Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Курстық жұмыс "Информатика"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.........................................................................
Негізгі бөлім..................................................................
1 – Тарау. Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
1.1. Ғылымилық принципі...............................................
1.2. Тізбектілік және қайталау принципі........................
1.3.Білімді меңгеру мен іс-әрекеттің саналылығы принципі..
1.4. Белсенділік және дербестік принципі............................
1.5. Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі.
1.6. Мазмұн мен іс-әрекеттің көрнекілігі принципі................
1.7. Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі.................
1.8. Жеке және ұжымдық оқыту..............................................
1.9. Оқу әрекетінің қарқындылығы........................................
1.10. Теория мен практиканың байланысы...........................
2 – тарау. Дидактикалық принципті сабақта қолдану..........
2.1. Оқу – рольдік ойындар..................................................
2.2. Оқыту технологиясы......................................................
Қорытынды....................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................
КІРІСПЕ
Дидактикада оқу пәнін оқытуға қойылатын біріңғай талаптар жиынтығы дидактикалық принциптер тағайындалған. Бұл принциптер оқыту заңдылықтарына негізделген.
Оқыту заңдылықтары оқыту теориясына және практикалық, педагогикалық іс – тәжірибелерге теориялық негіз болады. Принциптерді тағайындауға білім және тәрбие беру мақсаттары, қоршаған орта жағдайы, ғылымның даму деңгейі, қоғамда қалыптасқан оқыту түрлері мен құралдарының сипаты, оқыту тәжірибесі негіз болады.
Дидактикалық принцип оқыту мақсаты мен оқушының танымдық іс - әрекетін тығыз байланыста қарастырады. Оқушының танымдық іс - әрекеті қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады.
Информатика пәні мазмұнының құбылмалы, программалық және техникалық құралдарының әртүрлілігі, оқытудың программалық құралдары мен нұсқауларының жеткіліксіздігі мұғалімдерге информатика курсының мазмұнын, әдістері мен құралдарын талдап, оларды жетілдіруді жүктейді. Сондықтан, пәнді жүргізу барысында информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптердің әрқайсысын басшылыққа алып отыруы тиіс.
-
Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
Информатика пәнінің орта мектепке енгізілгеніне аз уақыт болғанына қарамастан курсты оқытуға әртүрлі бағыттардың пайда болғанын атап өттік. Орта мектептегі оқытылатын басқа пәндермен салыстырғанда информатика әлдеқайда жас ғылым. Жаңа информациялық технологиялардың дамуына қарай курстың мазмұны өзгеріп отырғаны белгілі. Курс мазмұнының өзгеруі мен программалық және техникалық құралдардың әртүрлілігі, сондай-ақ, информатиканы оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстың мазмұны мен -оқыту әдісі, құралдарын тандауда информатика пәнінің мұғалімдеріне айтарлықтай қиындық туғызуда. Мұндай аса күрделі мәселені шешуді дидактиканың жалпы принциптерінен іздеген жөн. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуда нақтылана түседі.
1.1. Ғылымилық принципі
Білімнің ғылымилық прищипінің сапалық көрсеткіштеріне:
а) білім мазмұны қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы;
ә) таным әдістерінің дұрыс екеніне оқушылардың сенімді болуы;
б) таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушылардың ұғынуы жатады. Бұл мәселелер бір-бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысы алдыңғысының қажетті шарты болып есептеледі.
Бірінші шарт бойынша информатика пәнінің мазмұнына сәйкес материалдарды ғылыми тұрғыда баяндау талап етіледі.
Екінші шарт бойынша ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі. Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным және оның заңдылықтары жөнінде білім қалыптастыру мақсат етіледі.
Информатика пәнінде пәнішілік байланыс тығыз болғандықтан оның кез-келген ұғымы мектеп курсынан бастау алады. Мысалы, "информация", "алгоритм", т.б..
Оқытудың ғылымилық принципі информатиканы оқытуды жетілдіру, оқытудың жаңа әдістерін қолдану кезіндегі оқушылардың зерттеушілік қызметінен көрініс табады. Оқушылардың ғылыми тұрғыда ойлауын дамыту үшін оқыту процесінде түрлі жаңа информациялық, инновациялық технологияға негізделген әдістері кеңінен қолданылуы тиіс.
Ғылымилық принцииі информатика ғылымының жетістіктерін оқушының танымдық мүмкіндіктерін ескеріп, енгізуді талап етеді. Мұнда оқушыларға берілетін білім ғылыми тұрғыда негізделген, бұрмалаусыз шындық арқылы беріледі. Олар мұғалімнің түсіндіруінде қарапайым, өнделген нұсқада берілсе де, ғылымның негіздері болып табылатын шын мәніндегі ақиқат түсінікті қалыптастырады.
Ғылымилық принципі бойынша мектеп информатика курсында талас туғызатын, ол ғылымда орнықпаған, іс жүзінде тексерілмеген мәселелер енгізілмейді.
Бұл принцип білім мазмұнын оңайлатып жіберуден, кейбір ғылыми заңдылықтарды бұрмалаудан, ұғымдарды ретсіз қолданудан сақтандырады.
-
Тізбектілік және қайталау принципі
Информатика пәнінде берілетін білім мазмұны түсінікті болуы және бұрын игерілген білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Таным қызметінің бұл түрі тізбектілік принципінен көрініс табады. Тізбектілік принципі белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, білімнен іскерлікке бағытында жүзеге асады. Мұнда оқу материалының мазмұнын логикалық тізбек түрінде құрастырып, онда қайталаулар мен кері оралудың болмауы ескеріледі. Егер қайталаулар кездессе, онда ол тек оқу материалын бекіту мақсатын көздейді деп түсініледі.
Оқу материалының мазмұны мен оны оқушының қабылдауын тізбектілік принципінің қайталануы түрінде іске асыруға болады.
Информатикадағы пәнішілік байланыстың күштілігі пән мазмұнын қайталау принципіне негізделген. Ссбебі, орбір ұғым қайталанған сайын жаңа қасиеттерімен байытылып игеріледі.
Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер мысалы, қайталану командалық бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.
Бұл тұжырымды, яғни бірізділік принципін қайталану түрінде жүзеге асыруды А.П. Ершов ұсынған болатын. Ол ұғымның жаңа тұжырымдарда, контекстерде кеңейтіліп, қайталана беретінін көрсетеді.
1.3.Білімді меңгеру мен іс-әрекеттің саналылығы принципі
Дәстүрлі мағынада іс-әрекеттің саналылығы оқушының өз әрекеті мен орындаған жұмысын толық түсінуі. Яғни, оқушының білімді меңгеріп, оны шығармашылықпен қайта өндеуі, білімін практикада қолдануы саналылық принципі негізінде жүзеге асырылады.
Саналы көзқарас оқушылардың оқуға деген жалпы мақсаты мен міндетіне жауапкершілікпен қараудан басталып, тек білімді меңгеруде емес, іскерлік пен дағды қалыптастыруда маңызды орынға ие болады. Оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін, оларда ең алдымен оқуға деген саналы көзқарас қалыптастыру қажет. Сонда ғана оқушы әрекетінде ерекше мәнге ие өзін-өзі бақылау түрі қалыптасады.
Саналылық принципі меңгерген білімді практикада қолдану кезінде ерекше көрініс табады. Сол себепті, оқушылар білім мазмұнын ғана емес оның мағынасын терең ұғынуы тиіс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қажетті материалды таңдағанда негізгі мәселелердің қамтылуын ескергені жөн.
Компьютерлік оқыту мақсатына байланысты саналылық принципі кейбір шектеулер жасауға мәжбүр етеді. Себебі, мұғалімнің аз уақыт аралығында оқушыларға компьютер құрылғыларында болып жатқан процестерді толық және түсінікті баяндап шығуы мүмкін емес. Мысалы, Епter пернесін басқанда байланыстың тұйықталуы немесе сыйымдылықтың өзгеруі, операциялық жүйедегі үздіксіз өңдеулер, қолданбалы программалар деңгейіндегі әсерлер мен байланыстар т.б. Ең бастысы, оқушылар меңгерген білімдерін жұмыс барысында дұрыс қолдана білуі керек. Бұл кезде мұғалімнің материалды білуі, ондағы негізгі мәселені тандай алуы, тиімсіз әрекеттерді шектей білуі маңызды орынға ие болады. Компьютерде программистің, жүйелеуші-конструктордың, оператордың, қолданушының қызметтері әртүрлі. Сондықтан мұғалім олардың қызметтерін толықтырып отыратын тиімді көзқарас қалыптастыру арқылы оқушыларға жан-жақты білім беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Білімді меңгеруге деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады. Саналы көзқарас тек білімді меңгеруде ғана емес іскерлік пен дағды қалыптастыруда да айрықша роль атқарады.
Мұндай жағдайларда оқушыда бірін – бірі толықтырып отыратын ортүрлі көзқарастар қалыптасуы және олар жинақтала келе сол ұғым жөніндегі жалпы сипаттаманы беруі тиіс. Ең бастысы оқушыда жан-жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші роль атқарады.
1.4.Белсенділік және дербестік принципі
Информатика пәнінде оқушы белсенділігі білімді нәтижелі игерудің қажетті шарты болып есептеледі. Осы орайда, Е.И. Машбицтің "...білім - оқушының қолына бере салатын зат емес, ол оның тұлға ретінде өзгеруі және жеке басының мақсатына сай белсенділігі арқылы жететін нәтижесі" - деген пікірі орынды айтылған.
Белсенділік принципі оқушылардың әрекетінде әртүрлі көрініс табады. Мысалы, оқушылардың өз әрекетін бақылауы, дос-құрбыларының жұмысын бақылауы, алгоритмге өзгерістер енгізуі, өз алгоритмін құру әрекеті белсенділік принципіне негізделген. Мұғалім оқушыларға тапсырма беріп компьютерге отырғызғанда, олардың белсенділігін арттыруды көздейді. Бұл жағдайда оқушылардың өздеріне сенімі артып, бір-бірімен сұхбаттасу арқылы өзара оқыту орын алады.
Оқу дербестігі көп жағдайда белсенділікке байланысты болады. Оқушы теориялық материалды белсенді қабылдағанымен, оны дербестік деп толық айтуға болмайды. Ал, оқушының мұғалімнен көмек сұрауы белсенділіктің көрінісі болғанымен, дербестікке жатпайды. Дербестік мұғалімнің оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Оқу дербестігіне оқушылардың кез-келген жағдайдан өздігінен шыға білуі, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, баспасөз материалдарын пайдалануы білуі жатады. Оқушының компьютерде зерттеу жүргізуі, нәтижеге жетуді өзіне мақсат ете білуі, ЭЕМ-ді қолданатын болашақ кәсіби қызметінде программалаушыдан барынша тәуелсіз болуы дербес дамуының белгісі. Оқушы шығармашьшық әрекетке көшкенде дербестік толық орын алады.
Оқушының өзбетінділігі де информатиканы табысты оқытудың мақсаты және қажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды. Өзбетінділіктің мүмкін болатын даму кезендері төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір мөлшерде (аз ғана) компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекетке өзіндік басқаруға көшуі болып табылады. Шығармашылық іс-әрекетке көшу барысында өзбетінділік толық жүзеге асырылады. Оқушылардың көмек сұрауы — белсенділіктің белгісі, бірақ ол өз бетінділікке жатпайды.
Өз бетінділік оқушыны өнімді оқуға, қиын жағдайлардан өзі жол таба білу іскерлігін қалыптастыруға әкеледі (әдебиеттерді пайдалану, компьютерлік құралдардың көмегімен іздеу, оқу және т.б.). Жоғары деңгейдегі өз бетінділіктің белгісі, — оқушының өзі есеп құруы мен компьютердегі ізденушілік іс-әрекеті болып табылады.
Өз бетінділік оқытудың мақсаты ретінде ЭЕМ-ны қолдана отырып, программистен тәуелсіз оқушыны болашақ кәсіптік іс-әрекетке дайындауды көздейді.
1.5.Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі
Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу жоспарларын жасауда кеңінен қолданылады. Информатика сабағында оқыту деңгейлеріне байланысты компьютермен үздіксіз жұмыс істеу кезінде көрініс табады. Мысалы, дайын программалық құралдармен практикалық жұмыстар жүргізу кезінде пайдаланушы деңгейі қамтамасыз етілсе, жеке оқушылармен жұмыс жүргізу оны тереңдетеді.
Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципі көбінесе оқытудың мазмұнына емес, оқытудың әдісіне қолданылады. Мысалы, информацияның графиктік түрде берілуі түсініктілік принципін қамтамасыз етеді.
Шамаға лайықтылық принципі - білім мазмұнының оқушының шамасына сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал жасап қана қоймай, олардың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Мысалы, пән мазмұнының женіл болуы оқушылардың ойлау белсенділігін төмендетеді, оқуға деген ынтасын кемітеді. Оқу мазмұнының шамадан тыс қиын болуы оқушыны табысқа жеткізбейді. Табыстың болмауы оқушының өзіне деген сенімін жояды. Мұнда мұғалімнің оқытуы мен оқушы дамуынын арасында тәуелділік пайда болады. Сондықтан, мұғалім оқушының танымдық мүмкіндігін ескере отырып, оқу процесін жоспарлы жүргізуде түсініктілік және шамаға лайықтылық принципін негізге алуы тиіс.
1.6.Мазмұн мен іс-әрекеттің көрнекілігі принципі
Бұл принцип мұғалімнің оқыту процесіне есту-көру (аудио-визуалды) техникалық құралдарды, кітаптар, карталар, кестелер секілді әртүрлі көрнекіліктерді, оқу құралдарын пайдалануынан көрініс табады.
Мектепте көрнекіліктің бірнеше түрі қолданылады. Мысалы, жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілермен таныстыруды көздейді. Көлемдік көрнекілік ақиқат дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатында қолданылады. Оған фото-суреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитив, дыбыссыз кино, т.б. жатады. Дыбыстық корнекіліктер дыбыстық бейнелер, шығармалардан үзінді оқу, дауысты таспаға жазу, шет тілін үйренуге магнитофонды пайдалану, т.б. қамтамасыз етеді. Символдық және графикалық көрнекіліктер абстрактылы ойлауды дамытуды мақсат етеді. Мұндай көрнекіліктер болмысты символ түрінде сипаттайды. Мысалы жоспарлар, карталар, схемалар, диаграммалар, т.б.
Информатика пәнінде бір информацияны бірнеше әдіспен бейнелеп көрсету мүмкіндігі көрнекілік принципіне негізделген. Мысалы, блок-схемалар алгоритмдердің құрылымы мен орындалу бағытын көрнекі көрсетеді. Программалау тілдерінін синтаксистік құрылымы мен олардың орындалу жағдайы алгоритм текстерін жазу кезінде көрнекі түрде беріледі. Суреттерді анимациялау, түр-түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі кернекілік приіщипінің жүзеге асырылуы болып табылады.
Көрнекілік принципінің жаңаны тануда, бейнені елестетуде, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп, ондағы обьектілерді өзгерте алады, ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндік жоқ.
Сонымен, көрнекіліктерді тиімді қолдану оқушылардың танымын кеңейтуге оң әсер ететіндіктен, оны оқу процесінің барлық кезеңінде қолдануға болады.
-
Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі
Бұл принцип білімді берік, эрі жүйелі меңгеруді көздейді. Беріктілік принципін жүзеге асыруда, ең алдымен, білім мазмұнындағы негізгі мәселелерді даралап алу айрықша мәнге ие. Оған қол жеткізу үшін жаңа сабақты талдау мен оны алғашқы бекіту кезіңде басты мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Үй тапсырмасы мен сыныпта орындалатын жұмыстардың барлығы осы мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.
Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі оқыту мақсатынан, оқу материалының логикалық құрылымынан, оқушының ойлауы мен дамуынан көрініс табады. Сондай-ақ, пән мазмұнының жеке бөлімдері мен тақырыптары арасындағы және басқа пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда бой көрсетеді.
Оқушылардың негізгі ұғымдардың анықтамаларын, қасиеттерін жаттап алуы немесе есте сақтауы білімнің беріктігіне тікелей байланысты. Сондықтан оқушыларға жаттап алудың емес, түсініп алудың, есте сақтаудың әдістерін үйреткен жөн.
Білімнің беріктігі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды құруға негізделген жүйелілікпен тығыз байланысты. Жүйелілік принципі информатика курсының жеке тақырыптары мен тараулары, бөлімдері арасындағы және басқа да жеке пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда көрінеді. Басқаша айтқанда, адамның есінде өзара байланысты ұғымдар берік сақталады, ал жеке байланысқа тәуелді ұғымдар мидың қызмет өрісіпен шығып қалып, ұмыт болуына себеп болады.
Информатика пәніндегі оку материалын салыстырмалы түрде бейнелеп "ағаш" десек, ағаштың жапырақтары - ұғымдар өзара "шырмауықтай" байланысуы қажет. Сондықтан алғашқы ұғымдарды байытатын көп салалы қолданбалы есептерді шешудің маңызы ерекше.
Информатика пәнінің мазмұнын бір ағаш емес, "информация", "алгоритм", "орындаушы" т.с.с. тамырлары арқылы өріліп кеткен "орман" деуге болады. Бұл информатикалық білімнің беріктігіне қаланған негіз болып табылады.
-
Жеке және ұжымдық оқыту
Информатиканы оқытуда жеке және ұжымдық оқыту бірін-бірі толықтырып тұрады. Ұжымдық жұмысты тұрақты, дұрыс ұйымдастырғанда оқушылармен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл кезде компьютер екі жақты құрал ретінде жұмыс атқарады. Ол оқыту программаларының дайын түрлерін кеңінен таратуға, біркелкі топтық ұжымдық оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі. Әрбір оқушы мұндай программалармен жұмыс істегенде өз әдіс-тәсілдерін, жұмыс қарқынын, қиындықтардан шығу жолдарын жеке таңдайды.
Оқыту программалары арқылы, мұғалім жұмыстың кейбір бөлігін автоматты басқаруға жібергенде оқушылармен жұмыс жүргізуге бөлінген уақыт үнемделіп, жеке оқытуға мүмкіндік пайда болады. Оқушылардың дара қасиеттерін байқауда жеке оқыту тиімді нәтиже береді.
Оқытуды дербестендіру мен коллективтендіру, әсіресе, ннформатика сабағында бірін-бірі толықтырьш отырады. Орнықты коллективті жұмысты ұйымдастырғаннан кейін ғана өте мықты және әлсіз оқушылармен жұмыс істейтін уақытты табуға болады. Осы тұрғыдан алғанда компьютер дидактикалық екі жақты құрал болып табылады.
Дайын оқыту программаларын көбейте отырып, бірыңғайлы, фронтальды топтық іс-әрекетті ұйымастыруды қамтамасыз етуге болады, бірақ оқушылардың программамен жұмыс істеу тәсілі - әр оқушының дербес қарқынымен, қиындықты жеңу жолымен ерекшеленеді. Оқушылардың дербестік қасиеттсрінің пайда болуын. "Автор-ЭЕМ-Атқарушы", "Супер ЭЕМ" тәрізді рольмен атқарылатын ойындар қамтамасыз етеді. Бір компьютерге екіден отырып жұмыс істеген оқушыларда "орындаушы", "нұсқаушы" тәрізді орнықты қатынас қалыптасады. Сондықтан оқушылардың орны мен ролін ауыстырып отырған дұрыс.
-
Оқу әрекетінің қарқындылығы
Оқу әрекетінің қарқындылығы мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің пайдалы коэффиценті ең үлкен мәнге ие болуына байланысты қарастырылады. Мұндағы нәтиже күш салу қатынасымен анықталады. Бұл ең алдымен, олардың бірлескен жұмысында басқа әрекеттердің болмауына негізделеді. Мысалы, қарапайым алгоритмдер үшін қолайлы блок-схемаларды күрделі алгоритмдерге пайдаланғанда информатика сабағы сызу сабағына "айналып" кетуі мүмкін. Алгоритмдеуді жүйелі үйренуде программалау тілдерін қолдану тиімді, ал есептеулерге қарапайым калькуляторды пайдалану қажет. Компьютерлік уақыт шектеулі болған жағдайда оқушыларға компьютермен жұмыс істеуге қажетті нұсқауларды алдын-ала үйретіп, онан соң дисплей алдына отырғызу оқытудың қарқындылығын арттырады. Компьютермен жұмыс істегенде программалардың орындалуына сәйкес шығатын мәліметтердің түсініктілігі оқушы әрекетінің қарқындылығын арттырады. Оқу қарқындылығы оқыту мақсатына тәуелді. Бұл кезде есептеу жұмыстары калькулятор көмегімен және программалау тілінде қатар меңгеріледі.
-
Теория мен практиканың байланысы
Теория мен практиканың байланысы тек принцип қана емес, оқыту мен тәрбиелеудің негізгі заңы болып табылады. Теория мен практиканы ғылымның барлық саласында үйлестіре дамыту аса кажетті іс.
Теорияны практика жүзінде тексеруде, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізуде, меңгерген білімді өмірде қолдануда информатака пәні еңбек сабағынан асып түседі. Себебі, оқушылар ешқандай материалдық шығынсыз мектепке, мұғалімге, сыныпқа, өзіне қажетті пайдалы еңбек етеді. Мысалы, дидактикалық үлестірмелі материалдар дайындау, кітапхана, мектеп құжатгары, оқушылар үлгерімі қорын жасауда теория мен практиканың айырмашылығы аз болуы мүмкін.
Информатика пәнін оқып-үйренуде теорияның ғылыми категориялары мен практикалық байланысының мәні әте үлкен. Жалпы жағдайда теория практика нәтижесін болжайды, ал практика теорияны тексеру құралы қызметін атқарады. Информатика сабағында қандай да бір бағдарламаны компьютерге енгізіп, нәтиже алу кезінде теория мен практика тығыз бірлікте болады. Компьютерлік ортада жұмыс істеу тек практикада жүзеге асырылады, өйткені теориялық сабақта оны алдын-ала болжау қиын. Практикада қолданыс таппаған, өмірмен байланысы жоқ білімді оқушылар нашар меңгереді.
-
2. Дидактикалық принципті сабақта қолдану
-
-
2.1. Оқу – рольдік ойындар
Ойынның дидактикалық мақсаты – оқушылардың программалар мен құрылғылар жұмысын ЭЕМ – нің жағғдайына енуі арқылы компьютерлік білімін, іскерлігін және дағдысын дамыту. Қазіргі уақытта компьютерлік ойындардың түрлері көп. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, АҚШ – тың “Interactive Diqital Soltware Association” (IDSA) – нің мамандары үйінде компьютерлері бар 1500 американдық жанұяға сауалнама жүргізген. Нәтижесінде, американдықтар жанұяға сауалнама жүргізген. Нәтижесіне, американдықтар 2\3 бөлігі компьютеерлік ойындарды бос уақытты өткізу үшін «өте керемет» деп бағалаған. Оның үстіне олар бұл ойындарды теледидарға қарағанда пайдалы деп есептеген. Сонымен ойынды қолданушыларға жүргізілген зерттеу барысына мұқият қарасақ мынадай қызықты жәйттерді айтуға болады.
Соңғы кезде қолданушылар үйіндегі компьютерлеріне әртүрлі мақсаттағы программаларға қарағанда ойындарды көбірек жазады. Ойын программалары жасқа, жынысқа, мамандыққа қарамай күннен – күнге адамдардың көп бөлігін өзіне тартуда. Мысалы, ойыншылардың ішінде 40% -і әйелдер, оның 43%- і 18- 35 жас аралығында және 19,7% - і 36 жастан үлкендер. Ойын түрлеріне қарай 1-ші орында «жүгіргіштер, атқыштар» ойыны; 2- ші орында «басқатырғыштар» оқыту бағдарламалары; 3- ші орында спрот және т.б. танымдық ойындарының орын алатыны байқалады.
Оқу процесінде жоғарыда аталған ойын түрлерін емес, сұхбаттық, оқу – рольді ойындарын қолданған тиімді. Бұл ойындар оқушының «өзінің» және «басқаның» әрекетін бақылап, берілгендерді талдау қабілетін дамытумен бірге, пәнге деген қызығушылығын арттырады, ынтымақтастық жағдайында жұмыла жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде оқушы басты рольді «өзі» ойнайды немесе «басқа» оқушының ойынын бақылайды. Ойын барысындағы рольдерінің ауысуы ұжымдағы жеке оқушылардың қарым – қатынасына оң әсерін тигізеді. Бұл кезде мұғалімнің қызметі ең қиын рольді өзі орындауы немесе олардың дұрыс орындалуын бақылауы кезінде көрініс табады.
Сондай – ақ оқушылар а) ойынның ережелер мен мақсатын ауызша, сөзбен түсіндіру; ә) сыныптағы оқушылардың рольдік әрекеттерін бақылау; б) рольдік ойындарды орындауға иәрекет жасау арқылыы өзіндік ой қорыта алады өз пікірін тұжырымдап айтуға үйренеді.
Ойын барысында қалыптасқан білім практикалық түрде игеріледі және ойын нәтижесі алдын – ала белгілі болып, оқушылардың өзіндік бағыт алуына көмектеседі.
Оқушылардың белсенділігі олардың ойынға қызығу деңгейіне байланысты байқалады. Бұл кезде «актерлердің» рольдерді дұрыс орындауын байқап отыру «көрермендердің» жоғары белсенділікті талап етеді. Көбінесе, мұндай ойындарға оқушылар толық қатысады.
-
2.2. Оқыту технологиясы
Дидатиканың «нені оқытамыз?», «не үшін оқытамыз?», «қалай оқытамыз?» дәстүрлі сұрақтарымен бірге «қалай тиімді оқтуға болады?» - деген сұрақ бүгінгі уақыт талабынан туындап отыр. Осы талапқа байланысты қазіргі кезде «педагогикалық технология», оқу процесін «технологияландыру» мәселеріне тоқталайық.
Түсіндірме сөздіктің авторы В. Даль: «технология – техника туралы ғылым. Техника дегеніміз шығармашылық білім, білік, машық және оларды іс – тәжірибеде пайдалану» - деген түсініктеме берген. «Технология», «оқыту технологиясы», ұғымдары дәстүрлі педагогикада толық қалыптаспағанымен, бұл ұғымдар оқыту процесінде жаңа ұғымдар ретінде қарастырылмайды. Оның себебі, «технология» өндірісте қолданылатын шикізаттарды өңдеу тәсілдері мен өндірілген өнімнің сапалы дайындалуы, т.б. техникалық өңдеу тәсілдерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық көзқарас бойынша «технология» ұғымы – дәстүрлі оқыту оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог – ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте – бірте «педагогикалық технологияны» оқыту процесінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық процестер мен оқыту формаларын ұйымдастыруда оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа педагогикалық информациялық технологияларға негіздеу жайлы мәселелер қозғала бастады.
«Педагогикалық технология» ұғымының қолданысқа енуіне байланысты педагогикада екі бағыт пайда болды. Оның біріншісі оқу процесінің барлық саласына техникалық құралдарды пайдалануға бағытталған. Бұл бағытты кейде «білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды. ЮНЕСКО құжаттарында «оқыту технологиясы» жалпы оқыт және білім қабылдау процесін жасаудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады. Оның мақсаты техникалық ресурстарды, адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім беру түрлерінің тиімділігін арттыру.
Бастапқыда «оқыту технологиясы» ұғымы оқытудың техникалық құралдарын және программалап оқытудың әдістерін пайдалануға байланысты анықталады. Компьютерлер мен информатиканың ғылым ретінде дамуына байланысты «оқыту технологиясы» ұғымының ауқымы кеңейіп, оның мазмұны жүйелік талдау және оқыту процесін жобалауға байланысты толықтырылды. Технологияларға жақын оқыту әдістемесі және оқыту әдістері деген ұғымдар оқу процесінің бр ғана сипаттамасын білдіреді. Сондықтан «оқыту технологиясы» оқу жоспарында көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру әдісі, алға қойылған мақсаттармен ең тиімді жолмен жетуді қамтамасыз ететін түрі, әдістері және құралдары жүйесі ретінде беріледі.
Екіншісі, оқу процесін өзін технологияландыру, оны «оқытуды технологияландыру» немесе «педагогикалық технология» деп атайды. Осы екінші мәселе оқыту процестерінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп, оның біріңғай тиімді жүйесі құруды, оқу және оқыту функцияларын толық қамтамасыз ету жағдайларына байланысты педагогикалық зерттеу нысанына айналып отыр. Мұнда
-
оқытудың мазмұнына;
-
мұғалімнің іс - әрекетіне;
-
оқушының даму деңгейіне;
-
оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған.
Қазіргі уақытта оқыту әдістерінің 50-ге жуық түрі мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болған оқыту әдістеріне:
-
дамыта оқыту;
-
проблемалап оқыту;
-
программалап оқыту;
-
ойлау әрекетін кезеңдеп қалыптастыру;
-
танымдық қызығушылықты дамыту теориясы;
-
дидактикалық бірліктерді ірілендіру;
-
қарқынды оқытудың әдістемелік жүйесі;
-
адамгершілік педагогикасы;
-
білімді «толық игеру» технологиясы;
-
оқу процесіне компьютерді қолдану;
-
мазмұнды жалпылау теориясы;
-
оқытуды оңтайландыру;
-
оқу әрекетін белсендіру теориясы;
-
бейімдеп оқыту;
Білім берудің қазіргі технологияларына: а) оқу – информация жүйесіҢ ә) шығармашылық тапсырмалар жүйесі; б) модельдеу жүйесі; т.б. Осы бағытта ғалымдар білім беруді технологяландыру моделін жасауда ескерілуі тиіс келесі шарттарды ұсынады:
-
Тұжырымы, яғни қандай да бір ғылыми тұжырымға сүйенетіндігі немесе негізделгені.
-
Жүйелілігі, яғни оқу процесіндегі барлық бөліктердің өзара байланыстылығы.
-
Басқарылуы, яғни мақсат жору, оқыту процесін жобалау, т.б.
-
Тиімділігі, яғни соңғы нәтижесін оқыту стандартына сәйкес кепілділігі немесе жемісті болуы.
-
Қабылдауы, яғни оқушының қаабылдау мүмкіндігін ескеруі.
Зерттеулер барысы бұл екі мәселенің негізгі айырмашылығы – технологияның әмбебептылығы, яғни барлық жағдайлар үшін қолданысқа ие болатыны, ал әдістеменің жеке, дербес жағдайлар үшін тиімді екенін көрсетті.
Білім саласын технологияландыру жөніндегі ғылыми – зерттеу жұмыстарының бағыттарына тоқтала кетейік. Мымалы, п.ғ.д. В. Гузеевтің пікірінше, 1) дидактикалық бірліктерді ірілендіру; 2) білімді дифференциялдау мен оқытуды жоспарлау; 3) білім беру технологияларын психологияландыру; 4) білім беру салаларын компьютерлендіру мәселелерін бірлестіре қарастырған тиімді.
Ал, профессор О. Епишевтің зерттеулерінде, оқытуды технологияландырудың жалпы белгілеріі тұжырымдалады және дәстүрлі оқыту әдістерінен айырмашылықтары келесі түрде қарастырылады:
-
Оқу әрекетінің теориясы – барлық технологияның психологиялық негізі. Мұндағы оқу таным әрекеттерінде (қабылдау, сезіну, есте сақтау, қолдану, жалпылау, жүйелеу, т.б.) алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалімнің әрекеті мен оқушының әрекетіне жеке көңіл бөлудің қажеттілігі баяндалады. Яғни, оқушы «өзіі» оқуға әрекет жасауы керек, ал мұғалім оқу процесін оқушының «өзі» оқуына жеткізу бағытында ұйымдастыруы тиіс.
-
Оқу процесінде тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту технологиясы деңгейлеп оқытуды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
-
Оқу материалының мазмұнын оқушы өз бетінше игеру үшін оқу әрекетін неғұрлым тиімді ұйымдастырудың жолдарын қарастыру керек. Яғни, дидактикалық модульдер, блоктар мен циклдар құрамына игерілетін оқу материалының мазмұны, мақсаты, үйрену деңгейі, әрекет тәсілдері, бақылау, бағалау және т.б. енуі тиіс. Түйіндеп айтқанда, оқушылар үшін дидактикалық материалдар «технологиялық карта» түрінде берілгені дұрыс.
-
Негізгі дидактикалық принциптер мен оқту - әдістерін түсіндіру, бақылау мен нәтижені бағалау, оқуға деген оқушының ынтасын арттыру мақсатында оқушыларға бағыт бағдар беру керек.
-
Оқу сабақтарының барысын ұйымдастыруда алдын – ала дайындаған оқу материалдпры бойынша өзіндік жұмыстармен қамтамасыз ету ескерілуі тиіс. Мұнда дәстүрлі сынып – сабақ жүйесі және оқытудың жаппай әдістері мен оқу әрекеті өзгергенімен жеке, ұжымдық оқыту, топтап оқыту, пікірлесу секілді оқыту түрлерін пайдалануға болады.
-
Білімді игеру мен әрекет тәсілдерінің үш түрі:
а) ену – оқушылардың білімді игеруге дайындығы;
ә) ағымдық және аралық бақылау - әрбір оқу элементінен кейін игерілген материалдар мен оқушылардың білім деңгейінайқындау мақсатында бақылау, өзара бақылау, өзін - өзі бақылау жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс;
б) қорытынды бағалау.
7. Білімді игеру деңгейі мен әрекет тәсілін бақылау кезінде дәстүрлі бақылау жұмыстары (олардың әртүрлі сипатта болуы ескеріледі) алынады. Тестік бақылау жүргізіледі және бағалаудың рейтингтік жүйесі де қолданылады. Мұнда оқытудың жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруды көздейді.
Қазіргі кезде жалпы дидиктикалық технологияларының бір – бірінен айырмашылығы оқу және оқыту процесін ұйымдастырудың әдістері мен құралдарына байланысты оқыту жүйесінің әдістемелік кешенін анықтаудан байқалады.
Екіншіден, дәстүрлі оқыту процесінің өзіне тән «дәстүрлі оқыту технологиясы» бар, олар оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу кезінде қолданылатын әдістер мен құралдар арқылы айқындалады. Оқыту технологиясы бір жағынан оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсаты тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту процесіне қажетті информациялық, техникалық құралдарын пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістері туралы ғылым.
Оқыту мазмұны оқушыларға берілетін оқу ақпаратының құрамы, құрылымы және мазмұны ретінде, кәсіби және оқу іскерліктері мен дағдыларын, кәсіби іс - әрекетінің бастапқы тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін есептер, тапсырмаалар және жаттығулар кешені ретінде құрастырылады.
Оқыту әдістері дегеніміз оқушылардың оқу процесі кезінде білім, дағды, біліктер алуына, оларды тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған оқушы мен мұғалімнің өзара бірлескен іс - әрекетінің түрлері.
Демек, педагогикалық технология – педагогикалық әрекеттерді дидактикалық ғылыми - әдістемелік, іс – тәжірибелік негізінде, нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастырудың моделі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың принциптерін нақтылайды және толықтырады. Өзінің негізгі категорияларының жан-жақтылығына сәйкес басқа дербес әдістемелермен өзара тығыз байланыста болып, осы байланыстар арқылы мектептегі басқа пәндермен біртұтас даму бағытын ұстанады.
Мұның екінші жағы бар, ол — информатиканың өзін оқудағы теория мен практиканың байланысы. Мұнда теория мен практиканың ғылыми категориялары мең "оқушы" және "мұғалімнің" іс-әрекетінің түрлерінде таңқаларлық ұқсастық байқалады. Шын, мәнінде, теория тәжірибенің нәтижесін болжайды немесе түсіндіреді" (компыотердегі алгоритмнің орындалуы), ал - практика (компьютердегі жұмыс) теорияны және гипотезаны тексеру құралы қызметін атқарады, мысалы, программаның немесе компьютерлік ортаның қызметі жайлы. Іс-әрекеттің бұл екі, түрі оқушының ойлау деңгейінде тығыз байланыста болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