Курс Қазақ тілінің практикалық курсы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Курс Қазақ тілінің практикалық курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілінің практикалық курсын» оқытудағы негізгі мақсат- оқушыларға грамматика ,оның зерттеу обьектісі, салалары, түрлері, грамматикалық категориялар туралы тереңірек теориялық білім беру,грамматикалық ұғымдарды меңгерту,синтаксис мәселелері жайлы ұғымдарын қалыптастыру,оқушылырдың өзіндік ізденістерін, шығармашы-лық қабілеттерін дамыту,оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Грамматика және оның обьектісі,салалары,түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың грамматика және оның салалары бойынша білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Грамматика және оның обьектісі,салалары,түрлері

Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.

Үлкен екі саласы бар:

морфология;

синтаксис.

Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы.

Сөзжасам жаңа сөздердің жасалу жолдарын, негізгі сөзжасамдық ұғымдарды қарастырады.

Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады. Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. 

Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. 

Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар.     Сөз құрылысы. Морфема – сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер.          Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.   

Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.

3. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

4. Білімдерін жинақтау

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Грамматика нені зерттейді? Грамматиканың қандай салалары бар?

2.     Сөзжасам және грамматиканың зерттеу нысанына не жатады?

3.     Грамматиканың құрылысы дегеніміз не?

4.     Сөздің морфологиялық құрылымы неден тұрады?

5.Сабақты қорыту































11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамы және морфемалар туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөз құрамы және морфемалар туралы түсінік бойынша білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Сөз құрамы және морфемалар туралы түсінік

Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты.  Тілдегі  сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз,қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің  морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады

Морфема (гр. morphe – түр, тұлға) – сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі. Морфема негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі морфемаға дербес лексикалық мағынасы бар, сөздерге ұйтқы болатын түбірлер (ақ, ек, ұқ, ас, ұр, үр, ер, т.б.) жатады. Қосымша морфемаға жеке лексикалық мағынасы болмайтын, тек грамматикалық мағынаға ие қосымшалар мен қосалқы Морфемалар (-ның, -нің, -ға, -ге, -ын, -ін, -ар, -ер, т.б.) жатады. Қосымша морфема сөз түрлендіруші, сөзжасамдық тұлғаларға және жалғауларға бөлінсе, қосалқы сөздер құранды атауларда жұмсалады. Қосымша морфемалар кез келген түбір морфемаға жалғана бермейді,  синтагматикалық  және  парадигматикалық заңдылықтарға бағынады, араларында мағыналық және тұлғалық мәндестік болады. Қосымша Морфеманың түбірге жалғануында ішкіиерархиялық заңдылық бар. Айталық, зат есім тұлғаларының жалғануы  түбір  морфема +  көптік +  тәуелдік +септік жалғаулары болып келеді, мысалы: бала+лар+ымыз+дың. Бір мағына беретін морфема бірінің үстіне бірі жалғанбайды, етістік тұлғаларында да осындай заңдылық сақталады. Есімше тұлғасының үстіне көсемшенің жұрнағы жалғанбайды, жіктік жалғауы соңынан жалғанады: кел+іп+ті, бар+ған+быз. Түбір морфемаға бірнеше қосымша морфема жалғана алады.

Морфема іштей екіге бөлінеді: негізгі морфема және қосымша морфема. Негізгі морфемалар  лексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі), туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді. Қосымша морфемалар — дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар іштей қосымшалар мен қосалқылар болып екіге бөлінеді.Қосымшалар: сөзжасам, сөзтүрлем, сөзбайлам тұлғалар. Бұлардың сөзжасамы мен сөзтүрлемі - жұрнақтар да, сөзбайламы - жалғаулар деп танылады. Қосымшалар қатарына дәйек және аяқ қосалқылар жатады. Дәйек қосалқылар түбір сөздің алдына қосылып, сөзге грамматикалық күшейтпе мағына үстейді (күшейтпе буынды: сап-сары, қап-қара және күшейтпе сөзді өте жақсы, тым жаман). Аяқ қосалқылар негізгі сөздің соңында қолданылады да, оларға шектеме және көмекші грамматикалық мағына үстейді. Шектемелер сөзге ұқсама буын қосып айтылатын (шай-пай, нан-пан) және демеуші шылаулар арқылы жұмсалатын (осы ғана, осы-ақ) сөздер құрамында қолданылады. Көмекшілер: көмекші есімдер (үсті, асты т. б.), көмекші етістіктер ( еді, екен т. б.), септеулік шылаулар (дейін, шейін т. б.), жалғаулық шылаулар (мен, және, тағы т. б.)

3. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

Морфема ұғымы және оның түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

4. Білімдерін жинақтау

Сөз құрамы дегеніміз не?

2. Морфема деген не?

3.Морфеманың түрлері

5.Сабақты қорыту




























11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Аффикстер және олардың түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың аффикстер және олардың түрлері туралы түсінік бойынша білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Аффикстер және олардың түрлері

Аффикс ( лат. affixus - жалғанған )— қосымшатүбірге жалғанып,   граммати-калық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Аффикс сөз құрамын  морфология- лық  жағынан жіктегенде ажыратылады Түбір морфемалардай емес, жеке тілдін аффикстері морфелардың жабық тобына жатады, оларды тізімдеп есепке алуға болады. Аффикс морфологияның міндетті бөлігі ретінде тілдің  парадигмала-рын жасайды. Аффикстің тілдің дербес бірлікгері ретіндегі формалдык, мазмұндық сипаттары мыналар:

1) Аффикстін фонологиялық бейнесі әдетте дауысты, дауыссыз фонемалардан жасалған шағын фонемалык жүйе түрінде көрінетіні;

2) деривациялық процесте aффикс құрамынын өзгеру/өзгермеу сипаты (осыдан агглютинатив және фузиялықтілдердін қарама-қарсылығы туады);

3) Аффикстін түбірге қатысты орналасу тәртібі және оны өзгертуге болмайтыны (агглютинатив тілдерде орын тәртібі қатан сақталатыны);

4) Аффикс бір мағыналық/көп мағыналық, синкреттік сипаты болатыны;

5) Аффикстін өздері қатысты сөздерге тіркесуінін шексіздігі (бұл — аффикстің өңімділігін тудырады).

Аффикс косылу процесі (аффиксация) көптеген тілдердін морфологиясы   мен сөзжасамында маңызды орын алады. Осыған байланысты тілдердің типологиясы жасалады.

Аффикс түбірге қатысына карай бірнеше түрге бөлінеді: приставка, префикс—түбір алдынан қосылатын аффикс (приходишь, заходить, беймәлім); инфикс — түбірдің ортасында косылатын аффикс ( ағылш. stand'"стоить"—stood"стоял" ); интерфикс — екі түбірді жалғастыратын аффикс (фонология); конфикс-префикс пен постфикстін комбинациясынан жасалған аффикс (бейқамдық);постфикс:а) сөз соңынан қосылатын сөзжасам қосымшасы — суффикс (жылқы-шы) және ә) сөз сонынан қосылатын жалғау — флексия (балаға, баланың).

Деривациялық-реляциялық аффикс - морфологияда деривациялықпен (лексикалықсөзжасамдық және реляциялықпен (грамматикалықсөзөзгеруші) қатар бөлінетін аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойылатын және грамматикалық пен сөзжасамдық мәнді үйлестіретін сөзбөлігі. Мысалы: неб-ес-а сөзінде негіз жасаушы аффикс.

Деривациялық аффикс - морфологияда деривациялық-реляциялық және реляциялықтармен (грамматикалықсөз өзгертуші) қатар бөлінетін лексикалықсөзжасамдық аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойлатын және сөзжасамдық мәнді білдіретін сөз бөлігі, оның жалғануы жаңа мәнді лексеманың жасалуына, негіздің жаңа класқа көшуіне соктырады.

3. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

Морфема ұғымы және оның түрлеріне мысалдар келтіріңіз.

4. Білімдерін жинақтау

1.Аффикс дегеніміз не?

2. Морфема деген не?

3. Аффикстің түрлері

5.Сабақты қорыту






































11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық форма

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың грамматикалық форма туралы білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Грамматикалық форма

Грамматикалық форма орыс. грамматическая форма — грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма  аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін үнемі өзгеріп отыруы болып табылады. Олар морфологиялық бірнеше мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре алады, Мысалы, орыс тіліндегі зат есімнін көпше атау септігі, етістіктін осы шағынын жекеше 1-жақ тұлғасы т. б. Сөздін өзгеріске түскен барлық тұлғалары оныңпарадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғалар синтетикалық (қарапайым) және аналитикалық (күрделі) түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа) деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір тілдерде грамматикалық мағына негізінен сөздердін синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.

3. Тапсырма Сөзжасамдық талдау мен морфологиялық талдаудың ерекшелігін түсіндіріңіз.

Кеңшардың қара жұмысынан мойны босамайтын торы шолақ аттың жүрісі өнбейді (Т.Әбдірайым). Біріншіден, бұл басқосу біздің еліміздің тіршілігін танып-білуге жол ашты. Ақиқатында алыпсатарлар осы мақсатқа қоқыс жәшігінен жиіркенбейтіндерді пайдаланады екен деген сыбыс бар (ЖА). Сән үйінің тұсаукесеріне арнап, киім үлгілерінің маусымдық байқауы өтті (АА).

Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ — осы күнгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни  сөз  құрамындағы  морфемалардың өзара байланысын, қарым-қатынасын анықтау. Мысалы: көр- түбірінен шыққан көріктендірушілер сөзінің құрамында бірнеше сөз тудырушы негіз бар:көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз болып тұр. Мэселен, көр- түбірінен көріктен сөзі тууы үшін, алдымен көрік сөзі жасалуы керек, көріктен дегендегі -тен жұрнағы бірден көр- түбіріне қосыла алмайды, басқалары да осылай. Сол сияқты ұйытқы сөзінің тікелей тудырушы негізі ұйы- түбірі емес, ұйыт- туындысы, ал оның тудырушы негізі — ұйы-түбірі.

Морфологиялық талдау сызбасы:

Сөз таптары 

Бастапқы формасы 
Тұрақты белгілер
Тұрақсыз белгілер
 

Синтаксистік рөлі

Сөйлемді талдау Мысалы:
Ертең оқушы мектепке барады.

4. Білімдерін жинақтау

1. Грамматикалық форма  дегеніміз не?

2. Грамматикалық форма  қалай көрінеді?

3. Сөзжасамдық талдау 

5.Сабақты қорыту




































11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық мағына 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға грамматикалық мағына  туралы түсінік беріп, білімдерін жинақтау, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Грамматикалық мағына (орыс. грамматическое значение) — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына,  синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлғалары мен сөздердің жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сақтай отырып, бір-бірінен өзгеше болады. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінің әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді. Мысалы: семантикалық субъект  пен  объектінің  мағынасы, құрмалас сөйлемдердің шылау арқылы байланысы т. б. Грамматикалық мағынаға сөз таптарында қалыптаскан жалпы сөзжасамдық мағыналарда жатады. Грамматикалық мағына сөздерге немесе сөздердің белгілі топтарына ғана тән, дерексіздігі әлсіз лексикалық мағыналардан өзгеше. Грамматикалық мағыналар жүйесі болмыстағы заггар мен құбылыстардың және олардың өзара байланыстары мен қатынастары туралы ұғымдардың дерексізденуі аркылы қалыптасады. Мысалы, қимыл ұғымы етістіктің жалпы мағынасымен бірге неғұрлым шағын категориялық мағыналарының (шақ, жақ, етіс) дерексізденуінен туады.

Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сияқты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіред

Грамматикалық мағына дегеніміз - сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, сөздердің  түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Сөздің грамматикалық мағынасы сөз формалары арқылы  беріледі. Тіл-тілде сөздің грамматикалық мағынасы әр түрлі амал-тәсілдер арқылы білдіріледі.

Грамматикалық мағына білдірудің негізгі және үлкен-үлкен екі тәсілі болады. Бірі - синтетикалық  тәсілдер; екіншісі - аналитикалық тәсілдер. Синтетикалық тәсілдер дегеніміз - сөздің грамматикалық мағынасының сөздің өз ішінде қолданылған амалдар арқылы білдірілуі. Синтетикалық тәсілдер түрлері мыналар: аффикстік тәсіл (аффиксация), дыбыс алмасуы, екпін тәсілі, супплетивизм, редупликация.

Аналитикалық  тәсілдер дегеніміз - сөздің грамматикалық  мағынасының сөздің өз ішінде емес, сол сөздсн тыс қолданылған амалдар арқылы білдірілуі. Аналитикалық тәсілдер түрлері мыналар: сөздердің орын тәртібі тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, интонация тәсілі.

Грамматикалық мағыналар  тіл-тілде әр түрлі грамматикалық құралдар, амал тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Тіл-тілде грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар мыналар: аффиксация тәсілі, ішкі флексия тәсілі, қосарлану тәсілі, біріктіру тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, сөздердің орын тәртібі тәсілі, екпін мен интонация тәсілдері.

Сонымен,грамматикалық  мағыналарды білдірудің тәсілдері  алуан түрлы болады.Грамматикалық тәсілдерді негізгі екі топқа бөліп қарастыруға болады:оның бірі синтетикалық тәсіл деп аталады, екіншісі аналитикалық тәсіл деп аталады.Бұл екеуінің бір-бірінен айырмашылығы мынада: синтетикалық тәсіл сөз ішінде болады да, аналитикалық тәсіл сөздің сыртында болады.Қандай да бір грамматикалық мағына болсын,ол,әдетте,белгілі бір грамматикалық форма арқылы беріледі. Мысалы,етістіктің шақ, рай түрлерінде немесе сын есімнің шырай түрінде белгілі бір грамматикалық мағыналар бар, ол мағыналар тиісті грамматикалық формалар арөылы көрінеді.Форма,әдетте,мазмұнды білдіреді,мазмұнсыз форма жоқ.Мазмұнды грамматикаға қатысты сөз еткенде,грамматикалық мағына ескеріледі де,форманы грамматикаға қатысты сөз еткенде,грамматикалық мағына ескеріледі.

3. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

Тапсырма 15. Грамматикалық мағынаны білдіретін көмекші сөздердің тілдегі қызметі мен сөз табына қатысы.

Шариғат деген – әділдік. Оған ғұлама молдалық керек емес. Кінәлі болсам, ағалар, өздерің жазала. Арманым – анау отырған Жаяу Мұса атамдай әділет-шындық жоқшысы болу. Адамға өлім емес, өмір тілеймін Мәшхүр Жүсіп ағамдай, Аббас ағамыздай ғылымды болу. Сол жоғымды іздеп, алыс сапарға кетейін дедім. Кінәм – жаңағылар. Алдарындамын. Әділ төресін өздерің айт, ағалар – деп, Сұлтанмахмұт сөзін бітірді де, жұртқа тесіле қарап, «үкім» күтіп тұрып алды /Д.Әбілев/.

4. Білімдерін жинақтау

1.Грамматикалық мағына дегеніміз не?

2. Морфема деген не?

3. Грамматикалық мағына білдірудің негізгі тәсілі

5.Сабақты қорыту









11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Аффиксация тәсілі және агглютинация мен фузия құбылыстары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға аффиксация тәсілі және агглютинация мен фузия құбылыстары туралы түсінік беріп, білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     Грамматикалық ұғымдарға не жатады?

2.     Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не?

3.     Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері қандай?

3. Жаңа сабақ.

Аффиксация тәсілі және агглютинация мен фузия құбылыстары 

Түбірге (немесе негізге) аффикстер жалғау арқылы грамматикалық  мағынаның  берілу тәсілі аффиксация тәсілі леп аталады.Аффиксация тәсілі-грамматикалық тәсілдердің ішінде ең кең тарған тәсіл болып табылады.Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде өте-мөте жиі тараған.Аффиксация тәсілі түрлі тілдерде деривациялық мағынаны да реляциялық мағынаны да білдіреді.Демек,аффиксация тәсілі грамматикалық мағынаны білдіру үшін жұрнақтарды да жалғауларды да пайдаланады.Грамматикалық мағынаның бір түрі-деривациялық мағына жұрнақтар арқылы берілсе,екінші түрі реляциялық мағына жалғаулар арқылы беріледі. Аглюнативті тілдерде сөз аглютинация принципі бойынша құралады да түбірге аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана береді.Орыс тілінде аффикстер сөздің негізінде жалғанады да ол негіз аффикстерсіз қолданылмайды.Түбір мен аффикстердің жымдаса,кіріге қосылуы аффикстердің көп мағыналы бола алуы және олардың жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгеру құбылысы фузия деп аталса,түбір мен аффикстердің жай жалғаса қосылуы олардың ара-жігінің аңғарылып тұруы аффикстердің жалғануынан түбірдің дыбыстық құрамының өзгермеу құбылысы аглютинация деп аталады.Фузия үнді-европа тілдеріне тән де аглютинация түркі тілдері,моңғол тілдері және фин-угор тілдеріне тән.

Грамматикалық  мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі-ішкі флекция тәсілі.Ішкі флекция  тәсілі дегеніміз-түбірдің дыбыстық құрамының  өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру.Бұл тәсіл барлық тілдерге емес  тілдердің  кейбір тобына тән тәсіл. Мысалы,түркі тілдері мен фин угор тілдерінде грамматикалық мағынаны білдірудің флекция тәсілі жоқ. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб,еврей және т.б тілдер)тән тәсіл болып табылады.Ішкі  флексия    герман  тілдерінде де   кездеседі . Неміс  тілінде   етістіктен  өткен  шақ  тудыру  үшін   ішкі  флекция   тәсілі   қолданылады. Орыс  тілінде  флекция   көбінесе  бір видті   екінші   видтен  ажыратудың   тәсілі   ретінде   қолданылады. Тіл білімінде     кейбір   тілдерге   қатысты   флетивті  тілдер  деген терминің   қолданылуы    ол  тілдерге  флекция   тәсілінің тән болуына   негізделеді    бірақ ондай   тілдерде   тек   флексия    тәсілі    ғана   емес ,  онымен  бірге   аффиксация   тәсілі   және   басқа   тәсілдерде   қолданылады.

4. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). (Толық морфологиялық талдау жасаңыз)

5. Білімдерін жинақтау

1.Аффиксация тәсілі дегеніміз не?

2. Ішкі  флексия    деген не?

6.Сабақты қорыту







































11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстардың алмасуы және ішкі флексия тәсілі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дыбыстардың алмасуы және ішкі флексия тәсілі туралы түсінік беріп, білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Дыбыстардың алмасуы және ішкі флексия тәсілі

Сөз-дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі.

Бұл туралы академик В.В. Виноградов сөз дегеніміз - фонема болатын дыбыстардың белгілі бір жүйеде дыбысталуы мен мағыналық бірлікте болуы деген пікірді айтады.

Тіл-тілде формалардың 2 түрі бар: оның бірі -сөздің синтетикалықформалары, екіншісі- сөздің аналитикалық формалары.

Сөздің синтетикалық формалары 2 түрлі жолмен, атап айтқанда,

1)аффиксация арқылы

2) дыбыстың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады.

1. Сөзге әртүрлі аффикцасиялардың жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздердің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде: table-tables Сөздердің синтетикалық формаларының жасалудың афиксация жолы тіл-тілде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі-суффиксация түрі қолданылады.

2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Ысалы, ағылшын тілінде man зат есімнің жекеше түрін («ер», «еркек») білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі men («ерлер», «еркектер») зат есімінің көпше түрін білдіреді. Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, неміс тілінде Gast «қонақ» дегенді білдірсе, аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тәсілі арқылы жасалған формасы Gaste «қонақтар» дегенді білдіреді.

3. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

4.Білімдерін жинақтау Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөздің лексикалық және грамматикалық жағы дегеніміз не?

3. Тіл-тілде сөз формасының неше түрі бар?

4. Сөз варианттары дегеніиіміз не?

5. Сөздің лексикалық мағынасының грамматикалық мағынадан айырмашылығы.

5.Сабақты қорыту


11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Талдау жұмыстары

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың аффикстер және олардың түрлері туралы түсінік бойынша білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Талдау жұмыстары

  1. Сөйлемге грамматикалык талдау жасау

Адам бейнесін, тұлғасын кестелеп тігу халқымызда бұрыннан келе жатқан.


Талдау реті
1.сөздің лексикалық мағынасы
2.Осы сөзден өрбитін түбірлес сөз
3. сөз жасауға тірек болған түбір
4. жаңа сөз жасауға негіз болған тәсілді анықтау
                          Талдау үлгісі
а. құсша-мағынасы;құс секілді
құсша, құстай-сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы жасалған.

  1. Грамматикалық мағынаның жұрнақтар арқылы берілуін талдаңыз.

Сондықтан, Айбаланың “Апаңды сағындың ба?” деген сөзі Ботагөздің жүрегіне тық ете түсіп, көзіне жас келіп қалды, оны Айбала көрер дегендей, Ботагөз жүгіре жөнелді (С.Мұқанов). Кедейлер шабылды. Оларға жәрдем қылар, болысар кісі жоқ (С.Сейфуллин). –Бала, қолың жылдам-ақ екен. Жә, әпкел бермен, бұны Қалдыбайға өзім табыс етемін (А.Байтанаев). Жантас орнына тұрды. Әуелі жаңа киімдерін әперді. –Ескі жұмысшыларды хабарлай беріңіз, келе берсін (Ғ.Мұстафин).

3.тапсырма. Көп нүктенің орнына мағынасына қарай атаулы сөйлемдерді қойыңыз; мәтіннің стилін анықтап, талдау жасаңыз.


... Ай сүттей жарық. Жота-жота құм басы ақ сәлде тартып алғандай сәулеленіп жатыр.

... Ашық есіктен қазандық көрінеді. Беріде, табалдырыққа таяу салпаң құлақ сұр төбет көрінеді.

... ... Тозығы жеткен түндіктен мың жыртығынан сығалаған сәуледей жұлдыздар жымыңдап тұр.

Түс ауса да, алаптай күннің ыстығы қайта қоймаған шақ-тын. ... Төңіректе қыбыр еткен, көз сүрінер қара жоқ.

... Шілденің аптабы белең алған. Бесқанат қоңыр үйдің көл бетке қараған іргелігі мана түрілген еді. Қазандық қасында тәлтиіп тұрған сары самаурын енді міне дірдек қағып үйге еніп барады.

... ... Әр жерде шала түтілген түбіттей жабағы бұлт. Жабал сансыз рет көрсе де, сырын ұқпаған сонау көкте қара ноқаттай дала бүркіті қалықтап жүр.

... Қар жапалақтай жауып тұр. Әйтсе де күн жылы. Күндегідей емес, бүгін көшеде қараңдап жүргендер де көп (М.Сүндетов).


Керекті сөйлемдер: Қыс. Көгілдір аспан. Қан сәске. Түн. Май. Қоңыр көктем түні. Маң дала.

3. Білімдерін жинақтау

1. Грамматикалық форма  дегеніміз не?

2. Грамматикалық форма  қалай көрінеді?

3.Аффикс дегеніміз не?

4. Морфема деген не?

5. Аффикстің түрлері

4.Сабақты қорыту





































11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Редупликация тәсілі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға редупликация тәсілі дегеннің не екенін меңгертіп, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жаңа сабақ.

Редупликация тәсілі

 Редупликация тәсілі (лат. Reduplication – қосралану) – алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б.

Қосарлану  тәсілі түрікі тілдерінде кең тараған  және жиі қолданылады. Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөз жане қосарлама қос сөз деп үлкен екі топқа бөледі. Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің екі рет қайталануы немесе сол сөздің бір \не бірнеше\ дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады.Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталана қосарлануынан жасалса, қосарлама қос сөз әр басқа екі сөздің қосарлануынан жасалады.Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас,морфологиялық жағынан теңдес\пара-пар\ сөздерден \компоненттерден\ құралады. Компоненттері морфологиялық жағынан біртектес, синтаксистік жағынан өзара тең \пара-пар \ болатындықтан қосарлама қос сөздің мағынасы құрамындағы екі компоненттің де мағынасын бірдей қамтиды да, топшылау,жалпылау, жинақтау, болжалдау,мөлшерлеу тәрізді ұғымдарды білдіреді. Қосарлама қос сөздер синонимдес, антонимдес сыңарларданда құралуы мүмкін. қосарлама қос сөздер синонимдес \мәндес\ сыңарлардың қосарлануынан жасалса,қосарлама қос сөздер антонимдес\өарсы мәндес\ сыңарлардың қосарлануынан жасалған. Қосарланудың білдіретін мағыналары алуан түрлі, солардың кейбіреулері мыналар;1.Жинақтылық я жалпылық мағына 2.Жіктеу, даралау мағынасы 3.Болжалды сан есім сөздердің тобында қосарлану болжалды сан есім тудырудың бір тасілі ретінде қолданылады;  4.Амалдың, іс-әрекеттің бірнеше рет қайталану мағынасы қосарлану тәсілі шығу тегі жағынан етістік сөздерден сын-қимыл үстеулерін тудырып, оны қалыптастырудың бір тәсілі ретінде қолданалады; 5.Сын есіммен мағынаны күшейтіп айту мағынасы 

1.«Кім жылдам?» ойынын пайдалану (үш оқушыны тақтаға шығарып жарыстыру).

тіп-тік            жалт-жүлт                 тәп-тәуір

қап-                     сарт —                         -сары

сүп —                    тарс —                        — шикі

қып —                   сатыр —                      — қысқа

2 Жылай-жылай арык қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.________

2 Тамшыдан

тама-тама дария болар. 

3 Отбасы толған жансың, 

Бір-біріңе меймансың.

Жүмбақ №4

Аяғы жоқ жүреді, Сылқ-сылқ күледі.       (бүлақ)_________

3. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра. аяқ-табақ, құрт-құмырсқа, құрбы-құрдас, ыдыс – аяқ, ине – жіп, әке – шеше, аға - іні, аяқ – қол, өкпе – бауыр, етек- жең, соқа-сайман, қаза-ошақ

бар заттардың атынан яғни мағыналық қатысы бар сөздерден4. Білімдерін жинақтау

1.Қос сөз дегеніміз не?

2. Қос сөздің түрлері

3. қосарлама қос сөз дегеніміз не?

4.Қайталама қос сөз дегеніміз не?

5.Сабақты қорыту


































11 «ә» сынып Қазақ тілі практикалық курсы мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Сөздерді біріктіру тәсілі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Сөздерді біріктіру тәсілі бойынша білімдерін жинақтай отырып, сөздерді, сөйлемдерді талдай білуге дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақ көрнекілігі : үлестірмелі карточкалар, таблицалар.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Ой қозғау

Біз бір-бірімізбен не аркылы қатынас жасаймыз?

Тілдің негізгі байлыгы не?

Создер қалай жасалады?

Сөзге косымша жалғанғанда, сөз мағынасы қалай өзгереді? Етік+етікші—аяқкиім—
етік тігетін адам.

Бүл сөз жасаудың кандай түрі? (Туынды сөз)

Туынды сөз неден жасалады? (Түбір сөзден)

Түбірден басқа жолмен сөз жасауға бола ма?
Мына сөздерді салыстыр: Еңбекші — еңбекақы
Осыдан біріккен сөздің анықтамасын айтқызу

3.Жаңа сабақ

Сөздерді біріктіру тәсілі

 Бірігу тәсілі бойынша өз ара түбір морфемалар немесе түбір мен негіз қосылып соз жасалынады. Демек, бірігу тәсіл сөз тудыру қызметін атқарады . Біріккен сөздердің қатарына  семантикалық тұтастығымен де, морфологиялық тұтастығымен де сипатталатын сөздер енеді. Күрделі сөздердің қатарына жатқызылып жүрген сөздердің ішінде құрамындағы сыңарлары әр түрлі өзгерістерге ұшырап этимологиясының күңгірттеніп кеткендері бар. Құрастырушы сыңарларының әрі фонетикалық өзгерістерге ұшырауынан, әрі ықшамдалуынан жасалған сөздерді тарихи тұрғыдан алғанда ғана, күрделі сөздердің қатарына жатқызуға болады. Қазіргі тілдің тұрғысынан алғанда, бұл сөздер өзін құрастырушы сыңарларға ажыратылмайтын сөздер ретінде ұғынылады. Алғашында екі түбірдің бірігуінен жасалып, тілдің даму барысында сыңарлары дыбыстық жане мағыналық өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол сыңарлардың бір-біріне әбден кірігіп сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге бағынады да, құрамындағы дауысты дыбыстар сингармонизм заңы бойынша не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жағынан жалаң сөздерге тән қасиеттерге ие болады.

 Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: асқабақ, қосаяқ, Алатау, Айдос, Сарыағаш т.б.
а) «Кім тапқыр?»
Тапсырма: Біріккен сөздердің арасына “+” таңбасын қойып жаз.
- Алты+бақан, жар+қанат, кемпір+қосақ, жеті+қарақшы, бал+мұз+дақ, орам+жапырақ.
ә) «Жұбыңды тап» ойыны:
/берілген түбір сөздерден біріккен сөз құрастыру, тапсырманы орындау/
тас, шаң, көк, қу, сорғыш, жиек, бақа, ақ
- шаңсорғыш (қандай түбірлер арқылы жасалған), көкжиек (сөйлем құрастыру), тасбақа (қай сөз табына жатады), аққу (дыбыстық талдау жасау)
б) «Сөз ойла, тез ойла»
І топ: Біріккен сөзден тұратын қала аттарын жаз.
ІІ топ: Біріккен сөзден тұратын адам аттарын жаз.

в)Кім жылдам? /шарада шешу/
1) Бірінші түбір сөз – түс,
Екінші түбір сөз – құс.
Екі түбір сөзді қоссаң,
Шығады тағы құс. (қараторғай)
2) Бірінші түбір сөз – сан,
Екінші түбір сөз – сұйық зат.
Екеуін қосып оқысаң,
Жерге қойылатын ат. (Жетісу)

3. Оқушыларға тапсырмалар беріп, тақтада талдаттыру.

Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске үшыраған кіріккен сөздерді бір бөлек және қандай түбірлерден біріккенін көрсетіп көшіріп жазыңдар.

Біріккен сөздер                                                   Кіріккен сөздер

Көкшетау. Алтыбакан. Қосаяк,                   Жаздыгүні. Қазанғап. Әнеугүні.

Айнамкөз. Желмая. Тайбурыл.                        Белбеу. Өмірзак. Бегәлі. Есенгелді.

Кемпірқосақ. Екібастүз.                                Нүргелді. Нүрғожа. Нүрғиса. Қартбай,

Әбілкайыр.    Есенгүл, Қарагөз,                      Айғыз.

4. Білімдерін жинақтау

1. Біріккен сөздер   дегеніміз не?

2. Кіріккен сөздер   деген не?

3. Біріккен сөздер қандай қасиеттерге ие болады.

5.Сабақты қорыту
















Сабақтың тақырыбы: Көмекші сөздер тәсілі

 Сабақтың мақсаты:а)  білімділік: оқушыларға көмекші сөздер жайлы толық мәлімет беру.ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тілмәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,.
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар,

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Көмекші сөздер тәсілі.

Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.  Көмекші сөздердің түрлері көп. Олардың білдіретін мағыналары да алуан түрлі. Көмекші сөздер  лексикалық  мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан,  сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер. Мыс., ең әдемі, көре алады, барса екен, айтуы керек, т.б. Көмекші сөздер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді. Көмекші сөздер тілдің грамматик. құрылысына кең таралған.Тіліміздегі сөздер лексика - грамматикалық белгілеріне қарай атауыш, көмекші және одағай сөздер болып үш топқа бөлінеді.
Атауыш сөздер деп толық лексикалық мағыналары бар сөздер аталады: жер, аспан, алты, бүгін, алу, беру
Көмекші сөздер деп лексикалық мағыналары жоғалған сөздер: дейін, шейін, туралы, асты, үсті, мыс, міс, таман
Одағай сөздер - деп адамның әр түрлі көңіл - күйін білдіреді: аһ, тәйт, ой
Атауыш сөздер - есімдер, етістіктер болып екі салаға бөлінеді. Ал есімдер атаушы, үстеуші болып ажыратылады.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен - айтушы адам
Жазбаймын - қағаз бетіне сөзді түсіру не түсірмеу
Өлеңді - белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз
Ермек - уақыт өткізу үшін жасалатын іс - әрекет
Үшін – мағынасы жоқ, ермек сөзінің жетегінде тұрып сөзбен сөзді байланыстырады.
Ал үшін дегеннің мұндай мағынасы жоқ. Бұл сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мән үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады.
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атайды. Ал ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Атауыш сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, белгілі бір сұраққа жауап бере алады. Ал көмекші сөздер жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайтындықтан, белгілі бір сұраққа да жауап бере алмайды. Демек, сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алмайды.
Әдетте көмекші сөздер өзі жетегінде жұмсалған сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша мән үстейді не ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып тұрады. Жоғарыдағы сөздерді талдасақ, былай болар еді:
Кім жазбаймын дейді?— мен — бастауыш,
Мен не істеймін?— жазбаймын — баяндауыш1_
Нені жазбаймын? өлеңді — толықтауыш,
Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?— ермек үшін — пысықтауыш.
Үшін деген сөзге жеке сұрақ қоюға болмайды, сондықтан ол жеке тұрып сөйлем мүшесі де бола алмайды.

Тапсырма . Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Синтаксистік талдау жаса.

алд,арт,аст,қас,маң,жан,іш,сырт,бас,бет,шет,түс,бой

Сабақты бекіту:

Өтілген тақырыптар көлемінде сұрақтар қоя отырып сабақты бекітемін.

Қорытынды


























Сөздің аналитикалық формалары негізгі (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады. Сөздің аналитикалық формасының құрамына енетін атауыш сөз негізгі морфемаға (түбірге) барабар қызмет атқарса, көмекші сөз әр түрлі көмекші морфемаларға, яғни аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, келе жатыр дегенді негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесіндегі компоненттер мағыналық жағынан алғанда, дербестігі сақталған екі сөз емес, бір сөздің күрделі (аналитикалық) формасы ретінде ұғынылады.


Жай сөйлем синтаксисі.

Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық синтаксистік бірлігі. Сөйлем және байымдау, сөйлем және аталым. Сөйлемдердің актуалды мүшеленуі туралы түсінік. Сөйлем типтері. Сөйлем мүшелері. Түрлі тілдердегі сөйлем құрылымдары. Сөйлем типтері мен сөз тіркесі формаларындағы тарихи өзгерістер. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің түрлері.

Құрмалас сөйлем синтаксисі Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Қалыптасу, даму жолдары. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, жай сөйлемдерден басты айырмашылығы. Салалас құрмалас сөйлемдер. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.



2. Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл.

3.Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады.  Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз).

4.Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады.  Көмекші сөздердің түрлері көп. Олардың білдіретін мағыналары да алуан түрлі.

5. Сөздердің орын тәртібі. Бұл да - грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде сөздердің орын тәртібі - грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі.

6.Екпін тәсілі.Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады.

7.Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация — фразаға, сөйлемге қатысты болады.


Аналитикалық тәсіл - сөз жасаудың синтаксистік амалы, яғни түбір (негізгі я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз тудыру тәсілі.[1]. Екі сөзден біріккен жалқы есімдер (Қажымұқан, Дүйсенәлі, Гүлайша, Көкшетау, Сырдария т.б.), терминдік атаулар (тәжікораз, бесжылдық, матанализ, аэрошана), идиомдық тіркестер (ден қою, кұлақ салу, тіс жару, тіл қату) мен кіріккен сөздер (бұл күн > бүгін, ендігіден әрі > ендігәрі, алып кел > ап кел > әкел), қос сөздер (бала-шаға, егжей-тегжей, қап- қара) т.о. Аналитикалық тәсілмен жасалған. Аналитикалық тәсіл синтетикалық тәсілге балама болып, ауысып та айтылады (аққыл >ақта; мысық мияу деді >мияулады). Сөз жасау тәсілінің бір түрін ғана қолданатын тіл кездеспейді.


Тіл механизмдерінің аса маңызды бір түрі болып табылатын грамматикалық категориялар жалпы тіл жүйесінде ерекше орын алатындықтан, тіл білімі әдебиеттерінде оған айрықша мән беріледі. Грамматикалық негізгі ұғымдар – морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. "Грамматикалық категория" терминінің үғымы жайында тіл білімінде әр түрлі пікір орын алып келеді. Л.И.Баранникова: "Грамматикалық категория деп сөзде және сөйлемде көрініс табатын, тілдің сипатын білдіретін жалпы граматикалық ұғымдарды" атайды. Д.А. Штелинг: "Грамматикалық категория дегеніміз мағыналары жағынан бір-бірінен мүлде өзгеше екі қатардағы (топтағы) формалардың қарама-қарсы қойылуы" дейді. 1970 жылғы академиялық грамматикада: "Сөздердің формалды түрде білдіретін жеке грамматикалық мағыналарының грамматикалық категорияларға бірігіп жинақталуы" делінген. Тілдегі сөз жасаудың көне тәсіліне жататын аналитикалық тәсіл кеңес үкіметі дәуіріндегі ғылымның, техниканың өсуіне байланысты талай терминдердің жасалуына негіз болып, қызметі артты, белсенді тәсілге айналды. Мысалы, сірке суы, сірке қышқылы, радиохабар, радиоқабылдағыш, таңдай безі, көркемөнер, сутегі тамыр жүйесі, азот қышқылы, халықаралық сияқты сөздер тілімізді байытты. Күрделі сөздер түрлі-түрлі, өйткені олар аналитикалық тәсілдің әр түрімен жасалады. Аналитикалық тәсілдің ішкі мынадай түрлері монографияда былай берілген – 1. Сөзқосым 2. Қосарлау 3. Тіркестіру 4. Қысқарту. Осы тәсілдердің әрқайсысы тілде әр түрлі күрделі сөзжасамда, олар – 1. Біріккен, кіріккен, 2. Қосарланған сөздер, 3. Тіркескен күрделі сөздер, 4. Қысқарған сөздер.

Жалпы грамматика. Морфема ұғымы және оның түрлеріне мысалдар келтіріңіз.


Тіл білімінде грамматика терминінің екі мағынасы бар: 1. грамматика ғылым саласы ретінде сөз формаларын, сөз тіркестерін және сөйлем түрлерін зерттейтін лингвистиканың бір тармағы; 2. грамматика ғылымының зерттеу нысаны – бұл тілдің грамматикалық құрылымы, яғни тіл бірліктерінің өзара қатынасқа түсу заңдылықтары, сол бірліктердің құрылу ережелері. Морфема – тілдің негізгі морфологиялық бірлігі және ең кіші мағыналық, құрылымдық элементі. Басты сипаты екіжақтылығында: мазмұн өресі және жеткізу өресінен тұрады. Және оның осы екі өресі арасындағы қатынас біржақты емес: мысалы, бір жеткізу өресіне бірнеше мазмұн өресі сәйкес келуі мүмкін. Керісінше, бір мазмұн өресіне бірнеше жеткізу өресі сәйкес келуі мүмкін. Мұндағы алдыңғы құбылыс морфемалардың ононимиясы, соңғысы синонимиясы болып табылады. Мағынасы жағынан морфемалар заттық үбірлер) және грамматикалық (аффикстер) болып бөлінеді.





Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды ұғым — сөздің буын жігін табу, немесе сөзді буынға бөлу. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны анық. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байланысты. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: ашық, тұйық, бітеу. Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық 1 екпін деп аталады. Егер екпін сөздің арнаулы бір буынына түспей, ыңғайға қарай әр басқа буынға түсетін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Ал белгілі бір буынға телініп тұрақталса тұрақты екпін деп аталады. Логикалық екпін. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, логикалық екпін көбінесе баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ және қалыптасқан бірыңғай нормалары болады. Солар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады

Тілдің грамматикалық құрылысы

Морфема сөз құрамында қолданылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Ол-сөздің ары қарай бөлшектенбейтін ең кіші мағыналық бөлшегі. Сөз морфемалардан құралып, заттарды, құбылыстарды, іс-әрекетті, сапа-белгіні, олардың бір-біріне қатынасын белгілейтін, басқа сөздермен сан алуан қарым-қатынасқа түсетін, 1 түрлері.Грамматикалық форма және сөз формалары туралы түсінік. Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің аналитикалық формалары. Сөздің синтетика – аналитикалық формалары. дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын бірлік. Сан алуан грамматикалық құбылыстар сөзден тарайды. Сөзге келіп тірелмейтін, оның қатысы болмайтын бірде-бір грамматикалық құбылыс жоқөз біріншіден, морфемамен бірлікте болып, грамматикалық құрылыстың морфологиялық саласын құраса, екіншіден, -сөз тіркесі мен сөйлеммен өз ара қатынасқа түсіп, олармен бірге грамматикалық құрылыстың синтаксистік саласын құрайды. Грамматикалық мағынаның лексикалық мағынадан басты айырмашылығы мынада, грамматикалық мағына логикалық мағынамен ұштасады да, шындық өмірдегі заттармен тікелей ұштаспайды. Ал лексикалық мағына логикалық ұғыммен де, шындық өмірдегі заттармен де ара қатынаста болып, екеуімен де ұштасады. Грамматика өзінің ережелерін жасағанда, сөздер мен сөйлемдердің мағыналық нақтылығынан дерексізденеді, сөздердің өзгеруі мен тіркесуінің негізіндегі жалпылық нәрсені негізге алады. Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, сөздердің сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қалыпқа түскенде ғана, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығында ғана емес, сөз тіркестерінң аралығында, сөйлемдердің аралығында да болады. Грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестерінің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зерттейді.

Сөйлем мен сөз тіркесі.

Синтаксис - қазақ тіл білімінің негізгі салаларының бірі. Бүгінгі күні қазақ тілінің синтаксисі төрт тармаққа бөлініп карастырылуда. Олар - сөзтұлға синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем мен мәтін синтаксисі, әрі бұл тармақ бірліктерінің тексеру жүйесі де бір: жалпы синтаксиске катысты мәселелер. Синтаксис ілімі синтаксистік тұлғалардың 1 байланысын, қатынасын зерттейді. Ал синтаксистік тұлға тарапынан жеке сөз, күрделі сөз және оның түрлері; тіркес түрлері (тұрақты, түйдекті, салаласа байланысқан, сөз тіркесі); сөйлем мен оның түрлері, ақыры синтаксистік күрделі тұтастық нысаналары түсіндіріледі. Бұлар жеке-жеке тұрып, ешқандай қызмет атқара алмайды, олардың "жандануы" бір-бірімен иек артып қатынас жасауында. Мұндай қатынасуды, басқаша айтқанда категорияны, синтаксистік байланыс деп атаған дұрыс. Қазіргі қазақ тілінде синтаксистік байланыстың төмендегідей түрлерін айыра қарауды жөн санаймыз. 1. Салалас байланыс - түрлі синтаксистік тұлғалардың тең дәрежеде келіп байланысуы. Бұлардағы ерекшелік сол, олардың орнын алмастырып қолдануға болады, бірақ бірінен- біріне қатысты ортақ сұрақ қойылмайды. Синтаксистік байланыстың бұл түрі мынадай ыңғайда кездеседі. а) Жай сөйлем ішіндегі толық мағынаға ие сөз тұлғалардың өзара байланысы: Қонақтар дөңгелек стол мен самаурынға орын берісті (М.Әуезов). Сөйлемде стол мен самаурын сөзі бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан, әрі бұл байланысу – сөзтұлға синтаксисінің объектісіне тән. Жеке сөздік тұлғалар түрлі құрамдық күрделенуге де түседі. Сөйлемдегі күрделі сын есімдердің өзара байланысуларына көңіл аударыңыз: Орта бойлы, ашаң жүзді қас-кірпігі төгілген балғын қыздың бой түзегені енді ғана (Қ.Казыбеков). б) Құрмалас сөйлем ішіндегі жай сөйлемдік құрылымдардың өзара байланысы: Ай-Шешектің саулығы да жақсарған, көңіл- күйі де көтерілген (М.Мағауин). Бұл байланыс салалас күрмалас сөйлемге бағынышты болып келген. Синтаксистік байланыстың салалас түрі сөзтұлға мен құрмалас сөйлемнің салалас түріне тікелей қатысты болады. С.Аманжолов қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу деген терминдерді қалыптастырды. Бұл терминдер осы

 

тілдердің типтерін анықтау - оның құрылысын айқындау болып шығады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ тіліне синтетикалық тәсіл (аффиксация, сыртқы флексия), қытай тіліне аналитикалық тәсіл (екпін, сөздердің орын тәртібі, көмекші сөздер, интонация) тән екен. Ал орыс тілінде екеуі де (ішкі флексия мен сыртқы флексия, екпін, көмекші сөздер, т.б.) бар. Яғни онда синтетикалық кұбылыс та (аффиксация), аналитикалық құбылыс та (көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі) кездесе береді.
Олай болса, грамматикалық құрылысына қарай тілдер негізінен 1) синтетикалық тілдер, 2) аналитикалық тілдер болып екіге бөлінеді екен. Синтетикалық тілдерде грамматикалық мағыналар сөздердің түрленуі арқылы беріледі, яғни сөздер ішкі, сыртқы флексияға ұштасып барып, бір-бірімен байланысады. Мұндай қасиет әсіресе литва, неміс, түркі, славян тілдеріне тән. Ал аналитикалық тілдерде грамматикалық мағыналар (синтаксистік қатынастар) сөздердің формалары арқылы емес, олардың орын тәртібі, интонация жене көмекші сөздер арқылы беріледі. Бұл қасиет әсіресе ағылшын, француз, болгар, дат, грек тілдеріне тән.












Бүгінгі жаңа сабақта «Одағайдың түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар. Мысалы, сырт, іші, маң, түс, алд(ы), арт(ы), аст(ы), үст (і),қас (ы) сияқты сөздер сөйлемде екінші зат атаулының жетегінде жұмсалады: Ауылдың жаны терең сай. (Абай) Осындай сөздер көмекші есім деп аталады. Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 319-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, көмекші есімдерді табыңдар. Оларды тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазыңдар да, сөйлемнің қай мүшесі қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: өткен сабақта қосымша әдеби кітап әкеліңдер деп тапсырма берілген болатын. Әр оқушы өзі әкелген сол әдеби кітаптан көмекші есімдерді табады.

Сабақтың қорытындысы:

Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: Көмекші есімдер қатысқан 10 сөйлем жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Атауыш, көмекші және одағай сөздер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға тіркесті сөздер, оның түрлері, жасалу жолы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл
мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, сұрақ - жауап,, бағалау, бекіту қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі. 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа сабақ




Аналитикалық тілдер  сөйлем құрамындағы сөздер бірімен бірі өзара шылаулардың көмегімен немесе сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы байланысатын тілдер тобы. Дүниедегі тілдер екі жікке бөлінеді: бірі — синтетикалық тілдер, екіншісі — А. т. А. т. тобына ағылшын, француз, дат, болғар, жаңа парсы т.б. тілдер жатады. Дүниедегі тілдер грамматикалық құрылымы жағынан осылайша екі топқа бөлінгенімен, таза аналитик. және таза синтетик. тілдер кездеспейді. Мыс., синтетик. тілдер тобына жататын қазақ тілінің грамматикалық құрылымында А.т-дің нышаны мол кездеседі. Қазақ тіліндегі сөздердің ешбір жалғаудың көмегінсіз, сөйлем құрамындағы орын ыңғайына қарай байланыса алатыны — соның айғағы. Мұндай құбылыс алтын сағат, күміс қасық, азу тіс деген тіркестердегі анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің, ақырын жүр, тез кет деген тіркестердегі пысықтауыш пен баяндауыштың өзара ешбір қосымшасыз байланысуынан анық көрінеді. [1]

Аналитикалық тілдер — сөздердін грамматикалық мағыналары синтетикалық тілдердегідей сөз формалары арқылы емес, атауыш сөздердін орын тәртібі, оларға тіркескен көмекші сөздер, интонация арқылы берілетін тілдер. Мысалы: ағылшын, француз, итальян т.б. тілдер. Тілдерді топтастырудың морфологиялық принципімен қатар синтаксистік принципінің қалыптасуы, яғни тілдерді топтастыруда сөздердің тіркесімділігіне сүйену Аналитикалық тілдерді анықтауда маңызды рөл атқарады. Ф. Шлегель, А. Шлейхер, В. Гумбольдт, Дж. X. Гринберг, Э. Сепир т.б. енбектерінде бұл салаға көп көніл белінген. Аналитикалық тілдерге жатқызылып жүрген тілдерге синтетикалық тәсілдер де жат емес. Мысалы, түркі (қазақ) тілдерінде сөзтіркесім тәсілімен жасалған сөз формалары мол кездеседі.

Аналитикалык форма[өңдеу]

Аналитикалык форма (гр. 'analytikos' - жіктелген, дараланған, лат. 'forma') — құрамды, күрделі деген ұғымды білдіреді, құрамы негізгі атауыш және көмекші жеке сөздерден тұратын грамматикалық форма. Мұндай формалар аналитикалық морфологияның объектісі болып табылады. Аналитикалық морфология — дербес мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесімінен жасалған біртұтас морфологиялық категориялар тұдыратын формалар жүйесі ретіндетанылады. Мысалы: айтып көр, айтасал тіркесімдерінен аналитикалық форма жасалып тұр. Етістіктерден баска зат есімдер мен көмекші есімдердін тіркесуінде, сын есімнін күшейтпелі шырайларында аналитикалық сипат бар. Мысалы: ауыл сырты, от басы, ең таңдаулы, аса маңыздыдегенде сырты, басы, ең, аса сөздері көмекшілік қызмет атқарып, аналитикалық форма жасап тұр. Аналитикалық форма кем дегенде екі сөзден жасалатындықтан, олардан басқа формалар болатыны ескеріліп, күрделі формалар деп те аталады. "А." термині — Аналитикалық құрылыс, Аналитикалык тілдер т.б. терминдердін құрамында айтылады — "А." терминін А. Ыскаков "сараламалы" деп берген (А. Ыскаков. Қазіргі казактілі. Морфология. А. 1974,255-6.). Ср. Синтетикалық форма



Синтетикалық тілдер орыс. синтетические языки  грамматикалық мағыналары сөздің өз ішінде, яғни сөз формалары арқылы берілетін тілдер. Оңдааффикстік тәсіл мен ішкі флекция ең басты грамматикалық тәсілдер болып табылады Синтетикалық форма орыс. синтетическая форма (гр. syntheticos - қосу, құрастыру) — сөздің негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы туатын, яғниаффикстік тәсілмен жасалатын сөз формасы. Мысалы: тәуір — тәуірлеу — тәуірірек; малшы, малшылар, малшылардың; алшы, алыңыз, алыңыздар; алды, алсам, алар, алдырт, алыс т. б. Мұндай формалық өзгерістер бір сөздің көлемінде (ішінде) болып отыратындықтан, олардан баска аналитикалық тәсілмен туатын күрделі формалар болатыны ескеріліп, жалан формалар деп аталады

Сөздерді тапқа бөлудегі екінші ұстаным немесе морфологиялық ұстаным олардың грамматикалық сипатын сөз еткенде, оның құрылымына, олардың түрлену жүйесіне қатысты мәселелер талдануы қажет.

Құрылымы жағынан зат есімдерді А.Ысқақов жалаң және күрделі деп екі топқа бөліп, оларды өз ішінде тағы да тармақтайды (65,154).

Жалаң зат есімдерді бөлшектенбейтін бір ғана сөзден тұратын түбір зат есім (от, су, көл, өзен, дала т.б.) және түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалатын туынды зат есімдер (қуырдақ, оймақ, малшы, биші, саудагер т.б.) деп екіге бөлген.

Күрделі зат есімдерді өз ішінде біріккен, кіріккен атаулар (ағайын, жарғанат, сәресі, алтыбақан т.б.), тіркескен күрделі зат атаулар (ақ бата, бесікбау, шағын несие, іс қағазы т.б.), қосарланған күрделі атаулар (өкпе-бауыр, мектеп-лицей, ар-ұят т.б.), қысқарған атаулар (Ахмет-Ақа, Мұқтар-Мұқа, ЖАК- жоғарғы аттестациялық комитет т.б.), - деп бөлінеді.

Ал бұлардың жасалу жолдары, соған байланысты әрқайсысының іштей мағыналық топтарға бөліну жолдары сөзжасам курсында толық жан – жақты айтылатындықтан, бұл мәселелерге тоқталмаймыз.

Мазмұны

  [жасыру] 

Зат есімнің түрлені жүйесі[өңдеу]

Грамматикалық категориялардың ішінде көптік, тәуелдік, септік категорияларының білдіретін мәндері заттық мағынамен байланысты болғандықтан, олардың көрсеткіштері өзі жалғанатын сөздерге заттық мән үстейтіндіктен, зат есімнің түрлену жүйесіне көптік, тәуелдік, септік категориялары жатады. Сонымен бірге зат есімнің кейбір топтары предикаттық қызмет те атқаратындықтан, жіктік жалғау адамға байланысты есімдерге жалғанады. Демек, зат есім сейлемде баяндауыш болғанда, жіктік жалғауын қабылдайды.

Зат есімнің көптік категориясы[өңдеу]

Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы, елу кітап, отыз студент дегенде кітаптың да, студенттің де саны белгілі, ал кітаптар, студенттер дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес.

Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде -тер, дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді.

Ғылымда тілдің осы ерекшелігін көрсететін арнайы категория бар. Оған жекелік – көптік категориясы жатады, әрі бұл категория зат есімге қатысты, өйткені жекелік, көптік ұғымдар затқа ғана қатысты айтылады.

Зат есімнің жекелік – көптік мағынасы ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда (1962,1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұларда жекешелік мағынаға көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А.Ысқақовтың оқулығында да көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, "тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады (63,40)". Одан әрі А.Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалдармен дәлелдеген, бірақ "көптік жалғау категориясы" деген ұғымның сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған проф. С.Исаев "ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылған. Екіншіден, "көптік жалғау категориясы" деген термин "грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы" деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады (28, 64)",- деп қарсылық білдіреді. Көптік ұғым бар жерде жекелік ұғым да болатындығы даусыз. Жекелік мағына зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде беріледі, бірақ оның қосымшасы жоқ. Осы бір – біріне қарама- қайшы екі ұғымның жиынтығы арқылы және жекеліктің арнайы тұлғасы болмай, көптік ұғым көптік жалғау арқылы берілуінен көптік категориясының сипаты ашылады. Осымен байланысты С.Исаев "Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады (28, 55)",-дей келіп, көптік категориясын осы еңбегінде "Сан-мөлшер (көптік) категориясы" деп атаған.

"Қазақ грамматикасында" (2002) "Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден – бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан басқа да амал – тәсілдері бар (32,454)",- деп көрсетіліп, тек қана көптік мағынаның арнаулы қосымшасы – көптік жалғауының ерекшеліктері сөз болған.

Көптік ұғымның ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:

а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.

Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы бірнешеу:

- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сұт, ұн т.б.).

- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б.).

- әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат атаулары (көбелек, қоңыз, түлкі т.б.).

- өсімдік аттары (арпа, сұлы, жусан т.б).

- адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс- әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілікт.б.).

ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т.б. Ал мұны С.Исаев "сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу (көп) екенін түсінеміз (28,66)",-дей келіп, көптік мағынаның осылайша берілуін аналитикалық тәсіл деп атаған. А.Ысқақов сөздердің қосарлануы арқылы да (бала-шаға, кәрі-жас т.б.) көптік ұғым білдіріледі деп есептеп, оны лексика-синтаксистік тәсіл деп атаған (6,41).

б) Көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады. Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп жүрген үш-төрт түрі кездеседі:

- тіліміздегі көне құбылыс ретінде саналатын, яғни орхон-енисей жазбаларында көптік жалғау ретінде жұмсалған – т қосымшасы бар. Бірақ бұл қосымша сол кездің өзінде "атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан- тарқат, тігін- тігіт секілді азын- аулақ сөздердің құрамында кездескен. (10, 88)".

- сондай-ақ біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында кездесетін - з, (-ыз, -із) формалары да көптік мағынаны білдіреді деп есептеледі. Бірақ бұл қосымшалар "әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына жалғанатын қосымша болған".

- 1-жақ жіктік жапғау тұлғасы -қ, -к қосымшасы ерте кезде көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болған деп есептеледі (біз болдық, келдік т.б.) (63,42).

- қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер). Сондықтан бұл форма заңды түрде көптік жалғау деп саналады.

Бірақ көптік жалғау сөзге жалғанған кезде көптіктен басқа да стильдік мән үстейді. Мысалы, Үй маңындағы ағаштар ерекше бір шөберлікпен егіліпті. (Ғ.Мұстафин). Осы сөйлемдегі ағаштар нақты ағаштың санын емес, осы сөз арқылы аталатын заттардың тобын, жинағын, яғни үй айналасына отырғызылған ағаштарды жалпылап тұр.

Немесе, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп еріп еді (М.Әуезов). Мұндағы үлкен сын есімін -дер көптік жалғауы әрі заттандырып, әрі оған көптік мағына үстеп тұр.

Осындай көптік жалғаудың семантикалық мағынасы да, стилистикалық рөлі де ғалымдар еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, А.Ысқақов көптік жалғаудың 12 түрлі ерекшелігін (63,43- 46) көрсеткен.

Көптік жалғаудың С.Исаев көрсеткен тағы бір ерекшелігі- оның сөз байланыстырушылық сипатының болмауы. Сондықтан ғалым көптік жалғауын осы сипатына қарап, "қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын (28,69)",-дейді. Мысалы, Қолдың саласындай тарамданған арықтардың біреуі бара- бара ұлғайып... қарауытқан сай болды (Б.Майлин). Зеректік, ойшылдық, сезімталдық- ана сүтімөн бірге бітетін қасиеттер (І.Есенберлин). Осы сөйлемдердегі арықтардың, қасиеттер сөздеіріндегі-тар, -тер көптік жалғауы сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, өйткені бұл жалғауларды алып тастағаннан сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды. Қолдың саласындай тарамданған арықтың біреуі бара-бара ұлғайып ... қарауытқан сай болды. Зеректік, ойшылдық, сезімталдық- ана сүтімен бірге бітетін қасиет. Бұл сөйлемдердегі көптік жалғауы арықтың, қасиеттің көп екендігін көрсетіп, көптік ұғым қосып тұр.

Бірақ, көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғаумен келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады екен: сендер студентсіңдер, сіздер студентсіздер т.б.

Зат есімнің тәуелдік категориясы[өңдеу]

Зат есімнің тәуелдік категориясы -түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория, өйткені "грамматикалық категорияларда универсалды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдердің тобының немесе жеке тілдердің грамматикалық құрылысының басты ерекшеліктері көрінеді (1, 141 )".Сондықтган түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тілінде дербес категория болып табылатын тәуелдік категориясы орыс тілінде жоқ. Бірақ орыс тілінде тәуелдік мағына бар ол лексикалық тәсіл арқылы беріледі (мой, твой т.б.).

Түркі тілдерінің ерекшелігі болып табылатын тәуелдік категориясы –бірзаттың екінші затқа меншік тілігін білдіретін категория. Нақтырақ айтқанда, тәуелденіп тұрған зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам-мұның екеуі де қоса ұғынылады (31,55) "немесе" иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория (63,48)".

Тәуелдік категориясының мағынасы тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі, яғни тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты жекеше, көпше түрде білдіреді.

Грамматикалық категориялар


Грамматикалық категориялар туралы түсінік.
 
Өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
 

Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бар, бірге отырып оқиық (Б.Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұшқыр, менің атым ұшқалақ (С.Мұқанов; Адамды бағындырудың асылы – еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С.Мұқанов); Міне енді сіз үйіңіздесіз (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдердегі сөздер грамматика заңы бойынша құрылған. Бұл сөздердің кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне септік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да көріктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үнемі қолданылып, әрқайсысы өз орнында белгілі мағыналар үстепғ сөздердің қызметтерін сараландырып отырады. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп танылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі. Сөздерге жалғаулардан өзге жұрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғаларын өзгертіп, әр қилы басқа категориялар тудырып отырады. 

Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Морфемалар мен жұрнақтар

1. Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары.

2. Морфемалар мен жұрнақтар.

3. Жұрнақтардың жалпы сипаттамасы.

4. Жұрнақтардың құрамы.

5. Жұрнақтардың мағыналары және қолданылу ерекшеліктері.


Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектерді морфемалар деп атайды. Морфеманың өзіне тән мағынасы(мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Морфемалар түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлінеді.

Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.

Мысалы: айт, тіл

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін мағыналарды айтамыз.

Мысалы: тіл-і, тіл-сіз, айт-ыл, айт-ылар, айт-атын

Қосымша морфемалар сөз тудыратын және форма тудыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар (морфемалар) жалғаулар деп аталады.

Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалық категорияға жатқызылады.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды жұрнақтар болып екіге бөлінеді.

Жалаң жұрнақ мағына, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақ. М/ы: -ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік

Құранды жұрнақтар: -ымды, -імді, -малы, -мелі, -қылықты, -кілікті т.б.

Жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді: 


  1. Төл және кірме жұрнақтар
     


  2. Көне және жаңа жұрнақтар
     


  3. Тірі және өлі жұрнақтар
     


  4. Жалаң және құранды жұрнақтар
     


  5. Дара мағыналы және көп мағыналы жұрнақтар
     


  6. Синоним және омоним жұрнақтар
     


  7. Құнарлы және құнарсыз жұрнақтар
     

Сөз формалары және олардың жасалу жолдары

1. Сөздің жасалу жолдары.




  1. 2. Сөз формалары олардың жасалу жолдары
     


  2. 3. Сөздің негізгі түрлері
     

Сөз дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып табылады.

Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық құрпамындағы бөлшектерінің, синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз.

Қазақ тілінде сөз формалары морфологиялық, систаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Сөздің негізгі түрлері.Сөздер формалық нұсқаларына қарай жалаң және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді.

Жалаң сөз деп құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп құрамында ең кемінде екі не одан да көп негізгі түбір бар сөзді айтамыз. Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөз ішінара біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді.

Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп аталады.

М/ы: бас, бастық, басшы, басқар, юасқарма дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, түбірлес сөздер.

Сонымен түбір деп, әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды айтамыз.

Туынды сөздер деп, жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады. Мысалы, үгітші, қаламгер, әсемпаз, сәнқой т.б.

Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі қолданылатынына қарамастан, олардың әрқайсысының өз мәнінде қолдану керек.

Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады.

Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады.

Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы крек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін.

Таулы, ақылды, өнерлі сияқты туынды түбірлерге сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема – туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.

Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебіне, өзіне тән жұрнақтарына толық тоқталу.

Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын айтамыз. Грамматикалық мағына сздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады.

Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл сияқты күшейткіш сөздер. Мыалы: өте жақсы, тым жұпыны т.б. Грамматикалық мағына негігі сөзерге шылау сөздердің селбесуі арқылы да туады. Мыс: Құрымбайдың ол не үшін келгенін де сезді.

Грамматикалық құбылыстың өзіне тәнграмматикалық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық мағына - грамматикалық құрылыстың мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы. Сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады.

Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грамматикалық категориялар ішінара морфрологиялық категориялар және синтаксистік категориялар болып екі салаға бөлінеді.

Лексика-грамматикалық морфемалардың қызметі, құрылымы. Өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады. 

Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бар, бірге отырып оқиық (Б.Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұшқыр, менің атым ұшқалақ (С.Мұқанов; Адамды бағындырудың асылы – еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С.Мұқанов); Міне енді сіз үйіңіздесіз (Ғүсірепов) деген сөйлемдердегі сөздер грамматика заңы бойынша құрылған. Бұл сөздердің кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне септік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да көріктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үнемі қолданылып, әрқайсысы өз орнында белгілі мағыналар үстепғ сөздердің қызметтерін сараландырып отырады. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп танылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі. Сөздерге жалғаулардан өзге жұрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғаларын өзгертіп, әр қилы басқа категориялар тудырып отырады. 



Сөз формалары және олардың жасалу жолдары

1. Сөздің жасалу жолдары.




  1. 2. Сөз формалары олардың жасалу жолдары
     


  2. 3. Сөздің негізгі түрлері
     

Сөз дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып табылады.

Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық құрпамындағы бөлшектерінің, синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз.

Қазақ тілінде сөз формалары морфологиялық, систаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Сөздің негізгі түрлері.Сөздер формалық нұсқаларына қарай жалаң және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді.

Жалаң сөз деп құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп құрамында ең кемінде екі не одан да көп негізгі түбір бар сөзді айтамыз. Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөз ішінара біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді.

Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп аталады.

М/ы: бас, бастық, басшы, басқар, юасқарма дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, түбірлес сөздер.

Сонымен түбір деп, әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды айтамыз.

Туынды сөздер деп, жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады. Мысалы, үгітші, қаламгер, әсемпаз, сәнқой т.б.

Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі қолданылатынына қарамастан, олардың әрқайсысының өз мәнінде қолдану керек.

Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады.

Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады.

Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы крек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін.

Таулы, ақылды, өнерлі сияқты туынды түбірлерге сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема – туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.

Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебіне, өзіне тән жұрнақтарына толық тоқталу.

Сын есімнің морфемалық құрамдары

1. Сын есімнің семантикалық топтары.

2. Сын есімнің морфемалық құрамдары.

3. Сын есімдердің жасалуы.

4. Шырай түрлері

Ақ, қара, сары, көк, сұр, биік, үлкен, аласа, жылы, жұқа, қалың, тік, ірі, кіші сияқты сапалық сын есімдерді алсақ, қазіргі кезде олардың қай-қайсысы болса да, тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізі сын есімдер ретінде түсініледі.

Сөйтіп, сын есімдерді морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте үстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігініңтөркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық, сұйық, сирек, жазық, толық, ашық, жабық, иік, жетік, тілік, сергек сияқты сындар бастапқы тұн, суы, ары, сұйы,сире, жаз, тол, аш, жап, и, жет, тіл, сергі деген етістіктерден туған.

Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік, морфологиялық-синтастиктік тәсілдер арқылы жасалады.

Морфологиялық тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.

Синтаксистік тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы ( ақ сары, қызыл сары; қара көк), негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы, зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы ( көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.

Морфологиялық-синтаксистік тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы (мысалы; басқа, өзге, шала-жансар т.б.) жасалады.

Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады.

Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сандық белгінің атын білдіреді. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары сөзжасамдық қабілеті жағынан әр түрлі.

Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен –ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі.

Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады.Мысалы: -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты –ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мыс: бүтін, ұзын, ортан.

Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан жұрнақтардың мағынасына толық тоқталу.

Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады. Сын есімнің 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай. 

Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешеліктері

1. Сан есім туралы түсінік.

2. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.

3. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.

4. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.

Сан есімдер – есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сна есімдер басқа сөздерге тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда , тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады.

Морфологиялық сипаттары жағынан да сан есімдердің өзіне тән, өзге сөз таптарына ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі айқындайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді.

Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып екіге бөлінеді. Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны - жиырма шақты ғана. Күрделі сан есімдер осы аталатын дара сан атауларының әр алуан жолымен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалады. Сан емімдер септік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

Белгілі бір грамматикалық категория кемінде екі түрлі формада көрінуі қажет. Мұнсыз бірде-бір грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Мысалы, бір ғана септіктің формасы немесе бір ғана грамматикалық жақтың формасы өздігінен септік категориясын да, жақ категориясын да құрай алмаған болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы туралы сөз ету үшін, ол тілде, мысалы, ілік септігінен басқа барыс, шығыс септіктері және т, б. септіктердің болуы шарт. Сонда ғана септік дербес грамматикалық категория ретінде таныла алады. Грамматикалық жақ категориясы туралы 
I жақтан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы туралы да осыны айту қажет. Шырай категориясы бір ғана жай шырайдың грамматикалық мағынасы мен формасынан құралуы, әрине мүмкін емес. Сын есімнің шырай категориясы оның мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайдың мағыналары мен формаларының жиынтығынан құралады. Қандай бір грамматикалық категория болмасын, оның жалпылаушы сипаты болады. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құра-лады. Ал «біртектес грамматикалық мағыналар» дегеннен әр басқа емес, өзара шарттас, ыңғайлас, бір сипаттағы грамматикалық мағыналарды түсінеміз. Мысалы, грамматикалық шақ категориясы осы шақ, өткен шақ, келер щақ түрінде көрінгенімен, шақтың аталған түрлерінің мағыналары — әр тектес, әр сипаттағы мағыналар емес, біртектес мағыналар, әйтеуір шақтық мағыналар. Біртектес, бір сипаттағы шақтық мағыналар әр түрлі грамматикалық формалармен беріліп, жалпы грамматикалық шақ категориясы ретінде үғынылады. Демек, дара грамматикалық мағынаны білдіретін бір ғана форма немесе әр сипаттағы грамматикалық мағыналарды білдіретін формалар емес, біртектес, өзара ыңғайлас грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалмқ формалардың жиынтығы грамматикалық категория деп танылады.
Өзара шарттас, ыңғайлас, бір .сипаттағы формалардың әрқайсысын және осыған орай олардың біртектес мағыналарының әрқайсысын грамматикалық категория деп есептеу грамматикалық мағына деген ұғым мен грамматикалық категория деген ұғымның жігін жойып, бұларды бір-бірімен араластырып жіберуге соқтырады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде біртектес грамматикалық мағыналардың әрқайсысын грамматикалық категория деп есептеу, осыдан келіп, «ілік септік катего-риясы», «барыс септік категориясы», «салыстырмалы шырай категориясы, «күшейтпелі шырай категориясы», «I жак категориясы», «III жақ категориясы» деп атау, сөйтіп грамматикалық мағына мен грамматикалық категорияны бір-бірімен араластырып жіберу жиі ұшырасады. Бұл жайында проф. А. И. Смирницкий былай деп жазды: «...атау септік, ілік септік және т. б., көпше, бірінші жақ, екінші ж.ақ және т. б. осылар тәрізді единицалар үшін «категория» деген терминді қолданбау керек. Бұлай етсек, «категория» дбген термин өзіндік сипатын, өзіпе өте-мөте тән, дәлме-дәл мағынасын жоғалтады. Өкінішке қарай, бұл терминді осылайша қолдану өте-мөте етек алып кеткен». Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ катеғориясы, шақ категориясы, септік категориясы және т. б. грамматикалық категориялар бар, бірақ «I жақ категориясы», «III жақ категориясы» неме-се «ілік септік категориясы», «табыс септік категориясы» дегендер болмайды. Бұлар — дербес грамматикалық категориялар емес, грамматикалық категорияның мазмұнына енетін грамматикалық мағыналар. Ілік септіктің немесе табыс септіктіқ әрқайсысының өзіне тән мағынасы мен формасы бар, бірақ бүлардың бірде-бірі өздігінен грамматикалық категорияны, атап айтқанда, септік категориясын жасай да алмайды, дербес грамматикалық категория ретінде таныла да алмайды. Септік категориясы бір септіктің емес, күллі септіктердің мағыналары мен формаларының жиынтығынан, қалыптаскан жүйесінеи қүралады. Демек, жалпы септік катеғориясы деген мен жеке нақтылы-септік дегендер бір емес. Септік категориясы — жалпы құбылыс та, жеке-нақтылы септік — жалқы құбылыс. Жеке, нақтылы септікті, мысалы, барыс септігін «барыс септік категориясы» деп атау жалқыны жалпыдан ажырата алмауға әкеп соқтырады. Жалпы мен жалқы бірін-бірі жокқа шығармайды, жалқы бар жерде ғана жалпы туралы сөз ете аламыз. Жалпының жалқы құбылыстардың брйында және сол жалқы құбылыстар арқылы өмір сүретіні, жалқы құбылыстар арқылы танылатыны сияқты, жалпы септік категориясы жеке, нақтылы септіктер, мысалы, кемінде екі септік болған жағдайда ғана, грамматикалық категория ретінде өмір сүреді,- нақтылы септіктер арқылы танылады. Анығырақ айтқанда, грамматикалық категория жалпы құбылыс болып саналады да, жалпының жеке (жалқы) құбылыстарда өмір сүретіні және солар арқылы көрінетіні, танылатыны сияқты, ол да (грамматикалық категория да) грамматикалық мағыналар мен формалардан көрінеді, солар аркылы өмір сүреді. Керісінше, грамматикалық мағыналар жалқы (жеке, нақтылы) қүбылыстар ретінде, қалайда болмасын, жалпыға, яғни грамматикалық категорияға ұласады. Бұл — бір. Екіншіден, мүның өзі «грамматикалық категория мен грамматикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты болады» деген тұжырымның дұрыстығын тағы да дәлелдей түседі. Жалпылық сипаты бар грамматикалық .құбылыс ретінде қаралатын септік категориясы (грамматикалық категория) жалқылылық сипаты бар жеке, нақтылы септіктердің (грамматикалық мағыналардың) болуын аңғартады, жеке, нақтылы септіктер болған жағдайда ғана, грамматикалық категория ретінде танылады. Бір грамматикалық категорияға енетін біртектес, бір сипаттағы грамматикалық мағыналар өзара шарттас, бір-бірімен байланысты болады. Белгілі бір грамматикалық категорияға енетін өзара шарттас, ыңғайлас, бір-тектес грамматикалық мағыналардый, ұқсас, ортақ жақтарымен бірге, бір-бірінен айырмашылықтары да болады.



«Грамматикалық категория дегеніміз грамматикалық мағыналар мен оның формалды сыртқы көрінісін білдіретін құрадардың, көрсеткіштердің бірлігі»деп анықтама береді.

Тіл біліміндегі неғұрлым соңғы пікірге сүйенсек, «грамматикалық категория дегеніміз мағынасы бір типтес грамматикалық тұлғалардың бір- біріне өзгеше жүйесі». Бұл анықтамада грамматикалық категория мағына мен тұлғаның бірлігі ғана емес, әрі сондай бірліктен жасалған жүйе екені және осылай туған жүйелер бір-бірінен ерекше екеніне мән берілген. Грамматикалық категорияны анықтауда категорияландыратын басты белгі ретінде жинақты мағынаны бірінші қатарға шығару тіл білімінде кең тараған. Мәселен, шақ, жақ, етіс т.б. категориялардың жинақты мағыналары соларға сай формалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Мысалы, қазақ тіліндегі бұйрық рай әр түрлі формада кездеседі: етістік түбірлер түрінде (бар, кел, тұр, оқы), -ла-ле жұрнағы арқылы (тыңда, балтала, күректе, сығала), -ы-і жұрнағы арқылы (таны, жаны(пышақты), -қа-ке жұрнағы арқылы (иіске, таңырқа), -қар-кер жұрнағы арқылы (атқар, ескер), -ын-ін жұрнағы арқылы (жуын, киін), -сын-сін жұрнағы арқылы (тепсін, менсін, паңсын) т.б. Әр түрлі формадағы осы етістіктердің бәріне де бұйрық мағынасы тән. Осы мағына арқылы әр түрлі тұлғадағы етістіктердің басы бірігіп, бұйрық рай категориясы жасалып тұр.

Сөйтіп, грамматикалық категорияның қалыптасуы грамматикалық тұлға және грамматикалық мағынамен тікелей байланысты екенін көрдік. Бұлар кез келген тілдің грамматикалық сипатын білдіретін ең негізгі ұғымдар. Грамматикалық категорияны жете түсіну үшін, оның өзара бірліктегі құранды бөліктері болып табылатын грамматикалық тұлға мен грамматикалық мағынаның табиғатын білген жөн.

Грамматикалық тұлға дегеніміз грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін, үлгісін білдіретін тілдік белгі. Грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық тұлғалар суффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар («ішкі флексия»), қайталау, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация, екпін т.б. арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі грамматикалық (морфологиялық) тұлғаларға сөз таптарындағы сөздердің үнемі өзгеріп отыруы да жатады.



Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.

Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді.[1]

Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ.

Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізіненморфологиялық материал негізінде қалыптасқан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты әлем тілдері бір-бірінен:

  1. Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;

  2. Бір грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде — 7, кейбір дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);

  3. Белгілі бір категориялардың қандай сөз таптарына кіретініне қарай жіктеледі.

Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единица) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде эр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан

ЗАТ ЕСІМ

Қазақ тілінде зат есім мынадай атрибуттарға ие:

  1. тұлғасына қарай [по способу образования]: негізгі [непроизводные] \ туынды [производные]

  2. мағынасына қарай: [по назначению]: жалпы [нарицательные]\ жалқы [собственные]

  3. құрамына қарай [по составу]: дара [простые] \ күрделі [сложные]

  4. күрделі зат есім үшін [классификация по сложным]: біріккен [сращено-слитные]\ қосарлы [парные]\тіркесті түбірлер [словосочетания]\ қысқарған сөздер [сложносокращенные]

  5. Жалғаулар [окончания]: көптік [окончания множественного числа], тәуелдік [окончания принадлежности], септік [падежные окончания], жіктік жалғаулары [личные окончания]

  6. басқа белгілер бойынша [по прочим признакам]: адам есімдері / әкесінің аты, тегі [имя личное\фамилия\отчество]

  7. адамға тікелей қатыстылығына қарай: [по отношению непосредственно к человеку]: адамзат есімдері [имя существительно, непосредственно относящееся к человеку], ғаламзат есімдері [все остальные существительные]

  8. мағыналық белгілеріне қарай [по признаку значения]. деректі [конкретные], дерексіз [абстрактные]

 

Белгілі бір заттың, нәрсенің немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.

Зат есім кім? не? Деген сұрақтардың біреуіне жауап береді. Кім? деген сұрақ адамға қатысты ғана қойылады да, жанды болсын, жансыз болсын, басқа атаулардың барлығы не? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: кім? – ата, ана, бауыр, төраға, хатшы, қызметкер, шәкірт, есепші, дос т.с.с. не? – жылқы, қасқыр, қағаз, мекеме, кітап т.с.с.

 

Қандай атау болып келуіне қарай зат есім екі түрлі болады деректі зат есім және дерексіз зат есім.

Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын заттың атауы болса, ондай зат есімді деректі зат есім дейді: қалам, ағаш, астық, тақта, үстел т.с.с.

Қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, бірақ адамның ойлау қабілеті түсінуге болатын заттың атауын білдіретін зат есімді дерексіз зат есімдейді: қанағат, өкініш, мақтаныш, мейірімділік т.с.с.

 

Зат есімдер жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді.

Адам, тау, көл деген сөздер жалпы есім болады. Өйткені адам деген сөз – бір адамға емес, адам атаулыға берілген жалпылама атау. Тау сөзінен де тау атаулыға берілген жалпы атты түсінеміз. Көл деген сөз арқылы көл атаулы жайында ұғым беріледі.

Біркелкі заттарды жаппай атайтын зат есімдер жалпы есім деп аталады.

Сәкен, Көкшетау, Балқаш сөздері – жеке заттардың атаулары. Сәкен деген сөз – жеке адамға ғана арнап берілген ат. Көкшетау деген сөз жеке бір ғана таудың, Балқаш деген сөз жеке бір көлдің атын білдіреді.

Біркелкі заттарды жекелеп атайтын зат есімдер жалқы есім деп аталады.

