Курстық жұмыс "Информатика"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Курстық жұмыс "Информатика"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикада оқу пәнін оқытуға қойылатын біріңғай талаптар жиынтығы дидактикалық принциптер тағайындалған. Бұл принциптер оқыту заңдылықтарына негізделген. Оқыту заңдылықтары оқыту теориясына және практикалық, педагогикалық іс – тәжірибелерге теориялық негіз болады. Принциптерді тағайындауға білім және тәрбие беру мақсаттары, қоршаған орта жағдайы, ғылымның даму деңгейі, қоғамда қалыптасқан оқыту түрлері мен құралдарының сипаты, оқыту тәжірибесі негіз болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі

Сейтова Гүлзада Пернебекқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» атты мысал өлеңі туралы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, ақын портреті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. А.Сейдімбек өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.

2. «Толағай»мен «Әйел-Ана » ертегілерін салыстыру

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Мысал өлеңдер деген не?

2. Мысал өлеңдердің басқа өлеңдерден қандай айырмашылығы бар?

3.Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру


V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Мысал өлең туралы түсінік

Мысалда аңдар, құстар хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндщіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И.А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдарды аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.


2. Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығына тоқталу

3. Мысал өлеңді мәнерлеп оқу

Суретпен жұмыс:

Өгіз бен бақаның суретін көрсету.

Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.

Мысалды мәнерлеп оқу.

Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.

Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.

Көрсеқызар бақа.

Бақаның қарнын керуі.

Бақаның жарылып өлуі.

Әлін білмеген әлек.


VІ. Сабақты бекіту:

Сұрақ жауап

Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?

Мысалдағы негізгі ойды беру үшін ақын қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланған? Мысалдан үзінді ала отырып дәлелдеу.



VІІ. Сабақты қорыту:

Оқулықпен жұмыс.

Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал

өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі