Материалдар / Квалиметрия түсініктемелері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Квалиметрия түсініктемелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Квалиметрия түсініктемелері. Негізгі шарттары Квалиметрия латынша (“qualitas” – сапа, қасиет, сипат, ал “quails” – қандай, сапасы қандай деген мағына) жəне ежелгі грек “метрео” сөзі - өлшеу,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2018
2128
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






жоба ТАҚЫРЫБЫ:

педагогикалық квалиметрия ғылыми-педагогикалық бағыт




















Өскемен қаласы

2017 жыл


Квалиметрия түсініктемелері. Негізгі шарттары

Квалиметрия латынша (“qualitas” – сапа, қасиет, сипат, ал “quails” –

қандай, сапасы қандай деген мағына) жəне ежелгі грек “метрео” сөзі - өлшеу,

өлшеу жүргізу дегенді білдіреді. “Метрео” түбірі жалпы халықаралық ғылым

лексикасында қолданылады, ал “квали” түбірінің түрленіп айтылған түрі

качетво” - “сапа” дегенді білдіреді. Ағылшынша “quality” (“кволити”), испан

тілінде “calidad” (“калидад”), француз тілінде “qualite” (“кваалита”), неміс

тілінде “qualitat” (“квалитат”), голландия тілінде “kwaliteit” (“квалитайт”).

Сонымен қатар, “Квалиметрия” термині “сапаны өлшеу”, “сапаны бағалау

сияқты мағына береді. Осыған байланысты, мысалы, ғалым, маман, яғни,

квалиметриямен айналысушы – квалиметролог болып аталады.

Кез келген пəнге сапа жағынан қарау, не болмаса кез келген пəннің

сапасын бағалау – квалиметрлік жуықтау деп айтылады. Мысалы, сапа туралы

ғылым квалиномия; осы пəнге байланысты сапаны бағалау жəне өлшеумен

айналысу, өнімнің сапасының сандық бағалауы квалиметрия болып табылады.

Квалиметрия” жалпы 1960 жылдың ортасына қарай қолданысқа енді.

Кейін 1968 жылдан бастап профессор А.В. Гличевтың бастауымен сапаны

бағалаудың ұқсастық əдісінің жалпы əдістемелік негізі қаланды жəне оның

теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол берілді.

Квалиметрия теориялық жəне қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық

квалиметрия – ол нақты объектіні абстрактілеу, принціптердің негізі, өңдеу,

жіктеу, жалпы əдістер жəне арнайы мəселелердің сандық сапасын бағалау.

Қолданбалы квалиметрияның негізгі тапсырмасы – заттың, өнімнің нақты

түріне байланысты, сапаның сандық бағалауының əдістемесін жасау.

Квалиметрияның негізгі шарттары:

1. Кез келген өнім (өнім, процесс, жүйе, … т.б.) жеке қасиеттерімен

сипатталады, ол ГОСТ 15467-79 өнімнің жасалуы немесе қолданылуы кезінде

объективтілік ерекшелігімен түсіндіріледі.

2. Сапа - өнімнің қолданылуына байланысты тиімділік өлшемін

анықтайтын ең күрделі қасиеті болып табылады.

Квалиметрия пəні жəне мазмұны

Квалиметрия өнім сапасы сандық тұрғыда бағалау əдістерін зерттейтін

жəне жүзеге асыратын ғылым саласы. Сапаны басқаруда жəне стандарттауда

қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылады. Квалиметрия кешенді

жəне интегралдық сапа көрсеткіштерінің əдістерін талдап жасайды, өнімнің

жекелеген сипаттарын бағаға сəйкестендіру мүмкіндігін береді.

Квалиметрия теория жүйесімен өзара байланысты, соның ішінде кез келген

объектінің сапасын бағалау теориясының (құрылатын, қолданылатын,

субъектіге əсер ететін жəне т.б.) ғылым саласы. Сонымен қатар, ол сапаны

бағалаудың сандық жəне сандық емес əдістерін қарастырады.

Квалиметрия сапаны бағалау əдістерін зерттейтін ғылым болғандықтан, ол

сапаны бағалаудың критерийлері, оларды табу əдістерін, сапаны өлшеудің

сандық əдістерін жəне сапа көрсеткіші бойынша əртүрлі объективті

8

салыстырмалы варианттардың мүмкіндіктерін алуды қамтамасыз етеді.