Жалпы есімдер сөйлем басында келсе ғана бас әріппен жазылады, өзге орындардың бәрінде де кіші әріппен жазылады.

Жалқы есімдер үнемі бас әріппен жазылады.Жалқы есімдерге жататын сөздер.

  1.  Кісі аттар (кісінің өз аты, әкесінің аты және тегі): Ахмет Байтұрсынұлы, Мұқағали, Төлеген, Мәшһүр-Жүсіп Көбеев т.с.с.

  2.  Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше аттары: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Алатау ауданы, Ақан ауылы, Д.Қонаев көшесі т.б.

  3.  Географиялық (жер, су, тау, орман т.с.с.) атаулар: Ертіс, Сырдария, Қарқаралы, Зайсан көлі, Бурабай, Оқжетпес т.б.

  4.  Ұйым, мекеме, завод аттар: Қазақстан темір жол басқармасы, Шымкент қорғасын заводы, Ұлттық кітапхана т.б.

  5.  Газет, журнал, кітап, ән, күй, би, шығарма аттары: «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы, «Абай жолы» кітабы, «Қамажай» биі, «Ерке сылқым» күйі т.с.с.

  6.  Мал мен хайуанаттарға арнап қойылған аттар: Құлагер, Бөрібасар, Ақбақай т.б.

 

Жер-су атаулары

Жер-су  атаулары – сол аймақты мекен еткен халықтың дүниетанымы, тұрмыс –тіршілігі, салт-дәстүрі мен географиялық орта туралы таным-білімін көрсететін тілдік, тарихи-мәдени мұра. Көшпелі өмір салтын кешіп, мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы географиялық ортаны, жер бедерін, өсімдіктер дүниесін жақсы білгендіктен, оны өз тілінде дәл бейнелеуге келгенде де шеберлік танытқан. Ұлт өмірінің әр кезеңінде болған тарихи оқиғалар, елеулі өзгерістер де топонимдерден көрініс таппай қалмаған. Топонимдерде тұнып тұрған сыр бар екені, олардың астарында әлі айтылмаған ақиқаты мол ақпараттар жатқаны анық.

Топонимдер – жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан тұратын жалқы есім түрі. Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі – ат ретінде ғана жұмсалады.

 

Жеке я дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есім дейміз. Мысалы: Қаратау, Теміртау, Балқаш, Кентау, Ақтау т.б.

Жұрнақты зат есімдер –ыс, -іс, -с, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

-ыс, -іс, -с. Етістік негізден –ыс//-іс// -с жұрнағы арқылы жасалған туынды түбір зат атаулары өздерінің мағыналары жағынан өте әртарап. Етістік негіз бен –ыс//-іс//-с жұрнағы арасындағы осындай сөзжасамдық қатынастан мынадай бір ой түюге болады. Қазақ тіліндегі бұл –ыс//-іс//-с жұрнағы етіс тік негізден жалпы туынды түбір зат атауларын жасау жөнінен емес, сонымен қоса түрлі пәндік және кәсіптік термин жасау тұрғысынан да барынша өнімді жұрнақтар қатарына жатады. Мысалы: қолданыс, құбылыыс  т.б. Сөз қолданысы сияқты тұтас құбылысқа кіреді.

Арабтың кірме сын атауларынан –лық// -лік// -дық//-дік форманты арқылы жасалған туынды зат атаулары қатарына, сондай-ақ мемлекеттік, нормативтік, мамандық, құқықтық, мүмкіндік тәрізді тағы бір топ туылымдарды жатқызуға болады.

Тілімізде сөзжасамдық осы форманттың қатысуымен парсылық кірме сын атауларынан пайда болған, дериват атаулары да кездеседі. Мысалы: адамдық

Қазақ тілінде сөзжасамдық –лық//лік //дық//-дік –тық//-тік форманты арқылы байырғы сын атауларынан пайда болған туынды зат атаулары да бірталай. Мысалы: қиындық, басымдық, даярлық, т.б.

 

Көптік жалғау

Нақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан да басқа амал-тәсілдері бар.

Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы, негізінен алғанда, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі фонетикалық нұсқада ұшырайды.

 

Сөздің соңғы дыбысы мына дыбыстарға аяқталса

жалғаулар

мысалдар

дауыстыға

-й, -р, -у

-лар / -лер

қызметшілер, қатысушылар, үміткерлер, тапсырмалар, дәстүрлер, талдаулар

мұрын дыбыстарына

• –л, -з, -ж

-дар / -дер

кезеңдер, мамандар, бөлімдер, қағаздар

•  қатаң дауыссыздар

ұяң –б, -г

-тар / -тер

үміттер, құжаттар, азаматтар, прорабтар, психологтар

 

 

Тәуелдік жалғауы

Заттың біреуге я бірдемеге меншікті екендігін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады.

Мысалы: Менің мекемем, сенің мекемең, оның мекемесі.

Осындағы мекемем деген сөздің сөйлеушінің өзіне, мекемең дегеннің тыңдаушы адамға меншікті екені білінеді, ал мекемесі дегеннен ол заттың бөгде адамға тән екені көрінеді.

Тәуелдік жалғауы үш жақта және жекеше, көпше түрлерде болады. Әр жақтың өзіне тән арнаулы жалғауы бар. Олар төмендегідей:

 

жақ

жалғауы

 

І

ІІ

ІІІ

 

 

-м, -ым, -ім, -мыз, міз, -ымыз, -іміз.

-ң, -ың, -ің, -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз.

-ы, -і, -сы, -сі.

 

Мысалы: Қазақстан, атамекен, қала, әке сөздері төмендегіше тәуелденеді:

жақ

жалғауы

жекеше

көпше

І

 

 

ІІ

 

 

 

 

 

ІІІ

Менің атамекен+ім, қала+м, әке+м

 

 

Сенің атамекен+ің, қала+ң, әке+ң

 

 

Сіздің атамекен+іңіз, қала+ңыз, әке+ңіз

 

Оның атамекен+і, қала+сы, әке+сі

Біздің атамекен+іміз, қала+мыз, әке+міз

 

Сендердің атамекендер+ің, қалалар+ың, әкелер+ің

 

Сіздердің атамекендер+іңіз, қалалар+ыңыз, әкелер+іңіз

 

Олардың атамекен+і, қала+сы, әкелер+і

 

 

Септік жалғау

Септік жалғауларының беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерін кеңінен сипаттау үшін сөз тіркестерінің, олардың белгілі бір алуан түрлерінің, сөйлем мүшелерінің, олардың қандай формалардан жасалуы мен атқаратын қызметтерінің сөйлем мүшелерінің байланысу тәсілдерінің, сөздердің меңгеру мен меңгерілуінің мәселелерін талдау қажет.

Атау септік

Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы болмайды. Атау септік формасы, бір жағынан, басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма болса, екінші жағынан, ол тек белгілі бір затты атау үшін ғана емес, онан әлде қайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қаралады.

Атау формадағы сөз кім? кімдер? не? нелер? деген сұрауларға жауап береді де, жекеше, көпше, тәуелді түрлерде де қолданыла береді.

Ілік септік

Ілік септігінің сұрақтары: кімнің? ненің?

Ілік септігінің жалғаулары-ның, -нің, -дың, -дің –тың,  -тің

Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады: Қазақстан+ның, елдері+нің, Абай+дың, тіл+дің, ұлт+тың, мемлекет+тің т.с.с.

Ілік септігі жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден-бір мағынасы иелік, меншікті білдіру. Септіктің бұл түрі тәуелдік категориясымен тығыз байланысты. Ол тәуелдік жалғаулы сөзбен әрдайым синтаксистік бірлікте айтылады. Зат есімдер ілік жалғауында келгенде онымен тіркесетін тәуелдік жалғаулы сөз ылғи үшінші жақта тұрады, кез келген зат есім семантикалық жағынан 3-жақты білдіреді.Мысалы: Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтап, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндігінше көмек көрсету мемлекеттік тіл саясатының негізгі ұстанымдарының біріне жатады.

Ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелдіктің басты-басты түрлері деп оның меншік иесін, туыстық жақындықты, табиғи бірлікті, нәрсенің бөлшегін, дерексіз ұғымдардың байланысын, логикалық субъектіні, сапалық ерекшелікті білдіруін атауға болады.

Ілік септігінің жалғауы кейде түсіріліп, жасырын түрде де қолданылады. Мысалы: Қазақстанның халқы – Қазақстан халқы,  қазақтың тілі – қазақ тілі, тілдің мерекесі – тіл мерекесі, егемендіктің белгісі – егемендік белгісі т.с.с.

Жер-су аттары, әкімшілік атаулары жасырын ілік септігінде тұрады. Мысалы: Ақмола облысы, Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік көшесі т.с.с.

Ілік септігіндегі сөз негізінен, сөйлем мүшесінен анықтауыш болады.

 

Барыс септігі

Барыс септігіндегі сөз кімге? Неге? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді.

Барыс септігінің жалғаулары: -қа/ -ке, -ға/-ге, -а, /-е, -на/-не.

Бұл жалғаулар қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады: азамат+қа, ел+ге, мемлекет+ке, отан+ға, анам+а, елі+не, інім+е, досы+на т.с.с.

Барыс септігіндегі сөз кімге? Неге? Сұрақтарына жауап бергенде, толықтауыш болады да, қайда? Сұрағына жауап бергенде, пысықтауыш болады: Сәкен досына (кімге?) көмектесті. Жұмысқа (қайда?) бара жатырмын.

 

Табыс септік

Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірі – септік категориясы. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады.

Зат есімге жалғанатын табыс септігінің жалғаулары –ны, -ні, -ды, -ді,

 -ты, -ті және тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін –н. Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы: Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда жаңа инженерлік желілер, құрылыстар мен жолдарды салумен ғана проблема шешілмейді.

Табыс септіктің жалғауы да бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданыла береді. Бірақ жалғауы айтылмай, жасырын тұратын табыс жалғаулы сөз сыртқы форма жағынан атау септіктегі сөзбен түрлес болғанымен, әрқашан сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш болады.  Мысалы: жолдар салды, сын қабылдады, қателік іздеді т.б.

 

Жатыс септік

Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік және мезгілдік мағына береді. Осыған сәйкес, сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, мезгіл пысықтауышта, кейде орнына қарай баяндауыш та болады.

Сұрақтары: кімде? неде? қайда?

Жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде.

Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болғанда, олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді. Мысалы: Оралда, Сібірде, Солтүстікте алтында, күмісте, мыста талай естіген өзгермейтін, міз бақпайтын безерген дауыс.

 

Шығыс септік

Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына қарай, шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та, кейде баяндауыш та болады.

Сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?

Жалғаулары: -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен.

 

Көмектес септігі

Бұл септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу, бірлесу, астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын және басқа әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына сәйкес, көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бола береді.

Сұрақтары: кіммен? немен?

Жалғаулары: -мен, -пен, -бен.

Мысалы: Ол Астанадан машинамен келеді. Сәрсен достарымен жүр.

 

Жіктік жалғауы

Жіктік жалғауы тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.

Жіктеу категориясы – қазіргі қазақ тілінде етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Олай дейтініміз – бастауышы жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш болатын сөз әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабылдайды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я жалқы есімнен болатын жағдайда оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында тұрады. Мысалы: ол келді –бала келді.

Жіктік жалғау сөздерге жекеше, көпше түрде үш жақта жалғанады.

Мысалы: Мен адаммын, Сен адамсың, Сіз адамсыз, Ол адам, Біз адамбыз, Сендер адамсыңдар, Сіздер адамсыздар, Олар адамдар. Мен келдім, Сен келдің, Сіз келдіңіз, Ол келді, Біз келдік, Сендер келдіңдер, Сіздер келдіңіздер, Олар келді.

 

СЫН ЕСІМ

 Сын есімдер мынадай атрибуттарға ие:

  1. тұлғасына қарай [по способу образования]: негізгі [непроизводные] \ туынды [производные]

  2. мағынасына қарай [по значению]: сапалық [качественные] \ қатыстық [относительные]

  3. құрамына қарай [по составу]: дара [простые]\күрделі [сложные]

  4. шырайы бойынша [по степени]: жай шырай [положительная]\салыстырмалы шырай [сравнительная]\күшейтпелі шырай [превосходная 1]\ асырмалы шырай [превосходная 2]

Сапалық сын есімдер  - мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр, т.б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі) және басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздер.

 

Қатыстық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер көбіне-көп әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады да,  сол затқа, қимыл, іс-әрекет, құбылысқа тағы басқаларға қатысын білдіреді. Мысалы: Ол кісі шын мәніндегі көзсіз батыр еді дегендегі көзсіз сөзі туынды сын есім, бұл сөйлемде қайтпас ержүрекке тән батылдық істі білдіріп тұр.

 Қатыстық сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан сөзжасам қосымшалары арқылы жасалған туынды немесе күрделі сөздер болып келеді.

Сонымен , қазақ тіліндегі –лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -ғы/-гі, -қы/-кі, -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -и, -паз, -қой, -ық/-ік, -қ/-к,

 -ғыш/-гіш, қыш/-кіш, -шақ/-шек, -ғыр/-гір, -қыр/-кір т.б. сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар, я жоқ, соған бейімдік, мекендік тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болуы арқылы қатыстық сын есім болады. Мысалы: 1. Қазақстан Республикасы әскери саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. 2. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады. 3. Сарбаздардың әскери міндеттері жауаптылықты, ептілік пен қырағылықты, сақтықты, керек кезінде өжеттікті қажет ететін аса жауапты қызмет.

-шыл, шіл жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдер

-шыл, -шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарапты сөздерге жалғанып, олардың лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекеттке бейімділікті, икемділікті, құмарлықты білдіретін қатыстық сын есім жасайды. Мысалы: арманшыл, көпшіл, өзімшіл, жершіл, турашыл, ісшіл,ұйымшыл т.б.

 

САН ЕСІМ

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі – анықтауыш болу. Олар сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру қызметтерін атқарады. Сан есім топтарының кейбіреуі заттың, зат есімнен туған сынның немесе амалдың дәл санын я есебін білдіретін болса, кейбіреуі ретін білдіреді; ал үшінші бір тобы сандық ұғымның бөлшегін, төртінші бір тобы заттарды топтар көрсету деген сияқты әр қилы жақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан сан есімдер:

есептік сан есім

реттік сан есім

болжалдық сан есім

жинақтық сан есім

топтық сан есім, бөлшектік сан есім болып алты топқа бөлінеді.

 

Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, қанша? неше? Деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар түбірден тұрады.Мысалы: алты, он бес, жиырма, мың тоғыз жүз алпыс т.б.

Есептік сан есімдер құрылысы жағынан екіге бөлінеді:дара, күрделі

Бір, он, жүз мың,жиырма; он  екі, жиырма алты, жүз елу, мың бес;

Есептік сан есім заттың дәл санын білдіру үшін қолданылатын болғандықтан, зат есім сөзімен тіркесіп айтылғанда септелмейді, тәуелденбейді, өзгеріске ұшырамайды. Мысалы: алпыс тоғыз жас, алпыс тоғыз жастың, алпыс тоғыз жасқа; он бес жыл, он бес жылдан, он бес жылды; жетпіс алты орындық, жетпіс алты орындықтың, жетпіс алты орындықпен т.б.

Ал есептік сан есім зат есімге тіркесіп айтылмай, сандық белгі ретінде қолданылса, зат есімнің үлгісімен септеледі. Мысалы: Алпыс тоғызға толды. Жүз елуден қырықты кемітсең жүз он қалады.

Шақ категориясы

Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.

Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, келер шақ және осы шақ.

Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: 1) сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді; 2) әрдайым болып тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.

Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді.

Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.

а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.

 

Қалып етістіктің жіктелу үлгісі

жақ

отыр

тұр

жүр

жатыр

Жекеше

 

 

 

 

 

І

ІІ

 

ІІІ

отырмын

отырсың

отырсыз

отыр

тұрмын

тұрсың

тұрсыз

тұр

жүрмін

жүрсің

жүрсіз

жүр

жатырмын

жатырсың

жатырсыз

жатыр

Көпше

 

 

І

ІІ

 

ІІІ

отырмыз

отырсыңдар

отырсыздар

отыр

тұрмыз

тұрсыңдар

тұрсыздар

тұр

 

жүрміз

жүрсіңдер

жүрсіздер

жүр

жатырмыз

жатырсыңдар

жатырсыздар

жатыр

 

Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Бұнда да есімдер (мысалы, зат есім, сын есім, сан есім) сияқты ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды. Қалып етістіктері (отыр, тұр, жүр, жатыр) екі түрлі мағынада жұмсалады. 1) ІІ жақ жіктеу есімдігімен  (сен) тіркесіп, ІІ жақ бұйрық мағынасын білдіреді: сен отыр, сен тұр, сен жүр, сен жат; 2) ІІІ жақ жіктеу есімдігімен тіркесіп, ІІІ жақта жұмсалып, осы шақ мағынасын білдіреді; ол отыр, ол тұр, ол жүр, ол жатыр.

ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі негізгі етістіктің –ып, -іп, -п және –а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктер (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктеліп жұмсалады. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен сөйлеп тұрсың. Марал тамақ пісіріп жатыр.

Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келемін. Сен ойлайсың. Ол тыңдайды.

Жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ

 

ІІІ

 

айтамын, келемін, сөйлеймін

айтасың, келесің, сөйлейсің

айтасыз, келесіз, сөйлейсіз

айтады, келеді, сөйлейді

айтамыз, келеміз, сөйлейміз

айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер

айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер

айтады, келеді, сөйлейді

Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемшенің жіктелген түрі)  сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде алда болатын қимылды білдіріп, келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы осы шақ деп аталады.

 

Шартты рай.

Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са/ -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: ардақтаса, құрметтесе, оқытса, айтпаса т.б.

Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са, -се жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.

  1. Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі: І жақта жекеше –м, көпше –к, -қ, ІІ жақта анайы жекеше –ң, көпше –ңдар, -ңдер, сыпайы жекеше –ңыз, -ңіз, көпше –ңыздар, -ңіздер жалғаулары жалғанады да, ІІІ жақтың арнайы жалғау болмайды.

Шартты райдың жіктелу үлгісі

жақ

жекеше

көпше

І

ІІ

 

 

 

ІІІ

бар+са+м, көрме+се+м, оқыт+са+м

бар+са+ң, көрме+се+ң, оқыт+са+ң

 

бар+са+ңыз, көрме+се+ңіз, оқыт+са+ңыз

бар+са - , көрме+се - , оқыт+са -

бар+са+қ, көрме+се+к, оқыт+са+қ

бар+са+ңдар, көрме+се+ңдер, оқыт+са+ңдар

бар+са+ңыздар, көрме+се+ңіздер, оқыт+са+ңыздар

бар+са - , көрме+се -, оқыт+са-

 

  1. Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде келіп, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылауымен тіркесіп қарсылықты мағынаны білдіреді. Мысалы: Мен келсем сен кетіп қалыпсың. Болған жайды орынбасары айтпаса да, бастық өзінің мән-жайға қанық екенін баса айтты. Берілген мысалдағы келсем, айтпаса да деген шартты рай тұлғалы етістіктер өздері бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып, келесі басыңқы сөйлемнің мезгілін және оған қарсы мағынаны білдіріп тұр.

  2. Шартты райлы етістік І, ІІ жақ жіктік жалғауында тұрып, оған –шы, -ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді. Мысалы: Оның осында келетінін білсемші. Оның атын сұрасаңшы.

Ескерту: Шартты рай жұрнағы –са, -се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс-әрекеттің болу шартын білдіре бермейді. Мысалы: Мен болсам ауылда қалдым. Оның оқуы бітсе керек еді ғой. Бұл мысалдағы болса, бітсе деген етістіктер шартты рай тұлғасында жіктеліп (І және ІІ жақ) тұрса да, ол іс-әрекеттің ешбір болу шартын білдіріп тұрған жоқ. 

Бұрынғы өткен шақ есімше

Есімшенің бұл түрі –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданыста болсын өте жиі әрі кеңінен қолданылады.

ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы арқылы жасалған форма, сөйлемнің қай орнында қалай түрлендіріліп жұмсалса да және құрылымы жалаң я күрделі түрде қолданылса да, қашанда өткен шақ мәнін білдіреді.Мысалы: 1. Іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін арнайы нысан бойынша іссапар куәлігі беріледі. 2. Іссапардың шығыстары тәулік бойынша төленетін болғандықтан, іссапар куәлігі қызметкердің межелі жерге барған және ол жерден шыққан, қайтып келген уақытын белгілеуші есептік құжат болып табылады.

 

Синтаксис

Синтаксис – сөз тіркесі, сөйлем туралы ғылым. Синтаксис сөйлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сөз тіркестерін не жеке сөздерді (сөйлем мүшелерін), олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайды.

 

Сөз тіркестері

Етістікті сөз тіркестері

Атынан байқалып тұрғандай-ақ, етістікті сөз тіркестерінде етістік негізгі шешуші қызмет атқарады. Өйткені етістік табиғатында өзінің лексика-грамматикалық мағынасына, сөз табы ретіндегі жалпы категориялық қасиетіне орай басқа сөздерді жетегіне алып, маңайына үйіріп тұрады.

Етістіктер мағынасы жағынан орайлас жатқан сөздермен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысқа түседі де, соның негізінде сөз тіркесінің белгілі бір байланысу формасы (типі) жасалады, нақтылай айтқанда, меңгеру, қабысу, жанасу. Мысалы: өзі салған, ара тұру, өмір сүріпті, мәселелер қою, жолын өзгерту, аударып отыр, жылмен салыстыру, пайда болу, өзгеруіне әкелу, іс-шаралар жүргізу, шығын болу, кеңінен таралу, денсаулық нашарлау, қысымы арту, жалғасына айналу,  т.б. 

 

Есімді сөз тіркестері

Есімді қабыса байланысқан сөз тіркестері көлемі жағынан өте көп. Оның өзі есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарының құрамына байланысты. Есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер болады. Әрине олардың басыңқылық дәрежесі әр сөз табымен тіркесінде әртүрлі. Ал сөз таптарының жетегінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де көбіне есімдер, сол сияқты басқа да сөз таптары да жұмсалады.

          Есімді сөз тіркестері сөз таптарының тіркесінің негізінде үш түрлі құрамда өзара сөз тіркесін құрайды.

          Біріншіден, әртүрлі сөз таптарының тіркесі арқылы үш жыл, бас сарапшы, біздің ұжым.

           Екіншіден, бір сөз таптарына жататын сөздердің тіркесі арқылы:

а) зат есім + зат есім: Қазақстан халқы, жұмыс жоспары, қызмет этикасы;

ә) есімдік + есімдік: бұл өзі;

          Үшіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы: даңқымен даңқты, жақсының жақсысы, пысықтың пысығы.

          Есімді сөз тіркестері өзара қабыса, меңгеріле және матаса байланысады.


Сын есімді сөз тіркестері

Сын есімдер табиғатында затқа қатысты сөздер. Сондықтан да олар заттың түрлі қасиетін көрсетуде басқа сөз таптарынан ерекшеленетіні белгілі. Тілімізде барлық сөз таптарына қатысты сөздердің ішіндегі ең көбі, әрі танып білуге күрделі сөз табы – зат есімдер. Сонша зат есімдердің барлығы да бір қырынан сындық жағынан айқындалатыны анық.

Сын есімдер зат есімдермен сапалық та, қатыстық та түрінде тіркеседі. Мысалы,  жүйрік тұлпар, анық ақыл, мемлекеттік қызметші, күнделікті жұмыс, статистикалық  есептеу, тиімді шешімдер, салыстырмалы әдіс, есепті мәліметтер, құпиялық қағидасы, ұтымды деңгей, құқықтық акті, негізгі талап, орайлы іс, т.б. 

 

Жатыс жалғаулы сөз тіркесі

Жатыс септігі табиғатында мекенді, орынды білдіретіндіктен, мұндай септік жалғауы арқылы қалыптасқан сөз тіркестері, ең алдымен, көлемдік қатынасты білдіреді. Алайда жалғаулы сөз тіркестері өзге көлемдік септіктер тәрізді мезгілдік мағынаны  және тағы басқа да мағыналарды білдіреді.

Жатыс жалғаулы сөздермен тіркесетін етістіктердің табиғатына назар аударатын болсақ, олардың тіркесімділік қабілетінің тең еместігін аңғару қиын емес. Қимыл-әрекетті, қозғалыс-әрекетін, кісінің ішкі психикалық әрекетін білдіретін етістіктер табиғатында жатыс септігіндегі сөздерді тікелей тілеп тұрмайтын болса, ал бірқатар етістіктер сөздердің жатыс жалғауында тұруын белгілі дәрежеде қажет етеді. Ондай етістіктердің қатарына: отыру, жату, тұру, жүру және қалу, жайлау, болу, көрсетілу, сақтау, тәрбиелену, жұмыс істеу тәрізді сөздер жатады. Олардың көпшілігі заттың күйін білдіретін салт етістіктер болып келеді. Жатыс жалғаулы етістікті тіркес: толықтауыштық қатына  а) қимыл процесіне жанама объект болатын заттар мен нәрселерді атап көрсетеді.

ә). Қимыл-әрекеттің нендей нәрсеге қатысты екендігін атап көрсетеді.

Пысықтауыштық қатынас 1). Көлемдік. Мұндай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында көлемдік мәні бар зат есімдер қолданылып, қимыл-әрекеттің болған орнын атап көрсетеді. 2). Мезгілдік. Бұлар мезгілді, кісінің немесе Жан-жануарлардың жас мөлшерін білдіретін есімдер мен есімшелер болып келеді.

Мысалы: 1960-1969 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Еліміздің өңірлері бірінен соң бірі ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшіп жатыр. Мемлекеттік тілге, өзінің ана тіліне құрметпен қарамауы оның қызмет бабында өсуіне де әсер ететін болуы керек. Ең бастысы – біздің шын мәнінде кириллицаның дәл өзін емес, соның негізінде жасалған қазақ алфавитін пайдаланатынымызды түсіну.

 

 

Матасу

Біріншісі зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз. Матасу – есімді сөз тіркесі, өйткені оның басыңқы сыңары зат есім немесе тәуелдік жалғауы жалғанған заттанған сөз болады. Мысалы: Менің Қазақстаным, сенің тірегің, елдің болашағы, Шәкәрімнің еңбектері, баланың жақсысы, сенің болғаның, егемендіктің белгісі, халықтарының мекені т.б.

Қазақ тілінде кейде алдыңғы сөздегі ілік септік жалғауы түсіп қалып та жұмсала береді: байлықтың өлшемі – байлық өлшемі, тәрбиеліліктің өлшемі – тәрбиелілік өлшемі, министрліктердің үйі – министрліктер үйі, ақынның өлеңдері – ақын өлеңдері т.б. Мұндай үлгідегі сөз тіркестері де матасу болады.

Ілік септікте тұрған сөз біздің, өзіміздің, сіздің деген есімдіктер болса, кейде екінші сөздегі тәуелдік жалғауы да түсіп қалып жұмсала береді: Біздің Қазақстанымыз – біздің Қазақстан, сіздің шығармашылығыңыз – сіздің шығармашылық, өзіміздің мемлекетіміз - өзіміздің мемлекет, біздің достарымыз – біздің достар т.б. Сондай-ақ халық жырларында, ақын-жыраулар шығармаларында кейде ІІІ жақ тәуелдік жалғауы да түсіп қолданыла береді.

 

Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі

Матаса байланысқан сөз  тіркестері басыңқы сыңардағы сөз таптарының қатысына қарай есімді матаса байланысқан сөз тіркестері, ортақ басыңқылы матаса байланысқан сөз тіркестері болып екіге бөлінеді.    

Матаса байланысқан сөз тіркестері: есімді  матаса байланысқан сөз тіркестері, ортақ басыңқылы матаса байланысқан сөз тіркестері

Сонда есімді матаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғаулы есімдер болса, ортақ басыңқы басыңқы матасудың сыңарлары тәуелдік жалғаулы есімдерге түйдектелген көмекші етістіктер болады.  Мысалы: 1. Мақұлданғаннан кейін хаттама түрінде халықаралық бөлімнің бастығына бекітілуге жіберіледі.

2. Оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен-өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесі  еді.

Матасудың басыңқы сыңары ретінде тәуелденетін мына сөз таптары қатысады: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік (есімше, қимыл есім т.б.), үстеу, тұрақты тіркес.

 

Меңгеріле байланысқан зат есімді сөз тіркестері

 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады.

Зат есімдердің ішінде үй, ағаш, тас сияқты атаулардан гөрі сын, бай, мейрам сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады. Мысалы: Қашпақ, қумақ – ерге сын, көшпек, қонбақ – жерге сын (Мақал).

 

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері

Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан білеміз: бағыныңқы сөз барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Мысалы: тілді меңгеру, қорғауында болады, алатындығына орай, сөзге бай т.б.

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі қолданылады.

Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестері немесе меңгеру дейміз.

Меңгеру басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болғанына қарай есімді меңгеру, етістікті меңгеру болып келеді. Мысалы: өзге ауыл, қаладан алыс дегендер есімді меңгеру, басыңқы сыңарлары ауыл, алыс – есім сөздер; іспен дәлелде, әңгіме айтты етістікті меңгеру, басыңқы сыңарлары – дәлелде, айтты сөздері етістік болғандықтан.

 

Ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

Ортақ  меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы зат есім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болады. Ол көбіне толықтауыштық, сол сияқты пысықтауыштық қатынаста да жұмсалады. Ондай кезде басыңқы сыңары үнемі күрделі болып келеді, ал бағыныңқы сыңарлары дара да күрделі де түрде бола береді.

Мысалы: 1. Сондай-ақ жан-жануарларға да өте бай.  2. Пайдалы кен қазбаларының бәрін табуға болады.  3. Ол жерінің үлкендігі жөнінендүниежүзінде тоғызыншы орында тұр. 

 

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.

Қабысу.  Сөздердің қатар орын тәртібі нәтижесінде, қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.

Қабысу қазақ тілінде өте жиі қолданылады. Оның объектілері басқа байланысу формаларына қарағанда кең. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру (кейде алшақ та тұру) арқылы тіркеседі. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің амалы – сөздердің орын тәртібі. Мысалы: 1. Көркем шығарма, жеке сөздер, тұтас құбылыс, көріктеу құралы, көрінген сәттер, көркем әдебиет, көркем сөз, жағымды нәрсе. 2.  Көркем ой, ана тілі, өз мәні, ақ сүті. 3. Адамдық белгісі, жазу заманы, бір шеті, халық өмірі, ұзақ өмір, әр халық, орыс сөзі, қазақ сөздері, өз тілі.                                                        

 

Қабыса байланысқан сан есімді сөз тіркестері

Тілімізде бағыныңқы сыңары таза сан есімді қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері кездеседі. Жалпы зат бар жерде оның саны айқындалады. Сан есімдер де қаншалықты затқа қатысты делінгенмен, олар кез келген зат есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Сан есімдер қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің  бағыныңқы сыңары қызметінде құрамы жағынан дара және күрделі түрі кездеседі, ондай кезде сан есімдердің ішінде тек есептік және реттік сан есімдері ғана қолданылады. Басқа сөз таптары олармен онша тіркесте ұшырай бермейді. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары қаншалықты есімдер дегенімізбен, олардың ішінде тек өзі де жалқы және жалпы болып бөлінеді десек, сан есімдер солардың зат есімдер ғана қолданылады екен.

Зат есімдердің ішіндегі жалқы есімдермен тіркесе бермейді де, көбіне жалпы есімдермен ғана тіркесе алады.Мысалы: жиырма жеті батыр, елу ел, сексен көл т.б.

Зат есімдердің ішіндегі жалқы есімдердің өзі деректі, дерексіз болып бөлінетіні белгілі. Сан есімдер көбіне деректі, яғни санауға болатын зат есімдермен  он ұшақ, жиырма палатка, екі адам т.б. зат есімдермен тіркесуге қабілетті десек, ерлік, ой, атақ т.б. зат есімдермен тіркесуі кездеспейді. Олай болса есептік, реттік сан есімдердің дара және күрделі түрлері де зат есімдермен тіркесіп, анықтайтын затының сандық көлемі мен ретін білдіреді. Мысалы: 1. Ақмола топырағынан шыққан Кеңестер Одағының 27 батырының ішінде Мәлік Ғабдуллиннің тұлғасы жаратушы сый еткен асыл алмастың қырларындай жан-жақтылығымен жарқырай көрінеді. 2. Қазір оның қарауында 65 миллион солдат, 80 дивизия, 32 мың ұшақ, 3 мың корабль, қыруар ракеталық қару

 

 

Сөйлем

Хабарлы, лепті сөйлемдер

Айтылу мақсатына қарай сөйлем үш түрге бөлінеді: хабарлы, сұраулы және бұйрықты сөйлем.

Бұлардан ерекше, адамның көңіл-күйін білдіретін лепті сөйлем деген түрі де бар.

Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

 Хабарлы сөйлемнің басқы жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңынан нүкте (.) белгісі қойылады.Осы бір ауыз сөзде атамекенімізге деген мақтаныш жатыр. Осы сөзде патриоттық, ерлік пен батырлық жатыр.

Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну, аяу т.б.) білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Лепті сөйлемді айтқанда, дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады. Жазуда лепті сөйлемнің соңынан леп (!) белгісі қойылады.

Лепті сөйлемнің құрамында көбінесе одағай сөздер, не еткен, не деген, қандай деген сияқты күшейткіш мәнді сөздер, -ай, -ақ, -ау деген сияқты демеулік шылаулар және басқа да күшейткіш мәнді сөздер болады. Мысалы: Менің Қазақстаным! Қазақ тілін – Қазақстанның достық тіліне айналдырамыз! Япыр-ай, ұшқыр екен мына жорға! Жасай бер, жаңа Астана! Отаным қандай кең байтақ, Астанам неткен тамаша!

 

Толымды жай сөйлем

Жай сөйлемнің кейбіреуінде айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысып, тыңдаушыны толық қанағаттандырады, іс-оқиға жайында толық хабар беріледі. Мысалы: 1998 жылдан бастап, жылма-жыл 22 қыркүйекте ресми түрде бүкіл ел көлемінде Қазақстан халықтарының тілдері күні кең аталып келеді.

Толымды сөйлемнің негізгі белгісі:айтылуға тиіс мүшелері басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес түгел қатысады;

 

Есімше оралымды жай сөйлем

Сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай есімше сөздері де алуан түрлі қызмет атқарады: бірде атрибуттық мәнге ие болса, енді бірде ол жай сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалады. Мұның бәрі есімшенің әрі есім, әрі етістік сөздерінің орнына жұмсала беретін екі жақты қасиетінен туындайды.

Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тәсіліне қарай, екі түрлі амалмен жасалады: септік жалғаулары және көмекші (шылау) сөздермен тіркесе жұмсалуы арқылы.

 

Септік жалғаулы есімше оралымдар.

-ған+-да бұл оралым сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай мезгіл, кейде шарт мәндерінде жұмсалып отырады

-ған+-мен есімше оралымды сөйлемнің қанаты да болымсыз мәнді ұғымда болады, осыған сәйкес сөйлем баяндауыштары болымсыз тұлғада не болымсыздық мәндегі сөздермен беріледі

Мысалы: 1. Олар іссапарда болғанда көптеген қызық оқиғалардың куәсі болды. 2. Біз Алматыда  іссапарда жүргенмен жұмыста болып жатқан барлық жаңалықтарды  біліп отырдық.

Көмекші сөзді есімше оралымдар.

-ған+ соң осындай жолмен аяқталған есімшелі оралым сөйлем ішінде қолдану ыңғайына қарай әр түрлі мағыналық қатынастарда жұмсалып отырады. соның бірі – себептік мән.

-ған+нан+ кейін   есімше оралымының осы құрылысы мезгілдік мәнде жұмсалып, негізгі сөйлемдегі оқиға, әректтің орындалуына мүмкіндіктер туғызады.

-ған+нан+ бері бұлар да есімше оралымды жасауға қатынасып, сөйлем мазмұнына мезгілдік мәнінде құрылады. негізгі сөйлемдегі оқиға желісі осыған орайда екінші бір ойдың болған мезгілімен ұштастырыла айтылады.

Мысалы: 1. Техникалық тапсырма бекітілген соң  іссапарға барушының жеке ісі жасалады.2. Мақұлданғаннан кейін хаттама түрінде халықаралық бөлімнің бастығына бекітілуге жіберіледі.3. Ақнар іссапардан келгеннен  бері өзін жақсы сезініп жүр.

Есімше оралымдар негізгі сөйлеммен синтаксистік қарым-қатынаста жұмсалуына орай әр түрлі мағынада қолданылады. Солардың ішінен есімше оралымның ең көп кездесетіні – мезгіл мәніндегілер.

 

 

Көсемше оралымды сөйлемдер

Көсемше оралым – бір субъектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын құрылым. Көмекші әрекетті білдіретін көсемше әр түрлі мәндегі сөздерді өзіне бағындыра отырып, сөйлем ішіндегі бір синтагмаға ие болатын оралымды қалыптастырады.

Оралым құрамындағы көсемше екі түрлі қызмет атқарады:

а) есімді, етістікті сөздерді өзіне бағындырып, ұйымдастырушы тірек сөз орнында тұрса;

ә) тиянақсыз формасы арқылы оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып тұрады.

Сөйлемде оралым құрамындағы сөздер көсемше – ұйтқы сөздің семантикасы басым көрінетін лексика-грамматикалық тұтастық сияқты қызмет атқарып, негізгі бөліммен пысықтауыштық қатынаста тұрады. Оралымның әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы көсемше формасында берілген етістік семантикасымен байланысты. Мысалы: 1. Әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында «бәрібір басшының бабын таба алмайсың», деген қаңқу сөз тарайды. 2. Іскер педагог ешқашанда «бұлай істеме» деп айтпайды, «былай істесек қайтеді?» дейді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпайы ғана жұмсайды.

 

 

Сөйлем мүшелері

Күрделі бастауыш

1. Матаса байланысқан сөз тіркестеріндегі ілік септігі жалғауы түсіріліп айтылған сөздерде меншіктілік мағына көмескіленіп барып бір күрделі атау мағынасын білдіруге бейімделеді. Мұндай сөздерді тұтас атау ретінде түсіну қалыптасқан деуге болады. Осындай сөздер күрделі бастауыш делінеді. Мысалы: Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Кейінгі он жылдың ішінде Қазақстанның экономикасы бес жарым есе көтеріледі. Бүгінде бүкіл әлемде қаржы дағдарысы орын алып отыр.

2. Көмекші есімдер тәуелдену арқылы ілік септікті сөздермен бірігіп күрделі бастауыш болады (қасы, маңы, жаны, алды, арты, іші, бойы т.б.). Мысалы: Негізгі жағы – ағылшын тілінің қазақтарды, қазақстандықтарды шын мәнінде әлемдік аренаға алып шығатындығы.

3. Өздік есімдігі тәуелденіп келеді де жіктеу есімдіктерімен біртұтастанып кетеді. Кейде ілік септігі түсіріліп те қолданылады. Мысалы: Орысша сөйлейтін, жазатындар пайдаланып жүрген кириллицаның өзі, сөздің толық мағынасында алар болсақ, славяндардың төл жазуы емес.

4. Бастауыштар күрделі етістіктен жасалып күрделенеді.

Мысалы: Жалпы, қазіргі жағдайда «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері 10 және 9 балалы аналарға емес, 7 және 6 балалы аналарға берілетін болатындығы жөнінде тиісті заңға түзету енгізу керек деп те ойлаймын.

5. Күрделі бастауыш заттанған күрделі сын есім мен сан есімдерден де жасалады. Мысалы: Тәуелсіз Қазақстанның Тұнғыш Президентіне, жусан исі бұрқырап, ермені енді-енді шашақтанып, адыраспаны жаңа бүр жара бастаған беткеймен толғана, тебірене өрлеп бара жатқан Елбасымызға жүз елу мыңнан астам адам, алуан елдерден, түрлі мемлекеттерден келген Президенттер, Премьерлер, басқа да басшылар, өзге де өкілдер таңырқай қарап қалған сонда.

6. Күрделі жалқы есімдер сөйлемде күрделі бастауыш болады.

Мысалы: Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.

7. Хан, би, жолдас, азамат секілді қосалқы айқындауыштармен тіркескен кісі аты, тегі күрделі бастауыш болады.

Мысалы: Бір ерекшелігі – Елбасын ел мақтанына, аузы дуалы абыздарға айналған халық өкілдері құттықтап, ұлттық дәстүрге орай халық ақыны Шәкір Әбенов бата берді.

 

 

Бірыңғай бастауыштар

Бірыңғай бастауыштар біркелкі синтаксистік қызмет атқарады, белгілі-бір баяндауышқа біркелкі қатынаста тұрады. Бірыңғай бастауыштар жасалған сөзінің құрамына қарай дара, күрделі не үйірлі бола алады. Бірыңғай бастауыштардың соңғысының сөйлем құраудағы синтаксистік қызметі басым, салмақты болады.

  1. Бірыңғай бастауыш әр түрлі жақта тұрса, яғни бірінші, екінші, үшінші жақта тұрса, баяндауыш бірінші жақта тұрған сөзбен көпше түрде қиысып айтылады. Ең соңғы бірыңғай мүшеден кейін жалпылауыш сөз қосылады. Мысалы: Мен, сен, Сәрсен үшеуіміз Бурабайға барамыз.

  2. Сөйлемде бірыңғай екі бастауыш болып, бірі бірінші жақта, бірі екінші жақта келсе, баяндауыш оның бірінші жағымен көпше түрде жақтасады. Мысалы: Мен, сен екеуіміз таңертең көлге барамыз.

  3. Бірыңғай бастауыштың бірі бірінші жақта, екіншісі үшінші жақта болса, баяндауыш бірінші жақта көпше түрде қиысады.Мысалы: Мен, Нұрлан екеуіміз қазір Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне барамыз.

    1. 4.                             Бірыңғай бірнеше бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына ғана көптік жалғауы жалғанады. Мысалы:Сәрсен, Омар, Нұрландар Зерендіден келді.

 

 

Баяндауыш

Баяндауыш та бастауыш сияқты сөйлем құрауға негіз болатын тұрлаулы мүшенің бір түрі. Ол бастауыштың қимыл-әрекетін, кім, не екенін көрсетеді.

Бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін басқа сапасын көрсететін сөйлемнің тұрлаулы мүшесін баяндауыш дейміз.  Сұрақтары: не істеді? не істейді? қайтеді? не етеді? Мысалы: Бір топ ара тұрыпты. Мұздықтар ерігенде көлдер пайда болады.   

Күрделі баяндауыштар

Кемінде екі не бірнеше сөзден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты күрделі баяндауыш дейміз.  Олар бір-ақ сұраққа жауап береді. Мысалы,  1. Ойланып оны ақылға салса керек. 2. Алынатын мәлімет анық болуын қамтамасыз ету үшін құпиялық қағидасы сақталыну керек.       3. Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын  және жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынасты ұтымды деңгейіне жеткізу болып табылады.

 

Бірыңғай толықтауыштар

Тұрлаусыз мүшелердің барлығының бірыңғай болу амалдары бірдей емес. Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз байланыста тұрып, екі түрлі тұлғаланады: бірде (көбінесе) әрбір бірыңғай толықтауыш тиісті септік жалғауында айтылса, кейде ондай жалғау ең соңғы толықтауышқа ғана жалғанып, алдыңғылары сол жалғауға сырттай телініп, жалғаусыз айтылады. Мысалы: 1.Сарбаздардың әскери міндеттері жауаптылықты, ептілік пен қырағылықты, сақтықты, керек кезінде өжеттікті қажет ететін аса жауапты қызмет. 2. Көпшілік ұжым үшін басшы – бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұйым ісін басқару саласында қабілеттіліктіқажет етеді.

 

Анықтауыш.

Ілік септігінде келіп немесе қабыса байланысу арқылы зат есімнің немесе зат есім мағынасында қолданылатын сөздің сынын, қасиетін, белгісін, сол сияқты басқа да сипатттарын білдіретін сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін анықтауыш дейміз. Анықтауыштар қайда? қай? кімнің? ненің? т.б. сұрақтарға жауап береді. Анықтауыштар - өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синткасистік категория. 1. Шығарманың «көркем» деген анықтауышының өзі айтып тұрғандай, ол әсем, әсерлі болса ғана көркем әдебиет әлеміне кіреді (Р.Сыздық). 2. Көкейіңе келген көркем ойды көркейтіп айта алатындай дәрежеге жете алмасаңдар, мұны ана тіліңнің оралымсыздығынан көрмей, өзіңнің дәрменсіздігіңнен көргендерің дұрыс («Даналық сөздер»). 3. Тіл –адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі (А. Байтұрасымдықтар сатылық тәртіппен тізбектеледі (Егемен Қазақстан, 2001жыл, 14 ақпан).

 

Пысықтауыш 

Қазақ тіліндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыштар өз ішінен мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
1. Мекен пысықтауыш (қайда, қайдан, қалай қарай)
2. Мезгіл пысықтауыш (қашан ,қашаннан, қашанға дейін)
3. Себеп пысықтауыш (неліктен, не себепті)
4. Амал (сын-қимыл) пысықтауыш (қалай, қайтіп)
5. Мақсат пысықтауыш (не үшін, қандай мақсатпен)
6. Сан-мөлшер пысықтауыш (қанша рет, неше рет, нешінші рет, қаншама, қаншалық)


Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары

Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар:
1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.)
2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді.
3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.)
4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.)
5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.)
6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты.
7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.)
Бұлар мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары.

Грамматикалық негізгі бірліктер – морфема, сөз тіркесі және сөйлем.  Грамматикалық бірліктердің негізгі табиғатын түсінуге олардың ара қатысы мен байланысын айқындауға т.б. қатысы бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категория туралы ұғымдар енеді. Сөзде лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді. Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: Афиксация тәсіл, қосарлану тәсілі, көмекші сөздер тәсіл, интонация тәсілі. Грамматикалық тәсілдердің қатарына сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.

Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. 

Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі.

Сан есімдер категориясы ерекшеліктері Қазақ тілінде сан ұғымын білдіретін тұтас- тай ж‰йе бар. Сан, санау адам өмірінде ‰лкен орын алатынын білеміз. Математика цифрмен жұмыс істесе, ал тілде бұл ‰шін арнайы сөздер - сан есімдер бар, алайда, грамматикалық сан- дар математикалық санның көшірмесі емес. Математика мен философиядағы сан тіл- дегі сан емес, тілдегі сан - грамматикалық тұл- ғасы бар, грамматикалық амалдары бар таза грамматикалық категория. Сан туралы ұғым көптеген ғалымдарды қызықтырған, оған куә көптеген еңбектерді атауға болады; қаншама философтардың шығармаларында (Аристо- тель, 1975; Декарт, 1950; Гоббс, 1989; Кант, 1998; Гегель, 1970; Маркс,) сан ұғымы туралы ойлар жазылды; сан категориясын тілдік тұр- ғыдан объективтендіруге қаншама еңбек жа- зылды: Есперсен, 1958; Бодуэн де Куртенэ, 1963; Панфилов, 1971, Полянский, 1984; Аку- ленко, 1990; Бондарко, 1996. Сан есімнің логикалық, философиялық, ұлт- тық мәдени, мифологиялық та ерекшеліктері бар. Сан мағыналы сөздердің нақ осы ұғымы сандардың функционалдық сипатын т‰сінді- реді. Заттардың есептік қатынасы, олардың белгілері объективті шындықтың фактілері. Сан категориясы объективті әлемнің сипатта- рын танудың нәтижесі, ал осы есептік ұғым тілде санның тілдік категориясын құрайды. Сонымен, сан дегеніміз – сыртқы әлемнің құбылыстары мен заттарын мөлшері жағынан сипаттайтын категория. Сансыз, есепсіз кез келген білім де, кез келген ғылым да, өмірге деген кез келген қатынас та мәнсіз, мағынасыз болып табылады. Сан тек қана заттың мөлшер, өлшемін білдірмейді, сон- 56 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 дай-ақ, құбылыстың қарапайым байланысын да білдіреді, мұнда тіл адам ойлауының да- муындағы санмен тікелей байланыстылығы көрінеді. Квантор сөздердің семантикасы мен прагматикасы арнайы зерттеуді керек етеді деп ойлаймыз. Квантор сөздердің семантика- лық, прагматикалық ерекшелігін жан - жақты талдауға арналған лингвистикалық жұмыстар көп емес. Есептік те – сапа сияқты ойлау ка- тегориясында көрінетін тұрмыс сипаттарының бірі. Есептеудің ойлау категориясы – бір жа- ғынан дискретті ‰здіксіз есептеу болып көрі- нетін, екінші жағынан дискретті емес ‰здіксіз есептеу болып көрінетін тұрмыстың есептік анықтамасының нәтижесі. Біріншісі есептеу арқылы анықталады, екіншісі өлшем арқылы анықталады. Есептеудің осы ойлау категория- сына сәйкес сан мен өлшем анықталады. Қа- зіргі қазақ тілінде есептік қатынас құралдары- ның дамыған ж‰йесі бар, ‰ш мағыналық топқа бөлуге болады: 1) нақты есептік мағына: а) сан есімдер арқылы беріледі; б) көптік мағынаны, жекелік мағынаны, жұп мағынаны білдіретін сөздер, 2) квантор сөздер (бәрі, барлығы, әр- бірі, т.б.) арқылы берілетін нақты есептік мағына; 3) морфемалар (- лар – лер; -тар – тер; -дар – дер) арқылы жасалатын абстрактілік есептеу мағыналы сөздер. Сан категориясының тілдік көрінісі ұсы- нылған топтауда көрініп тұрғандай өзінің мағынасы жағынан бірыңғай емес, көптік ұғымның белгілі де, белгісіз де компонент- терін қамтиды. Қазақ тілі есептік мағынаны білдіретін лексикалық, грамматикалық құрал- дарға бай, біздің байқауымызша бұл сипатты бірқатар сөз табы әр т‰рлі деңгейде білдіре алады: сан есім, зат есім, есімдік, сын есім, ‰стеу, етістік. Белгілі көптік мағынаны 1) зат есім (жұп, егіз, дует, трио, квартет, онк‰ндік) сөздері білдіре алады; 2) сын есім (бойдақ, жалғыз, жұп – жұбы- мен, сыңар); жалғызға қатысты сөз тіркестері: жалғыз бала; жалғыз ағаш; жалғыз - ақ; жалғыз қалу; жалғыз аяқ жол, жалғыз ауыз сөз; жалғыз басты адам; жалғызбастылық; жалғыз ғана; жалғыздан - жалғыз; жападан жалғыз; жапандағы жалғыз ‰й, жалғыздық,жалғыз - жалғыздан; жалғыз - жалқы; жалғыз - жарым; жалғызсырау, жал- ғызілік; жалғызіліктілік; жар дегенде жалғы- зым. 3) есімдік (әрбір, кейбір); 4) ‰стеу (бір рет, екі рет, ‰ш рет) білдіре алады. Белгісіз көптік мағына лексикалық та, грам- матикалық та құралдармен беріледі. Мына лексикалардың мағынасы (отбасы, ұжым, то- быр) белгісіз көптікті білдіріп тұр. Бұл тұр- ғыда «жалпы», «жеке» д

Сан есімдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді. 
Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты 
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. М: Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер. Қазіргі қазақ тіліндегі бардық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады. 
Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқылы енген. Қазақ тіліндегі қолданылатын түмен сөзі монғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны білдіреді. Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. М: Екінші тілек тілеңіз. Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады. 
Туынды дара сан есімдер әртүрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. М: Үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі. 
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. М: Он төрт, бір-екі. Сан есімдердің негізгі бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әртүрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан. Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар: 
- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан 
- көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ 
- қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, шынашақ, бармақ, екі елі 
- қашықтық өлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым, қозы көш жер, ат шаптырым 
- ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс, аршын, құлаш 
- сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер: жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым. Бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы; екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар; төрттен бір мағынада ширек сөзі; уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, биенің бір сауымындай уақыт. 
Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады. Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері.Сан есім – дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы. 
Айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру, басқа сөз таптарынан жасалмайды. 
Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді. Осыған байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтардың жалғануы біркелкі емес. 
Сан есімдердің негізгі қызметі заттық ұғымдар мен құбылыстарды сандық жағынан анықтау болғандықтан, әдетте морфологиялық өзгерістерге түспей қолданылады. М: Бес нәрседен қашық бол. 
Сан есімдер зат есімнің жалғауларын қабылдап, заттық мағынада да қолданыла береді. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. 
Сан есімдер құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан сан есімдер деп аталады. Екеуі де маған жалт қарасып. Негізгі және туынды сан есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады. Үш жүзден аса кретьян соғысы, қарсылығы болған екен. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сан есімдердің тіркесуі мынадай жолдармен болады: 
а) бір санды екінші санға қосып айту арқылы. М: 13-14 жасында Гүлияны Бұзаубаққа алты қараға бергеніне, міне, 4-5 жыл болды. 
б) бір санды екінші санға көбейтіп айту жолы арқылы. 5 мың жылқы 25 сомнан сан125000 болады. 
Күрделі сан есімдердің тіркесуі арқылы жасалатын осы тәсілдер қосылмалы және көбейтілмелі, ал екеуінің де араласып келіп жасалуы аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады. 
Контексте қосымша күрделі сан есімдердің соңғы компонентіне жалғанады. Біздің заманымызға жеткен үлгілердің ең көнесі, әрі көлемдісі – 1960 жылы жазылған атақты дидактикалық шығарма – «Құдатғу білік». 
Қазіргі қазақ тілінде 60, 70, 80, 90 сан есімнің құрылысы ерекше. Ал-пыс, жет-піс сөздеріндегі –пыш, -мыш элементі ескі дәуірде он мәнін берген, бірігу арқылы жасалған сан есімдер.

Етістіктің шақ категориясы Етістіктің шақ категориясы—іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады.

 

Осы шақ

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.

Осы шақтың 2 түрі бар:

1)Ауыспалы осы шақ.

2) Нақ осы шақ.

Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.

Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі. Оның мәні қалып етістіктердің қазіргі тұлғалары түбір емес: “отыр” — “ол турур”, “тұр” — “тұрұр”, “жүр” — “Жүрүр”, “жат” — “жатыр”, яғни болып жатқан қимылды білдіретін “ур”, “ұр”, “үр”, “р” қосымшаларының кірігуінен жасалған.

Өткен шақ

Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.

Өткен шақ 3 топқа бөлінеді:

1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”.

Рай категориясы-модальдік (арай) категорияның етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі.

Етістіктің райы - мазмұн жағынан да, форма жағынан да - аса бай категория.

Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, ...тәрізді жай сөйлемдердегі етістік формаларын алсақ, олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ моральдік мән (реңк) бар.

Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.

Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.). Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ). Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз.

Неғайбыл райлар

Неғайбыл (ирреальды) райлар Амалдың реальді емес екенін білдіретін негативтік сипат - неғайбыл райлардың бәріне де тән жалпы қасиет.

Жұрнақ  жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша.Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;

2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.

Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекшіморфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнақғы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған – баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімніңшырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.

Сабақтың мақсаты

Қосымшалардың жеке сөздер сияқты мағыналық ерекшеліктері, атап айтқанда кейбірі ғана мағынамен, кейбірі әр түрлі мағынамен байланысты, немесе бірінің мағынасы екіншісінің мағынасына жақын я қарама-қайшы, немесе дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей болғанмен, мәндері бүтіндей бөлек-бөлек болып келуі,кейбір функциялық ерекшеліктері, белгілі бір құрамдық сипаты болатынын білдіріп, меңгеру.

Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері

Сөйтіп, қосымшалардың мағыналары бірдей емес. Бірі, сөзжасам қосымшалары, сөзжасам мағыналарын, яғни жаңа лексикалық мағына білдірсе, екіншісі, мысалы, сөзтүрленім (форма тудырушы) қосымшалары, грамматикалық немесе лексика-грамматикалық мағыналарды білдіреді, ал үшіншісі, функциялы қосымшалар, контекстік лексика-грамматикалық мағыналарды білдіреді. Сонымен бірге сөзжасам қосымшаларының да, сөзтүрленім қосымшаларының да бір тобы ғана мағына білдіріп, моносемиялық қосымша болып бөлінсе, екінші бір тобы бірнеше (екі я одан да көп) мағына білдіріп, полисемиялы қосымша болып бөлінеді.

Мысалы, белгілі бір елге, жерге, ру-тайпаға, халыққа т.б. нақтылы қатыстылықты білдіретін -ы, -і, және кірме  қосымшалары моносемиялы болып табылады:

қазақ (мал), қалмақ (ер), алтай-ы (қызыл түлкі), араб-ы (кілем), және тарих-иқиға), әдеб-и (тіл), дін-и өзқарас), әскер-и (адам) т.б. Бұлардың қатарына -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы (жер), тас-ты (жер), ина-бат-ты (адам), әдеп-ті (бала), икем-ді(жігіт) т.б., -ыл, -іл, -л: тарс-ыл, дір-іл, гүрс-іл, гүр-іл, қыңқ-ыл т.б., -ым, -ім, -м: ал-ым, ұғ-ым, байла-м, біл-ім т.б. кірме қосымшалар: -кеиі, -қой, -қор, -паз, -хана, -стан: арба-кеш, білім-паз, ас-хана, жем-қор, Турк-стан, Шым-кент т.б. толып жатқан сөзжасам қосымшалар жатады. Ал -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: кісі-лік, дос-тық, жақсы-лық т.б., сондай-ақ өсім-дік, орын-дық т.б., сондай-ақ ай-лық, ап-та-лық, жыл-дық т.б., бір-лік, үш-тік т.б.орта-лық, қоғам-дық, қала-лық т.б., -сыз, -сіз, су-сыз (жер),білім-сіз (ел), мұң-сыз ұрт) т.б., үн-сіз (тыңдау), қозғалыс-сыз (отыру), сөз-сіз(мойындау) т.б., -дай, -дей, -тай, -тей: тау-дай (кісі), ат-тай (он жыл), үй-дей (тас),жүз-дей (адам), мың-дай (жылқы) т.б., өлер-дей (болу), жылар-дай (болу), баратын-дай (сияқты) т.б., жас-тай (кетті), (ала) жаздай ңбек етті) т.б. толып жатқан сөзжасам қосымшалары полисемиялы болып табылады. Сондай-ақ -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -нтабыс септік жалғауы (бала-ны оқытты, үй-ді құлатты, мектеп-ті бітірді т.б.) тура объектіні білдіріп, моносемиялы сөзтүрленім қосымшасы болып табылады. Сондай-ақ -ды, -ді, -ты, -ті жедел өткен шақ қосымшалары, -ды, -ді, -ты, -ті көсемше тұлғасынан кейін жалғанатын 3-жақ жіктік жалғауы т.б. моносемиялы қосымшалар. Ал тәуелдік мағынаны, басқа бір заттың иелігінде екендігін білдіретін мағына, бұл үш жаққа бірдей, яғни 2-жақ -ым, -ім, -м қосымшасы да ң, -ің, -ң, -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз 2-жақ та, -сы, -сі, -ы, -і 3-жақ қосымшасы да бір тәуелдік мағынаны білдіреді. Екіншіден, тәуелділік мағынамен қоса жақтық мағынаны, екінші жақта анайылық, сыпайылық мағынаны білдіреді, үшіншіден, солардың үстіне ІІ, ІІІ жақтар жекеше-көптік мағынаны да білдіреді: І -ым, -ім, -м және -мыз, -міз, -ымыз, -іміз, ІІ жақ анайы: ң, -ің, -ң және көптік жалғау + ң, -ің, сыпай: -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз және көптік жалғау + -ыңыз, -іңіз. Солардың қатарына есімше қосымшаларын (-ған, -ген, -қан, -кен, сондай-ақ -ар, -ер, -р, -с, сондай-ақ -атын, -етін, -йтын, -йтін), көсемше қосымшаларын (-а, -е, -й және -ым, -іп, -п) т.б. жатқызуға болады.

Проф. П.М.Мелиоранский өзінің қазақ тілі грамматикасының I – бөлімінде -ды жайын екі жерде қысқаша сөз етеді. Бірінде дыр қысқарып ды болады дейді. Бұған қарағанда -ды формасы дыр // дүр-дан шықты деп түсінуге болатын сияқты. Ал, сол кітаптың 45-бетінде дыр, ды, тұр деген етістіктен пайда болған дейді, бұдан ол кісі барды, отырды сияқтылардың соңындағы III-жақтық, өткен шақтық тұлғаны еске алғанын көреміз. Сонда барған-ды дегендегі ды дәнекері мен барды дегендегі ды формасының төркіні бір деген ұғым туады. Біздің ойымызша, ол екеуі екі түрлі тұлға, олардың тарихы да басқа болу керек. Өйткені барған-ды, зерек-ті дегендегі ды-ді (ты-ті) дәнекерінің еді етістігінен айта қаларлықтай мағыналық, функциялық ерекшеліктері жоқ болса, елеусіз стильдік айырмашылығы ғана бар: алдыңғысы бұл күнде есім баяндауышқа тән өткен шақтық істің, заттың, сындық сапаның орнықты екенін білдіреді. Осындай өте нәзік айырмашылығын елемегенде, -ды дәнекері мен еді көмекші етістігін қатар қоюға да болады. Сондықтан ды дәнекері еді етістігінің қысқарған варианты болу керек деген жорамал жасауға болатын сияқты. Р.Сыздықова ХVVII ғасырдағы қазақ поэзиясында, сірә, дүр варианты басым болғанға ұқсайды, кейіннен бұл үлгілер хатқа түскенде - ды, - ді, - ты, -ті болып өзгертілуі мүмкін десе, А.Ысқақов барған-ды, келген-ді, барғанмын-ды, құрбымыз-ды… сияқтылардай -ды (-ді, -ты, -ті) шылауы көп қолданылады. Бұл шылау - осы аталған еді көмекшісінен форма жағынан ықшамдалып, мағына жағынан шақталып қалыптасқан форма дейді. Бақылау түрлері

С. Исаев та ауыз әдебиетінде және жазба нұсқаларда дүр мен -ды, -ді шылауының жарыса қолданылғанын -дүр етістіктермен қатар есімдермен тіркесетінін өзінің зерттеулерінде қолдаған еді. Осы орайда, тілшілер екі ұдай пікірде бірі -дүр ықшамдалып (-ды, -ді,-ты, -ті) демеуліктері болса, -дүр ықшамдалып -ды /-ді, -ты//-ті етістіктің өткен шағының көрсеткіші дейді (Ғ. Мұсабаев). Екіншілері: -ды, -ді, -ты, -ті -еді көмекші етістігінен ықшамдалған шылау дейді. Қазіргі қазақ тілінде -ды, -ді, -ты, -ті жедел өткен шақтың көрсеткіші, түбірге тікелей жалғанады да жақтық мағынасы жіктік жалғауының қысқа түрі арқылы беріледі. Күшейту мағыналы демеуліктер: -ды, -ді, -ты, -ті бар, Екінші топтың жіктелуінде өзіне тән бір ерекшелік, екінші үлгінің III жағының арнайы (-ты, -ті, -ды, -ді) қосымшасы бар (ол жекеше, көпше түрде де өзгермейді бір қалыпта сақталады: ол барады; олар барады). Есім баяндауштардан, есімше, сын есім, зат есімдерден кейін -ды, -ді, -ты, -ті демеулігі өткен шақтық мағына береді. Еді сөзі етістіктерге де, есімдерге де бірдей қатысып I, II-жақтық тұлғаларда (едім, едің, едік, едіңіз) қолданылып, қай сөзге тіркессе де, оған өткен шақ мағынасын үстейді, жіктеліп жұмсалады, қай жақ екенін көрсететін көмекші сөз ретінде жұмсалады -дүр-ден ( мен-дүрмін) ықшамдалған -ды, -ді, -ты, -ті есімдерге, есімшелерге қатысты болып, олардан кейін жіктік жалғауы келмейді (Бала деген жас ұл-ды – мын емес), (барған-ды-мыз, келген-ді-міз емес сияқты), Ғ. Мұсабаев өткен шақ көрсеткіші -ды, -ді, -ты, -ті жіктік жалғау жалғанады дегенде (Бұл арада жіктік жалғауының ықшамдалған (бардымын емес бардым, келдімін емес келдім) үшінші топқа формалары баяндауыш болса жіктік жалғауы жекеше, көпше түрде жалғанады, кейде -ді түсіп қалып ем, ең, ед (і), ек) түрінде де қолданылады -автор) Жіктік жалғауды баяндауыштық қосымша деу де бұл аффикстің етістікке тәндігінен. Келер шақта көсемше жұрнағын бұл да керек етеді, …ырықсыз етістік жасайтын -тыр (-тір, -дыр)-дір жұрнақтары да осы -ты/-ды мен туыстас дейді. Демек, барған-ды, барды дегенде -ды//-ды сыртқы формасы бір болғанымен тарихи шығу тегі жағынан әр түрлі дейміз. тест тапсырмалары


ҮЙІРЛІ МҮШЕ (СОСТАВНОЙ ЧЛЕН)

Үйірлі мүше (составной член)
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды.
 
Үйірлілік – сөйлем мүшелерінің барлығына тән. (Составной член предложения – группа слов, отвечающих на один вопрос и являющихся в предложении одним членом, но в своем составе разбирающиеся на главные и второстепенные члены. Составными могут быть все члены предложения). 
 
Мысалы:
 
Үйірлі бастауыш: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады.
 
Үйірлі баяндауыш: Сіздің ауыл бұрынғыдай емес: өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті.(қайтіпті?)
Үйірлі толықтауыш: Құлақ естігенді (нені?) көз көреді.
Үйірлі анықтауыш: Қызылбалақтың машағына бойы үйренген (қандай?) жуас торы ат үріккен жоқ.
Үйірлі пысықтауыш: Жаз шыға (қашан?) қойшылар жайлауға қарай бет алды.

Үйірлі мүшелі сөйлем мен сабақтас сөйлем арасында мағыналық жағынан да, интонация жағынан да елеулі ерекшеліктері бар.

Үйірлі анықтауыштарға мынадай мысалдар келтіреді:

1.)Төкен ауылының қой аузынан шөп алмайды деген момыны – Сақарбай еді (Б.М.).

2.)Он екі қазанның қақпағындай қалпағы бар қарт қытай аяғынан шарығын сілкіп шешіп тастап, сәкіге отыра кетті (С.С.).

3.) Өзен бойында отырған қалың елге келіп қондық.

4.) Бұрын боранда ұлыған бөріден басқа тірлігі жоқ боз дала – бүгін еңбек ойнағы (Ғ.М.). «Күн жоқта күлімсірер жұлдыз бен ай», «Андрейдің өз үйінің іші тамағын ымырт жабылмай ішті» - деген сөйлемдердегі «күн жоқта», «ымырт жабылмай» тіркестері – бағыныңқы емес, үйірлі пысықтауыштар. Өйткені, бұл тіркестер сөйлемдік қасиеттерін жойып, интонациялық тәуелсіздігінен айрылған, бұнда іс-әрекеттің қашан, қай мезгілде болып тұрғанын көрсетіп тұр. Сонымен қатар, «Қоңырау соғылған соң, класқа кірдік» дегендегі басыңқының бастауышын (біз) бағыныңқының алдына қойсақ (Біз қоңырау соғылған соң класқа кірдік), онда «қоңырау соғылған соң» үйірлі пысықтауышқа айналады.

«Қаланы Асқардың күйдіртпегенін Итбай жақсы білетін» деген сөйлемдегі жай сөйлемге есептеп, күйдіртпегенін деген тәуелдік сөзді жалаң анықтауыш деп талдамау керек, бүкіл сөйлем сабақтас деп есептейміз, «Итбай жақсы білетін» деген бөлім басыңқы деп есептелу керек те , «қаланы Асқардың күйдірпегенін» деген бөлім бағыныңқы толықтауыш деп ықшамдап айтқанда, үйірлі толықтауыш деп есептелу керек»



Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихынан

Тілдің байлығы - сөздер алуан түрлі, олар тек мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Тілдегі сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған. Сонымен байланысты тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі туындаған.

Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, эр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың  "Тіл құрал" атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер,  шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу,  демеу,  жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұлбасылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат 5есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,  демеу,  жалғаулықтар,  одағай.

Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:

Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Есімдік

  5. Етістік

  6. Үстеу

  7. Еліктеу сөздер

  8. Шылау

  9. Одағай

Еліктеу сөздер қазақ тілінде бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частицы орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылау сөзтабына біріктіріледі.

Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есімсын есіметістікүстеу) және көмекші сөздер (шылаудемеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады.Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес


all4goods.biz


Құрмалас сөйлем

 

  • 4 сәуір 2013

 

  • 52918

 

  • 0

  • 0

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға құрмалас сөйлемнен теориялық білім беріп, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыру; берілген тілдік материалды талдата білу;
Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ойландыруға төселдіру, сөздік қорларын көбейту, шығармашылық жұмыс арқылы қиялдарын ұштау.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақ тілін қастерлеуге, сөйлеу мәдениетін көтеруге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, салыстыру
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту кезеңі. Өткен сабақты еске түсіру. Үй тапсырмасын сұрау.
2. «Мағынаны тану» кезеңі. Жаңа сабақ
«Құрмалас» деген сөз «құра, құрау» сөздерінен алынып, грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Жай сөйлем жай бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем - екі немесе одан да көп ойды, күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір - бірімен қосымша шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады. Мысалы:
Жай сөйлем Құрмалас сөйлем Құрмаласу тәсілі
Жаңбыр жауды. Жер көгерді. Күн шықты. Мал өріске кетті. Жаңбыр жауды да, жер көгерді. Күн шыққан соң, мал өріске кетті. Баяндауыштары тиянақты. Шылаулар арқылы байланысып тұр.
Бет қаратпайтын болды. Қапан далаға бармады. Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан далаға бара алмады. Қосымша арқылы байланысқан, біріншісінің баяндауышы тиянақсыз.
Іс бітті. Қу кетті. Іс бітті - қу кетті. Орын тәртібі - интонация арқылы байланысқан.

Сонымен құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Салалас байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір - біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде байланысады. Ал сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтас байланысады.

3. Оқулықпен жұмыс. 93 - жаттығу. Мәтінді оқушыларға оқытып, сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратқызу.
Мысалы: Жай сөйлемдер: Мінезі жақсы төрге озар. Ыстық асқа үрме. Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы. Дос адам артық сұрамайды.
Құрмалас сөйлемдер: Досыңды барда сына, жоқта да сына. Сыйлағанды сыйла, илегенді иле. Құлағанның сұрағанын өтесең, өтеуін Құдай береді. Қорқақ - махаббатқа қабілетсіз, махаббат - ержүректің еншісі.
94 - жаттығу. «Достық деген не?» Мәтіндегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаздырту.
4. Мына сызбаны оқушыларға толтыртып, осы сызба бойынша оқушыларды сөйлету.

Мысалдар Құрмалас сөйлемнің қай түрі?

5. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
1. Күлдей күңгірт шашы бар,.......(М. Жұмабаев)
2. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,.....(Қ. Аманжолов)
3. Ереуіл атқа ер салмай,......(Махамбет)
4. Өзіңмен бірге өлмесін өлеңім деп,.... (Қ. Аманжолов)
5. Ақылды сөзге тоқтайды,....... (Мақал)

1.........., білім - өнер қазығы(Мақал)
2........., шешеннің сөзі ортақ
3.........., шеше көрген тон пішер
4..........., білімді мыңды жығар
5.........., жалқаудың жаны тәтті.

6. Сабақты бекіту. Семантикалық картамен жұмыс

Мысалдар
Салалас сөйлем
Сабақтас сөйлем

Аралас сөйлем
1. Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
2. Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп қалды. Ол жұмыстан келген соң, бүгінгі газеттерді қарап шықты.
3. Әбді дейтін жігіт сөз бастап еді, жұрттың құлағы елең етіп, бәрі де соған қарай қалды.
4. Бір нәрсе жалпылдап алдыма түскенде, алғашқыда жел ұшырып әкелген газет пе деп қалып едім, байқасам, қара түйіршікті өз көйлегім екен.
5. Оларға рахмет айту керек, ұмытқанымызды еске алады.

7. Оқушыларды бағалау. Белсенділік танытқан оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
8. Үй тапсырмасы. 95 - жаттығу. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындап келу. «Менің сүйікті мектебім!»тақырыбында құрмалас сөйлемдерді қатыстырып, шағын мәтін құрау.

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты:
А) Құрмалас сөйлем туралы білімдерін арттыра отырып, оның, түрлерін ажырата білуге үйрету, оқушылардың теориялық білімдерін дамыту.
Ә) Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге баулу.
Б) Ана тілін қастерлеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі, түсіндірмелі әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка
Көрнекілігі: қазақтың ұлттық музыка аспаптарының суреттері, қобыздомбыра т. б

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Жұмылдыру
Үй жұмысын тексеру:
Балалар, үйге "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына эссе жазып келуге берілген.
- Кәне, кім оқиды?
Мәтіндегі жай сөйлемнің түрлеріне тоқталып өтеміз.

Жаңа сабақ:
Біз бүгінгі сабақта құрмалас сөйлемнен өткенді қайталаймыз.
Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем деген не?
2. Құрмалас сөйлем деген не?
3. Құрмалас сөйлемнің түрлері?
4. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
5. Сабақтас құрмалас сөйлем оның түрлері?
6. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлем және оның түрлері көне түркі ескерткіштерінде кездеседі. Біздің арғы тегіміз көне түркі дәуірінен басталады. Орхон жазулары туралы не білеміз?
Түркілердің негізгі мекені қай жер?
Түркі тілдес халықтарды ата.
Орхон - Енисей жазбаларында құрмалас сөйлем салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді.
Көне түркі тілінде Қазақ тілінде
Қағаны алп ерті, айғучысы біліге ерті.
Ол қан йоқ болтуқда кесре, ел йітміш, ычғынмыш, қачышмыш.
Қағаны батыр еді, кеңесшісі білгір еді.
Ол хан жоқ болғаннан кейін, ел шетінеген, ышқынған, қашқан.

ІІІ айналым «Көкпар» ойыны.
Сыныпты екі топқа бөлеміз. 1 топ «Аламан» тобы, 2 топ «Жайдарман» тобы. Біз бүгін сіздермен Алатаудың биік шыңына бірге аттанамыз. Біз ол үшін төрт сатыдан өтуіміз керек.
Қоржыннан топ жетекшілері көрсетілген нөмірге байланысты асық алып, карточкадағы сұраққа топ мүшелерімен ақылдасып, 1 - минуттың ішінде дайындалып жауап беруге тиіс.
Осылайша әр команда ұпай санын жинайды.
Ыңғайлас салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Себеп - салдар салалас сөйлем деген не?( жалғаулықтары,
тыныс белгісі)
- Қарсылықты салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Түсіндірмелі салалас сөйлем деген не? (тыныс белгісі)
- Талғаулы салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Кезектес салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Сабақтас құрмалас, мағыналық түрлері
- Шартты бағыныңқылы сабақтас, жасалуы
- Көп бағыныңқылы сабақтас, түрлері
- Мезгіл бағыныңқылы сабақтас, жасалуы
- Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не, жасалу жолдары.
Құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдері: (интонация, жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі)

ІІ айналым
Балалар, алдарыңызда қандай ұлттық аспаптардың суреті?
Осы ұлттық аспаптар туралы не білеміз?
Қазақтың қасиетті домбырасы, қобызы т. б туралы айтып өтеміз.
Қобыз аспабын алғаш ойлап тапқан кім?
Қорқыт ата қай дәуірде өмір сүрді?
Балалар, қасиетті қобыздың үніне құлақ түрейік. (музыка ойналады)
Оқушылар суретті алады да, суреттің артында берілген тапсырмаларды (сөйлем мүшесіне талдау) орындайды.
1. Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.
2. Ғалым болу міндет емес, білімді болу парызың.
3. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.
4. Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

ІІІ айналым
«Сақина салу» ойыны.
(Ойынның шарты түсіндіріледі. Ортаға екі топтан екі оқушы шығып, сақина жасырады.) Жеңілген оқушылар берілген тест сұрақтарын шешеді.

ІY айналым
«Кім жылдам?»
Екі топқа сөйлем оқылады. Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін анықтау (ауызша). Ұпай санын әділқазылар алқасы белгілейді.
1. Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен айқын сәлем берді.
2. Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды.
3. Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болды.
4. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
5. Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен.
6. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.

Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе,, ортаға бір оқушы шығып, Венн диаграммасын толтырады..
1. Салалас құрмалас жасалуы
2. Сабақтас құрмалас жасалуы
3. Ұқсастығы.
Осыдан кейін екі топтың оқушыларына интервью - тест беріледі.
1 топ. Интервью - тест
а) Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Ескерту: астын сызу керек
А. Жай сөйлемнің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас
Ә. Жай сөйлемдері өзара тең дәрежеде байланысады
б) Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Ескерту: Тестте жоқ болса, өзің жазып толықтыр
А. 3
Ә. 4
Б. 6
В. 7 Шартты
в) Сабақтас құрмаласта жай сөйлемнің орналасу тәртібін белгіле
А. бағыныңқы, басыңқы
Ә. басыңқы, бағыныңқы
2 топ. Салалас құрмалас сөйлем
а) Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Ескерту: астын сызу керек
А. Жай сөйлемнің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас
Ә. Жай сөйлемдері өзара тең дәрежеде байланысады
б) Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
Ескерту: Тестте жоқ болса, өзің жазып толықтыр
А. 3
Ә. 4
Б. 6
В. 7 ыңғайлас
в) Салалас құрмаласта жай сөйлемнің арасына қойылатын тыныс белгілері
А. қос нүкте, үтір, сызықша
Ә. ешқандай тыныс белгі қойылмайды
Балалар, Наурыз мерекесімен қатар келген апталығымыз жақсылықтың нышаны дей келе, биылғы жылан жылы жайлы болсын дегім келеді. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Төрт сатыдан сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады.

Үйге тапсырма:
«Наурыз - жыл басы» тақырыбында ойтолғау жазып келу.
Оқушылардың білімін бағалау.

Казахстану.Скрыть рекламу:Не интересуюсь этой темой / Уже купилНавязчивое и надоелоСомнительного содержания или спамМешает просмотру контента

Спасибо, объявление скрыто.


Яндекс.Директ


Жай сөйлем синтаксисі

Жарияланды 30-03-2015, 12:21 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жай сөйлемдерді құрылымына қарай түрлендіріп, блоктап түсіндіру, әрқайсысының құрылымдық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: жаңа тақырыпты меңгерте отырып, тыңдай білуге, дұрыс сөйлей білуге, сабырлылыққа тәрбиелеу, туған тіліміздің қадір - қасиетін ұғындыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тірек - сызбалармен жұмыс
Көрнекілігі: слайд, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Сөз тіркесі» тақырыбы бойынша сұрақтар:
1) Сөз тіркесі деген не? Мысал.
2) Сөздер өзара қандай тәсілдер арқылы байланысады? Мысал.
3) Сөздердің байланысу түрлері? Мысал.
4) Сөз тіркесінің қандай түрлері бар? Мысал.
5) Сөз тіркесі мен тұрақты тіркесінің айырмашылығы? Мысал.

2. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп, топтастырып жазыңдар.
Қиысу Матасу Меңгеру Қабысу Жанасу
 
Жануарлар өміріне үңіліп қарайтын болсақ, олардың ішінде адамдардың сенімді серігі – ит. Мұның өзіндік сыры бар. Ит – үй жануарының ішіндегі ең бірінші қолға үйренгені. Бұл күндері адамзат жер бетінде иттің үш жүзден астам түрін біледі. Ит – өте сақ, иесін, оның қора - жайын қорғайтын сенімді хайуан. Ол – соғыста сапёр және байланысшы, мемлекеттік шекараны күзетуде шекарашылардың таптырмас жәрдемшісі. Ит адамға үлкен қызмет көрсетіп келеді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөйлем – бірнеше тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Айтылу мақсаты мен интонациясына, мазмұнына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты; құрамына қарай жай және құрмалас болып бөлінеді.
Асан бүгін сабаққа келмеді. (хабарлы)
Асан бүгін сабаққа келмеді ме? (сұраулы)
Асанның бүгін сабаққа келмегенін қарашы! (лепті)
Асан ертең сабақтан қалмасын! (бұйрықты)

2. Жай сөйлем — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір - бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.
Жай сөйлемдерді құрылысына қарай жіктеу сөйлем мүшелерінің қатысуына байланысты.

3. Жақты сөйлем – бастауышы бар немесе бастауышты баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлем. Жақты сөйлемнің белгілері:
• Тұрлаулы мүшелері толық болады;
• Тұрлаулы мүшелері үш жақта қиыса байланысады;
• Кейде жасырын тұрған бастауышты баяндауыш арқылы табуға болады.
Мысалы: Адамдар нарды көбінесе жүк тасуға пайдаланады.
Жақсыз сөйлем – ойдың иесінен гөрі істелетін істің өзін көрсету басым болатын сөйлем. Бастауышын мүлде табуға келмейді. Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:
• - қы, - кі, - ғы, - гі жұрнақтары+жіктік жалғау + кел көмекші етістігі. Мысалы: Ардақтың оқығысы келеді
• Тұйық етістік + атау септік немесе барыс септік + мүмкін, жөн, керек, қажет деген бейтарап сөздер. Үлкендерге орын беру керек.
• Құрамында бастауышы бар тұрақты сөз тіркесі. Оның қорыққаннан төбе шашы тік тұрды.
• Ілік септігіндегі тұйық етістік + «керегі жоқ», «қажеті жоқ» деген бейтарап сөздер. Оны айтудың қажеті жоқ.
• - ып, - іп, - п + «бол» етістігінің болымсыз түрі. Оның сөзін түсініп болмайды.
• Тұйық етістік+ барыс септік +бол, жара, тура кел көмекші етістіктері. Ауылға баруға тура келді.

4. Жай сөйлемнің жалаң не жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерінің қатысу, қатыспауына байланысты. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаусыз мүшенің бірі болса да қатысқан сөйлем жайылма сөйлем болды. Мысалы:
Әжем келді. (жалаң)
Әжем қонақтан келді. (жайылма)

5. Толымды сөйлем – айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысатын жай сөйлемнің түрі. Басқа сөйлемдерге тәуелді болмай, дербес айтыла береді. Мысалы: Олар арттарына мәңгі өшпес із қалдырды.
Толымсыз сөйлем – айтылуға тиісті тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелердің түсіп қалған. Мысалы: – Қайдан келдің? – Астанадан.
6. Атаулы сөйлем – іс - оқиғаны баяндамай, тек соған байланысты жағдайды атап көрсететін жай сөйлемнің түрі. Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады, құрамына қарай бір сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден бола алады. Мағынасына қарай мезгіл мекен, құбылыс, қимыл атауларын көрсетеді. Мысалы: Қыс. Қақаған аяз. Алай - дүлей ұлыған боран.

IV. Білімді бекітуге арналған тапсырмалар.
1. Жай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, түрлеріне қарай ажыратыңыз:
• Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
• Үлкендерге құрмет көрсету керек.
• Ұлылардың сөзін ұқпаған ұлып қалар.
• Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады
• Түс қайта әрқайсымыз өз шаруамызға кірістік.
• Түс қайта шаруамызға кірістік.
• Күз. Айнала сап - сары. Құлазыған дала.

Жай сөйлем түрлеріне арналған тест №1



1.Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Жаңбыр жауды да, жер көгерді В) Жаңбыр жауғандықтан, сабаққа бара алмады
С) Жаңбыр жауып тұр D) Жаңбыр жауса да, күн жылы Е) Жаңбыр жауып, арты қарға айналды



2. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Ағам келді В) Келген – ағам С) Ағаммен сөйлес
D) Зор денелі ағам асықпай үйге кірді Е) Ағам – инженер



3. Төмендегі «Осы жұмысынды тез бітір» сөйлеміндегі «жұмысынды» сөйлемнің қай мүшесі екендігін табыңыз.

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш D) толықтауыш Е) пысықтауыш



4. «Ол жалғыз, біз екеуміз» сөйлемдеріндегі «жалғыз, екеуміз» сөздері сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш D) толықтауыш Е) пысықтауыш



5. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері:

А) жақты, жақсыз, атаулы В) жалаң, жайылма С) толымды, жақсыз
D) жалаң, жақты, жақсыз Е) жақсыз, атаулы



6. Жай сөйлем синтаксисінде қандай тыныс белгілер кездеседі?

А) тек сызықша В) нүкте, үтір, қос нүкте С) леп белгісі, нүкте

D) тек сүрау белгісі Е) нүкте, сүрау белгісі, леп белгісі, сызықша



7. Жалаң сөйлемді табыңыз.

А) Талдықорған қаласы В) Сары жапырақ С) Күн шықты
D) Ит өлген жер Е) Сендер де оқуды бітірдіндер



8. Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) толымды сөйлем
D) толымсыз сөйлем Е) жайылма сөйлем


9. «Қол ұшын беру» деген тіркестін түрін анықтаңыз.

А) Матасу В) Күрделі сөз С) Қиысу D) Жанасу Е) Тұрақты тіркес



10. Синтаксис қандай мағынаны білдіреді?

А) Құрастыру, біріктіру В) Қосу, есеу С) Толтыру, өзейту
D) Көбейту, солу Е) Көшіру, келтіру


11.Синтаксис сөздердің . . . . зерттейді.

А) байланысын, сөйлем мүшелері В) шығу тарихын С) сөйлеу ерекшелегін
D) сапасын, міндетін Е) іс - әрекетін, қимылын



12.Синтаксистің салаларын белгілеңіз

А) Сөйлемнің түрлаулы мүшелері В) Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем
С) Жалғау,жұрнақ D) Бастауыш, баяндауыш Е) Салалас құрмалас сөйлемдер



13. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем? А) Жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жайылма сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) Толымды сөйлем

14. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) жалаң В) жайылма С) жақты Д) жақсыз Е) толымды












































































Тест №2



1. Тіркес түрін анықтаңыз «жұқа тақтай»

А) Мәтел В) Тұрақты тіркес С) Еркін тіркес D) Күрделі сөз Е) Мақал



2. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді табыңыз.

А) Мәдени, демалыс паркі. В) Бәріміз жиналдық. С) Бұлтты аспан.

D) Мынау қоян жепті ғой. Е) 1942 жыл.



3. Мына сөйлемдерден жайылма сөйлемді табыңыз.

A) Асан келді B) Қар қалың C) Жаңбыр жауды D) Асан кеше келді E) Сағат жүріп тұр



4. Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды. Сөйлемнен анықтауышты табыңыз.

A) жаңа жылды B) біздің C) елімізде D) екі рет E) тойлайды



5. Жалаң сөйлемді табыңыз

А) Жаңбыр жауды да жер көгерді В) Жаңбыр жауғандықтан сабаққа бара алмады

С) Жаңбыр жауып тұр D) Жаңбыр жауса да күн жылы Е) Жаңбыр жауып арты қарға айналды



6. Жайылма сөйлемді табыңыз

А) ағам келді В) келген-ағам С) ағаммен сөйлес D) зор денелі ағам асықпай үйге кірді Е) әкем-инженер болып істейді



7. «Осы жұмысыңды тез бітір» сөйлеміндегі «жұмысыңды» сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш D) толықтауыш Е) пысықтауыш



8. Төмендегі сөйлемнің қарамен жазылған сөздері сөйлемнің қай мүшесіне жатады?

Қамар, Мәкен, Әлия - бәрі Шәкеннің сүйікті балалары.

А) бірыңғай мүше В) айқындауыш С) анықтауыш D) бастауыш Е) толықтауыш



9. Атаулы сөйлемді табыңыз

А) Ашуланғанда тіпті сөйлей алмайды В) Күз. Көкшетау маңы. Ымырт жабылған кез.

С) Абай бір топ кісімен үйге кірді. D) Не деген тамаша еді қаңтар айы. Е) Биыл қыс қатты болды.



10. Толымсыз сөйлемді табыңыз.

А) Мен кеше қатты шаршадым. В) Иә, бардым С) Бүгін мұғалімдер жиналысы болады.

D) Көшеде машиналар арлы-берлі жүріп жатыр. Е) Өнерлі өрге жүзеді.



11. Аяқталған ойды білдіретін категория

А) сөз В) сөз тіркесі С) сөйлем D) құрмалас сөйлем Е) жай сөйлем



12. «Ертең күн ашық болатын шығар» сөйлеміндегі күрделі мүше?

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш D) пысықтауыш Е) анықтауыш



13. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?

А) жақты,жақсыз В) атаулы С) толымды,толымсыз Д) жалаң,жайылма Е) жай,құрмалас



14.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........оқып шықсын».

А) тез В) ол С) оған Д) сенімен Е) қайратпен























































































Тест № 3.



1. Сұраулы сөйлемді табыңыз

А) Ол қаладан кеше қайтты В) Сен ертең сабаққа барасың ба С) Оның жасы он жетіге толды D) Әкесі оны асыға күтті Е) Іздеген адамы алдынан шықты-ау



2. Лепті сөйлемді табыңыз

А) Кешегіні орындадың ба В) Аспан шайдай ашық екен С) Туу, сіз қызық адам екенсіз D) Бала атасына таңдана қарады Е) Ол суық сумен жуынды



3. Атаулы сөйлемді табыңыз

А) Құстар биыл кеш келді В) Еңбек түбі-береке С) Таулары сондай әдемі, әрі биік!

D) Түн. Далада қар ұшқындап тұр. Е) Кешке шейін қар тазалады.



4. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?

А) тұрлаулы В) атаулы С) жалаң D) жайылма Е) тұрлаусыз



5. Жасырын тұрған табыс жалғаулы толықтауышты табыңыз

А) Ана сүтін ардақтау В) қызмет ету С) кітап алу D) кітаптан оқу Е) кітаппен танысу



6. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле В) Өнер алды-қызыл тіл С) Қызарып атқан таң

D) Оның институтқа түскісі келді Е) Көзінен жасы ыршып шықты



7. Жақты сөйлемді табыңыз

А) Мұның ауылда істемегені жоқ В) Үлкендермен үлкендерше отыруға тырысады

С) Жаныңда жүр жақсы адам D) Ойланбай, өзіңе-өзің есеп бермей сөйлесуге болмайды

Е) Сәуле күндегі әдетінше ерте тұрды



8. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетеңіз

А) жақсы кітап В) үлкен силық С) зор денсаулық Д) ұзақ жиналыс Е) аділ шешім



9. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі.



10. Жақсыз сөйлемді тап.

А) Бүгін емтиханға дайындалу керек. В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді. С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле. Д) Ауыл маңы тып-тыныш Е) Оқу—білім бұлағы







11. Жақты сөйлемді тап.

А) Сенің балмұздақ жегің келе ме? В) Оның айтқандарын түсініп болмайды

С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.Е) Ертең сабаққа келесің бе?



12. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем

С) Мазмұны толық берілген сөйлем. Д) Бастауышы жоқ сөйлем Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем



13. Жайылма сөйлемді тап.

А) Мен барамын. В) Айдала С) Ол—сері жігіт Д) Үй жап-жарық

Е) Сендер қараңдар



14. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

А) Толымсыз сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жалаң сөйлем Д) атаулы сөйлем

Е) жайылма сөйлем

ТЕСТ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ С ОТВЕТАМИ

Тест Құрмалас сөйлем с ответами 
 
Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты.
В) Мезгіл.
С) Мекен.
D) Мақсат.
Е) Себеп.
Дұрыс жауап: А
 
 
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) Немесе.
В) Және.
С) Әлде.
D) Себебі.
Е) Сөйтсе.
Дұрыс жауап: В
 
 
Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) бірақ.
В) та.
С) бірде.
D) немесе.
Е) әйтпесе.
Дұрыс жауап: С
 
 
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
А) өйткені.
В) сонда да.
С) біресе.
D) бірақ.
Е) әйтпесе.
Дұрыс жауап: А
 
 
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз.
А) Өйткені, себебі.
В) Жалғаулығы жоқ.
С) Сол үшін, себебі.
D) Сөйтсе де, әйтсе де.
Е) Әйтпесе, немесе.
Дұрыс жауап: В
 
 
Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
А) Қарсылықты.
В) Ыңғайлас.
С) Кезектес.
D) Талғаулы.
Е) Түсіндірмелі.
Дұрыс жауап: В
 
 
Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
А) Кезектес.
В) Ыңғайластық.
С) Талғаулы.
D) Түсіндірмелі.
Е) Себеп-салдар.
Дұрыс жауап: Е
 
 
Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.
А) Жай, күрделі.
В) Бағыныңқы, басыңқы.
С) Сұраулы, лепті.
D) Лепті, хабарлы.
Е) Бұйрықты, сұраулы.
Дұрыс жауап: В
 
 
Сабақтас құрмалас сөйлем  түрін анықтаңыз.
Күз келсе де, жаңбыр әлі жаумады.
А) Қарсылықты.
В) Себеп.
С) Шартты.
D) Мақсат.
Е) Қимыл-сын.
Дұрыс жауап: А
 
 
Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқанда, ол жазады.
А) Мезгіл бағыныңқы.
В) Мақсат бағыныңқы.
С) Қимыл-сын бағыныңқы.
D) Себеп бағыныңқы.
Е) Шартты бағыныңқы.
Дұрыс жауап: А
 
 
Сабақтас құрмалас сөйлем  түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқан кезде ғана, ол жаза бастады.
А) Мезгіл.
В) Қимыл-сын.
С) Мақсат.
D) Қарсылықты.
Е) Шартты.
Дұрыс жауап: А
 
 
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте аяқталды.
 
В) Сабақ өте ерте басталды.
С) Ол көп уайымдап, үйге келді.
D) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
Е) Не ексең, соны орасың.
Дұрыс жауап: А
 
 
Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Ол көп уайымдап, үйге келді.
А) Салалас құрмалас сөйлем.
 
В) Аралас құрмалас сөйлем.
С) Қимыл-сын бағыныңқы.
D) Мақсат бағыныңқы.
Е) Себеп бағыныңқы.
Дұрыс жауап: С
 
 
Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз.
А) Сондықтан.
В) Өйткені.
С) Бірде.
D) Әйтсе де.
Е) Немесе.
Дұрыс жауап: С
 
 
Қарсылықты  салалас құрмалас сөйлем шылауын көрсетіңіз.
А) Бірақ.
В) Және.
С) Әлде.
D) Себебі.
Е) Әйтпесе.
Дұрыс жауап: А
 
 
Түсіндірмелі  салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.
А) Немесе.
В) Бірде.
С) Сондықтан.
D) Жалғаулықсыз.
Е) Сөйткенмен.
Дұрыс жауап: D
 
 
Салалас құрмалас сөйлем  түрін көрсетіңіз.
Шығарып салуға не мен барайын, немесе сен бар.
А) Талғаулы.
В) Қарсылықты.
С) Түсіндірмелі.
D) Себеп-салдар.
Е) Ыңғайлас.
Дұрыс жауап: А
 
 
Кезектес салалас құрмаластың жалғаулығын анықтаңыз.
А) Және.
В) Сонда да.
С) Бірде.
D) Өйткені.
Е) Немесе.
Дұрыс жауап: С
Бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұратын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Жай сөйлем.
В) Атаулы сөйлем.
С) Салалас құрмалас сөйлем.
D) Сабақтас құрмалас сөйлем.
E) Жалаң сөйлем.
Дұрыс жауап: D
 
 
Бағыныңқы сөйлемі «Неліктен?» сұрағына жауап беретін сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
В) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
С) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
 
D) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Дұрыс жауап: В
 
 
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Не ексең, соны орасың.
В) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
С) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.
D) Ол көп уайымдап, ерте келді.
E) Мұғалім айтқанда, ол жазды.
Дұрыс жауап: Е
 
 
Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.
А) Салалас құрмалас сөйлем.
В) Жай сөйлем.
С) Жалаң сөйлем.
D) Атаулы сөйлем.
E) Сабақтас құрмалас сөйлем.
Дұрыс жауап: Е
 
 
Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) -са, -се.
В) –ғандықтан, -гендіктен.
С) –ғанда, -генде.
D) –мақшы, -мекші+болып.
E) –ғанмен, -генмен.
Дұрыс жауап: А
 
 
Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –а, -е, -й.
В) –у үшін.
С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се.
E) –са да, -се де.
Дұрыс жауап: С
 
 
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
 
А) –қанмен, -кенмен.
В) –са, -се.
С) –ып, -іп, -п.
D) –қанда, -кенде.
E) –у үшін.
Дұрыс жауап: D
 
 
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –са, -се + жіктік жалғау.
В) –мақшы болды, -мекші болды.
С) –ғанмен, -генмен.
D) –ғанша, -генше.
E) –ып, -іп, -п.
Дұрыс жауап: С
 
 
Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Ол көп ойланып, үйге қайтып келді.
А) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.
В) Мақсат бағыныңқы сабақтас.
С) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
E) Шартты бағыныңқы сабақтас.
Дұрыс жауап: С
 
 
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –ғанмен, -генмен.
В) –у үшін.
С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се+жіктік жалғау.
E) –са да, -се де.
Дұрыс жауап: В
 
 
Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Биыл мектеп бітіремін және Астанаға жоғарғы оқу орнына түсемін.
В) Көктем келді де, күн жылынды.
С) Қоңырау соғылды, сабақ басталды.
D) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмайды.
E) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.
Дұрыс жауап: С
 
 
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Қонақтар түгел келді,- сен жоқсың.
В) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
С) Уақытым болмады, сондықтан мен келе алмадым.
D) Сыныпқа қонақ кірді және оқушылар орындарынан тұрды.
E) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.
Дұрыс жауап: А
 
 
Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.
 
А) Қарсылықты салалас құрмалас.
В) Себеп- салдар салалас құрмалас.
С) Талғаулы салалас құрмалас.
D) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
E) Ыңғайлас салалас құрмалас.
Дұрыс жауап: Е
 
 
«Бірақ, дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас.
В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Себеп-салдар салалас құрмалас.
D) Кезектес салалас құрмалас.
E) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
Дұрыс жауап: В
 
 
«Өйткені, себебі» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
 
А) Ыңғайлас салалас құрмалас.
В) Қарсылықты сабақтас құрмалас.
С) Қарсылықты салалас құрмалас.
D) Себеп-салдар салалас құрмалас.
E) Кезектес салалас құрмалас.
Дұрыс жауап: D
 
 
«Бірде, біресе» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
 
А) Ыңғайлас салалас құрмалас.
В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Себеп-салдар салалас құрмалас.
D) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
E) Кезектес салалас құрмалас.
Дұрыс жауап: Е
 
 
«Және, мен, пен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
 
А) Қарсылықты сабақтас құрмалас.
В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Ыңғайлас салалас құрмалас.
D) Кезектес салалас құрмалас.
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
Дұрыс жауап: С
 
 
Себеп-салдар салаластың шылауын табыңыз.
А) және, әрі.
В) бірақ, дегенмен.
С) өйткені, себебі.
D) бірде, біресе.
E) не, немесе.
Дұрыс жауап: С
 
 
Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Ол сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітап таба алмады.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас.
В) Талғаулы салалас құрмалас.
С) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
D) Қарсылықты салалас құрмалас.
E) Кезектес салалас құрмалас.
Дұрыс жауап: С
 
 
Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Сені сағынғаным сонша - түсіме жиі кіресің.
А) Қарсылықты салалас құрмалас.
В) Себеп-салдар салалас құрмалас.
С) Кезектес салалас құрмалас.
D) Талғаулы салалас құрмалас.
E) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
Дұрыс жауап: Е
 
Құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.
A) Салалас, сабақтас, аралас.
B) Жақты , жақсыз.
C) Толымды, толымсыз.
D) Жалаң, жайылма.
E) Хабарлы, сұраулы.
Дұрыс жауап: А
 
 
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қазақстан ұлан-байтақ жерді алып жатыр, ол ұлан-ғайыр кең өлке.
B) «Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.
C) Біздің жеріміз ұлан-байтақ, бірақ халқымыздың саны аз.
D) Жас ұрпаққа жақсы білім мен тәрбие беру керек, өйткені олар – елдің келешегі.
E) Күзде біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
Дұрыс жауап: А
 
 
Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жұрнағын анықтаңыз.
A) –ған, -ген.
B) –са, -се.
C) –ып, -іп,-п.
D) -у.
E) –қан, -кен.
Дұрыс жауап: В
 
Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
«Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.
A) Ыңғайлас.
B) Қарсылықты.
C) Себеп-салдар.
D) Талғаулы.
E) Кезектес.
Дұрыс жауап: C
 
 
Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Сыныпқа оқушылардың бәрі жиналды.
B) Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді.
C) Бұл мәселе сынып сағатында шешілді.
D) Олар мұғаліммен ұзақ әңгімелесті.
E) Нақты қорытынды жасалды.
Дұрыс жауап: B
 
 
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.
B) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.
C) Не ексең, соны орасың.
D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.
E) Жанат хатты төрт-бес рет оқып шықты.
Дұрыс жауап: C
 
 
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыздар.
A) Бірақ, дегенмен, алайда.
B) Бірде, біресе, кейде.
C) Не, немесе, яғни.
D) Және, әрі, да, де.
E) Өйткені, сондықтан, себебі.
Дұрыс жауап: A
 
 
Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.
A) Ыңғайластық, кезектес, себеп-салдар.
B) Талғаулы, мақсат, ыңғайластық.
C) Қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы.
D) Шартты, мезгіл, мақсат, қимыл-сын.
E) Себеп-салдар, қарсылықты, талғаулы.
Дұрыс жауап: D

Сабақ тақырыбы: Жай сөйлем

Сабақ мақсаты: білімділік: Лицеистерге сөйлемдер туралы түсінік беру, олардың түрлері, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
дамытушылық: жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, лицеистердің  ой-өрісін, тіл байлығын кеңейту.
тәрбиелік: ұқыптылыққа, сауатты,таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау  сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу, тест жұмысы.

Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау

3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау

4. Сабаққа дайындықты тексеру

5. Лицеистер назарын ұйымдастыру

6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Тұрақты тіркестер қатарын жазу.

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу. 

Слайд.

Жай сөйлем — бір не бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.

 

Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлемжәне жайылма сөйлем болып бөлінеді.

Простыми называются предложения, выражающие законченную мысль и содержащие подлежащее и сказуемое. Жай сөйлемдер по своим грамматическим делятся на две группы: 1. С двумя главными членами предложения: подлежащим и сказуемым. Мысалы, Қар (не?) жауды (не қылды?) – Выпал снег. Әкем (кім?) келді (не істеді?) – Пришел отец.

 

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.


Хабарлы сөйлем — айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Мысалы: Мен жалақы алдым.

Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение) в казахском языке, как и в русском, повествует, сообщает о каких-либо фактах или явлениях окружающей действительности. Мысалы, Бүгін күн жылы. (Сегодня теплый день). Анам көйлек тігіп отыр. (Мама шьет платье). Жаңбыр жауып тұр. (Идет дождь).

 

Сұраулы сөйлем — жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Мысалы, Не үшін?
ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Мысалы, Жерім жаман ба?
б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:
Мысалы, – Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.
в) Сұрау интонация арқылы. Мысалы,  Япырай, ие бермей кетпесе?

Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение) заключает в себе вопрос. В казахском языке сұраулы сөйлем образуется с помощью вопросительных местоимений кім? не?

(кто? что?), қашан? (когда?), қайда? (куда?) и др.

 

Бұйрықты сөйлем — біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. Мысалы,  Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді…

В побудительных предложениях мы выражаем просьбу, совет, требование, пожелание, запрет, приказание, убеждение. Мысалы, Отпен ойнама! Әлия, мені күтіп ал.

 

Лепті сөйлем — айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.
Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Мысалы, Құнанбай қатты зекіп қалып:
– Жә тоқтат! – деді. (М.Ә.)

Лепті сөйлем (восклицательное предложение) в казахском языке как и в русском выражает какие-либо сильные чувства: радость, печаль, удивление, страх, восторг и т.д.

Восклицательные предложения произносятся высоким тоном. Помимо этого, в восклицательных предложениях применяются и другие средства (междометия, эмоционально окрашенные слова, усилительные частицы). Мысалы, Бейбітшілік жасасын! – Да здравствует мир! Мерекеңізбен құттықтаймын! – Поздравляю Вас с праздником!
Жалаң сөйлем — тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

Жайылма сөйлем — тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем,жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем — бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.
3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.

 

 

Личными называютсяпростые предложения, которые имеют подлежащее и сказуемое или одно сказуемое, ясно указывающее своим окончанием на подлежащее. Мысалы, Мен ертең келемін. (Я завтра приду). Ертең барамын. (Завтра пойду).

Безличными называется предложение со сказуемым, при котором нет подлежащего и одно не подразумевается. Мысалы, Бұл жерде суға шомылуға болмайды. (Здесь нельзя купаться). Саған ертең тауға бармауға тура келеді. (Тебе завтра придется не ходить в горы).

 

Толымды сөйлем — сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.

Полным предложением называется такое, в котором имеются все члены, необходимые для его понимания. Мысалы,  Мұғалім сыныпқа кірді. (Учитель вошел в класс).
Толымсыз сөйлем — айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.

