Материалдар / Латын әліпбиіне көшудің кейбір мәселелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиіне көшудің кейбір мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Методическая помощь учителю
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесі









Мақала тақырыбы: Латын әліпбиіне көшудің кейбір мәселелері





















2020 жыл











«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауынан

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атаған болатын.Кез келген істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі жаңа әліпбиге көшу бір-екі жыл емес, Қазақстанымыз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы түсіндіріп жеткізгендей, жастардың ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгергенғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең маңыздысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын дәл көрсете алатындай, қазір қолданыста жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылыққа және оның табиғатына сай келетіндей болуы кажет. Бізден бұрын латын әліпбиіне көшкен көршілес елдердің қателіктерің ескеріп,жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.

Латын әліпбиінің маңыздылығы неде?Ол бізге не бермек?Одан бізге не пайда?Ең көп адамдардың ойында жүрген сауал осы.Қазақстан бойынша диктант жазған күндері 100%халықтың 62%дұрыс жазған,ал қалған адамдар әлі де жаттығады деп айтылған.Бірақ диктантты жазбай қалан бірнеше ауылдар бар деп айтып өткен еді.

Латын әлібиінің маңыздылығы неде?

Маңыздылығы бұл тілде бірнеше ұлттар сөйлесе алады.Мектеп балалары 1 сыныпқа аяқ басққаннан ақ латын тілін,орыс тілін,шет тілін оқиды.Әрине бұл қиынға соқпақ.Бірақ біздің болашағымыз осы латын әліббиі. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Қажеттілігі қандай болмақ?

Қажетілігі қазақ елінің тәуелсіздігінің бір тұғыры-ана тілі. Ана тілінің биіктеуіне, өркендеуіне, дамуына мүмкіндіктер туды. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі туындап отыр. Биылғы Елбасының халыққа жолдауының терең мазмұны мен ел дамуы үшін маңыздылығы ерекше екенін сарапшылардың барлығы дерлік атап жатыр. Сонымен бірге жолдаудың тағы бір айрықша тұсы тілтанушылардың көптен күткен қазақ жазуын түбегейлі реформалауға қатысты көкейкесті мәселеге нақты жауап алуымен байланысты. Әлемдік бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруда латын әліпбиіне көшу қажеттілігі, оның әдістемелік негізін жасау мәселесі айқындала түсті.
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы-бүкілхалықтың таңдауының жарқын нәтижесі. Латын әліпбиі – Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір. Латынға оралу заман талабынан туындап отырған қажеттілік 
Латын әліпбиіне көшу ХХІ ғасырдың жалынды жастары үшін ешқандай қиындық тудырмайды деп сенімді айтуға болады. Мағжан сенген жастар бұл үрдісті оңай қабылдай алады. «Жастар-еліміздің болашағы» деп Елбасымыз айтқандай біздің қазіргі жастар қай салада болмасын өздерін белсенді көрсете біледі. Сол себепті жастар Елбасының ұсынысын қолдайды және оның жүзеге асырылуына бар күштерін жұмсайды. Өйткені латын әліпбиіне көшу Тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыру жолындағы тағы да бір айқын қадамдарының бірі болмақ. Әлемнің өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын әліпбиінің атқаратын міндеті көп. Латын әрпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат – кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті кезкелген азамат түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!