400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Латын графикасына көшудің стратегиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
латын әліпбиі бойынша үйренушілерге көмекші құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы жанындағы лицейдің ұйымдастыруымен ҚазБСҚА-ның ғылыми кеңес залында «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы» атты семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесті алғы сөзімен ашқан ҚазБСҚА жанындағы лицейдің директоры Адилова Жанар  Әбеуқызы семинар модераторларымен таныстырып, алғашқы сөз кезегін ҚазБСҚА ректоры Бесимбаев Ерік Тұрашұлына берді.

Семинар-кеңестің мақсаты – Елбасының халыққа жолдауындағы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасу бағытындағы жұмыстардың бір саласы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың алатын орны мен атқаратын рөлін анықтап, жастарға артылатын міндеттерді белгілеу әрі насихаттау.

Семинар-кеңеске – ҚазБСҚА-ның ИҚБИ директоры - Абилова Батжамал Әйкенқызы, Мемлекеттік тілді дамыту институтының басшысы, филология ғылымының кандидаты - Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы - Қалымбет Бақыт Әбиірұлы, Бостандық ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы - Қуанышев Бекжан Орынбайұлы, Stydi-in халықаралық білім беру холдингі, қазақ тілі бөлімінің жетекшісі - Сабырова Әлима Есенқызы, ҚазБСҚА жанындағы лицейдің оқытушысы - Сафуллина Назгүл Төлегенқызы, бірнеше жоғары және арнаулы орта оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты.

Семинар-кеңесте сөз алған қалалық, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің мамандары латын графикасына ауысудың мән-маңызын түсіндірсе, қазақ тілі пәні оқытушылары латын графикасын қабылдау бойынша мемлекетте атқарылған жұмыстарға тоқталды, әліпбидің соңғы нұсқасына енгізілген өзгерістерді атап көрсетті.

Семинар соңында студенттер латын қарпімен тапсырмалар орындады. Өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірталас ұйымдастырды. Семинар-кеңестің рухани жаңғыру, ұлттық сана сияқты ұғымдарды жете түсінуде студенттерге зор ықпалы болды.

Іс-шараның қатысушылары, латын графикасына көшудің маңыздылығы және қажеттілігі жөнінде сөз қозғап, пікір алмасты.



ҚазБСҚА жанындағы лицейдің оқытушысы Сафуллина Назгүл Төлегенқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі