Исаева Нүргүл Жеңісқызы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі
Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінің
алдын-алудағы жалпыға бірдей құқықтық оқытудың маңызы
Елімізде заңсыздыққа қарсы күрестің күшейіп отырғандығы жұртшылықты жайбарақат жағдайда қалдырып отырған жоқ. Өйткені, әлеуметтік тұрмыстың жақсарып, экономиканың түзелуіне заңсыздық әлемінің келтірер зияны шексіз екені кім-кімге де түсінікті. Кейінгі кездері жаңбырдан кейінгі жапырлай шыққан саңырауқұлақтай жиі айтылып жатқан лауазым иелерінің әрекеті жайында қайталай түсінік берудің реті де жоқ. Бұл барлық Қазақстандықтардың алдымызға қойған мақсатымыз азаматтарды түрлі қызметкерлерді құқықтық оқыту арқылы заңсыз әрекеттердің алдын-алудың іс-жүзіндегі барысын талқылау және құқықтық оқытудың түрлері мен бағдарларына әдістемелік талдамалар ұсынуға талпыныс жасамақпыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалпыға бірдей құқықтың, оқудың шеңберінде атқарылады. Оған мұрындық болу түрлі деңгейдегі басшылардың тең міндеті деп ойлаймын. Жер-жерде құқықтық білім мектептері ұйымдастырылып, белгілі-бір деңгейдегі заңдылықтардан білімнің межесін қалыптастыру қажет.
Осылай болғанда ғана лауазымды адамдардың бір жаңаша өздері заңды құрметтеу сезімнің негізінде заңсыз әрекеттен бас тартса, екінші жағынан азаматтар құқықтық білімді игеру барысында лауазымды адамдар тарапынан жасалған әрекеттер мен күш көрсетуге өркениетті түрде қарап тұрып құқығын қорғауға мүмкіндік алады. Осы мақсаттағы жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру ең алдымен, құқықтық дайындық жүргізу аумағындағы негізгі жасақталған түрді анықтауға күш салады.
Бұдан он бес жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің 1569 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында негізгі бағыттар айқындалды. Онда қоғамның саласын реформалау қажеттілігі оның экономикалық және саяси жүйесінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге сай келетін құқықтық инфрақұрылым құруды талап етуінен туындап отырғандығы атап көрсетіледі [1]. Бұл ретте құқықтық реформа республикадағы саяси және экономикалық өзгерістердің реттелетін шектерден щығып кетпеуі үшін солармен қатарлас, тіпті олардан озығырақ жүргізілуге тиіс екендігі айтылады. Сондай-ақ бұл бағдарламада жаңа құқықтық институттар құру өркениетті заң шығарушылық процесс, заңдарды тексеру, әсіресе, экономика саласында қалыптасқан құқық қолдану тәжірибесін өзгерту мен үйлестіру, заң мамандарын кеңінен қайта даярлау, құқықтық азаматтық қоғам мен мемлекеттің осы заманғы құрылымының нарықтық және демократиялық табиғатын түсінетін тәжірибелі заңгерлер тәрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударылды.
Мемлекеттік негіздерді нығайту мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің сапалы құқықтық негізін әзірлеумен, басшы кадрларды құқықтық аттестациялау арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтерумен ұштастыру тиістігі, ал заңдарды білу және оларды құрметтеу кез-келген лауазымды адамға қойылатын біліктілік талабына айналу қажеттілігі айқын көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 21 маусымда қабылданған «Жалпыға құқықтық оқытуды жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысының да саяси маңызы зор [2]. Құқық мәселесі мемлекеттік маңызы бар дәрежеге көтерілді.
1996 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының министрліктерінде, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарында заң қызметінің жай-күйін жақсарту және оның жұмысының сапасын арттыру шаралары туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулыда министрліктердің мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың бәрін де бірдей заң қызметі жұмысының жоғары деңгейі қамтамасыз етілмегендігі, құқықтық жұмыстың маңызын бағалау, заң консультаттарын мақсатсыз пайдалану фактілерінің әлі де жойылмай отырғандығы көрсетіледі. Сондай-ақ заң қызметіне орталық атқарушы органдардың басшылары тарапынан көңіл бөлудің жоқтығы салдарынан мемлекеттің мүліктік және басқа мүдделерін қорғау тиісті деңгейде қамтамасыз етілмейтіндігі баса айтылды. Бұл орайда Үкімет жүзеге асырылатын бірқатар нақты шараларды айқындап берді. Олардың қатарында министрліктердің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының басшылары құқықтық жұмысты ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктерге назар аударуы, заң қызметтерінің мәртебесін арттыру олардың жұмысын өзіне тән емес функцияларды орындаудан босата отырып тәртіпке келтіру жөніндегі шараларды іске асыру, заң қызметтерін кадрлармен қамтамасыз етуге және нығайтуға шаралар қабылдау жөнінде салмақты міндеттерді жүктеді, сөз жоқ, құқықтық мемлекет құруға талпынып отырған еліміздегі қабылданған бұл құжаттардың қай-қайсысы да ел үшін аса маңызды. Мемлекет тарапынан құқық мәселесіне жоғары маңыз беріліп отырғандығына жоғарыдағы құжыттырдың өзі-ақ үлкен дәлел боларлық. Енді мәселенің екінші жағы – қабылданған қаулылардың орындалу барысында жатыр.
