Кураторлық сағаттың тақырыбы: Тәуелсіздік - тәу етер жалғыз кием
Мақсаты: жастарға тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін түсіндіре келе, қаншама ғасырлар бойы аңсаған егемен еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін қадірлей білу, білім, ғылымды меңгеру арқылы жоғары мәдениетке қол жеткізу арқылы отаншылдық рухты бойына сіңірген айбынды жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет.
Қолданылатын әдістер:
Құрылғылар: компьютер, проектор, мультимедиялық колонкалар.
Қатысушылар: тобының студенттері.
Кураторлық сағаттың
барысы
І –
жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер! Біз бүгін
дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986-ның желтоқсанына арналған
«Тәуелсіздік
-
тәу етер жалғыз
кием»
атты куратор сағатын ашық деп жариялаймыз. Қош
келдіңіздер!
ІІ –
жүргізуші: 16
– желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет
мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн
Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген,
мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік
үні
еді.
Көрініс:
Алаң. Құлпытас жаны. М. Шаханов және қыз бен
жігіт, ана, бала
Жігіт:
- Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен
міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Есіме марғау дүниені дүр
сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі.
Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де
болған едім.
Қыз:
- Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не
айтасың дегендей
болады.
Ақтық сөзің армандарың хатта
қалды
Көріп жүрміз қиып ап
сақтағанды
Қайрат!
Қайрат!
Сен мені
естимісің
Лагерде сен шірітпей, ақтап алдың, - дегім
келеді және келген сайын осы сөзді қайталай
беремін.
Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік
монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі
болады.
Ана:
Құрбандарым, жазықсыз
құрбандарым
Бет бағдарын бақиға
бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп
қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде
тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз
құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта
қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты
әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл
жалғаннан,
Жалтақтап кете барған
боздақтарым.
М.Шаханов: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын
деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның
Айналайын жас қайраты, жас өркені
халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей
маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым
бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан
алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар
елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
І – жүргізуші: Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық
(1 минут үнсіздік).
ІІ –
жүргізуші:
Желтоқсан - ызғарлы жел соққан
күн,
Желтоқсан - жүректерді оятқан
күн.
Талай ғасыр аңсаған қазақ
үшін,
Тәуелсіздік бағасы биік –ақ
тым!
Шықты алаңға жалынды қазақ
жастары,
Бар мақсаты – тәуелсіздік
аспаны.
Қазақтың заңғарлығы көрінген
сәт,
Ұмытылмас «Желтоқсан» мұң
дастаны.
Желтоқсанның жаңғырығы кетер
емес,
Қазаққа қойылған бір қиын
белес.
Көк туын салқын жел сермеп
өтіп,
Халқымның шын бірлігі сыналған
кез.
Ел-жұртым армандаған қанша
жылдар,
Осы жолда құрбан болды талай
жандар.
Бейбітшілікте өткізген әрбір
күнді,
Жас ұрпақ, құрметтеңдер,
бағалаңдар!
І – жүргізуші: Тәуелсіздік күнінің тарихы
1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, оның құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып шыға бастады. Солардың арасында Қазақстан да бар еді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы кеңес "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заң қабылдады. Сол сәттен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды.
Бір қызығы, Қазақстан одақ құрамындағы елдер арасында мемлекеттік егемендігін ең соңғы болып жариялады.
Еліміздің тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш Америка Құрама Штаттары мойындады. Одан кейін Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныдыТәуелсіздік жылдары Қазақстан зор жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Ядролық қарудан бас тартты. Шекарасын шегендеп, жаңа астанасын салды.
Бүгінде Қазақстан – БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, Еуроодақ, МАГАТЭ, ЮНЕСКО және басқа да аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып отыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ секілді беделді халықаралық ұйымдар бар.
16 Желтоқсан Тәуелсіздік күнімен! атты видеоролик көріңіздер!
ІІ –
жүргізуші:
Қазақстан
тәуелсіз ел
«Жауына
табынбаған,
От болып
жалындаған...»
Азаттық қоныс
қылған,
Елінде бақыт
тұнған.
Қыраны еркін
самғап,
Аспанда
қалықтаған.
Желбіреп
жалаулары
Иені жоқ
даласында
Әнұраны
шарықтаған.
Бәріне құшақ
ашып,
Ешкімді
жатсынбаған.
Көңілі ашық
қашанда,
Бар елмен туыс
болған.
Дұшпаны тұрса
күліп,
Қиып түсер қылыш
болған.
Дәстүрін
ұмытпаған,
Ұлыларын
ұлықтаған.
Зымзия
харамдарды,
Жанына
жуытпаған.
Қадалған жерден қан
алып,
Өліспей
беріспеген.
«Көздерінде от
ойнар»
Ұлдары батыр
кілең.
Қисынынан сөз
табар
Өр халақы ақын
кілең.
Осындай бар ма ел
десе,
Ойланбастан айтар
ем
Қазақстаным бұл
менің!
І – жүргізуші: Тәуелсіздік күні – мемлекеттік мереке
Тәуелсіздік күні отыз жыл бойы еліміздің басты ұлттық мерекесі болды. Бірақ былтыр заңға тиісті өзгерістер енгізіліп, мейрам "ұлттық мереке" мәртебесінен айырылды. Енді ол мемлекеттік мереке және тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәріміз тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек екенін атап өткен еді. Оның айтуынша, мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы.
"1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге", - деді мемлекет басшысы бір сөзінде.
ІІ –
жүргізуші: Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы
32 жыл толғалы отыр. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды
танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің
мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне
бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік
туды. Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере
шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр.
Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол
ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды
күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт
кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене
толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін,
халықтың бас бостандығы үшін күрес
еді. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен
кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп
келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел
құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге
төгілмепті. Желтоқсан оқиғасы
- бұл ерліктің
тарихы,
- республикадағы халқымыздың рухани
жеңісі,
- демократияға жол
ашу,
- тәуелсіздіктің алғашқы
беті.
Ой қозғау
Қазақстан тәуелсіздігі тарихын қаншалықты жақсы білеміз?
-
Қазақстанның егемендігі туралы декларация қашан қабылданды? 1990 жылы 25 қазан
-
Қазақстанда алғашқы болып өз елшілігін ашқан елді атаңыз? АҚШ
-
Қазақстан қашан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды? 1992 жылы 2 наурыз
-
ҚР мемлекеттік туының авторы кім? Шәкен Ниязбеков
-
ҚР мемлекеттік әнұраны қашан қабылданды? 2006 жылы 6 қаңтар
Осымен тәуелсіздік күніне арналған сағатымызды қорытындылай келе айтарымыз.
Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз киеміз, ұлы
мақсаттарға жол бастар темірқазығымыз, халқына күш-қуат берер күн
шуағымыз десем артық айтқандық емес. Құдайға мыңда бір шүкір, тәубе
дейік, ағайын! Маңдайымызға біткен елдігіміз бен берекелі
бірлігімізді, баянды тірлігімізді көздің қарашығындай
сақтайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кураторлық сағат: Тәуелсіздік

шағым қалдыра аласыз