Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Латын әләпбиі-заман талабы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: «Латын әліпбиі – жаңа Қазақстанның жаңа талабы»
Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы мәлімет беру; болашақтың тірегі жастардың көзқарасын білу; қоғамның болашағы жастардың қолында екенін ұғындыру; жаңалықты жатсынбай қабылдайтын еркін көзқарасты патриот ұрпақ тәрбиелеу;
Қатысушылар : 10-11 сынып оқушылары.
Өткізілу формасы: Ғылыми конференция
Ұйымдастыру кезеңі : Психологиялық ахуал. Жастарды жігерлендіру мақсатында ән тыңдау. Өмірқұл Айниязов пен Роза Әлқожаның орындауындғы «Жырласа, жастар жырласын!» әнін экраннан көрсету. http://www.youtube.com/watch?v=FBs8KO_rg7Q осы сілтеме арқылы көруге болады.
Топқа бөлу. Үш тақырып арқылы топқа бөлу.
І топ .Кеше
ІІ топ. Бүгін
ІІІ топ . Ертең
Жүргізуші сөзі. Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. БІз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Әрине, бұл ұлт болып шешетін мәселе. Сол ұлттың тірегі-жастар екенін ұмытпауымыз керек. Мағжан Жұмабаев ағамыз айтпақшы, «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!» сол сенген жастарымыздың осы мәселе жөнінде пікірлері қандай , көзқарастары қай бағытта екенін білу мақсатында осы конференцияны ұйымдастырып отырмыз. Ендеше, бүгін біз осы мәселе туралы көптеген мәліметтер аламыз деп ойлаймын. Жастарға «Іске сәт» дей келе, бүгінгі конференциямызды бастаймыз.
1.Топ мүшелерімен өздері таныстырады.
І топ. «Кеше» тобы өз ұрандарын сол жерде ақылдасып, айтады.
«Тарихын білмеген түп атасын танымас» , «Өткенінен бас тартқан адамның болашағы болуы мүмкін емес»
Бұл топ тарихқа көз жүгіртіп, латын әліпбиінің өткен жағдайын анықтайды. Дәлелдер келтіреді. Постер қорғайды.
ІІ топ «Бүгін» тобы. «Болашақ бүгіннен басталады» , «Бүгінгі күн болашақтың сұлбасы»
Бұл топ Латын тілінің бүгінгі күндегі мәселесін анықтайды. Қандай бастамалар қолға алынды. Көзқарастарын білдіріп, дәлелдейді.
ІІІ топ «Ертең» тобы. «Мен қалаған болашақ», «Жарқын болашақ кепілі-тіл»
Бұл топ арада 10-15 жыл өткедегі Қазақстан жағдайына болжам жасайды. Дәлелдер келтіреді. Постер қорғайды.
Топтарға зерттеу жүргізу үшін 15 минут уақыт беріледі. Қажетті ресурстармен қамтамасыз етіледі. Қажетті ақпаратты интернет көзінен алады.
Зерттеудің 6 қадамын негізге алады.
Зерттеудің алты қадамы
1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?
2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Маған кім көмектесе алады?
3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді болып табылады?
4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба? Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?
5. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыруды сұрады? Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тіл табысқышпын ба?
6. Соңғы өнімді бағамдау: Мен бірдемені қалдырып кеттім бе? Менің жұмысымның мəні бар ма? Мен орфографиялық жəне грамматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтаныш сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?
2.Топ мүшелері зерттеу жұмысын жасап жатқанда көрермендерге үлестірмелі парақшалар таратылады. Сол берілген ақпаратпен жазбаша жұмыс жасайды.
Мақсаты: Көрермен пікірін білу, басқа ойлардан көңілін алшақтату, уақытты тиімді пайдалану;
«ПОПС формуласы» арқылы кері байланыс жүргізіледі.
Үлгі: «Екі жақты күнделік» әдісі
Латыншаңыз қалай?
-
-
Қазақша
Латынша
Мектеп
Мұғалім
Оқушы
Қалам
Дәптер
Күнделік
-
Кері байланыс: «ПОПС формуласы»
«Менің ойымша,.............
«Себебі,.......................
«Мен оны мына мысалдармен дәлелдеймін, ............................
«Мен мынадай қорытындыға келдім,..........................
3. Конференцияның шешуші кезеңі. «Постер» қорғау. Бұл кезеңде оқушылар өздері берілген тапсырма бойынша жасаған жұмыстарын дәлелдейді, өз көзқарастарын білдіреді, өздері түйін жасайды.
4. Қорытынды. Жүргізуші сөзі.
Жастық-арман. Бұл сенім. Бұл-ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл-болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл-болашақ атаулының бастауы. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі келешегі жастарға тікелей байланысты. Алдыңғы буын ағалар айтқанмен, сол істі жүзеге асырар сіздерсіздер, еліміздің болашақ ұландары. Ендеше, бүгінгі конференциядан сіздер көп ақпарат алды деген ойдамын . Жаңалықты жатсынбай жаңаша қабылдай алатын жастар көп болса, халқымыздың болашағы жарқын болатынына сенімім мол. Сөз соңын түрік ақыны Назым Хикметтің бір шумақ өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ?! Иә, жастар қозғаушы күш. Жастар-елдің ертеңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі-жарқын болашақ кепілі. Бүгінгі, ұйымдастырылған конференция өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.
Дайындаған:
Қарағанды облысы,
Шет ауданы, Өспен ауылы,
Сәкен жалпы орта білім беру
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі.