Материалдар / Латын әліпбиі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Латын әліпбиі

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиінің шығу тарихы, зерттелуі, әріптердің дыбысталуы туралы, таңбалану ерекшеліктері туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Тамыз 2021
213
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын графикасы - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде « Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым деңгейлік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасына әліпбиін қолданып келеді.

Ең алдымен, «Ахмет Байтұрсынов кім еді?» дегенді қазіргі халқымыз жақсы біледі, дегенмен тағы бір еске алып қайталасақ, үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қоғамының саяси, мәдени өміріндегі орны айрықша ірі тұлға - Ахмет Байтұрсынов , алдымен халқының өз тұсындағы рухани көсемі, өз сөзімен айтқанда, «адалдықтың тұқымын себуші» парасатты перзенті деп танылады. Өз кезеңдегі алты миллион қазаққа ұлттық жазу жасап берген реформатор; қазақ балаларының ана тілдерінде оқуына күш салған қоғам қайраткері; ұлттық мектептерде балалардың өз тілінде сауатын аштыратын «Әліпбилердің», әрі қарай оқытатын оқулықтардың авторы; ұлттық ғылым саласы қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы лингвист, ана тілін оқыту әдістемесін жаңа сипатта ұсынушы жаңашыл педагог, қазақ әдебиеттану теориясын тұңғыш рет ұсынушы филолог ғалым. Міне, бұл жобада А.Байтұрсыновтың осындай көп қырларының біріне ұлттық жазу мен оқуағарту ісіндегі тарихта теңдесі жоқ қызметіне оқырман назарын аудартамыз.

1929 жылы «жаңа дәуірдің», «советтік мәдениеттің», қысқасы, коммунистік саясаттың тепкінімен латын жазуына алмастырылған қазақ әліпбиінің тарихы қалың жұртшылыққа аян. Ол әліпбиінде араб таңбаларын пайдаланған, бірақ араб жазуы емес, ұлттық қазақ жазуы болатын. Кезінде мұны өзге түркі халықтарының, орыстың білімпаздары мен қазақ қауымы «Байтұрсынов жазуы» деп атаған еді, ал Ахмет Байтұрсынов өзі мұны «Қазақ жазуы» деді. «Қазақ жазуы» деуінің орны бар. Себебі бұл әліпбидің негізі араб таңбалары болғанымен, ол «араб жазуы» деп атала алмайды, өйткені қазақтың жазба дүниесіне арналған бұл алфавит қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріліп, жаңаша түзілген, яғни қазақ тілінде жоқ дыбыстардың таңбалары шығарылып тасталған, ал араб алфавитінде жоқ кейбір таңбалар қосылған мүлде жаңа әліпби болды. Демек, көрсетілген екі атаудың екеуі де дұрыс еді: «Байтұрсынов жазуы» болып аталуы ғалымның осы әліпбиді түзеуде қазақ тіліне икемдеуде, оның дұрыстығын дәлелдеуде сіңірген қыруар еңбегін, « маңдай терін» бағалау болса, «қазақ жазуы» деп аталуымен оның ұлттық мәдениеттің көрсеткіші екендігі танылады. Ұлттың әліпбиді жасау қолдан келгенмен, бұған ғалымның білімтанымы жеткенімен, оның қажеттігін, жөнжосығын, дұрыстықтүзулігін дәлелдеу, өзгелерге түсіндіру сияқты қыруар шаруаны жасау біздің міндетіміз. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов ғалым, зерттеуші ретінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесімен оны таңбалайтын әріптер жайындағы пікірлерін 1912 жылдардан бастап «Айқап» сияқты журнал мен «Қазақ» сияқты газеттің беттерінде білдіре бастайды. Өзгелермен айтысады, өз жобасын ұсынады, оны түсіндіреді. Ең үлкен жаңалығы өз әліпбиіне «дәйекші» дегенді енгізені. Сөздің оң жақ шекесіне қойылатын дәйекші белгісі сол сөздің тұтас жіңішке оқылатындығын көрсетеді. Ал бұл алфавиті қазақ тілінің ерекшелігі болып саналатын үндестік заңдары сонгорманизм дегенге икемдеу амалы екенін көреміз. Мұндай икемдестіру өте қажет, өйткені қазақтың төл сөздері тұтасымен не жуан, не жіңішке дауысты дыбыстармен келетіндігін осы дәйекші арқылы көрсетуге болады. Дәйекші тұрса, сөз ішіндегі дауыстылар жіңішке болғаны. Сондықтан А.Байтұрсынов : «жіңішкелік үшін жалғыз ғана дәйекші белгі алып, 42 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады», дейді.

Байтұрсынов түзеген араб таңбалы қазақ жазуында әріптер саны аз, бірақ олар қазақ тілінің барлық дыбысын таңбалай алады. Мысалы, осы күнгі жазуымыздағы е,ө,і,ү сияқты төрт дыбысқа Байтұрсыновта таңба жоқ, олар не дәйекші арқылы, не сөз ішіндегі е,к,г сияқты жіңішке дыбыстарға қарап оқылады. Бұл да қазіргі біздерге жаңа графиканы таңдағанда ескеруге болатын амал сияқты. Жаңа әліппені алғанда қазақ тілінің үндестік заңы пайдаға асырылады. Өйткені қазақ әліпбесінің дауысты, дауыссыз дыбыстары, жуан, жіңішке болып екі түрлі айтылады. Әр дыбыстың жуан жіңішке түрлеріне дербес арнаулы әріп алынса, әліпбедегі таңба 48 шамасы болады. Үндестік заңын қолдансақ әліппедегі әріптеріміз 24 қана болады. Жіңішке сөз алдына дәйекше қойылады да, ол болмаған сөз жуан оқылады. Жаңа әліпбе әріптерінің түрі де, аталуы да жер жүзіне ортақ түрде және бір дыбысқа бір таңба ғана таңба алынғаны дұрыс.

Жобада дауыссыз «қ», «к»; «ғ», «г» дыбыстарына, дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына жеке-жеке таңба арналады, ал дауысты, жіңішке «ә» дыбысы арнайы таңба арқылы белгіленген.Сонымен әліпби жүйелерін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін таңбалар да алынады.

1.Әліпбидің артықшылығы

-бір дыбыс – бір әріп» принципі қатаң сақталды;

-Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;

-Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;

-ол асты белгілері жоқ.

2.Қабылданған әліпбидің кемшілігі

Кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбаған. Орыс тілінен енген сөздер бірнеше тұрпатта жазылды. Сондықтан 1938 жылы әліпби және емлеге бірнеше өзгерістер енгізіледі. Орыс тілінен енген сөздер түпнұсқалыққа негізделе бастайды

Меніңше, әліпби келесі талаптарға жауап беруі керек:

1.Әліпбиде таңбалар барынша аз болуы керек. Мүмкіндігінше ағылшын әліпбиіндегі 26 таңбаның аясында болып, оған қосымша таңбалар, әріптерге қосымша ноқат, құйрық және т.б. қосылмауы керек (мысалы, Ä, Ğ, Ö, Û, Ü, Ï, Ñ, ŋ, ň, Ģ, Ş т.б.). Бұл ағылшын клавиатурасында, қосымша ешқандай драйверлерсіз-ақ қазақ сөздерін тере беруге, ақпараттық технологияларда қазақ тілін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

2.Сөздің жазылуы ұзарып кетпеуі керек, керісінше, мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Бір дыбыс - бір әріп, бір дыбысты бірнеше әріппен таңбалауды болдырмау керек.

3.Әріптердің дыбысталуы қолданыстағы ағылшын/латын әліпбиіндегі бірдей әріптердің дыбысталуына жақын болуы. Яғни, дыбысты таңбалауға таңдалған әріптің ағылшындағы/латындағы дыбысталуы біздің дыбысқа жақынырақ болғаны дұрыс. Мысалы, біреулердің ұсынған нұсқасында Ө дыбысын V әрпімен таңбалайық депті, мұндайды болдырмау керек. Бұл қазақтың ағылшын тілін және басқалардың қазақ тілін үйренуін едәуір жеңілдетеді. Қазіргі азаматтар үшін ағылшын әріптері де, олардың дыбысталуына да біршама үйреншікті болып қалған десек, демек мұндай әліпбиді енгізу де біршама жеңіл болары сөзсіз.

Енді, осыларды ескере отырып әліпбидің жаңа нұсқасын жасап, таңбаларды азайту мүмкіндіктерін іздестіріп көрейік.

1.1.Қазақ тіліне мүлдем жат және алып тастауға ешкімнің таласы болмайтын дыбыстарды таңбалайтын әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ь, Ъ, Э. Бұларды алып тастасақ 42-ден 35 әріп қалады. Ал ащы, тұщы дегендегі Щ-ны қайтеміз? Щ-мен жазылатын қазақ сөздері санаулы, онда да олар шш болып оқылады, ендеше солай жазайық.

1.2.Қазақ тіліне жат болғанымен біраз сіңіп қалған әріптер (басқаша айтқанда алып тастау біраз талас туғызуы мүмкін әріптер). Бұлар В, Ф, Х, һ. Мұндағы В, Ф, Х әріптерін қалдыруды ұсынамын. Өйткені өл көптеген халықаралық терминдерді жазуға керек болады. Ал Һ әрпі қазіргі қазақ тілінде санаулы сөздерде жазылады, оны да х деп оқып, айтамыз және одан ол сөздердің мағынасына мүлдем нұқсан келіп отырған жоқ. Мысалы гауһар-гаухар, қаһарман-қахарман. Яғни Һ мен Х дыбыстарын бір таңбамен ғана белгілесек болады. Сонда әліпби тағы 1 әріпке қысқарып, 34 таңба қалады.

1.3. Әрқайсысы екі дыбысты таңбалайтын Ю және Я. Бұларды екі әріппен жазсақ болады (сәйкесінше и+у және и+а). Осылайша әліпбиді тағы 2 таңбаға қысқартамыз. Қалатыны 32 әріп.

1.4. И мен Й. Қайсысын жазсаң да қазақшада ол бірдей оқылады емес пе. Сондықтан бұларды бір ғана таңбамен жазсақ болады ғой.Сонда тағы бір таңба қысқарып, 31 әріп қалады.

1.5.Бір дауысты дыбыстың жуан және жіңішке нұсқаларын таңбалайтын таңбалар: А мен Ә; О мен Ө; Ұ мен Ү; Ы мен І . Егер төте жазудағыдай әрбір сәйкес жұпты бір таңбамен таңбаласақ және сөздің жіңішке оқылатынын білдіретін таңба ретінде сөз басында «’»(ағылшынның апострофы) таңбасын қойсақ (қазақ сөздерінің не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болатынын ескерсек) – тағы 4 таңба қысқарады. Яғни 27 әріп қалады.

Осы жерде айта кететін жайт, К, Г, Е әріптерімен жазылатын буындар/сөздер жіңішке болатындықтан, ол сөздердің басында ‘ таңбасын қоймауға да болады.

1.6. Ғ және Ң дыбыстарын таңбалау. Мұнда Г әрпінен соң «’»қойып, оны Ғ деп, ал Н әрпінен соң «’» қойып оны Ң деп оқысақ. Сонда Ғ және Ң дыбыстарына жеке таңба жасаудың қажеті жоқ болады, яғни әліпби тағы 2 таңбаға қысқарып, 25 ғана таңба қалады.

1.7. «’» таңбасының қолданылуы. Егер ол сөз басында жазылса, сөз буындары жіңішке оқылады. Басқа жағдайда ол тек Г әрпінен кейін қойылып, Ғ дыбысын береді немесе Н әрпінен кейін қойылып, Ң дыбысын береді. Басқа жағдайда сөз ортасында не соңында қолданылмайды.

2. Сөздің жазылуы ұзарып кетпеуі керек, керісінше, мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Бір дыбыс - бір әріп. Бір дыбысты бірнеше әріппен таңбалауды болдырмау керек.

2.1. Кейбіреулер ң дыбысын таңбалауға ng қос әрпін алуды ұсынады. Олай болса оқып көріңізші: таңғы – tanggi, түнгі – tungі. Ал мынаны қараңыз - eringe - ерінге ме, әлде еріңе ме? Сол сияқты Сәкенге/Сәкеңе, Көкенге/көкеңе, күнгі/күңі, келінге/келіңе, жеңгенге/жеңгеңе. Өз басым бұлай болғанын қаламас едім. Оның үстіне сөз бір таңбаға ұзарып кетеді.

2.2. ы, і дыбыстарын таңбалайтын әріптердің кейбір жерлерде жазбаудың мүмкіндігін іздеу керек. Мұндай ерекшелік көне түрік жазбалалрында қолданылғаны белгілі. Сондай-ақ кебіреулер и дыбысын ій/ый, ал у дыбысын үу/ұу деп таңбалауды ұсынады. Бұл жерде де солай, ы, і, ү, ұ естілгенімен, жазбасақ та болады. Қазақ оны бәрібір басқаша оқымайды.

2.3. Кейбіреулер ш дыбысын ағылшындар, өзбектер секілді sh қос әріппен таңбалауды ұсынады. Оқып көріңіз: ashana – асхана ма, ашана ма? Дұрыс болмас. Оның үстіне Латынның С әрпі пайдаланусыз қалайын деп отыр, ал бізге Ц дыбысы керек емес. Яғни Ш дыбысын таңбалауға С әрпін пайдалануға болады ғой. Ал Щ - сәйкесінше СС.

Енді қалған әрбір дыбысқа таңба беріп көрейік

1.А/Ә - A (Жуан буындарда А, жіңішке буындарда Ә болып оқылады. Ағылшын тілінде де А әрпінің Ә болып оқылатын жерлері аз емес)

2.Б - B

3.В - V (Ешкімнің таласы болмас. Бұл дыбыс қазақ тіліне жат деп саналады. Бірақ ол көптеген халықаралық сөздерге қажет болғандықтан қалдырғанымыз жөн.)

4.Г - G

5.Ғ - G’ немесе Н, онда қазіргі Х әрпіне латында Х әрпін берсек болады. Мысылы, өлі латын тілінде Н әрпі Ғ болып оқылады.

6.Д - D

7.Е - E

8.Ж - J

9.З - Z

10.И/Й - Y (Қазақ тілінде ұзақ И, қысқа Й деп бөлсек те, бөлмесек те оның айтылуы бір сияқты. Сондықтан әрқайсысына жеке таңба арнап, әріпті көбейтудің қажеті жоқ.)

11.К - K

12.Қ - Q

13.Л - L

14.М - M

15.Н - N

16.Ң - N’

17.О/Ө - O (Жуан буындарда О, жіңішке буындарда Ө болып оқылады. бұл жұп бір дыбыстың жіңішке және жуан нұсқалары болғандықтан ұқсас/бір таңбамен таңбаланғаны жөн)

18.П - P

19.Р - R

20.С - S

21.Т - T

22.У - U немесе W, онда Ұ/Ү үшін U таңбасын белгілеу керек

23.Ұ / Ү - W немесе U, онда У үшін W таңбасын белгілеу керек (Жуан буындарда Ұ, жіңішке буындарда Ү болып оқылады. бұл жұп бір дыбыстың жіңішке және жуан нұсқалары болғандықтан ұқсас/бір таңбамен таңбаланғаны жөн)

24.Ф - F (Бұл дыбыс қазақ тіліне жат деп саналады. Бірақ ол қазақ тіліне тым терең сіңіп алған және көптеген халықаралық сөздерге қажет болғандықтан қалдырғанымыз жөн.)

25.Х / Һ - H немесе X, онда қазіргі Ғ әрпіне латында Н әрпін берсек болады. (Һ әрпі қазіргі қазақ тілінде санаулы сөздерде жазылады, оны да х деп оқып, айтамыз және одан ол сөздердің мағынасына мүлдем нұқсан келіп отырған жоқ. Мысалы гауһар-гаухар, қаһарман-қахарман. Яғни Һ мен Х дыбыстарын бір таңбамен ғана белгілесек болады.)

26.Ш - C (Үйреншіктіден тыс болатын осы таңба ғана. Ұқсас жағдайлар. Түрік тілінде бұл с - дж деп оқылады: donerci –дөнерджі, бізіңше дөнерші емес пе. Басқа нұсқаларды көрейік. Sh - сонда ashana дегенді қалай оқисыз? Ch - ал мұнда қалай, с әрпі жеке қолданылатын дыбыс болмаса оған тағы бір әріп тіркеп пайдаланғаннан гөрі өзін жеке пайдаланған жөн емес пе?)

27.Ы/І - I (Жуан буындарда Ы, жіңішке буындарда І болып оқылады. Бұл жұп бір дыбыстың жіңішке және жуан нұсқалары болғандықтан ұқсас/бір таңбамен таңбаланғаны жөн)

28.' (апостроф) - 1. Сөз басында бірінше әріптің алдында қойылса сөз жіңішке буындардан тұратынын білдіреді. 2. Е-мен, К-мен, Г-мен жазылатын сөздер онсыз да жіңішке болып оқылатындықтан ол сөздердің басына бұл белгіні қоймасақ та болады. Мысалы, есік - esik, көрік – korik, гүл – gul. Яғни бұл жіңішкелік белгісін қойып жазатын сөздер саны әлдеқайда аз болады деген сөз.3. Ал егер сөздің кез-келген жерінде G әріпнен кеін келсе Ғ, N әрпінен кейін келсе Ң деп оқимыз.

