағашына іледі.


ҚБ: өзін өзі бағалау




















Тапсырма бар парақша








­Өткенге шолу. Тест тапсырмалары

(қосымша 1)

1. Пойыздың жылдамдығын 2 есе кеміткенде, оның тежелу жолы

A) 2 есе артады. B) 4 есе кемиді C) 2 есе кемиді.

D) 4 есе артады. E) өзгермейді.

2. СИ жүйесіндегі жылдамдықтың өлшем бірлігі:

A) м/мин B) км/сағ C) м/сағ D) м/с E) км/с

3.Бірқалыпты түзусызықты қозғалған материялық нүктенің жылдамдық векторының бағыты

А) қозғалысқа перпендикуляр траектория бойымен. В) траекторияға перпендикуляр.

С) траекторияға параллель. D) қозғалысқа қарсы бағыттас.

Е) қозғалыспен бағыттас траектория бойымен

4.Бірқалыпты қозғалысқа сәйкес келетін график

Shape1


A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5

5. Материялық нүктенің жылдамдық проекциясы мына түрде өзгеретіндей болып қозғалады: υx = 2 - 3t, оның үдеуі

A) 3 м/с2. B) -3 м/с2. C) -5 м/с2. D) 5 м/с2. E) 7 м/с2.

6.Еркін түсу дегеніміз –

А) тек қана ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы

В) серпімділік күшінің әсерінен дененің қозғалысы.

С) ауа кедергісі әсерінен дененің қозғалысы.

D) үйкеліс күшінің әсерінен дененің қозғалысы.

Е) ауырлық күшін ескермегенде дененің қозғалысы.

7.Көкжиекке 300 бұрыш жасай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілу биіктігі мен ұшу қашықтығы (g = 10 м/с2)

А) 13 м; 88 м. В) 1,3 м; 17,3 м. С) 130 м; 88 м.

D) 13 м; 8,8 м. E) 1,3 м; 88 м.

8. 100 м биіктіктен құлаған дененің жерге соғылғандағы жылдамдығы мен құлау уақыты (g = 10 м/с2)

А) 40 м/с; 5с. В) 45м/с; 4,5с. С) 0; 3с. D) 45м/с; 6с. Е) 0; 4,5с.

9. Автомобильдің жылдамдығы 10 с уақытта 10-нан 6 м/с-ке дейін кемиді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік формуласы және 20 с кейінгі жылдамдығы

A) υх(t)=10-0,4t, υ=2 м/с. B) υх(t)=10+0,4t, υ=2 м/с. C) υх(t)=10-0,4t, υ=3 м/с.

D) υх(t)=10+0,4t, υ=3 м/с. E) υх(t)=10-0,2t, υ=2 м/с.

10. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мына түрде x= -3 t2. Нүктенің 2 с-тан кейінгі жылдамдығы мен орын ауыстыруы...

A) υ =3 м/с; s=3м. B) υ =12 м/с; s=12 м. C) υ = -12 м/с; s= - 12 м.

D) υ =-3 м/с; s=-3 м. E) υ =12 м/с; s=-3 м.









2 ҚОСЫМША



Жеке жұмыс.(функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған тапсырмалар)

Ньютон заңдары

Рисунок 1 Shape2 Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.











Сұрақ 1: Ньютон заңдары

Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең?

А) Қозғалмайды, ҒR=0

В) Қозғалады, ҒR=F1+F2+F3

C) Қозғалмайды, ҒR=F1+F2-F3


Сұрақ 2: Ньютон заңдары




Берілген суреттерден алынған тұжырым: 1. Инерция заңы, 2 Ньютонның ІІІ заңы, денелердің өзара әрекеті кезінде күштердің пайда болатынын және олардың табиғатының сонымен қатар олардың жұппен пайда болатынын, бұл күштердің модулі бірдей әрі бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталады. 3. Ньютонның ІІ заңы: Қозғалыстағы дененің үдеуі денеге түсірілген қорытқы күшке тура пропорционал және дененің массасына кері пропорционал, ал үдеудің бағыты қорытқы күш бағытымен бағыттас.


Сұрақ 3: Ньютон заңдары

Арқан тартқан кезде шамалары бойынша бірдей, бірақ бағыттары бойынша қарама-қарсы күштер пайда болады. Неліктен арқанды көбінесе бір жағына тартып алуға болады?









А. Арқан тартқан кезде адамның Жермен өзара әрекеттесу күшін (табанның Жер бетімен үйкеліс күшін) ескеру керек. Сондықтан жерді күштірек қысып басатын, ал бұдан үйкеліс күшін арттыратын адам арқанды өзіне тартып алады.

В. Арқан тартқан кезде адамның салмағын ескеру керек. Сондықтан жерді көп салмағымен қысып басатын жақ арқанды өзіне тартып алады.

С. Арқан тартқан кезде адам санын ескеру керек. Адам саны көп болса сол жақтың күші басым болғандықтан арқанды өзіне тартып алады.

















3 ҚОСЫМША

2ПЖ "Бірнеше күштің әсерінен дененің қозғалысын зерттеу"

Тапсырманың тақырыбы: Денеге бірнеше күштердің әсері және оның қозғалысын зерттеу.

Тасырма мазмұны : Үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, онда білеуше көлбеуліу бұрышын 300 және 450 болатын көлбеу жазықтық бойымен қандай үдеумен қозғалатынын зерттеңіз.

Мақсаты:
Оқушыларға бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысын зерттеу.олар күштердің әсерін, қозғалыс заңдылықтарын және математикалық есептеулерді қолданып, нәтижелерді талдау.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ньютонның бірінші, екінші және үшінші заңдары қолдана алады.

  2. Күштер және олардың векторлық бағытын салып проекцияларын салады.

Құрал-жабдықтар:

  1. Қарапайым динамометр (күшті өлшеу үшін).

  2. Массасы белгілі объект (мысалы, арба немесе цилиндр).

  3. Таймер (уақытты өлшеу үшін).

  4. Сызғыш немесе өлшеу таспасы (орын ауыстыруды анықтау үшін).

Тапсырма кезеңдері

1. Мәселені түсіндіру (теориялық бөлігі)

  • Оқушыларға денеге әсер ететін әртүрлі күштердің қандай әсер беретінін түсіндіріңіз.

  • Келесі күштерді сипаттап өтіңіз:

    • Ауырлық күші (

    • Үйкеліс күші (

    • Қолданылған күш (

    • Тіректің реакциясы күші (

2. Жоспар құру және гипотеза

  • Оқушылар денеге бірнеше күштердің әсерін ескере отырып, оның қалай қозғалатынын болжауы тиіс.

  • Мысал: "Арбаға бірнеше бағытта күштер әсер етеді, және біз оның жылдамдығын, үдеуін және орын ауыстыруын өлшейміз. Гипотезамыз: Үйкеліс күшінің үлкен болуы дененің үдеуін азайтады".

3. Тәжірибе (практикалық бөлігі)

  1. Денеге бірнеше күштің әсерін жасау:

    • Қолданылатын күшті динамометр арқылы өлшеңіз.

    • Үйкеліс күшін анықтау үшін денені әртүрлі беттерде (шершек, тегіс) жүргізіңіз.

  2. Дененің қозғалысын өлшеу:

    • Таймерді қолданып, дененің белгілі бір уақыт ішіндегі орын ауыстыруын және үдеуін өлшеңіз.

    • Қажет болса, әр түрлі күш жағдайларында (мысалы, үйкеліс күші артып немесе азайып жатқанда) есептерді қайталап орындаңыз.

4. Мәліметтерді талдау

  • Тәжірибе нәтижелерін жазып алыңыз:

    • Қолданылған күш, үдеу, орын ауыстыру, жылдамдық мәліметтері бойынша деректер жинаңыз.

    • График құраңыз: мысалы, қолданылған күш пен үдеу арасындағы тәуелділікті көрсететін график.

  • Қорытынды жасаңыз: бірнеше күштердің әсерін талдаңыз, қандай күштер үдеуді арттырды немесе азайтты.

5. Қорытынды және рефлексия

  • Оқушылардан эксперименттің нәтижелерін талдауды сұраңыз:

    • Қандай күштер маңызды болды?

    • Үйкеліс күші қалай әсер етті?

    • Ньютон заңдарын қалай қолдануға болады?

  • Оқушылар өздерінің гипотезаларының дұрыстығын тексереді.

6. Қосымша тапсырмалар:

  • Тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, өз графиктерін салып, математикалық модельдер жасау.

  • Басқа денелердің (массасы әртүрлі) қозғалысын зерттеу.

  • Үйкеліс коэффициентін өзгерту арқылы дененің үдеуін зерттеу.

Қорытынды:

Бұл STEM тапсырмасы арқылы оқушылар күштердің өзара әсерін тереңірек түсініп, механиканың заңдарын іс жүзінде қолдануға үйренеді. Олар тек теориялық біліммен шектелмей, эксперимент жүргізіп, нәтижелерді талдайды және нақты өмірдегі мысалдарға сүйеніп қорытынды шығарады.

Бірнеше күштің әсерінен болатын дененің қозғалысына есеп шығару алгоритмін құру үшін механиканың негізгі заңдарына және Ньютон заңдарына сүйену қажет. Бұл есептерде дененің қозғалысын сипаттау үшін күштер векторының әсерін анықтау, теңдеулерді дұрыс құру, және шешу керек. Төменде алгоритмнің кезеңдері көрсетілген:

1. Есептің шартымен танысу

  • Берілген шамаларды, денеге әсер ететін күштерді анықтау.

  • Қозғалыс түрін (бірқалыпты, үдемелі және т.б.) сипаттау.

2. Күштерді анықтау

  • Әрекет ететін барлық күштерді анықтаңыз:

    • Тартылыс күші (mg);

    • Кері серпімділік күші (серпімді денелерде);

    • Үйкеліс күші (f);

    • Қолданылған күштер (егер есепте көрсетілген болса).

  • Барлық күштердің векторларын салыңыз, бағыттарын анықтаңыз.

3. Ньютонның екінші заңы

6. Шартты қарастырып, теңдеулерді шешу

  • Барлық белгілі және белгісіз шамаларды орнына қойып, теңдеулерді шешіңіз.

  • Егер векторлық түрде шешу керек болса, xxx- және yyy-координаталары бойынша жеке теңдеулер құруға болады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