Материалдар / Курстық жұмыс "Етіс категориясын оқыту әдістемесі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Курстық жұмыс "Етіс категориясын оқыту әдістемесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл курстық жұмыста қазақ тіліндегі етіс категориясы,оны оқыту жолдары,түрлі технологиялар туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2023
274
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
2500 тг 1875 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы





Курстық жұмыс



Тақырыбы: Етіс категориясын оқыту әдістемесі









Орындаған: Қайруллаев Нұртілек, ҚТӘ-33 тобының студенті (Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы)

Тексерген: А.С.Қыдыршаев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі













Орал қаласы, 2022 жыл



Мазмұны




І Тарау

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ-СИНТАКСИСТІК СИПАТЫ

1. Етіс категориясының өзіне тән ерекшелігі ……..………………......6

2. Етіс категориясы түрлерінің жасалуы…………………………….…9


ІІ ТАРАУ

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

1. Етісті оқытуда инновациялық технологияны қолдану......................12

2. Өзгелік етіс категориясын деңгейлеп оқыту үлгілері……………....19


Қорытынды……………………………………………………………….23


Пайдаланған әдебиеттер……………..…………………………………..25







КІРІСПЕ

Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады -деп айтқан дана атамыздың сөздері,жастар мен болашақ ұрпаққа үлгі болуы керек.

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу. Ал мұның өзі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндетті шешу,мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздерін,олардың болашақ іс-әрекеттерінің берік негізі, әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерімен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықты тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзденіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.

Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы зиялылар қауымының көрнекті өкілі, ойшыл оқымысты, білімдар ұстаз-ғалымы Жүсіпбек Аймауытов сабақты ізденіске баулитын өнер түрі ретінде бағалаған.

Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, жетілдіру үрдісі білім беру жүйесіне инновацияның енуімен сипатталады. Инновация кез-келген санадағы жаңалық ендіру сияқты адамның іс-әрекет сферасын модельдеуді және оның әдістерін оңтайландыруды, қазіргі кезеңнің талаптарына сай келетін заманагөй технологияларды жасау және оны жүзеге асыруды көздейді. Педагогика саласындағы инновациялар оқыту сапасын арттырады.

Мұғалімнің басты мақсаты – жаңа педагогикалық технологияны меңгеру, оны өз тәжірибесінде пайдалану. Мұғалімнің инновациялық белсенділігінің жаңа өзгерістеріне мұғалімнің көзқарасын, жаңаны білсем, үйренсем, қолдансам деген және т.с.с. жаңа іс-әрекеттерін жатқызуға болады.

Болашақ және қазіргі заман азаматтары,қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын,идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңадан ойлау дамуын ұйымдастыра алатын, ата-аналармен, ұжыммен педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар,шығармашылық еңбек ететін азамат даярлау міндеті басты назарда болуы керек.

Заман талабына сай оқыту принциптері ізденуді, зерттеуді қажет етеді. Компьютерлік оқыту кезінде бұл принциптерді жүзеге асыра білу,мұғалімнің бағдарламасы,маманның шеберлігіне тікелей байланысты. Осының ішіндегі көрнекілік принципі байқағыштыққа, оймен топшылауға, логикалық қорытындылар шығаруға үйретудің негізгі мақсатының бірі болып саналады.

Оқу процесінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану арқылы оқытушылар егеменді елімізге бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.

Инновация–педагогиканың барлық саласына толық еніп дамуда. Ұстаздарымыз бен белгілі ғалымдарымыздың ендігі міндеттері – жаңалықты әр түрлі ғылым салаларындағы жаңалықтармен салыстырып, байланысын нығайту, тарату, практикалық инновацияны жүйеге келтіру.

Жаңалықтарды ашу процесінде,ғылым мен практикалық білімнің және зерттеу мен практикалық тәжірибелер нәтижелерін әдіскер қызметкерлердің меңгеруі арасындағы байланыстың үзілуінің себебі –педагогикалық білім мен енгізу қызметкерлерінің бір-біріне қатыссыз жекелей дамуында.

Кез-келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білімді,үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттің жан дүниесіне терең үңіліп, ұғына білуді талап етеді.

Оқыту технологиясына белгілі ғалым В.П.Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе-жоба» деп анықтама берді. Ғалымның пікірінше, бұл педагогикалық жүйе – жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, белгілі мақсат көздеген, бір-бірімен өзара тығыз байланысты әдіс-тәсілдер жиыны.

Заманагөй тәлімді ұйымдастыруға қойылатын маңызды талаптардың бірі айрықша рухани және физикалық күш жұмсамай, қысқа уақыт ішінде жоғары жетіскендіктерге ерісу. Қысқа уақыт ішінде белгілі бір теориялық білімдерді оқушыларға жеткізіп беру, оларда белгілі қызмет бойынша көндікпе мен әдеттерді пайда ету, сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметін бақылау, олар тарапынан берілген білім, көндікпе дәрежесін бағалау мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.

Біз,қазірде жан-жақты дамыған,түрлі технологиялардың қарқынды дамып,қоғам мүшелерінің үнемі бәсекеде жүріп,адамның өзін-өзі дамытып,түрлі қалаған істерімен айналыса алатын,мүмкіндіктер,жаңалықтар ғасырындамыз.Қоғамның белгілі бір мүшесі болғандықтан,әрі жауапты мұғалім атын иеленіп отырғандықтан,алдымызда үлкен жүктеме тұр.Қазіргі ақпарттық технологиялар дамыған қоғамда,21 ғасыр оқушылары сабақтарын қандай әдіс-тәсілдермен жүргізем,қандай оқыту әдістемесін басшылыққа алу керек? -деген сынды сауалдарды ойлануымыз шарт.Өйткені,қазіргі оқушыларды көп нәрсе қызықтармай жатады,әрі қабылданатын ақпарат та жетерлік.Сонау Ахмет Байтұрсынов,Қ.Жұбановтан басталаған қазақ тілін оқыту әдістемесі күн санап дамып келеді.Біз де осы әдістемелерге сүйеніп,оқушыларға сабақ өткізу үстінде,түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын боламыз.Бүгін сөз болайын деп отырған етістіктің ерекше категориясының бірі-етіс категориясы.



Зерттеудің өзектілігі:

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі,ерекше әдіс-тәсілдерді,сабақ жүйесінің құрылымдарының түрліше болуын, оқушылардың танымдық-шығармашылық деңгейін арттыруды, соның нәтижесінде білім-білік дағдыларын қалыптастыруды көздейді.Етістік,оның ішіндегі ерекше категория естісті оқыту,оның өзге категориялардан ерекшелігі,қолданылу аясы,оқытуда интерактив әдісінің,модульдік жүйенің ерекшелігі,деңгейлеп оқыту жолдары,етіс түрлерінің өзіндік орны өзекті болып отыр. Етіс категориясын оқытуда жаңа педагогикалық технологиядны пайдалану, жаңаша сабақ өту әдістеріне сай орындалған жұмыс болғандықтан маңызды болып есептеледі.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері:

Жұмысымыздың мақсаты етіс категориясын оқытуда қазіргі жаңа педагогикалық технология негізінде, жаңаша сабақ өту әдістерін пайдалануда интерактив әдістерден пайдалану, модульдік жүйеде сабақ өту негізінде оқушы ұғымын тереңдестіру жайлы айтылды. Бұған тоқталу үшін төмендегі мәселелерді шешу белгіленді:

Етістік, олардың категорияларға бөлінулері, интерактив әдісіне сай сабақ өту жолдары мысалдар негізінде ұғындырылды;

Етістіктің етіс категориясы, бөлінулері, басқа категориялардан ерекшелігі, өзіндік қолданысы;

Етіс категориясын оқытуда интерактив әдісінің ерекшелігі, пайдалылығы, оқушыға түсініктілігі;

Етіс категориясын оқытуда модульдік жүйенің ерекшелігі;

Өзгелік етісті деңгейлеп оқыту жолдары;

Міне, осы айтылғандардың бәріне де жұмысымыздың бірінші және екінші тарауларында толық зерттеу жасалды.

Зерттеу нысаны: етіс категориясын оқыту.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысымызда лингвистика саласына қатысты әр түрлі әдістер, жаңа педагогикалық технологияға сай интерактив, модульдік сабақ өту әдістері кең сөз етілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.





І ТАРАУ

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ – СИНТАКСИСТІК СИПАТЫ

1.ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІГІ

Eтіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әр түрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексикаграмматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің өзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады. Етіс категориясы қимылдың субьекті мен обьектіге әр түрлі қатынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.

Eтіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктің рай, шақ, жіктік жалғау категориялары қатарында етіс категориясының бары да айтылған.Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылғандарға қосқан айтарлықтай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысына тоқталып, солардың ішінде етіске де анықтама беріп, жасалу жолдарының көрсетілуі етіс туралы зерттеудің де кеңи бастағанын көрсетсе керек.

Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған пікірді Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығынан табамыз. А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар»,-дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс-деген түрлері барын келтіреді. Етіс түрлері ішінде салт етіс пен сабақты етісті етістің түрлері қатарында атайды. Салт етістік пен сабақты етістікті етіс категориясымен бірге қарау, бұдан кейінгі жылдары шыққан мектепке арналған оқулықтар мен жоғары оқу орнына арналған грамматикалардада орын алып келді.

Eтіс категориясын ғылыми тұрғыда лексика-грамматикалық сипаты жағынан арнайы зерттеген ғалым профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке қатысы жайында және сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс катего-риясы мен байланысы жөнінде, етістің түрлері, олардың жасалу жолдары, етіс категориясының мағынасы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап, «Етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз табының (етістік) ерекшеліктерін байланыстыра салыстырып, бірінен бірін бөлмей тұтас қарау қажет»-деген құнды тұжырым жасайды.

Ғалым басқа сөз таптарының грамматикалық категориялары сияқты етістіктің етіс категориясының қалыптасуы сөйлем мүшелері мен сөз таптарының дамуымен байланысты екенін дұрыс бағдарлайды.

Өзінің қалыптасу дәуірінде түрлі заңдылықтарды басынан өткізген етіс категориясының синтаксистік қызметіне сай беретін мағынасы, өзіне төн тұлғалық ерекшеліктері, ол тұлғаларды жасайтын қосымшалары бар. Етіс жасайтын қосымшалар етістіктің сабақты түріне де, салт түріне де жалғанып, етістіктің етіс тұлғасын жасайды. Салт етістіктерден қимыл мен қимыл иесі арасындағы қатынастан туып, субьектінің ішкі мәнін түрлендіретін өзгелік, ортақ етіс түрлері жасалса, сабақты етістіктерден етіс қосымшалары қосылу арқылы барлық етіс түрі жасала береді.

Қазақ тіліндегі етіс қосымшаларының осындай бір-бірінен мағыналық ерекшеліктерімен қатар, етістіктің басқа қосымшаларынан ажырататын өзіндік тағы бір ерекшеліп бар. Ол--етістудыратын жұрнақтардың етістіктің түбіріне тікелей жалғанатын болымсыз -ма, ме, ба, бе, -па, пе жұрнақтарынан бұрын жалғанатындығы. Мысалы: кел тір меді, кел тір-іл-меді, кел-тір-т-кізбеген, ойла н-бады, ойла-т пады, ойлан дыр-т қыз-бады, әкел-ін-беді, өкелт тір-меді, әкел іс-педі т.б. Бұл мысалдардан етіс қосымшаларының тағы бір ерекшелігі етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне тікелей жеке де, және бірінен соң бірі үсті-үстіне жалғана беретін қасиеті бары көрінеді. Етістік етіс қосымшаларынан соң өзінің басқа категорияларының қосымшалары ретімен қабылдайды. Яғни, етіс қосымшаларынан кейін түбірге етістіктің басқа категорияларының есімше не көсемше, рай, шақ, жақ тұлғаларынның көрсеткіштері қосылады. Осындай етістіктің ерекше мағыналық құбылуынан, тұлғалық түрленуінен етістің жасалуы, немесе субьекті мен обьектінің өзара қатынасына сай семантикалық және модальдық құбылуынан етіс категориясы туады. Сөйтіп, етіс жұрнағы жалғанған етістік сөз етістіктің грамматикалық категорияларын кезегімен қабылдау арқылы түрлене келе, сөйлемнің белгілі мүшесі баяндауыштың қызметін атқарады.

Eтіс категориясының семантикалық сипаты, етіс қосымшаларының қызметі жайында бірізді пікір көпке дейін қалыптаспады. Ол 1967 жылы шыққан академиялық грамматиканың өзінде «етіс аффикстері қосылған сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер құрамына кіретін жұрнақ» қатарында келтіріп, етістік негізден етістік тудыратын жұрнақ ретінде танылғанынан көрінеді. Бұл пікірді морфология оқулығының авторы профессор Ахмеди Ысқақов та қолдаған. Оған «Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: Ол одан жөн сұрады; Олар бір бірінен жөн сұрасты; Ол онан жөн сұратты; Одан жөн сұралды; Ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістік (сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды) формалардың соңындағы әткен шақтың қосымшасын ( ды, ты) алып тастағаннан кейінгі сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран етістіктерін бірбірінен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. ...Етіс формаларының бұл ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақтар сияқты, туынды етістік жасайтын қабілеті барлығы (айырмасы тек етістіктен етістік тудыратындығы) жөне сол етіс жұрнақтары арқылы туған формалар етістік негіздері есебінде қызмет ететіні айқындалады. Ендеше, бұл жағынан қарағанда етіс жұрнақтары сөзден сөз тудыратын жұрнақтармен сәйкес келеді де, лексикалық категорияға жатады. Екіншіден, етіс категориясының формаларында субьекті мен обьектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың (әрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты күшті. Демек, етіс формалары сөйлемнің граммати калық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады»-дегені дәлел. Бұл пікірден автордың етіс қосымшаларын әрі сөзжасам, әрі грамматикалық мағына беретін қосымша тұрғысында танығаны анық көрінеді. Ал, И.Маманов әтіс категориясын түбір етістіктен туатын грамматикалық форма ретінде таныған. Бұл пікірді профессор С. Исаев қолдап, етіс қосымша ларын форма тудырушы тұлға қатарына қосады. Ғалым «етістіктерде етіс жұрнақтары жаңа сөз тудырмайды, етістік түбір білдіретін семантикасын өзгертіп жібермей, лексикалық және жалпы грамматикалық мағынасы сақталып қалады, тек сабақтылық салттылық өзгеріп, сөйлемде субьект пен обьект арасындағы қатынасы ауысуы мүмкін»-дейді.

Етістік түбірге етіс қосымшалары жалғанғанда, етістіктің түбірінің жалпы грамматикалық мағынасы өзгермей, тектүбірдегі салттылық-сабақ тылық мән ғана өзгеретін болса, етіс жұрнақтары тек салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін ғана атқара алады. Ендеше ол (етіс қосымшалары) сөзжасам қосымшаларына жатпайды, сөз түрлендіруші қосымшалары қатарына қосылады. Етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанғанда түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді. Ол етіс тұлғалы етістіктің түбір етістіктер сияқты ерекшелігі екенін көрсетеді. Яғни етіс тұлғалы етістіктер түбір етістіктер сияқты тек сырттай бұйрық райдың 2 жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келгенімен тікелеи жіктік жалғауларын қабылдамайды, сонымен бірге сөйлемде етістік етіс тұлғасында қолданылмайды.

Eтіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердің де негіздері жатады. Әдетте етістік негізінің субьекті мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік негізіне (амалына) қатысы сол негіздің бастапқы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (синтаксистік) қызметітуралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды». Бұл түсініктің өзінен анық көрінетіндей, негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі басқа сөздермен қарым қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ және грамматикалықя лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, яғни негізгі етіс деп аталған, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбір деген ұғым ғана бар» -деген пікір негізгі етіс етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. Сол себептен де етіс түрлері төрт түрге бөлінеді, яғни етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.

Oлар сөйлемде атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай тұлғалық ерекшеліктері бар қапыптасқан грамматикалық категорияға жатады.

2. ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАСАЛУЫ

1. Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне қараи жұмсалады. Яғни субьекті өз өзіне обьекті болады да, баяндауыш қызмет атқарып тұрған етістік өздік етіс тұлғасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында әрі субьектілік, әрі обьектілік мағына сақталатындықтан, ол свилемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан обектісіз сөйлем болады.

Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақты етістікке -ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнағы тек қимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне қарай бағыттала алатын сабақты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс қосымшасы -ын,-ін,-н негізінде өздік етіскетән қосымша ретінде өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырып қана қоймайды, ол жалғанған етістік сөйлемдегі бастауыштың әрі субьектісі, әрі обьектісі екенін де білдіреді. Өздік етістің бастауышы қимыл иесінің қызметін өзі атқаратындықтан, оның қимылы тікелей өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.

2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден ыл, іл, л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып тұрады да, ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сабақты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде қимылды атқарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады. Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелікте жерлері барын былай көрсетеді: «Ұқсастығы: 1) қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөитіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект -грамматикалық субьект (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық обект болады».

3.Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің ррамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етіс түрі өзгелік етіс» деген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, яғни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, дір, тыр, тір, қыз, кіз, ғыз, -гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субьекті бір емес, екеу болады; бірі -іс әрекетті, қимылды орындатушы иесі, қимылды жалпы іске асырушы субьект, бірақ ол өзі тікелей қимылды орындамайды, ол атау тұлғада тұрып сәилемде грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл әрі логикалық субьекті, әрі грамматикалық субьекті болады, екінші, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы субьект агенс деп аталатын іске асырушы болады, ол грамматикалық тұлғасы жағынан бастауыш емес, сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе ол сөз сөйлемде барыс, шығыс, көмектес септіктерінде, кейде шылаумен тіркесіп келіп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Оспан баласына хат жаз-дыр-ды дегенде Оспан--субьекті, бірақ іс-әрекетті (жазу) тікелей өзі атқарған жоқ, оны атқарған–баласы (агенс).

Cабақты еттістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септіктегі екінші субьект (агенс) ғана пайда болады, яғни баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде іс-әрекетті орындатушы субьекті мен обьект өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрғанның өзінде де түбірде ол мән бар болады (хат жазды, хат жаз дырды). Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанғанда, салт етістіктен бірден өзгелік етіс тудырмайды, тек салт етістік сабақты етістікке айналады. Мысалы: Бала шамды сөн дірді дегенде сөндіру қимылының субьектісі де, тікелей сол қимылды іске асырушы да біреу ақ, ол - «бала». Бұл жерде етістіктің салт етістік күйіндегі грамматикалық субьектісі «шам» (шам сөнді), ол бұл жерде обьектіге айналған: шамды сөндірді, бірақ шам өз өзінен сөнген жоқ. Мұнда өзгелік етіс қосымшасы сапт етістікке жалғанғанда, тек салт етістікті сабақты етістікке айналдырған. Енді осы сабақты етістікке екінші рет етіс қосымшасы жалғанған соң ғана өзгелік етіс жасалады. Мысалы, Бала інісіне шамды сөн дір т ті. Бұл сөйлемде «бала»-қимылдың иесі, субьекті, бірақ оны (қимылды) тікелей өзі атқарып отырған жоқ, екінші субьект -агенс арқылы іске асырып отыр, яғни сөндіру қимылын тікелей орындаушы субьект агенс - інісі, сөйлемде оп (інісі) барыс септік тұлғасында тұрып грамматикалық жанама обьекті (толықтауыш) синтаксистік қызметін (қатынасты) атқарып тұр, ал тура обьекті шамды өзгерген жоқ.

Өзгелік етіс субьектінің қимылы обьектіге тікелей емес, екінші біреу арқылы бағытталатынын білдіретін сабақты етістіктіңграмматикалық формасы болып табылады.

4. Oртақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақты әтістік тұлғаларынан арнайы ыс, іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді. Басқа етіс түрлерінен ортақ етіс жасап тұрған етістің мағынасы мен қосымшасының ерекшелігі етістіктің салттылық сабақтылығына бейтарап болумен қатар, кей ортақ етіс формалы етістіктің қимыл атауын білдіруге бейімділігі негізінде заттық ұғымды білдіріп зат есімге айналып кететін кездері болады. Мысалы: Арқан тарт ыс ты. Тартыс басталды. Асыққа тала с ты. Талас күшемді дегенде ортақ етіс жұрнағы жалғанған «тартысты, таласты» етістіктерінің бірі -сабақты, бірі--салт етістік болса, «тартыс, талас» атау тұлғадағы зат есімдер «тарт, тала» етістіктерінен -Ыс жұрнағы арқылы жасалған туынды түбір тұлға. Яғни бұл сөздердің тұлғалық ұқсастығы болмаса, бұлардың құрамындағы қосымша екі түрлі категориялы сөзтудыратын морфема.

Eтістің ортақ етіс және өзгелік етіс түрлері қимылдың, іс-әрекеттің бір субьекті емес, бірнеше субьектінің қатысуы арқылы жасалатын мағынасы жағынан бір біріне ұқсас келеді. Солай дегенмен де бұлардың арасында оларды ажырататын белгі де жоқ емес. Ол белгі–олардың бірінде агенстің болу-болмауы. Сөйлемде өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасалып, онда екінші субьект-агенс міндетті түрде болуға тиіс болса, ал ол -қимыл, ісәрекетті тікелей орындаушы ортақ етісте болмайды.

Eтіс жұрнақтарының семантикалық сипаты сөзжасам қосымшаларына жақын болғанымен (етістіктен етістік тудырғанымен), өзі жалғанған етістік түбірінің мағынасын, лексикалық мәнін өзгертпейді, тек cабақтылық, салттылық мәнін ғана өзгертеді. Eтіс жұрнақтары бірінің үстіне-бірі жалғанғанда, мына тәртіппен орналасады: 1) өздік етіс+өзгелік етіс: ойла+н+дыр, түй+ін+дір; 2) өздік етіс +ортақ етіс: бүл+ін, бүл+ін+іс; 3) ортақ етіс+өзгелік етіс: бөл+іс, бөл+іс+кіз (-тір); 4) өзгелік етіс+өзгелік етіс: бақ+тыр+т, тура+т+қыз т.б.



ІІ ТАРАУ

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

1.

1875тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!