Халыққа құқықтық білім беруде облыстық деңгейдегі заңгер-ғалымдардың үлесі аз емес. Құқықтық білім беруде нақты көмек көрсеткені үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға тұрақты түрде лекция жүргізу тәжірибесі орнығып келеді.
Арнаулы жасалынған оқу тақырыптық жоспар және бағдарлама құрылу қажет деп ойлаймын. Оқу мерзімі – қабылданған бағдарламаға тәуелді болады. Сабақ мерзімінің жалпы ұзақтығы мүмкіншілікке байланысты жасалады. Сабақ қорытындысы емтихан не сынақ тапсырумен аяқталғаны жөн. Мұндай оқыту жүйесіндегі жұмыстың ерекше түрі – лекция. Оқу процесінде лекциядан басқа әрекет етуші заңдарды насихаттайтын құралды пайдалану, мерзімдік заң басылымдары мен арнайы заң әдебиеттерін қолдану дұрыс. Сабақтың әртүрлі белсенді түрлері мен әдістерін: семинарды, практикалық сабақты, дөңгелек столды іскер ойынды, пікір-таласты, қызу-айтысты және т.б. тәжірибеге айналдырған құқықық оқытудың мақсатына лайық [3].
Семинар-тыңдаушының үйдегі дайындығын берілген тақырып бойынша конспект жасауымен межелейді. Әрбір тыңдаушы өздерінше реферат жазады. Ол тыңдалған тақырыпты толығымен ашуы тиіс. Теориялық жағдай өмірден алынған мысалмен бекітіледі. Шамамен оның көлемі 10-15 бет. Реферат жоспары кіріспеден, 2 не 3 мәселеден және қорытындыдан тұрады.
Практикалық сабақтың басты мақсаты – тыңдаушыдағы практикалық дағдыны қалыптастыру, оның құқығы мен міндеттерін жүзеге асыру. Практикалық сабақ іскер, әдістемелік ойын түрінде тыңдаушылық құқықтық таласын шешу қабілетіне арналған кәсіби сабақ түрінде өтілуі мүмкін.
Дөңгелек стол тыңдаушылардың өзін қызақтырған сұраққа ғалым-заңгерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері жағынан білікті жауап алуды, пікірлер мен жұмыс тәжірибесін алмасуды қамтамасыз етеді. Тыңдаушылар сұраққа жауапты кеңес беруді кезінде де алуы мүмкін. Мәселені әдетте арнайы шақырады. Сұрақ алдын-ала дайындалады. Құқықтық білім шеңберінде арнаулы кеңесші пункттер құрылуы ғажап емес. Іскер ойындардың басты мағынасы тыңдаушылардың негізделген шешімді қабылдау қабілетін қалыптастыруға, жетілдіруге, үйретугеу, алынған білім мен жинақталған тәжірибелік мәселелер ішінен ең бір тиімді варианттарын алуға баулу, ойын жүргізушінің кіріспе сөзі мен баспалары, ол қосымша сұрақтар көмегімен қатысушыларды межелі ой-түйіндермен қорытындылауға, әр ойын барысын бағыттауға және пікір-талас ұйымдастыруға өз бетінше шешіледі, бірақ қиналған жағдайда жүргізуші, анықтамалық әдебиеттерге, нормативті құжаттарға жүгінеді. Сосын ұжымдық талқылаудан өтіп жалпы шешім қабылданады. Міне, осындай әдістемелер негізін өткізілген сабақтар жемісін берері сөзсіз.
Қандай да болмасын заңсыз әрекет заңдылықты оқып үйренбеуден, яғни құқықтық сананың төмен деңгейде болуынан туындайтыны сөзсіз. Сондықтан да алдымен лауазымды адамдар «Конституциялық, еңбек, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық заңдылықтардан негізгі мәселелер бойынша төмендегідей әдістермен талқылауға сай білімі болуы керек».