Квалиметрияның теориялық байланысы

Жүйелілігіне байланысты сапа туралы ғылымның келесідей салаларын

атап өтуге болады:

Сапаның өзгеруімен байланысты экономикалық мəселелерді зерттеу;

Сапа мəселесінің əлеуметтік бағыттарын зерттеу;

Жеке сападағы өнімді өндіру мен тұтынудың ақпараттық бағыттарын

зерттеу;

Сапаны сандық бағалау мен өлшеудің тəжірибелік əдістері мен теориялық

негіздерін əзірлеу;

Сапаны басқарумен байланысты мəселелер кешенін зерттеу.

Аталған салалардың ішінде сапаны сандық бағалау бүгінгі таңда

маңыздылардың бірі болып есептеледі. Бұл зерттеулер сапамен байланысты

басқа да мəселелерді шешуге мүмкіндік беретін қажетті инструмент болып

табылады. Бұл бағалаулар сапаны басқару жүйесінің ажырамас бөлігі, себебі

кез келген үдерісті басқару үшін оның параметрлерін өлшей білу керек. Сапаны

сандық бағалаусыз сапаның ақпараттық бағыттарын зерттеу мүмкін емес. Ал,

сапа өзгеруінің экономикалық мəселелерінің негізі сапаны сипаттаудың сандық

əдістерінің қажеттігін анықтайды.

Квалиметрияның негізгі міндеті жəне мақсаттары

Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық əдістерін əзірлеу

мен дамыту. Жоғарыда атап өткен кешенді бақылау əрқашан қажет бола

бермейді. Кей жағдайда сапаның тек бір ғана қасиетінің дифференциалды

бағасы да жеткілікті (мысалы, жақсы тауарды таңдау мақсатында екі үлгіні

салыстыру барысында бір үлгінің барлық басқа қасиеттері екіншісінің

қасиеттерімен сəйкес болуы мүмкін).

Жалпы

квалиметрия

Арнайы

квалиметрия

Пəндік

квалиметрия

Диалектикалық көрінісі

Жалпылама Маңызды Бірліктік

Квалиметрияның негізгі мақсаттары:

1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет, үрдіс жəне т.б.) əртүрлі қасиеттермен

сипатталады. МЕМСТ 15467-79 «Өнімнің сапасы. Терминдер». Бұл қасиеттер

жай жəне күрделі болуы мүмкін.

2. Сапа бұл өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығын анықтайтын күрделі

қасиет немесе қасиеттер жиынтығы.

3. Сапа иерархиялық құрылымда ұсынылады. Жоғары орында сапа, ал

төменгі деңгейде қарапайым қасиеттері болады.

4. Жеке қасиеттер белгілі бір өлшем бірлігімен өлшенеді немесе

бағаланады. Соның нəтижесінде сапа көрсеткішінің абсолютті мəндері

анықталады.

5. Сапаны сандық бағалау келесі қызметтердің жалпы алгоритмін

көрсетеді:

Сапа көрсеткішінің иерархиялық құрылымын тұрғызу;

Сапа көрсеткішінің иерархиялық-абсолюттік мəнін анықтау,

Сапа көрсеткішінің базалық мəнін анықтау;

Сапа көрсеткішінің тепе-теңдіккоэффициентін анықтау;

Сапаны бағалаудың сандық кешенді мəнін анықтау.

6. Сапаның абсолюттік мағынасының көрсеткіші əрбір жай жəне күрделі

қасиеттермен сипатталады жəне жеке мағынасын көрсетеді. Басқа өнімнің

сəйкес (ұқсастық) көрсеткіші арнайы деңгейде қолданылады.__

Мұғалімнің қызметін әділ бағалау күрделі әрі қажетті мәселе. Бүгін де мұғалімге қойылатын талаптар заман талабына сай өзгеріп отырған кезде, мұғалімнің қызметін әділ бағалау қажеттілігі туындап отыр.

70-жылдары педагогикалық квалиметрия деген түсінік пайда болды. Квалиметрия мұғалімнің қызметін әділ бағалау үшін арнайы, кәсіби қасиеттерін анықтау, өлшеу қажеттілігінен туындаған.


Квалиметрия - ол педагогикалық зертттеудің бір саласы, педагогтың арнайы, кәсіби қасиеттерін диагностикалау мәселелерімен айналысатын ғылым. 
Квалиметрияға – педагогикалық зерттеудің, оның мазмұнының пара-метрлерін сипатттау, бағалау, өлшеу кіреді. 
Аттестация - лауазымына сәйкестілігін анықтау мақсатында жүргізілетін әрекет түрі. 
Аттестация - педагогтың квалификациялық санатына сәйкестілігін анықтау ушін жүргізілетін зерттеу.

