Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Латын әліпбиіне көшу - ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадамның бірі. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жүзеге асыра отырып, дәріптеу бізге тиесілі. [1]
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіреміз деп мәлімдеді. «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» дей отыра ҚР президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласын жариялаған болатын. Аталмыш мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылады.
Қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұрады.»[2]
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Жас ұрпаққа берері мол бағдарлама аясында өз ортамызда латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды саралап көрдік. Яғни, біріншіден, тіл тазалығы мәселесі.
Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Ал, біз олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. [1]
Елбасының қазақ әліпбиін латын әліппбиіне көшіру туралы мақаласы жарияланғаннан кейін, мынадай хаттар легі үзілмегендігі туралы 2017 жылы қыркүйек айында шыққан «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады» мақаласында айтылған:
Еліміздің Ұлттық ғылым
академиясының академигі К.Байпақов: «Латын қарпіне көшу – бұл
барлық түркі халықтарының дамуына жол ашатын біртұтас
түркі тілдес ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға қосылған елеулі
үлес», – деп жазған.
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, жазушы С.Елубай жолдаған ұжымдық хатта: «Қазақ
əліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын
қабылдау
керек деген сөзіңіз бүкіл зиялы қауымның көптен күткен қуанышы еді.
Себебі біздің сананы жаңғыртудағы рухани даму, өркендеу жолымыз осы
қазақ тілінің жаңа əліпбиінен бастау алғалы тұр», –
делінген. [3]
Қорыта айтқанда, ережеде күнделікті қарым-қатынаста аса қажет сөздердің, сол сияқты ономастикалық атаулар мен терминдердің ұлттық сипаттағы емле үлгісі ұсынылып отыр. Бұл үлгілер мыңдаған сөздердің сауатты жазылуына негіз болады. Сөйтіп, санада орнығады, ықшам, оңтайлы, креативті жаңа ұлттық жазудың негізі қаланады. Жаңа емле қоғамымыздың жазу мәдениетін арттыру арқылы мемлекеттік тілдің жазба коммуникациядағы қолданысын жеңілдетіп, ұлтымыздың рухани жаңғыруына, жаһандық үдерістерге үйлесе дамуына септігін тигізеді.[5]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
http://uzunkol.kostanay.gov.kz/kz/rukhani-zha-yru/latyn-l-pbi-ne-k-shu-zaman-talaby/
-
https://www.qamshy.kz/article/elbasi-nnazarbaev-biz-latin-alipbyine-koshwdi-bastaymiz.html
-
№182 (29163) 22 қыркүйек, жұма 2017 жыл «Егемен Қазақстан»газеті «Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады» мақаласы, 1-бет.
№35 (29266) 20 ақпан, сейсенбі 2018 жыл «Егемен Қазақстан» газеті
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің№22 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Омарова Айгүл Әлиақбарқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Исмагулова Гүлшат Хабидуллақызы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.