Материалдар / Күздің соңғы күндері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күздің соңғы күндері

Материал туралы қысқаша түсінік
Күзге байланысты эссе іздеген желі қолданушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
775
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО Семей қаласы

М.О.Әуезов атындағы

педагогикалық колледжі

ІV курс студенті

Бейсенғазина Аружан


Күздің соңғы күндері

(Эссе)

Мінекей, көзді ашып-жұмғанша 4-курсқа келіп те қалыппыз. Мен бұл шығармамды өзімнің студенттік кезімдегі күздің соңғы күндеріне арнап жазбақпын. Бұл мезгіл көп адамдарға суық, сұрғылт тартқан, көңілсіз жыл мезгілі болып көрінеді. Ал шынайы көзқараспен қарасаңыз кереметтей! Адамды тұңғиық ойға батыратын ерекше бір жыл мезгілі. Ал сіз білесіз бе? Көптеген ақындар мен жазушылардың өлеңге деген шабыты, құштарлығы, ойтолғанысы осы жыл мезгілінен бастау алады. Ал мен үшін бұл алтын мезгіл – сағыныш мезгілі. Әлі есімде, оқу орнымдағы алғашқы күндерім зымырап, бірінен кейін бірі зулап өтіп жатты. Бұл – күздің соңғы күндерінің бірі еді. Ең алғаш оқуға келгеннен кейін әрбір баланың бойында үйіне деген, ата-анасына деген сағыныш сезімі болады ғой. Менде де дәл сондай сағыныш сезімі болды. Сабақтан шыққан кезімде немесе іс-тәжірибеден қайтып келе жатқанда алыстағы мұнар басқан тауларға қарап ойлайтынмын: «Анау таудың ар жағында менің ауылым бар ғой, сондағы ата-анам не істеп жатыр екен, менсіз олар қалай жүр екен, анам бәріне үлгеріп жүр ме екен, ал әкем мен баурым ше, өрістегі малдарын баға алып жүр ме екен? Шіркін! Қастарында мен болсам ғой, барлығына көмегімді беріп өзім істер едім» деп қиялдап жатақханама қайтатынмын. Қателеспесем, аптанның ортасы болатын. Оқу бөлмесінде сабағымды қарап отырғанмын. Кенеттен телефоныма қоңырау келді. Тұтқаны көтерсем әкем екен. Қуанып кеттім! Әкем: «Аконай қалын қалай? Қызым, қарның ашып жүрген жоқ па? Ақшаң бар ма? Аманшылық болса келесі аптада өзім барып қайтамын» деді. Ал мен қатты қуанғаннан тіл-аузым байланып, тек «иә» деп айта беріппін, Сол кездегі менің қуанышымды көрсеңіз ғой. Далаға жүгіріп шығып жерде жатқан сап-сары жапырақтарды аспанға қарай лақтырып балаша қуанғаным әлі есімде. Енді міне 4-курсқа келіп осы сәтті сағынышпен де күліп те еске аламын. Сондықтан да күз мезгілінің соңғы күндері мен үшін сағыныштар мен әсерлі естеліктерге толы мерзім болды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!