Көбіне лауазым иелері азаматтармен құқықтық қатынасқа түсіп заңсыз әрекеттерге барып жатады. Сондықтан сабақ үстінде оқушыларға біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясының ұғымы заңды табиғи және негізгі белгілері деген тақырыпта әңгімелеуге болады. Онда Қазақстан Республикасының Конституциясының ұғымы, мәні, негізгі атқаратын қызметі қаралады. Одан соң сайлау құқығы; сайлау жүйесі мен референдум, сайлау процесі кезеңдері, референдум өткізудің ұғымы, т.б.; Қазақстан Республикасының Президентінің Конституциялық – құқықтық мәртебесі; мемлекет басшысының әлеуметтік-саяси ролі; Қазақстан Республикасының парламентінің қалыптасу тәртібі, құрылымы, жұмыс ауқымы; Парламент депутатының құқықтық мәртебесі; Республика парламентіндегі заңдылық процесі; Қазақстан Республикасының Үкіметің Конституциялық құқықтық мәртебесі; Қазақстан Республикасының Үкіметің жұмыс ауқымы; Үкіметтің президентпен және парламентпен негізгі ара қатынасы; Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомствалар, құқықтық мәртебесі; Жергілікті мемлекеттік басқару және атқарушы органдар; жергілікті өкілетті орган депутаттарының құқықтық мәртебесі; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет ұғымы және оның конституциялық құқықтық негіздері деген ұғымдарды қарастырған жөн.
Міне, осы мәселелерді оқып үйрену барысында қызметкерлер мен азаматтар конституциялық заңдылықтан белгілі бір деңгейдегі білім дәрежесіне ие болады. Нәтижесінде лауазым иелері мен заңсыз әрекеттерінен өркениетті түрде қорғанудың жолы бар екеніне сенімі ұлғаяды.
Әрине, көптеген заңсыз әрекеттер еңбек қатынастарына байланысты болып жататына белгілі. Азаматтардың еңбек қатынасы барысында лауазым иелерінің заңды өзіне икемдеп пайдалануының нәтижесінде жұмыс орнынан айрылып қалу фактілер соңғы кезде жиі кездесуде. Сондықтан тараптарының да еңбек заңдылықтарының төмендегідей мазмұны қарапайым болса да білімнің қалыптасуы заңсыз әрекеттен алдын-алуға көмегін тигізері сөзсіз. Еңбек заңдылығының мәселелерінің оқытып үйрену мысалдары төмендегідей тақырыптарда топтастыруды ұсынамын.
1. Тақырып. Лауазымды адамдардың түсінігі. Лауазымды адамдардың анықтамасы.
2. Тақырып. Мемлекеттік қызметшілер жүзеге асыратын міндеттер мен құқықтар. Мемлекет қызметшілері жүзеге асыратын міндеттер мен құқықтарды өзара тығыз байланысы және олардың әртүрлі үйлесімділіктері. Кейбір құқық қатынастарымен байланысы.
3. Тақырып. Мемлекет қызметшілердің қызметін реттейтін тиісті құқықтық актілер.
4. Тақырып. Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерімен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы.
5. Тақырып. Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерін азаматтардың сот арқылы қаралуы.
6. Тақырып. Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерін алдын алу мәселелері.
Міне, осындай құқықтық мемлекетті құру үшін, азаматтарға жоғары құқықтық мәдениет, құқықтық сауаттылық пен заңды құрметтеушілік қажет екендігі аян.
Бұқараға құқықтық сауат берудің заңды жалғасы құқықтық дәріс алған кадрлар мен мамандардың құқықтық білімдеріне баға беру, яғни аттестациялау жүйесі болып табылады. Сондықтан бұл шара – олардың құқықтық мәдениеттерін жоғарылауына, тапсырылған іс үшін жауапкершілігінің артуына, демек, экономиканы басқарудың құқықтық жағынан қамтамасыз етілуіне, лауазымды адамдардың қызметінде заңдылықтардың нығайтылуына, тәртіптің күшеюіне себепкер болатыны даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасы: даму кезеңдері мен перспективалары \\ Егеменді Қазақстан, 12 қыркүйек 2009 жыл.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 21 маусымда қабылданған «Жалпыға құқықтық оқытуды жүзеге асыру шаралары туралы» Қаулысы.
3. Игенбаева Б.Қ. Жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал \\ Алматы, 2003. 15-16 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ АЛДЫН-АЛУДАҒЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

шағым қалдыра аласыз