Linux-тың файлдық жүйесі (Linux file system).
Ішкі құрылысымен ажыратылатын көптеген
файлдық жүйелердің түрлері бар, бірақ пайдаланушы өз үшін
әрқайсысында бір-бірінің ішіне салынған бумалардан тұратын әдеттегі
құрылысты табады. Файлдық жүйелер қатынасты құру уақыты, ақпаратты
сақтау сенімділігі, ақаулықтарға тұрақтылығы, және тағы да басқа
қосымша қасиеттері бойынша ажыратылады. Қазіргі операциялық жүйелер
файлдық жүйелердің көп түрін қолдайды. (Қатты дисктер, CD мен DVD
дисктерде қолданылатындардан басқа).
Файлдық жүйелердің маңызды қасиеті – журналдауды қолдау.
Журналдалатын файлдық жүйе дискіге жазудың барлық әрекеттерін
үздіксіз бақылап отырады, сондықтан электрқорегі кенет өшірілгеннен
кейін, компьютер қайта қосылған кезде файлдық жүйе әрқашан да
жұмысқа дайын күйінде болады.
Linux-тың жұмысы үшін керек баптаулардың барлығын
(файлдардың барлық керек түрлері мен атрибуттарды, соның ішінде
рұқсат құқықтарын сақтауды) қолдайтын файлдық жүйелердің бірнеше
түрі бар.
Ext2/3
Файлдық жүйенің осы түрі Linux үшін арнайы
жасалып, Linux-жүйелердің көбінде қолданылады. Ext3 пен Ext2
айырмашылығы, біріншісі кейін шығып,
құрамында журналдау қолдауы бар. Қалған қасиеттері бойынша осы екі
файлдық жүйе бірдей, және бір-бірне оңай айналдырылады. Сенімділігі
жоғары болған соң әдетте журналдауы бар нұсқасы (Ext3) таңдалады.
Диск әрекеттер белсенділігі жоғары болған кезде Ext3 файлдық
жүйенің өнімділігі төмендейді және жүйеге түсетін орташа жүктелу
артады (Load Average).
ReiserFS
Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның
ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл
мен бумалар ретінде көрінуі – жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте
ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп
саналады. Журналдауды қолдайды.
XFS
Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не
құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға
арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған
кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту
қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын
нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне (UPS) қосылған
компьютерлерде қолдануға ұсынылады.
SWAPFS
Файлдық жүйенің осы түрі ерекше болып келеді,
және ол қатты дискте swap
аймағынжасау үшін қолданылады. Ол
аймақ көбінесе жеке бөлімге шығарылады, және Linux-та виртуалды
жады ретінде қолданылады. Егер физикалық жады аз болса,
мәліметтердің бір бөлігі осы аймаққа көшіріледі.
JFS
IBM компаниясы осы файлдық жүйесін жүктелуі
үлкен серверлер үшін жасаған: жасау кезінде өнімділік пен
сенімділікке назар аударылған, және қойылған мақсаттарға жетті.
Журналдауы бар.
Сонымен қатар, Linux-та, өзінің файлдық
жүйелерден басқа, тағы да көптеген түрлеріне қолдау бар. Егер ол
файлдық жүйелерге жазу тәсілі белгілі болса, онда жазу мен оқу
әрекеттері қолжетерлік болады, басқа жағдайда – тек оқуға ғана
болады. Файлдық жүйелерің ондай түрлері әдетте басқа операциялық
жүйелердің меншігі болады.