Педагогтың еңбегін бағалау, өлшеу мәселесі педагогикалық жұртшылықтың назарынан тыс қалмаған. АҚШ-та рейтинг жүйесі қолданылады. Бағалау парақтарын толтыру, ол бойынша мұғалімнің қызметі үш тұрғыдан бағаланады: оқыту құралы, сыныпты басқара білуі, тәртібі бойынша.

Сондай-ақ, мұғалімнің еңбегін бағалау екі бағдарлама бойынша анықталған: «Ұлттық мұғалімдер емтиханы», «Педагогикалық білім беру жүйесінде емтихан бағдарламасы» бойынша тест тапсыру арқылы.

Ресейде екі буынды модель бойынша бағаланған: мұғалімнің марапатталуы және тәжірибесі арқылы. Бүл модель бойынша бағалау объективті нәтиже бермеген. 1990 жылдан бастап мұғалімдердің еңбегін бағалаудың алты параметірлік моделі алынған. Олар: Оқушылардың білім сапасы - 70%, оқушылардың пікірі - 5%, ата-аналардың пікірі - 5%, әкімшіліктің бағасы - 5%, әріптестерінің бағасы - 5%, өзінің бағасы - 10%, барлығы - 100%.

Шетелдерде мұғалімдердің, оқушылардың еңбегін тест арқылы анықтау үйреншікті, қалыптасқан тәжірибе.

Қазіргі кезде мұғалімге қойылған талаптарға қарасақ, ол тәжірибе біздің елде де орын алуда. Конкурстық негізде жұмысқа алу, конкурстық негізде квалификациялау - уақыт талабы. Білім сапасын көтерудің бір жолы мұғалімнің жоғары квалификацияға ие болуында, бәсекелестікке қабілеттілігінде.

Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгеріліп, толықтырылды.

Аттестацияның негізгі мақсаты - педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Міндеті - мұғалімнің кәсіби деңгейіне қарай біліктілік санат беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Қазіргі кезде бұл мәселеге оң көңіл бөлініп келеді.

Аттестация өткізудің негізгі принциптері: еріктілік, ашықтылық, жүйелілік, эксперттік бағалаудың объективтілігі, әдепті, әділ өтуін қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жүргізілуде қатаң сақталады.

Н.Портнов мұғалімдердің қызметін аттестациялау үшін келесідей критерийларды ұсынған:

-оқушылардың білім сапасы және тәрбиесі;

-пән бойынша білім деңгейлері;

-білімді тәжірибеде қолдана білулері;

-қоғамдағы, табиғаттағы болып жатқан өзгерістердің мәнін білу;

-оқушылардың өз бетімен білім алу деңгейі;

-оқушылардың техника түрлерімен жұмыс істей алулары;

-оқушылардың тәртібі, қоғамдық жұмыстарға араласулары, мәдениеті.

Мұғалімнің қызметі оқушылардың білімі, тәртібі, іскерлігі арқылы анықталады. Мұғалімнің қызметін бағалауда оның келесідей қасиеттері ескеріледі: жауапкершілігі, педагогикалық таланты, беделі, еңбексүйгіштігі, белсенділігі, тәртібі.

Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады. Әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялық комиссияның негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген: жоғары санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, ал екінші санатты – мектеп аттестациялық комиссия береді.

Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіш- термен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі - практикалық қызметті эксперименттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп береді: ғылыми-әдістемелік, немесе тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарды ұсына алады.

Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық экспертизадан (сараптаудан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде, аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперименттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен, педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялық комиссия нақтылап, түзетулер енгізіп отырады.

Мұғалімдерді аттестациялау педагогтің біліктілік санат сұраған арызы бойынша бес жылда бір рет өткізіледі.

Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педкеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімінің аттестациялауды аудандық бөлімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастырылуына, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжым -да іскер тілектестік көңіл-күйдің қалыптасуына тәуелді болып келеді.

Жалпы айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдіс -темелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық квалиметрия дегенді қалай түсінесіз?

2. Педагогикалық профессионализімді бағалау әр елде қалай өтеді?

3. Мұғалімдерді аттестациялау туралы не білесіз?

4. Мектеп басшысының қызметі қалай бағаланады ?

5. Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты не?

6. Мұғалімнің қызметі қазіргі кезде қалай бағаланады?



Тәрбиешілер қызметінің сапасын рейтингтік бағалау туралы ереже.

1.1.Осы ереже тәрбиешілері қызметінің сапасын бағалау тәртібі (ұйымның атауы) мен мақсатын белгілейді.

