Латын әліпбиі жайлы бір сөз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латын әліпбиі жайлы бір сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиі жайлы бірер сөз...

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек», - деген еді. Баршамызға мәлім алғашқы рет дыбыс жүйелерін арнайы зерттеп, әліпби құрастырып, «Әліпбидің атасы» атанған атақты ғұламамыз Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ол 1905 жылдан бастап араб таңбасының негізінде құралған 24 әріптен тұратын қазақтың ұлттық әліпбиін жасаған. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасындағы әліпбиді пайдаланса, 1940 жылдан осы кезге дейін кирилл әріптерін пайдаланып келеміз. 2025 жылдан бастап кирилл әріптерін латын әріптеріне көшіруге тиіспіз. Бұл бастама біз үшін оңтайлы болмақ. Себебі, жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу біздің басты парызымыз. Ал ол ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, білім ошақтарынан. Қазіргі күнде латын тілін Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты туысқан елдер қолданады. Егер біз латын тіліне көшсек, біздің тарихымызды, қазақи салт-дәстүрлерімізді бүкіл дүниежүзі еркін оқып білетін болады. Сонымен қатар қазақ әліпбиіне тән әріптерді де танып алады. Себебі, біздегі латын әліпбиі 31 әріптен тұрады және онда қазаққа ғана тән әріптер толығымен сақталған. Қазіргі күнгі жастарға латын әріптерін үйрену қиындық келтірмейді деп ойлаймын. Өйткені жастардың көбісі ағылшын тілін мол қолданады. Ал, біздегі әріптер ағылшын тіліне де ұқсас болып келеді. Дәл қазіргі сәттің өзінде байқағаным дүкендерден, аурухана мен түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан, білім ошақтарынан латын тілінде жазылған сөздерді көруімізге болады. Тағы да біздің құнды кітаптарымыздың барлығы да латын тілінде қайтадан жазылып жатыр. Осылай жасасақ қана сауаттылық деңгейіміз артып, тасымыз өрге домаламақ. Бірақ, тіл тазалығымызды сақтап, өз елімізді биік белестерден көру, Қазақстанның атын бүкіл ғаламға әйгілі ету біздің қолымызда деп ойлаймын.



Маматқадыр Гүлнара Мирзакаримқызы

Қостанай облысы әкімдігі білім

басқармасының «Қостанай қаласы білім

бөлімінің №22 жалпы білім беретін мектебі»

КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2021
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі