Этномемлекеттік шекараларының
өсуі
[өңдеу | қайнарын
өңдеу]
Хандықтың шекарасы
батыста Жайыққа,
оңтүстік-батыста Сырдың оң
жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты.
Оған Сыр
бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым
ханның қол астындағы қазақтардың жайлау
қоныстары Ұлытаудан асты.
Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі
(Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері)
қарады.
Бастапқы
кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік
және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы
болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін
қазақ хандығының
астанаcы Түркістан
қаласы болды.
Қазақ хандығы
Түркістандағы Ақ
сарайда отырып
билік
жүргізген.
Қазақ
хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып,
сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі
табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір
сүрген Орта Азия
хандарымен, Еділ бойындағы елдермен,
батыс Сібір
хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда
және дипломатиялық қатынас
орнатты.
Қазақ
хандығының негізін қалаушы
Жәнібек, Керей, Бұрындық
хандар – Ақ
Орданың атақты
ханы Ұрыс
ханның мұрагерлері, Алтын
Орда мен Ақ
Орданың 200 жыл ел
билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес
тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан
мемлекет қайраткері
болды.
Қазақ
хандығы
алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас
орнатып, Әбілқайыр
ханның Жетісуға төндірген қаупіне және
ойратжоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы
күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның
мұрагері Шаих Хайдарды
жеңді.
Қазақ
хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас
жасап, батыс Европаға
танылды.
Ұлы князь
Василий
III тұсында
(1505-1533) Мәскеу князьдығымен дипломатиялық байланыс
орнатты.
Қасым
хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды»
жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан
әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман
елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан
өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол
үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа
жолы» деп аталды. Әйгілі
тарихшы Мұхаммед
Хайдар
Дулати Тарихи
Рашиди кітабінда:
«Қазақ
ханы мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім
болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен
феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай
қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары
хандықты әлсіретуге әкеп
соқты.
Өзара тартыс
кезінде Қасым ханның ұлы және
мұрагері Мамаш
хан қаза
тапты.
XVI ғ. – II
жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның
баласы Хақназар
хан (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін
қосты.
Ол 42 жыл
биледі. Хақназар
хан –
таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш
жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы
бытыраңқылықты қайта қалпына
келтірді.
Ол билік
құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл
кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін
кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын
Россияға бағындырды. Осыған
байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген
Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның
арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл
халық бұқарасын
күйзелтті.
Хақназар
тұсында Қазақ хандығының
күшеюі Ноғай
ордасындағы қазақ
тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды.Қосылуға
қарсылық танытқан ноғайларды күшпен бағындырды.Ол туралы 1569 жылы
ноғай бектерінің Ресей патшалығына жеткізген шағымдарынан білуге
болады.
Хақназар хан
қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның
баласы Жәнібек
ханның немересі Шығай (1580-1582) хан
болды.
Ол билік
құрған кезінде Хақназарды
өлтірген Бұхар ханы
Абдолла II (1557-98)
тұсында Ташкент маңын
билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш
алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс
болды.[2]
Шығай ханның
орнына
отырған Тәуекел
хан (1586-1598)
тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында
дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ
хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы
одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді.
Тәуекел
хан Орта
Азияның сауда
орталықтарына шығу үшін белсене
күресті.
1583 жылы ол
бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы
қалаларды
алып, Ташкент, Андижано, Акси, Самарқанд сияқты
қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған
кезде Тәуекел хан жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594
жылы Мәскеуге достық қарым-қатынас орнату
мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін
жіберді.Ресейлік дереккөздеріне сүйенетін болсақ Құлмұхаммед
бастаған елшілік Мәскеудегі парсы елшісімен кездесуге
тырысты.Нәтижесінде мақсатына жетті.Кейіннен "Дәруіш
Мұхаммед"есімді парсы елшісі Құлмұхаммедпен бірге Қазақ ордасына
келуі болды.Сонымен қоса Құлмұхаммедте парсы шах бірінші Аббасқа
өзінің адамын жібергенінде Ресейлік архивтік деректер растап
отыр.Осы алыс-берістіктің басты жемісі Бұхар хандығына қарсы
құрылған Қазақ-Сефевид одағы болды.Өкінішке орай бұл одақтың
құрылуы ресми түрде қағаз бетіне түспеді.Алайда Тәуекел ханның
Мәуереннахрға жасаған жорығында Парсы шахыда қалыспай Бұхар
хандығының тылына Үлкен Хорасанға қазақтармен бір мезгілде басып
кірген болатын.Осыдан-ақ парсы шахы мен қазақ хандарының ортақ
жауға қарсы біріккенін біле
аламыз.
Одан соң
хандыққа Есім
хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол
1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, шарт бойынша өзбектер
бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ
хандығына ресми берілді.Сол сәттен бастап Ташкент 19 ғасырдың
бастауына дейін Қазақ хандығының құрамында 2 ғасырдай
болды.
Есім хан
қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді.
Есім ханның бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын
бөлшектеуге
тырысты.
Ташкент
қаласы қазақ хандығына қараған соң,
оны Жәнібек
ханның немересі, Жалым
сұлтанның баласы Тұрсын
Мұхаммед сұлтан
басқарған
еді.
Екеуінің
арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып
бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн
төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни
патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім
хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп
атады.
Ол ел
арасында Еңсегей бойлы
– Ер Есім деген атпен белгілі болды. XVI ғасырда қазақ хандығы
солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен ) шектесті.
1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылғы
күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына
көшті.
Сібір
хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар
тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі
халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл және
Тура өзендерінің орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің
алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір тайпалары» деген атпен
белгілі.
1628 жылы
Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы
үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық
арасында оны
«Салқам
Жәңгір» деп
атаған.
Оның тұсында
ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі еді.
Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара
хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы
күресті.
“Қазақ-ойрат” қарулы күресінің тууына мынадай
жағдайлар себеп болған
еді.
Біріншіден
көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері үшін
көшіп-қонатын жерді кеңейту керек
болды;
Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда
орталықтарын басып алғысы
келді.
Жәңгір
хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш
ірі шайқас – біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж.
болған.
1643 жылы
екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр
Қонтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады.
Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен
аттанады.
Жәңгір хан
екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі
екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып
алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде
Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты
жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге
жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс
батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады.
Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ
даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза
табады.
“Ж.Қаипов атындағы орта мектеп”
КММ
Кусаинов Турсунжан
Тургунбаевич