Материалдар / Квиллинг "Түймедақ гүлін жасап үйрену "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Квиллинг "Түймедақ гүлін жасап үйрену "

Материал туралы қысқаша түсінік
"Шебер" үйірмесі оқушыларына өткізілген сабақ жоспары. Сабақта түймедақ гүлін жасап үйренеді. Мастер класс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
728
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Квиллинг Түймедақ гүлін жасап үйрену

Жалпы мақсаты: Квиллинг туралы мағұлмат беру.Қағазды шиыршықтап орау арқылы түрлі бұйымдар жасап үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқыту әдісі: Көрнекіліктер қолдануТүсіндіру Сұрақ-жауап Сарамандық жұмыс

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: амандасу.түгендеу,оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлау.

2:Психологиялық дайындық. Жұмбақтар шешу

Жаңа сабақ: КВИЛЛИНГ ӨНЕРІ. КВИЛЛИНГ - Жіңішке қағаз таспаларын шиыршықтап орау және олардан әртүрлі формалар ала отырып, көлемді заттар не жазық бетте композиция құрасыру өнері. Квиллинг ағылшынның «quilling», «quill» деген сөзінен шығады. Қазақша мағынасы «құс қанаты». Бұл қолөнер түрінің басты материалы қағаз, өзіміз жақсы білетін оригами өнеріне ұқсайды. Бірақ Оригами өнері Жапониядан шықса, квилинг өнері 14 ғасыр соңы мен 15 ғасыр басында Еуропада пайда болды.

Шығу тарихы.
Квиллинг алғаш рет Қытайда б.з.д 105 жылы пайда болды деген болжам бар. Басқа мәліметтер бойынша осы өнер түрі ежелгі Египетте пайда болды дейді. Квиллингтің тарихы өте бай. 300 - 400 жылдары күміс және алтын жолақтармен құмыраларды безендірген және осы техниканы пайдалана отырып әшекей-бұйымдар ойлап шығарған. 1200 жылы квиллинг өте әйгілі болған.
1600-1700 жылдары әйелдер көңіл көтеру үшін қолданған. Европа мен Англияда 1700-1800 жылдары әйгілі болған. Тіпті мектептерде квиллинг үшін сабақтар да арналған болатын.
Квиллинг жұмыс табындағы әйелдер үшін көңіл көтеру үшін қолданылмаған. Ол аса құрметті әйелдердің сандық,айна, құты, рамка безендіру үшін қолданған. Тек ақшасы бар адамдар ғана квиллингті жасау үшін құралдарды сатып ала алған.

Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
Қолөнердің квиллинг, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.
Қағаздың қыр-сырын қанық білетіндердің қатары – қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар. Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.
.Шығармашылық жұмыс:
Әрбір дайын тілше тағаздардан неше түрлі формада орап әр түрлі заттарды жасауға болады: бижутерия, картина, ашық хаттар, альбом, алуан түрлі гүлдер т.б жасауға болады.
Казір квиллинг өнері арнайы оқытылады. Квиллинг мидың жұмысын жақсартып, жүйкені тыныштандырады.
Құралдар.
Түрлі түсті екіжақты А4 қағазы Темір сызғыш Өткір пышақ СпицаДомалақтары бар сызғыш
ПВА желімі Қайшы

Үлгі бойынша қажетті түсті қағазды таңдаймыз.
КВИЛЛИНГ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
№ Қажетті жабдықтар Жобасы Жасалу жолдары
1 Қандай зат жасағымыз келгенін анықтаймыз. Суретін саламыз немесе жобалап анықтаймыз.
2 Квиллинге арналған арнайы ұзынша тілше қағаздар.
Тілше қағазды орайтын арнайы тілігі бар аспабы бар
Егер дайын қағаз болмаса жасайтын заттың түсіне қарай қиып даярлаймыз. Ені 0,5 см. Ұзындығы жасалатын заттың формасына қарай
3Тілше қағаздарАспапЖелім (ПВА немесе қарындаш желім)
Тілше қағаздарды аспаптың тілігіне салып аспапты айналдырамыз.
Толығымен оралып біткен соң аспаптан алып қағаздың бос ұшын ашылып кетпес үшін жапсырып тастаймыз.
Ескерту: Қағазды қатты тартуға тығыз орауға аспаптан алған кезде жұлып алуға болмайды.
4Дайын болған домалақ болып оралған қағаздарды әртүрлі формаға келтіреміз
5 Ені 1,5 см,
ұзындығы 20 см тілше қағаз.
Қосымша басқа түсті тілше қағаз.Желім
Гүлдің ортаңғы өзекшесін жасау үшін қағазды шашақтап қиямыз да басқа түсті тілше қағазды жапсырамыз. Ұзынша тілше қағазды шашақты қағаздың соңына дейін ораймызда шетін жапсырып тастаймыз.
6 Түсті қағаз, қайшыЖапырақшалы қағазды екіге бүктейміз
7Бүктелген жапырақшаны бүктеп бүрмелейміз. Содан кейін қайтадан ашамыз.
8 Картон немесе ДВП. Беткі фонға қажетті материал
Дайын болған жұмысты қатты картонға немесе ДВП-ға жоба бойынша орналастыра бастаймыз.
Қағазды формаға келтіру түрлері
Әртүрлі үлгіде (формада) дайындалып болған фигураларды қағаз немесе ДВП картон беттеріне орналастыра бастаймыз. Ең алдымен жабыстыратын фигураның астына ПВА желімін жағамыз да еппен дұрыстап фигураны қоямыз. Осылайша барлық фигураларды жапсырып шығамыз. Дайын болған картинаны арнайы рамкаға орналастырамыз.
Іске сәт!
Қорытынды:
Теориялық бөлімді қорытындылау квиллинг туралы білімдерін тексеру мақсатында «Қатесін тап» атты тапсырма жүргізіледі. Тапсырманы оқи отырып жауап қате болған жағдайда жақшаның ішіне дұрыс жауаптарын жазады.
«Қатесін тап»
1. «Квиллинг» темірмен ( ) орындалатын қолөнердің бір түрі.
2. Алғаш рет Ресейде ( ) б.з.д 205 ( ) жылы пайда болды деген болжам бар.
3. Квиллингтің тарихы өте бай. 300 - 400 жылдары күміс және алтын жолақтармен құмыраларды безендірген және осы техниканы пайдалана отырып әшекей-бұйымдар ойлап шығарған. 1500 ( )жылы квиллинг өте әйгілі болған.
4. 1600-1700 жылдары әйелдер көңіл көтеру үшін қолданған. Африка мен Америкада 1700-1800 жылдары әйгілі болған.
5. Қолөнердің квиллинг, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру) сияқты және тағы басқа түрлері матамен жұмыс
( )жасауға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым мата қалдықтары ( )

Оқушылар пікірі: Оқушылар қолдарына таратылған шағын қағазға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып білім ағашына іледі.

Бағалау: Теориялық білімнің нәтижесі мен шығармашылық жұмыстың сапасын біріктіріп бағалау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!