Неполным предложением  называется такое, в котором пропущен главный или второстепенный член. Пропущенные члены предложения легко восстановить, зная содержание соседних с ними предложений. Мысалы, №5 балалар емханасы қай жерде? (Где 5-я детская поликлиника?) Мұстафин көшесінің бойында. (На улице Мустафина)

Неполные предложения чаще всего встречаются в диалоге.
Тапсырма. Семантикалық кесте

 

  рс           

            Жай сөйлем түрлері

Жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

1

 Үлкендерге құрмет көрсету керек

 

   +

 

   +

2

 Қар жауды

        +

 

    +

 

3

Өзеннен балық аулаймыз

        +

 

    +

 

4

Біз мақтан тұтамыз

        +

   +

 

 

5

Жеті жұрттың тілін біл

        +

 

 

   +

6

Ұрлық түбі-қорлық

        +

 

    +

 

7

Оқыған озады

        +

 

    +

 

8

Менің    бұл сөзге қосылғым келмеді

 

   +

 

    +

 9

Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген

        +

 

 

    +

10

Маған сабақтан қалуға болмайды

 

   +

 

    +

 

Тест тапсырмалары

1. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз.

А) Бір ғана ойды білдіреді, бір интонациямен айтылады

В) Екі немесе одан көп жай сөйлемнен тұрады

С) Күрделі ойды білдіреді

Д) Дыбыстардың жазудағы таңбасы

Е) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру

 

2. Жай сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.

А) Жақты сөйлем

В) Салалас сөйлем

С) Құрмалас сөйлем

Д) Жай сөйлем

Е) Лепті сөйлем

 

3. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Марат жүгіріп кетті.

В) Аяғын аспаннан келтіру.

С) Оларға келуге болмайды.

Д)  Жаз.

Е) Ақ жейделі бала.

 

4. Жай сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сырын жасырмау.

В) Мен тауда ойнадым.

С) Ауылдың малы.

Д) Тон пішер.

Е) Жаздың жайлы күні еді, мен көрші ауылға барғанмын.

 

5.Жайылмасөйлемді табыңыз.

А) Мен кітапханадан қызық кітап алдым…

В) Асқар – инженер.

С) Күз.

Д) Бала болашақ.

Е) Еңбекті бағалау.

 

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтың 35 бетіндегі 8-тапсырма, берілген сөйлемдерді бірнеше жай сөйлемдерге бөлу.

 

ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Әдеби шығармалардан жай сөйлемдерді теріп жазып келу.

 

V. Қорытындылау. 

Сабақтың тақырыбы: « Тұрлаулы мүшелер».



Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
 оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
ә) дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылықа тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, төрт түлік мал төлдерінің суреттері,жеке суреттер,доп,смайликтер,семантикалық карта
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне тілек тілеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың ұранын еске түсіру:

Қазақ тілім — өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім, — дей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді. Біз қазір екі топқа бөлініп алайық.Ол үшін мыны киіз үйдің керегелерін ұстау арқылы қызыл және көк түстерін ұстап,сол бойынша бөлінейік.

2) Ой қозғау.

- Жамбыл – халық ақыны. (сөйлемдерді оқушыларға көрсету)

- Бұл сөйлемде нені байқадыңдар, балалар ?

- Сөйлемдегі екі сөздің арасына сызықша қойылған. Ол екі сөз де бастауыш.

- Дұрыс айтасыңдар. Бұдан қандай ереже шығады ?

- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады. Абай – ұлы ақын.

- Дұрыс айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген тақырыпты өткен болатынбыз. Ендеше, әр топ үй тапсырмасын қлай орындағанын тексерейік.

87 – бет. 53 – жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. Мұндағы бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына неге сызықша қойылған ?

Ребустың жауабы: «Ел іші – алтын бесік»

3) Өткенді қайталау.

- Енді, балалар, бәріміз екі топ болып жарысайық. «Бәйге» ойынын ойнайық.

1. Сөйлем дегеніміз не ?

2. Сөйлемнің қандай түрлерін білеміз ?

3. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілерін қоямыз ?

4. Сөйлем мүшесі дегеніміз не ?

5. Қандай сөйлем мүшелерін білеміз ?

6. Бастауыш дегеніміз не ?

7. Баяндауыш дегеніміз не ?

8. Бастауыштан кейін қай кезде сызықша қоямыз ?

ІҮ. Жаңа сабақ.

- Жақсы, балалар, енді жаңа сабағымызды бастайық. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңыздар.

- Балалар, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі ?

- Күз, бірақ біздің жақта қыс ерте басталады. Сондықтан да қар жауып,ұйытқып қатты жел соғып тұр.

- Ал енді, мына екі сөйлемге назар аударыңдаршы:

1. Қар жауды.

2. Бүгін жапалақтап қар жауды.

- Осы екі сөйлемде қандай ұқсастық бар ? Қандай өзгешелік бар ? (балалардың жауабы)

- Өте дұрыс. Екі сөйлемде де қар туралы айтылып, оның жауғанын білдіріп тұр. Айырмашылығы – бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

- Демек, балалар, бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Түсінгенімізді бекіту үшін оқулықтағы 61 – жаттығуды ауызша орындайық.

1) Оқулықпен жұмыс. 90 – бет. 61 – жаттығу.  (ауызша)

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісірді. Балалар үзілісте асханаға келді.

90 – бет. 62 – жаттығу. (жазбаша)

Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

Сергіту сәті

2) Семантикалық картамен жұмыс. ( екі топқа беріледі) 

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Айжан

+



Оқыды



+

Биші

+



Жазды



+

Секірді



+

 

3) Оқулықпен жұмыс. 91 – бет, 63 – жаттығу.

Мақалдарды жатқа жаз. Мұндағы тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңдар. Мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.

1.     Әкеге қарап ұл өседі,

     Шешеге қарап қыз өседі.

2.     Жаман жолдас жолда қалдырады.

 Ү. Қосымша тапсырма. Ойын «Кім тапқыр ?».

         Әр топ өзінің атауына сәйкес сөйлем құрау тапсырмасы беріледі. Бұл сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді табу керектігі ескертіледі. Мысалы: Балалар биледі,доп домалады,

 ҮІ. Сабақты қорытындылау. Тест

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:А)Зат есім            Ә)Бастауыш            Б)Баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады ?

А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса;

Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса;

Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса.

3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:

А)Сөз таптары дейміз    Ә)Сөйлем мүшелері дейміз Б)Сөз дейміз

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? не? кімдер? нелер?              Ә)Қандай? қай?

Б)Не істеді? не қылды?  қайтты?

5. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай? қай?      Ә)неше? нешіші?         Б)Кім? Не? кімдер? нелер?

6.Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап:

А)Аян сабаққа барды Ә)Аян сабаққа бара жатыр. Б)Аян барды.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Екі топқа екі сурет беріп,сол сурет бойынша тұрлаулы мүшелерді қатыстырып әңгіме құрастырып,постер қорғау)

ҮІІ. Үйге тапсырма. 91 – бет. 64 – жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.(Оқушылар сабақ соңында смайликтер арқылы плакатқа жапсыру)

-Сабақ аяқталды.

Тест

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін тап:

А)Зат есім            Ә)Бастауыш            Б)Баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады ?

А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса; Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса; Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса.

3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді тап:

А)Сөз таптары дейміз    Ә)Сөйлем мүшелері дейміз Б)Сөз дейміз

4.Үш сөзден құралған сөйлемді тап:

А)Бүгін демалыс Ә)Қайрат шахмат ойнауды білмейді Б)Мәлік сабақ оқыды.




Тест

1. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? не? кімдер? нелер?              Ә)Қандай? қай?

Б)Не істеді? не қылды?  қайтты?

2. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай? қай?      Ә)неше? нешіші?         Б)Кім? Не? кімдер? нелер?

3.Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап:

А)Аян сабаққа барды Ә)Аян сабаққа бара жатыр. Б)Аян барды.

4.Дұрыс жазылған сөзді тап:

А)пиаз Ә)қойан Б)шаян В)тайяз

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;

дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;
тәрбиелік – мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аукцион
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау.
Көрнекілік: жетондар, көмекші құралдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, әдеп.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеп, сабақтың мақсатын хабарлау, оқушыларды топқа бөлу, бір – бірінің жауабын тыңдауды, бағалауды ескерту.
Сабақтың барысы төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: «Талдау – табыс кілті». Оқушыларды екі топқа бөлу, сөйлемдер беріп, талдату.
Бірінші топ – «Алғырлар». Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.
1. Құрмаш (кім?) бұл сөзге көнбеді. (зат есімнен жасалып тұр)
2. Екеуі (кім?) қайтадан Қараадырға бет қойды. (сан есім)
3. Бүгін бұлар (кімдер?) Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек. (сілтеу есімдігі)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.
1. Ол – күзетші жас жігіт Кәрібжан айтқан ән. (бастауыш ІІІ жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).
2. Бес жердегі бес – жиырма бес. (бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен жасалып тұр).

Қосымша қойылатын сұрақтар:
Бастауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.
Екінші топ – «Сайыпқырандар». Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер.
1. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. (етістіктен жасалған)
2. Сиыр – төрт жүз, жылқы – мың үш жүз. (сан есімнен жасалып тұр)
3. Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік. (сын есім)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.
1. Қуаты – ақындық, үміті – халық. (бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалып тұр)
2. Бұл – Бәкен. (бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр).
Қосымша қойылатын сұрақтар:
Баяндауыштың анықтамасы, олардың жасалу жолдарын сұрау.

Екінші кезең: «Кім көп біледі?» Мақал – мәтел айтудан жарыс.
Бірінші топқа
1. Алып анадан … 2. Ұстазыңды ұлы әкеңдей … 3. Гүл өссе жердің …, қыз өссе елдің …. 4. Жақсы ат – жанға …. 5. Отан үшін отқа түс ….
Екінші топқа
1. Шешен кісі сөз бастар …, адал кісі ел ….. 2. Жақсының ашуы жібек орамал ….. 3. Ат сүрінбей жер …. 4. Әдепті бала – арлы …, әдепсіз бала – сорлы бала. 5. Оқу – білім …, білім – өмір …..

Үшінші кезең: «Сұрақ – жауап». Сынақ өткізу.
– Сынақ өткізу барысында сұрақтың екі жауабын, яғни «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер. Бұл кезеңге тек екі топтың басшылары қатысады.
Сұрақтар
1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім?, не? деген сұраққа жауап береді. (иә)
3. Анықтауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
4. Баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
5. –ның, -нің ілік септігінің жалғауы. (иә)
6. Мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдігі. (иә)
7. –ма, -ме, -ше сұраулық шылаулар. (иә)
8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)
9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)
10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)

Төртінші кезең: «Аукцион». Сөйлемдерді сипаттап, талдау. Сөйлемдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.
1. Ей, сен бала, біздің көршінің немересі емессің бе? Сипаты: сұраулы, негізгі
2. Құлайды! – деп айқайлады. Сипаты: лепті, интонация арқылы жасалған.
3. Сен енгізші, осы ұсынысты. Осыны да айта баршы. Сипаты: бұйрықты, -шы, -ші жұрнағы арқылы өтініш формасында жасалған.
4. Кішіпейілдіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін. Сипаты: хабарлы.
Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелерді тауып, қай сөз табынан жасалғандығын анықтаңдар.
1. Рахима – дара бастауыш, зат есім; ескерту жасады –күрделі баяндауыш.
2. Көмір қазушылар ауылда бір жұмадай жатты. Көмір қазушылар – күрделі бастауыш, жатты – дара баяндауыш.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылғанын ескере отырып, олар қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.
1. Үлкен үйден дәм татып келу – борыш.
2. Шетінен көшіріп жатқаны – кішкене молда жіберген «Татьяна хаты».

Қорытындылау.
– Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы зерттейді екен? (синтаксис)
– Сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (4-ке бөлінеді: хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты)
– Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? (3-ке: дара, күрделі, үйірлі)
– Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі қызметі қандай?

Бағалау. Жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа қатысулары бойынша әр оқушыны бағалау.
Үйге тапсырма. Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Оларға синтаксистік талдау жасау.







  1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Оқта-текте, ләм-мим. 
 B) Жас, жастық, жастан. 
 C) Қоқан-лоқы көрсету, қорқыту. 
 D) Жанын жалдау, көлік жалдау. 
 E) Сағыну, сағынбау. 

  1. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

 A) Етпетінен жығылды. 
 B) Дереу жетті. 
 C) Тез келді. 
 D) Амалсыздан к
өнді. 
 E) Жорта сөйледі. 

  1. Демеулікті табыңыз.

 A) қарай, тарта, жайында. 
 B) пен, да, әйтпесе. 
 C) бірақ, өйткені, егер. 
 D) сайын, үшін, бері. 
 E) ше, ау, ды. 

  1. Тыныштықты сақтаймыз - тіркесінің байланысу тәсілін көрсетіңіз.

 A) Шылау. 
 B) Дауыс ыр
ғағы. 
 C) Орын тәртібі. 
 D) Жалғау. 
 E) Септеулік шылау. 

  1. Ойдың иесі бар сөйлемді табыңыз.

 A) Бұл іспен шатастыруға болмайды. 
 B) Нариман саумал қымызды тамсана ішті. 
 C) Сараны
ң қалаға баруына тура келді. 
 D) Бұдан еш нәтиже шығаруға болмайды. 
 E) Орындалған арман. 

  1. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) Баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас. 
 B) Дала жым-жырт. 
 C) Асы
ғып тез аттандық
 D) Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті. 
 E) Қазандағы ет бүлк-бүлк қайнады. 

  1. Толымсыз сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Радио арқылы сөйлеспек. 
 B) Жұмыс аумағы бүгін үш есе ұлғайды. 
 C) Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естімедіңіз бе? 
 D) Әр халықтың өзінше жаңа жылы болады. 
 E) Құлаш мойын қара нар таңертеңнен кешке дейін тыныстамады. 

  1. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

 A) Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт. 
 B) Әні өте әдемі еді. 
 C) Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады. 
 D) Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды. 
 E) Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады. 

  1. Қыстырма сөзді табыңыз.

 A) О, күн-ау, төге түсші сәулеңді сен. 
 B) Пай-пай, бала-ай, даусың қандай! 
 C) Арысыңды арыстан жеді. 
 D) Түнеугүні, әлі есімде, үңгірге бардық
 E) Тынышталшы, балақай. 

  1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы шықты.
 B) «Еңбек адамды биікке жетелер», - деді Ақнұр. 
 C) «Жақсы сөз жараны да жазар» дегендей, балаға әке тәрбиесі керек. 
 D) «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық
 E) «Қазақ солдаты» романы талданды.

  1. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
    Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан.

 A) Қыстырма сөз. 
 B) Айқындауыш. 
 C) Бірыңғай мүше. 
 D) Оқшау сөз. 
 E) Құрмалас. 

  1. Қабаттаса қолданылған тыныс белгілердің қалып қойғаны бар ма, көрсетіңіз.
    «Өзім алып шықсам қайтеді» деп ойлады ұста.

 A) Сұрақ белгісі, үтір. 
 B) Сұрақ белгісі, сызықша. 
 C) Леп белгісі, үтір. 
 D) Сызықша, көп нүкте. 
 E) Үтір, сызықша. 

  1. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.

 A) Бұлтты күні. 
 B) Құрманбек. 
 C) Қызыл күрең
 D) Базаралы. 
 E) Тобыл
ғы. 

  1. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.

 A) Әбден шаршау. 
 B) Бірталай күн. 
 C) Жорта амандасу. 
 D) Ертеден
қалыптасқан. 
 E) Соншама күлу. 

  1. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Қарағым-ау, әнің әдемі екен. 
 B) Пайда ойлама, ар ойла. 
 C) Даналы
қ халық сөзінде екен. 
 D) Е, жақсы болып қалды. 
 E) Түу, бұл кісі неткен білімді!

  1. Өңеші қызарды” деген фразеологиялық тіркестің мағынасын анықтаңыз.

 A) Қызғанды. 
 B) Ұялды. 
 C) Дауласты. 
 D) Ашуын басты. 
 E) Сыр бермеді. 

  1. Қимыл-сын пысықтауыштардың сұрағының дұрыс емесін белгілеңіз.

 A) Қашан? 
 B) Қайтіп? 
 C)
Қалайша? 
 D) Қанша рет? 
 E) Қалай?

  1. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

 A) Жігіттің иығында аузы торлаған қоржын. 
 B) Шілтерлі кестені торлап тоқыпты. 
 C) Торлама қауынның ғажап исі аңқиды. 
 D) Жігітті ой торлап, ұйқысы шайдай ашылды. 
 E) Торлама кестең әдемі-ақ

  1. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

 A) Түнгі. 
 B) Сөзшең
 C) Бұзса. 
 D) Достық
 E) Сенбеді. 

  1. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

 A) -т. 
 B) -
ған, -ген. 
 C) -ын, -ін. 
 D) -
қыз, -кіз. 
 E) -да, -де. 

  1. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз.

 A) (Ала) орамал. 
 B) (Ала) жаздай. 
 C) (Ала) бота. 
 D) (Ала) к
өйлек. 
 E) (Ала) көңіл. 

  1. Туынды үстеуді табыңыз.

 A) Ерте, бұрын. 
 B) Әрмен, бермен. 
 C) Бұлбұлша, жаздай. 
 D) Қасақана, жорта. 
 E) Ба
ғана, соңыра. 

  1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.
    Жұқа кітап.

 A) Дауыс ырғағы. 
 B) Шылау. 
 C) Жал
ғау. 
 D) Септік жалғау. 
 E) Орын тәртібі.

  1. Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі нұсқасын табыңыз.

 A) Кешегі жұмысты бітір. 
 B) Г
үл- жердің көркі. 
 C) Сара келді. 
 D) Батыр же
ңді. 
 E) Жазықсыз жазалама. 

  1. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

 A) Ескерткендеріңіз дұрыс болды. 
 B) Болашақ жастардікі. 
 C) Етіс - етістіктің бір түрі. 
 D) ’’Ештеңе’’ - есімдік. 
 E) Адамдық ар-намысымызға дақ түсіруге болмайды. 

  1. Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.

 A) Асан әкесінің көп жылдардан бері колхоздың жылқысын бағатынын айтты. 
 B) Жанат орнын ұсынып үлгергенше, Манат шығып кетті. 
 C) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды. 
 D) Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді. 
 E) Мұз қатқанына екі ай болды. 

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді көрсетіңіз.

 A) Бірақ, мұның сорына министр бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады. 
 B) Бірақ, мұның сорына – министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. 
 C) Бірақ, мұның сорына, министр бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. 
 D) Бірақ мұның сорына министр, бүгін, келушілерді ұзақ қабылдады. 
 E) Бірақ, мұның сорына министр, бүгін келушілерді ұзақ қабылдады. 

  1. Үтірдің қойылмайтын жерін анықтаңыз.

 A) Бірыңғай мүшелердің арасында. 
 B) Қыстырма сөзден кейін. 
 C) Одағай сөзден кейін. 
 D) Бастауыш пен баяндауыштың арасында. 
 E) Қаратпа сөздің екі жағынан. 

  1. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді табыңыз.

 A) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері. 
 B) Үңгір іші қараңғылана түсті. 
 C) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр. 
 D) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды. 
 E) Көңіл кірлесе, сол жаман. 

  1. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз.

 A) Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды. 
 B) Есікті
ң киізін олай итерем, былай итерем,- ашылмайды.
 C) Есіктің киізін олай итерем- былай итерем, ашылмайды. 
 D) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды. 
 E) Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды.

  1. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықтаңыз.

 A) Маңы, жеңіл. 
 B) Төбесі, бұрғы. 
 C) Жаны, арасы. 
 D) Ортасы, ж
үрісі. 
 E) Тұсы, тарағы. 

  1. Үстеу қызметін анықтаңыз.
    Елдің бәрі осында.

 A) Толықтауыш. 
 B) Пысықтауыш. 
 C) Анықтауыш. 
 D) Бастауыш. 
 E) Баяндауыш. 

  1. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді табыңыз.

 A) Ердің сыншысы - ел. 
 B) Ол кеше кешкісін келіп еді. 
 C) Елге бару
ға мүмкіншілік жоқ
 D) Ауыл әлі ояна қойған жоқ еді. 
 E) Дала тіршілігі енді басталды.

  1. Мекен пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

 A) Тауда жаңа ғана жаңбыр жауып өтті. 
 B) Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады. 
 C) Тапсырманы тез орында. 
 D) Ас
қардың өміріне қызықты. 
 E) Әсетке бола ағасы келіпті. 

  1. Жақты сөйлемді табыңыз.

 A) Қанша ойлану керек. 
 B) Раушанмен таныс
қаныма шексіз қуаныштымын. 
 C) Сонша шырқап не керек? 
 D) Түн іші. 
 E) Мұныңызға нануға болады. 

  1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың
 B) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсіп кетеді. 
 C) Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды. 
 D) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. 
 E) Ол өте науқастанып қалғандықтан, бара алмады. 

  1. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) Мә, мынаны қарай тұр. 
 B) Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой. 
 C) Жақсы, сынап берейін. 
 D) Апырау, сіздің ауыл алыс па? 
 E) Қысқасы, мүмкін, осы дұрыс та болар. 

  1. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

 A) Аияиын. 
 B) Аяйын. 
 C) Айайын. 
 D) Айяйын. 
 E) Аяйн. 

  1. Сабақты етістікті табыңыз.

 A) Келді. 
 B) Ма
қтанба. 
 C) Шықты. 
 D) Барма. 
 E) Бердім. 

  1. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

 A) Қар суы да, жаңбыр суы да- соның ырысы. 
 B) Саят өте еңбекқор еді. 
 C) Пайда, мақтан - бәрі тұл. 
 D) Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс. 
 E) Ол да, ол тұрған село да жас еді. 

  1. Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан сөйлем атауын табыңыз.

 A) Желілес сөйлем. 
 B) Толымсыз сөйлем. 
 C) Атаулы сөйлем. 
 D) Жақсыз сөйлем
 E) Толымды с
өйлем. 

  1. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.

 A) Талғаулы. 
 B) Ыңғайлас. 
 C) Себеп-салдар. 
 D) Кезектес. 
 E)
Қарсылықты. 

  1. Қаратпа сөзді табыңыз.

 A) Еңбек адам баласын даңққа бөлейді, абырой әпереді. 
 B)
Қысқасы, оқиға бітті, шешілді. 
 C) Бір топ адам егінге беттеді. 
 D) Д
әурен кітапханаға кетті. 
 E) Жатпалық, жастар, жатпалық 

  1. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) ’’Осы күні сол ара - жайнаған қызыл гүл’’,- дейді. 
 B) Балалардың соңғы ермегі- ’’Ақсүйек’’, ’’Соқыр теке’’. 
 C) Сауатты болу дегеніміз- дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу. 
 D) Сен дегенде сөз бар ма? 
 E) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты. 
 B) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың
 C) Дегенмен, мен жаңылмаппын. 
 D) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды. 
 E) Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын 

  1. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

 A) Көрмес түйені де көрмес. 
 B) Көрмес - түйені де - көрмес. 
 C) Көрмес - түйені де көрмес. 
 D) Көрмес түйені де - көрмес. 
 E) Көрмес түйені - де көрмес. 

  1. Жазылуы мен айтылуында сәйкестік бар сөзді табыңыз.

 A) Көрімбеді. 
 B) Түңгі. 
 C) Қанат. 
 D) Құлұқсыздық
 E) Әргім

  1. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

 A) -да, -де. 
 B) -
ған, -ген. 
 C) -ын, -ін. 
 D) -
қыз, -кіз. 
 E) -т. 

  1. Айқындауыш мүшесі бар сөйлемді табыңыз.

 A) Уілдеген желді түндер. 
 B) Айдалада бес-алты тас үй. 
 C) Ол Мейраш ұстаны қатты сыйлайды. 
 D) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. 
 E) Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. 

  1. Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.
    Сұрғылт тұман дым бүркіп,
    Барқыт бешпент сулайды (Абай).

 A) Көсемше. 
 B) Есімше. 
 C) Орта
қ етіс. 
 D) Етістікке септік жалғауы. 
 E) Шартты рай. 

  1. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз.

 A) Қысқасы, мүмкін, осы дұрыс та болар. 
 B) Жақсы, сынап берейін. 
 C) Мә, мынаны қарай тұр. 
 D) Апырау, сіздің ауыл алыс па? 
 E) Ал, Абай аға, осы билік байлау ғой. 

  1. Жай сөйлемді табыңыз.

 A) Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді. 
 B) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады. 
 C) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді. 
 D) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді. 
 E) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді. 

  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 B) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 C) Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 D) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
 E) Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі - күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 

  1. Жақты сөйлем 2, 3-жақта тұрады, бірақ мағынасы 1,2,3 жақтың бәріне ортақ болғандағы атауы.

 A) Атаулы сөйлем 
 B) Жалпылама жақты сөйлем 
 C) Жақсыз сөйлем 
 D) Толымсыз с
өйлем 
 E) Толымды сөйлем 

  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

 A) Ауа райы бұлыңғыр болғандықтан, бөлме іші қараңғы тартып тұрды. 
 B) Құмды жазық даланың шетіне ілінген жолаушылар ұзақ тұрып қалды, өйткені әбден шаршаған еді. 
 C) Ауа райы т
үзелді, орақ басталды. 
 D) Маған олар я жетер, я жетпес. 
 E) Оны бірде мұз айдынында көрдік, бірде колхоздың еңбек даласында көрдік. 

  1. Сын-қимыл үстеулі тіркесті табыңыз.

 A) Қасақана үндемеді. 
 B) Әрі-бері жүрді. 
 C) Недәуір ұзын. 
 D) Амалсыздан к
өнді. 
 E) Бостан-бос жүрді. 

  1. Қай қосымша дұрыс жалғанған, дұрысын көрсетіңіз.

 A) Педагогтар. 
 B) Машинистке. 
 C) Ведомость
қа. 
 D) Тарихтің
 E) Фактіні. 

  1. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.

 A) Ұлттық ойындар мыналар: “Алтыбақан”, “Тоғызқұмалақ”, “Ақсүйек”. 
 B) Біз бастаңғы жасап жатырмыз. 
 C) Күші жағынан арыстандай кісі. 
 D) Тіл –адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлы күш. 
 E) Жаңа жеккен ат басымен алысады. 

  1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін белгілеңіз.
    Жұқа кітап.

 A) Шылау. 
 B) Дауыс ыр
ғағы. 
 C) Жалғау. 
 D) Септік жалғау. 
 E) Орын тәртібі. 

  1. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
    Алғашқы үтір неге байланысты қойылған, дұрысын табыңыз.

 A) Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас. 
 B) Т
үсіндірмелі салалас. 
 C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. 
 D) Шартты бағыныңқылы сабақтас. 
 E) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2024
240
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі