жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Курстан кейінгі қолдау бойынша цифрлық технологияның мүмкіндіктерін қолдану
Курстан кейінгі қолдау бойынша цифрлық технологияның мүмкіндіктерін қолдану
Тәжібаев Болатбек Толқынбекұлы,
«Өрлеу БАҰО» АКФ ҚР Білім беру жүйесінің
басшы және ғылыми-педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыратын
республикалық институттың
«Менеджмент және ақпараттық технологиялар»
кафедрасы жанындағы
«Курстан кейінгі қолдау және
инновацияларды енгізу»
зертханасының меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өсіру қажеттілігі туралы атап көрсетті. «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында республика мектептерінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырып, дамытуға ерекше мән берілді. Атап айтқанда, республика мектептерін жаңа типті компьютер құралдарымен және цифрлық білім ресурстарымен қамтамасыз етілуі, Ұлттық білім берудің деректер қоры (НОБД) мен электрондық күнделіктің біріктірілген нұсқасының енгізілуі педагогтың шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік берді.
Аталған процестер цифрлық түрлендірудің іргетасы ретінде мемлекеттік бағдарламада мына факторлардың дамуына: цифрлық білім беруге көшуге, мектептерді ақпараттандыруға, цифрлық мектептерді құруға, мектептердің ақпарттық инфрақұрылымның дамуына, сондай-ақ педагогтарға ақпараттардың қолжетімділігін арттыруға септігін тигізді.
Цифрлық қоғам - адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес және қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен шешуші әсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін цивилизация дамуының заманауи кезеңі.
Заманауи талаптарға сай келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылыммен мектептерді қамтамасыз ету білім беру үдерісіне едәуір өзгерістер енгізеді. Басқаша айтқанда, мектептерді цифрлық мектепке айналдыру қажеттілігі туындайды. Егер кез келген педагог заманауи жаңа цифрлық технологиялар құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, онда цифрлық білім беру сапасыз білім беруге айналады.
Жаһандану заманында цифрлық қоғам мен білім беруді цифрландыру және электрондық оқыту (e-learning) жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу жағдайында педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Мұндай өзекті мәселені шешу үшін республикалық институттың «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасы ЮНЕСКО халықаралық ұйымымен бірлесе отырып, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бойынша модульдік оқу бағдарламаларын жасады және оны MOODLE ортасында ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен бірге Білім және ғылым министрлігі жариялаған іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша грантты ұтып алу негізінде педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттырудың нормативтік-құқықтық базасы жасалып, республикадағы шағын жинақты мектептердің педагогтары үшін сынақтан өткізіліп, тиімділігін айқындады. Жасалып жатқан мұндай жұмыстардың негізі педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен білім сапасын арттыруға бағытталған. Әрине бұл ретте еліміз педагогтарының бүгінгі ақпараттық-коммуникациялық икемі қай деңгейде, деген сауал туындайды. Олай болса педагогтардың жас ерекшелігіне сәйкес келесі факторларды атап кеткім келеді. Жүргізілген сауалнама 50 жастан асқан педагогтардың компьютерге бейіндігі төмендігін, ал 30-45 жастағылар ақпараттық-коммуникациялық ортаға тез сіңісіп кеткендігін көрсетіп отыр. Осы факторлар негізінде республикалық институт еуропалық стандартқа сәйкес педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру бойынша көпвекторлық модульдік бағдарлама жасады. Бағдарламаның негізгі ерекшелігі сол мұнда педагогтардың жасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты қалыптастыруды көздейді. Оны жүзеге асыру үшін педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру қарастырылса, шетелдік тәжірибелер негізінде жан жақты сараптамадан өтті. Дамыған елдердің тәжірибесін талдай келе Оңтүстік Кореяның қашықтықтан біліктілікті арттыру тәжірибесін негізге алып отырмыз.
Жалпы, педагогтардың ІТ-саласын жан-жақты меңгеруі үшін кез келген педагог кең жолақты Интернет желісіне қосылған ноутбукпен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана ол іздене бастайды. Олардың кәсіби деңгейіне қойылатын талаптардың бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру нормативтерін қарастыру көзделген. Аталған үрдістер тәжірибеге енгізілген жағдайда педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруға толық мүмкіндігі болатындығы дәлелденген. Бұл фактілер педагогтардың ІТ саласын меңгеруі бойынша үздіксіз біліктілігін арттырумен қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. Сондықтан келтірілген тәжірибелерді негізге ала отырып, біз бүгінгі таңда педагогтардың ІТ саласын меңгеруі бойынша біліктілігін кезеңдерге бөліп арттыруды жоспарлаудамыз. Кезеңдерге бөлудің 1-сатысы ретінде педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру қарастырылған. Алайда ІТ саласының динамикалық өзгерісіне сәйкес республикадағы 300000-нан аса педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бір жылда жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл қажеттілікті шешу барысында республикалық институт ЮНЕСКО, Майкрософт және Интел компанияларымен бірлесе отырып, жұмыс жасап келеді. Жыл сайын e-learning жобасына сәйкес 8000 педагогтың АКТ бойынша құзырлылығын қалыптастырумен айналысқан болатынбыз.