1.2.Тәрбиешілер қызметі сапасына рейтингтік талдау жасаудың мақсаты: олардың, тұтастай алғанда ұжым жұмысының тиімділігін бағалау, білім беру сапасын басқару жүйесін жетілдіру, педагогтардың біліктілік деңгейін, педагогикалық жұмыстың өнімділігін арттыруға жеке мүдделілігіне қол жеткізу.

1.3.Рейтингтік бағалаудың негізгі міндеттері:

педагогтар жұмысының сапасын бағалау үшін бірыңғай критерийлер енгізу;

әрбір тәрбиешінің қызметін жан-жақты бейнелейтін толық ақпараттық база жасау;

тәрбиешілердің өз біліктілігі мен кәсіпқойлығын өсіруге деген уәждемесін арттыру;

оларда өзін-өзі бағалау мен өз жұмысын талдау дағдыларын дамыту;

тәрбиешілер мен тәрбиешілердің көмекшілері үшін материалдық және моральдық көтермелеу жүйесін оңтайландыру.

1.4.Педагогтар қызметіне талдау жасаудың (рейтинг) нәтижелері оларды моральдық және материалдық көтермелеу үшін, техникалық құралдар сатып алуға қаржы бөлу, конференцияларға жіберу, сыйлықақылар беру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

1.5.Рейтингтік бағалау тетігі мен қызмет мазмұнын ғылыми- (ұйымның атауы) әдістемелік қызметі әзірлейді, педагогикалық ұжыммен талқыланады және енгізілген түзетулер есепке алына отырып, директор бекітеді. 1.6.Тәрбиешілер рейтингін анықтау үшін қажетті ақпаратты өңдеу және ұйымдастыру мен жинауды үйлестіруді арнайы құрылған сараптамалық комиссия жүзеге асырады. Комиссия директордың бұйрығымен тағайындалады.

1.7.Рейтингтік бағалау материалдарын әдіскер, аға медициналық бике, қосымша білім беру педагогтары, кәсіподақ комитетінің төрайымы ұсынады. 2. Рейтингтік бағалаудың әрекет ету тетігі

2.1.Рейтингтік бағалау ақпараттық база негізінде жүзеге асырылады, бұл базаның мазмұны тәрбиеші қызметі сапасының төрт негізгі блок бойынша көрсеткіштерін қамтиды: пәндік-дамытушы орта мен педагогикалық үдерісті ұйымдастыру, балалардың қатысу және ауруға шалдығушылық көрсеткіштері, педагогтің өзін-өзі көрсетуі.

2.2.Рейтингтік бағалау тәрбиешіге 2.1. тармағына сәйкес барлық бағыттар бойынша оның қызметіндегі жетістіктерге сәйкес есептелетін баллдардың қосындысымен анықталады. Бағалау бесбаллдық жүйемен жүргізіледі: «5» – өте жақсы, «4» – жақсы, «3» – қанағаттанарлық, «2» – қанағаттанғысыз. Бұдан кейін әрбір педагогтың алған баллдар қосындысы баллдардың мүмкін болатын ең жоғары санымен салыстыру нәтижесінде алынған пайыздық мәліметтерге аударылады.

2.3.Бүкіл оқу жылында, қыркүйектен бастап мамырға дейін сараптамалық комиссияның мүшелері өз бағыттары бойынша ақпараттар жинауды жүзеге асыра отырып, педагогтар қызметінің өнімділігін қадағалап отырады. 2.4.Сараптамалық комиссияның отырыстары мына: желтоқсан, ақпан, мамыр айларының соңында өткізіледі. Сараптамалық комиссия барлық ұсынылған материалдардың негізінде баллдармен бағаланған және пайызбен шығарылған мәліметтері бар қорытынды парақ жасайды, оны өз отырысында бекітеді. Рейтингтік бағалаудың нәтижелері тәрбиешілерге ұжым жиналысында ұсынылады, бұл жерде олар өздерінің кәсіптік қызметін бағалаудың мәліметтерімен танысады.



Әдебиеттер:

1.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие- М.: Проспект,2005.стр.55-57.

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, /Дарын/, Алматы, 2004.-448 бет.

4.Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и колледжей /Под ред. П.И.Пидкасистого.- М.: Педагогическое общество России, 1998.- стр.577-601.

5.Жарменова Г.С.,Кусаинов Г.М., Кусаинова М.А. Педагогический словарь-справочник.- Астана, 2000.- 350 с.стр.33.

6. Қоянбаев Ж.Б.,Қоянбаев Р.М.Педагогика.–Алматы: «Эверо», 2004. – 328-б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!