Басқа тілден енген/енетін сөздердің орыс тіліне ауысқан баламасын емес, оның бастапқы баламасын тікелей қазақ тілінің ерекшеліктеріне бейімдеу керек деген ұсыныс білдіремін.

Нәтижесінде алатынымыз:

1.Әліпбиде тек латын әліпбиіндегі / ағылшын клавиатурасындағы әріптер ғана бар. Онда 26 әріптің 25-і ғана, және барлық ресурстарда еш кедергісіз оқылатын ‘ таңбасы (апостроф) ғана пайдаланылады.

2.Жаңа әліпбиде бұрынғы төте жазудың (жіңішке буындар) және тіпті көне түрік жазуының (ы, і әрптерінің кейбір жерлерде жазылмауы) кейбір элементтері пайдаланылған.

3.Әріптерінің дыбысталуы негізінен ағылшын тіліндегі дыбысталуынан қатты алыс кеткен жоқ. Әрине, алфавит жасап қана қоймай, жазу ережелерін де қарастыру керек.

Толықтыру:

2) Латын тілінде қос таңбалы (диграф) ae, oe, ue дауысты дыбыстары бар, олардың дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі.

3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] фонемасы болмаған, оның орнында [ і ] фонемасы бар. Сондықтан [и] фонемасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн деген ойдамын. Ал [й] фонемасы бар. Латыншадағы Yy қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін бұны тек қана [й] фонемасына қолданған жөн. Ww да сол секілді дауыссыз у дыбысына қолданылу керек. Yy, Ww таңбалары дауыссыз дыбыстармен өзге дауыссыз дыбыстар мысалға Ll немесе Mm секілді [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесу керек. М: keliw, uwis, kiyiw, jetisiw, Jetisuw, suewret, ti`yim.

4) Iі таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия…

Беріліп отырған алфавиттің классикалық кезеңдегі алфавиттен айырмашылығы бар.

Y y және Z z әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Yy тек қана дауыссыз [й] фонемасын белгілеуі керек. Егер қазақтың төте жазуы арапша әліппемізге жүгінсек, қазақ тілінде [и] фонемасы ешқашан болған емес. М: киім емес кійім, қял емес қыйал, сиыр емес сыйыр, жиын емес жыйын, жиде емес жійде. Міне осылай, кирилицаның арқасында тіліміз ақсақ аттай шала басып, шоқақтауға үйреніпті. Сондықтан мен кирилицаны сауатсыз жасалған әліппе дер едім. Классикалық латын тілі кезеңінде u және i әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі V v, J j әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда J j әріпінің орнына І і әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Ал әлемдік ауқымға келсек, өте мөте ағылшын тілі факторын ескерсек, J j әрпі тек [ж] фонемасын береді. М: Jonson – жонсон.

Латынның Cc таңбасын қалай қолдану туралы көп ойланып барып, ақыры онымен «ш» фонемасын белгілеуді жөн көрдім. Оның себебі: Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн болар деген ойдамын.

Ал латындағы Xх таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жақтан [Х] таңбасы аша ағаш кейпіне келеді, егер [ш] фонемасына қолдансақ, көз алдыға елестетуге жеңіл болар еді. Расында, бірталай елдерде бұл әріп [ш] дыбысына қолданылады. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн болар деп ойлаймын. Әрине, айта кеткім келетіні - латынның тілдік заңдылығына белгілі дәрежеде үйлескенімізбен, оған бүкілдей үйлесуіміз мүмкін емес. Сондықтан дәнін алып қауызын тастауымыз керек сияқты.

Латыншадағы Hh таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды.

Қорыта келе, бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атадым, себебі: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан бостады, түркі және жаһандық әлімімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады. Ахмет Байтұрсыновтың арманы түркі халықтары ортақ әліпбиді қолдану. Латын әліпбиі осы арманның бастауы. Байтұрсынов ұлттық жазу мен оқуағарту ісіндегі тарихта теңдесі жоқ қызмет атқарды. Қазақ халқына көп еңбек сіңірген Ахаңның бұл арманын орындайтын уақыт келді, болашақта балаларымыз осы әліпби негізінде білім алып, Ахмет Байтұрсынов сияқты Отанына қызмет ететін тұлға болып таныла берсін...



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!