Он-лайн режиміндегі интерактивтік сабақтар өткізу Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жүргізіліп, нәтижесінде педагогтар он-лайн режимінде сабақтар өткізді. Педагогтар он-лайн режимінде өз тәжірибелерін ортаға салу мен осы режимде Ұлттық бірыңғай тестке дайындалу үрдістерін жетілдіріп келеді. Сөз орайы келгенде Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының педагогтары белсенділік танытуда екендігін атап кеткенді жөн көріп отырмын. Жоғарыдағы аталған мәселелерді практикаға енгізу бағытында республикалық институтта шағын жинақты мектептердің педагогтары үшін қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті. Тіпті бұл үшін Республикалық институтта интерактивтік виртуалдық орта жасалды (www.ripkso.project.kz). Осы ортада Республикадағы шағын жинақты мектеп ұстаздары бүгінгі күні қашықтықтан біліктілігін арттыру үстінде. Курс барысында он-лайндық интерактивтік дәрістерді тыңдап, әріптестерінің инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне қолдану туралы бейнесабақтарын көре алады және Электрондық Портфолионы толтыру алгоритмін үйренеді. Сонымен бірге өздерінің осы курс барысында үйренген материалдарынан Портфолио жасап, оны www.project.ripkso.kz сайтына орналастыра алады. Мұнда тыңдаушылардың жасаған материалдары электронды түрде бағаланып, ең үздік деп танылған тыңдаушылардың Электрондық Портфолиосы www.ripkso.kz сайтына орналастырылады. Қашықтықтан біліктілікті арттыру барысында педагогтар бір-бірімен виртуальды түрде байланысу арқылы тәжірибелерін ортаға салады. Осы уақытқа дейін 200-ден астам педагог өз біліктілігін қашықтықтан арттыра алды.
Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесінің енгізілуі мен Интернет технологиялардың дамуына байланысты педагогтардың коммуникациялық мәдениеті қандай деңгейде деген сауал туындайды. Электрондық оқыту жүйесінің платформаларымен жұмыс жасауда педагогтардың әлі де болса жұмыс жасау деңгейі қалыпты деп айтуға болады. Электрондық журнал мен электрондық күнделікті толтыру және оқушылардың білімін электронды түрде тексеру - бүгінгі педагогтың күнделікті жұмыстарына айналып бара жатыр. Педагогтардың кәсіби қызметін цифрлық форматқа ауыстыру және бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу мәселелері де көкейкесті. Осындай ауқымды жұмыстарды жасауда педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру қажеттігі туындайды. Бұл қажеттілікті шешу үшін педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыруды кезең-кезеңмен ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұндай жағдайда педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Мұнда педагогтың коммуникациялық құралдармен жұмыс жасау сауаттылығы негізге алынады. Сондықтан мұндай сауаттылықты қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде педагогтардың телеарналарға шығуы мәдениетін арттыру мәселесі туындайды.
Осы мәселені шешу барысында Оңтүстік Корей елінің білім саласы бойынша үйренген тәжірибемізді ортаға салсам деп отырмын. Оңтүстік Корея елінде 7 телеарна білім саласы бойынша жұмыс жасайды екен. Атап айтар болсақ, Оңтүстік Кореяда білім беру жүйесінің ақпараттық кеңістігін кеңейтетін оқыту және ғылыми-көпшілік бағдарламалары ірі Educational Broadcasting System (EBS) телерадиокомпаниясының 7 телерана арқылы таратылады. Сонымен бірге бұл елде білім беру жүйесінің келесі ақпараттық платформалары: EduNet (оқыту мен оқу үшін), EMIS және NEIS (басқару үшін), Cyber Home Learning System (CHLS) (үйден оқыту үшін) құрылған. Аталған платформалар e-learning оқыту жүйесін іске асыруға бағытталған. Корей Республикасында Білім, ғылым және Технология Министрлігінің қолдауымен жасақталған Ұлттық ақпараттық білім беру жүйесінің (NEIS) есебінен білім беруді басқарудың тиімділігі қамтамасыз етілген. CHLS жобасы ерекше қызмет көрсету моделі – оқушылар үшін сабақтан тыс уақытта білім беру ортасын жинақтайды. CHLS - оқушылар өзіндік оқу стилі, жетістіктер деңгейі негізінде жеке тұлғаға бағытталған өзіндік білім алу ортасын, сыныбын, сандық контенттерін таңдайды. Жоба он-лайн режимінде қосымша оқу материалдары арқылы репетиторлармен жеке жұмыс істеуді қамтамасыз етеді және қосымша білім беру құнын және бастауыш және орта мектеп деңгейіндегі "алшақтықты" төмендетеді. Cyber High School – оқушылардың қашықтықтан және өзіндік білім алуының белсенді құралы ретінде жоғарғы мектептің оқу үдерісіне кеңінен қолданылады. KAIST–center Интернет қоры ғылым мен технологияда дарынды балаларды қосымша біліммен қамтамасыз етеді.
Кореяда біліктілікті арттыруда «теңбе-тең» оқу ұстанымын кеңінен қолданады, яғни біліктілігін арттырған әрбір ұстаз өз мектебі мен өзге мектептегі әріптестеріне жаңа тәжірибесін үйретеді, кәсіби мәселелерін шешу үшін Кореяда педагогтардың желілік қауымдастығының қорлары белсенді пайдаланылады, ал біліктілікті арттыруда кредиттік жүйе қолданылады, яғни әрбір мұғалім жыл сайын 8 кредитті (120 сағаттық) жинау қажет. Педагогтардың АКТ-дайындығын қамтамасыз ету үшін арнайы контент жасақталған. Тағы бір назар аударатын жайт, ол педагогтардың каникул уақытында біліктілігін арттыру жүзеге асырылады, ал сабақ уақытында олардың біліктілігі үшін қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылады екен. Сондықтан Корей елінің тәжірибесін зерттей келе, республикалық институтта осы бағытта педагогтардың біліктілігін арттыру тәжірибесі осы жылдан бастап тәжірибеге біртіндеп енгізу жолға қойылды.
Сонымен қатар, мұнда жасы 50-ден асқан педагогтардың мұндай технологияны пайдалануға қарсы болуы мүмкін. Бұл қарсылықты жою мақсатында қажетті цифрлық дағдылары бар креативті орта құру керек. Ал креативтік ортада халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, кәсіби кадрлардың цифрлық дағдыларын қалыптастыруға оқыту, цифрлық технологиялар бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру, креативті ойлауды дамыту және т.т. арқылы адами капиталды дамытуға ықпал етеді.
Сондықтан цифрлық технологияның білім саласындағы мүмкіндіктерін педагогтарға кезең-кезеңмен үйрететін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Ол үшін педагогтарға қажетті контент дайындау қажет және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету керек. Мектептерді цифрлық мектепке айналдыру үшін педагогтарды «e-learning+m-learning+smart-learning» бағыттары бойынша үйрету курстарын ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге 3D-сабақтарын жасау әдістері мен оны қолдану жолдары қарастырылу жоспарланады.
Гипербелсенді, цифрлық технологияны жетік меңгерген оқушылар үшін заманауи педагогты жоғарыда айтылған мәселелермен біліктілігін арттыру керек. Бүгінгі таңда педагогтар үшін латын әрпі қандай қажет болса, цифрлық сауаттылық та сондай қажет.
Жоғарыда келтірілген қажеттіліктерді шешу үшін «Өрлеу БАҰО» АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын республикалық институттың «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасында «Цифрлық қоғамдағы педагог моделі» тұжырымдамасы дайындалу үстінде. «Цифрлық қоғамдағы педагог моделі» тұжырымдамасының мақсаты креативті қоғамда педагогтардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған. Тұжырымдаманың негізгі идеясы креативті қоғамда бәсекеге қабілетті, әрі цифрлық сауаттылығы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыруға негізделген.
Аталған тұжырымдаманың басымдылығы Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы адами капиталды дамытумен сабақтастырылған. Педагогтардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыра отырып, «e-learning+m-learning+smart-learning» үш ағынды оқытумен байланыстыру курстары жоспарланып отыр.
Мұнда цифрлық мектепті басқарудан бастап, мектеп пәндеріне цифрлық технология құралдарын қолдана отырып, оқыту мәселелері қарастырылады. Мектепте цифрлық оқыту процесін енгізу әдістері беріледі. Ол оқыту «e-learning+m-learning+smart-learning» үш ағынды оқытумен байланыстырылады.
Білім саласында да ақпараттық технологияларды енгізу, саланың сапасын, білім беру сапасының өнімділігін арттыруға, электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру сияқты білім саласындағы мәселелердің сапасын арттыруға ықпалын тигізеді, себебі бұл мәселелер әр уақытта маңызды мемлекеттік басымдылық болып қала береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген