жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Лақтыру.секіру және жүгіру дағдылары
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақ тақырыбы: Лақтыру, секіру және жүгіру дағдылары. |
Мектеп: Көктүбек орта мектебі |
||||||
|
Күні: 28,02,2021ж |
Мұғалімнің аты-жөні:Тулеуханов Еламан Тулеуханұлы |
||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқаны: |
Қатыспағаны: |
|||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
2.1.2.2.Өз бетінше байланыстыруды үйреніп,негізгі қозғалыс машықтарын түсінеді және жақсартады. |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||||||
|
Лақтыру,секіру және жүгіру жаттығуларының тәртібін орындайды. |
|||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||||||
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру жаттығуларын біледі. |
|||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||||
|
150 гр кіші допты оқу бағдарламасына сәйкес үздік нәтиже көрсетеді. |
|||||||
|
Тілдік мақсат |
Лақтыру,секіру және жүгіру жаттығуларының барысында дағдыларын пайдаланады. |
||||||
|
Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: |
|||||||
|
Сәлеметсізбе-здравствуйте-hello;сау болыңдар-досвидания-good-bye;ысқырық-свисток-whistle;уақыт өлшегіш-секундомер-timewach;өлшегіш-метровка-metering;жалауша-флажок-flag. |
|||||||
|
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: |
|||||||
|
Жүгіру және секіру жаттығуларын орындау барысында оқушылар бір – бірінен сұрайды, қарым – қатынаста болады. |
|||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||||
|
150 гр допты лақтыру барысында қандай дене қасиеттерін дамытады? |
|||||||
|
Не себепті .....деп ойлайсыз? 150 гр допты лақтыру күш,ептілік,жылдамдық қасиеттерін дамытады. |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
40 минут |
||||||
|
Ишара-мадақтау,бармақпен бағалау,алғыс айту,тірек қимыл жаттығуларын дамыту. |
|||||||
|
Алдыңғы оқу |
Таңғы жаттығулар жиынтығы. |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||
|
Басы 15/ |
Оқушыларды сапқа тұрғызу,мәлімет алу,түгелдеу. Жаңа сабақ тақырыбымен,мақсатымен таныстыру. -Саптағы жаттығулар(оңға,солға,кері бұрылу.) -Жүру жаттығулары: -Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру. -қолды мықынға қойып өкшемен жүру. -қолды алға созып жартылай отырып жүру. -секріу,жүгіру жаттығулары: -алға бір қалыпты жүгіру. -оң және сол қапталмен жүгіру: 1. кері қарап жүгіру; (сол жақбетке қарап) 2. тізені көтере,секіріп жүгіру;(қолды алға ұстау) 3. Аяқты артқа тастау (қол жамбаста) жалпы дамыту жаттығуларын шеңберде оры Жалпы дамыту жаттығулары: Шеңберде орындау. 1) Б.Қ.-Н.Т.1-екі қолды жоғары көтеріп керілеміз, оң аяқты артқа беріп аяқтың ұшына қоямыз. 2- Б.Қ. 3 - екі қолды жоғары көтеріп керіліп , сол аяқты артқа беріп аяқтың ұшына қоямыз. 4 - Б.Қ. 2) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде , қолдар белде. 1-4 – басымызды оң жаққа айналдырамыз , 5-8 солжаққа айналдырамыз. 3) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қолдар жоғарыда. 1-4 – қолдарды алға айналдырамыз, 5-8 – қолдарды артқа айналдырамыз. 4) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде , қол белде. 1-4 – денені оңға айналдыру, 5-8 – денені сол жаққа айналдыру. 5) Б.Қ. – аяқты алшақ қойып, қолдарды алға созамыз. 1- оң аяққа қарай отырамыз, 2 – Б.Қ. 3 – сол аяққа отыру, 4 – Б.Қ. 6) Б.Қ.-Н.Т.– 1-4 – оң аяқпен орнында секіру, 5-8- сол аяқпен секіру, 9-12- қос аяқпен секіру. |
Спорт алаңы, Ысқырық Жалаушы Уақыт өлшеуіш 150 гр доп
|
|||||
|
Ортасы 20/ |
1.Жеңіл атлетика,спорттың ең көп тараған түрі.Оған әртүрлі қашықтыққа жүгіру мен жүру,ұзындық пен биіктікке секіру,спорт снарядтарды лақтыруЖеңіл атлетика жарыстары ашық және жабық алаңда өтетін жеке,командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика фидерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. 150 гр допты алысқа лақтыру әдістері; -Лақтыру бағытында қарап тұрып,кіші допты лақтыру: -Осы жаттығуды оңға жартылай бұрылып тұрып орындау: -Осы жаттығуды лақтыру бағытына бүйірінқаратып тұрып орындау: Бір орыннан ұз.секіру әдістері; -Бір орында тұрып секірген кезде аяқты тіреп итерілу үшін қолайлы орынды қамтамасыз ету керек.Аяқты нық деңгейінде орналастыру. -қолды алға,артқа серпілу; -бар пәрменмен алға қарай секіру -секіріп түскендегі жағдайды дұрыс қалыптастыру. Сөреге отыру,тұру, -Сөреге отыру; -Төменгі сөреден жүгіріп шыққаннан кейін адымды кең ашып жылдамдықты да арттыра беру керек.Мәреге жақындағанда жоғары жылдамдықты сақтай отырып денені алға қарай еңкейтіп,сөре сызығынан жүгіріп өту Оқушыларды екі топқа бөліп эстафеталық ойын ойнату: 1.Оқушыларды кедергілер арасымен жүгірту. 2.Оқушыларды жұмсақ доппен жүгірту. |
АКТ бейне таспа Ноутбук Секіруге арналған орын Күрек,тырма,
|
|||||
|
Соңы: 5/ |
-Демді,дене бұлшық еттерін қалыпқа келтіретін жаттығулар жасау. Оқушыларды қайта сапқа тұрғызу. -Сабаққа қорытынды жасау.Бағалау,қоштасу. |
Ысқырық,журнал.
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
|||||
|
Лақтыру, секіру және жүгіру жаттығуларды түрлендіремін |
|
Қазақ тілі,орыс,тілі. ағылшын тілі, математика, тарих, өзін – өзі тану пәні. АКТ |
|||||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ мақсаты мен міндеті орындалады. Бүгін оқушылар лақтыру,секіру жүгіру жаттығуларын үйренді. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Жоспарланған саралау іске асты,жаттығу түрлері тақырыпқа сәйкес келді. Уақытты тиімді пайдаландым. АКТ пайдаландым,лақтыру,секіру,жүгіру бейне таспа арқылы тиімділігін көрсетті. |
||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты) 1.Бейне таспа көрсету тиімділігі өте жоғары деңгейде болды. 2. Әр оқушынымен жеке дене қабілетіне қарай жұмыс жүргізу жаттығу жасау сапасын арттырды. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Жоғары сынып оқушысы спорт үздігі Мұхамеджанұлы Ернармен кездесу өткізілгенде. 2.Құрал-сайманның көп болуы ықпалын тигізер еді. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1.Оқушыларды топқа бөлу арқылы уақытты үнемдеуді білдім. 2.Ұзындыққа секіру орнын пайдалануы тиімді,себебі құм үстінде секірген қауіпсіздік ережесіне сәйкес келеді. |
|||||||
шағым қалдыра аласыз











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген