Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғырудың негізі» әдістемелік жинақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі. 13 Қыркүйек 2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді.
Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуы керек. Бізден бұрын латын жазуына көшкен түркі халықтарының қателігі бізге сабақ болып, сол қателіктерді қайталамау үшін жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.
Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Сондай-ақ бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб немесе басқа емес, латынмен жазылған. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу – ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.
«Тіл-рухани қазына» атты
Бағдарламаның жоспары
Жұмыстың мақсаты: латын тіліне көшудің маңыздылығын көрсету, латын әліпбиіне көшудің артықшылығы мен кемшілігін ашу, тілді меңгерудің тиімді жолын қарастыру.
Міндеттері:
1. Қазақ тілінің жаңғыруындағы латын әліпбиінің өзектілігін көрсету;
2. Ақпарат көздерінен сенімді ақпарат жинақтап ұсыну;
3. Білім алушылардың білімге көз жеткізу;
4. Барлығын есте қалатындай түсіндіріп өту.
Жұмыстың өзектілігі. Латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алуды дәлелдеу.
«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешендіжобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауынан.
2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек»
Зерттеудің нысаны. Латын әліпбиінің ерекшелігі.
Зерттеу гипотезасы. Жоба жұмысы латын тілін үйренуде қолданады. Осы жоба арқылы латын әліпбиі туралы адамдардың білімін кеңейте аламыз. Оқушыларды латын әліпбиіне көшудің өзектілігімен таныстыра аламын. Латын әліпбиі жайлы көп мәлімет жинақтап тұрғындарға және оқушыларға ұсынсам, бұл олардың қызығушылығын және білімін арттырар деген ойдамыз.
Зерттеу кезеңдері. Теориялық, ғылыми материалдарды интернет желісі, БАҚ арқылы жинастыру, оқушылар мен тұрғылықты адамдардан сауалнамалар алу, қорытындысын шығару
Зерттеу жаңалығы . Мектеп оқушылары арасында зерттелмеген, латын тілін енгізу жайлы хабарламалар беру. Кириллицаның латын әліпбиіне өзгеретінінен хабардар болады. Латын әліпбиіне көшудің өзектілігі мәлім болды.
Аннотация
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы. Латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстандықтарға келешекте ағылшын тілін үйрену, осы тілде жазу, оқу, сөйлеу оңайға түсетіні сөзсіз.
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Аннотация
Мы, народ Казахстана, чтобы, не отставая от времени войти в число развитых стран мира, а также для сохранения национальных ценностей должны пораньше перейти на латиницу. Это - требование времени. Благодаря переходу на латинский алфавит казахстанцам в дальнейшем легче изучать английский язык, писать, читать, говорить на этом языке.
Переход на латиницу один из путей независимости нашего национального сознания. Один пример, название нашей страны в новом варианте мы написали бы Qazaqstan, а не Kazakhstan.
Annotation
We, people of Kazakhstan must change our alphabet to the Latin one in order to come into the list of developed countries of the world and keep the national values. It is time demands. Thanks to the transition to the Latin alphabet Kazakhs in the future easier to learn English, write, read, speak the language.
Changing into the Latin alphabet is one of the ways of independence of our national thoughts. Only one example, the name of our country in a new variant of writing would be Qazaqstan, not Kazakhstan.
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Өткізілуі мерзімі |
жауаптылар |
|
1 |
Жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы. Жаңа қазақ әліпбиі қысқаша тарихы. Графика и состав нового казахского алфавита. Краткая история нового казахского алфавита . |
Қыркүйек /сентябрь |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
2 |
Жаңа қазақ әліпбиінің тәртібі мен құрамы Әліпбидегі әріптер атауы мен дыбысталуы. Порядок и состав нового казахского алфавита название и звучание букв в алфавите |
Қазан/октябрь |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
3 |
Тіл-халықтың жаны» атты викторина білім алушылар арасындағы Викторина «Тіл –халықтың жаны» среди обучающихся |
Қараша/ноябрь |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
4 |
..Жаңа әліпби негізінде емле және пунктуациялық ережелер мәселелері. Проблемы орфографических и пунктуационных правил на основе нового алфавита. |
Желтоқсан/декабрь |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
5 |
Жаңа емле ережелерін жетілдіру» Совершенствование новых правил правописания» |
Қаңтар/январь |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
6 |
Емле ережесі – сауаттылық кепілі» атты білім алушылар арасында диктант өткізу Проведение среди обучающихся диктанта: «Емле ережесі – сауаттылық кепілі» (Диктант) |
Ақпан/февраль |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
7 |
Қазақ тілі және қазіргі кезең. Казахский язык и современный период |
Наурыз/март |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
8 |
Ауызша тіл мен жазба тіл ұғымдары. Тіл және жаһандану Язык и глобализация |
Сәуір/апрель |
Қазақ тілі мұғалімі |
|
9 |
« Тіл –рухани қазына » атты білім алушылардың арасында сауатты оқу сайсын өткізу Проведение конкурса среди обучающихся на грамотное чтение «Тіл-рухани қазына» ( конкурс) |
Мамыр/ май |
Қазақ тілі мұғалімі |
|