«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп
Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбы бойынша мәтіндік есептерді шығаруда оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша 6 «Ә» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 15 оқушы, 1 оқушы ерекше білімді қажет етеді. 5 ер бала, 10 қыз бала. Сыныпта оқу озаты-3, оқу екпіндісі - 2. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –35,7 % құрайды. Сыныптың мәтіндік есептерді шығару, мәтінді түсініп оқу, өздігімен есептің берілгенін түсіну деңгейі орташа. Сондықтан осы сыныпта оқу сауаттылығын дамытуды басты назарға алғандағы мақсатымыз – оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқушының жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамыту. Сонымен қатар оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, тұжырымдай алуға баулу, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 6 «Ә» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алынды. Олардың деңгейлері әртүрлі: Бахитжан Нұрсезім - оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Бауыржан Нұрәли - оқу үлгерімінің деңгейі орта, Избасарова Жаннұр - оқу үлгерімінің деңгейі төмен оқушылар.
Бірінші сабақ тақырыбы: «Жазықтық. Қиылысатын түзулер. Перпендикуляр түзулер және кесінділер». Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Бахитжан Нұрсезім тапсырмаларды уақытымен орындап, белсенділік танытып отырды. Орта деңгейдегі оқушы Бауыржан Нұрәли сабақта өзін көрсете алмады, себебі, сызба жұмыстарын жүргізу ұнамайтыны анықталды. Дегенмен, есептеу жұмыстарын жақсы жүргізіп отырды. Ал төмен деңгейдегі оқушы Избасарова Жаннұр сабақ барысында сабаққа қатысып отырды, топпен жұмыста көмек беруге тырысып, өз ынтасын көрсетті. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.
Екінші сабақ тақырыбы: «Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер». Бұл сабақта зерттеліп отырған оқушылар деңгейлеріне жете алмады. Себебі, сызба жұмыстары 5,6 сынып математикасында көп кездеспегендіктен оқушылардың визуалды қабылдауы нашар екені көрінді. Дегенмен, алдағы уақытта жұмыс жасау арқылы дағдыларын дамыту көзделді.
Үшінші сабақ тақырыбы: «Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі». Үшінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Бахитжан Нұрсезім тапсырмаларды уақытымен орындап, белсенділік танытып отырды. Орта деңгейдегі оқушы Бауыржан Нұрәли өз деңгейіне сай білімін көрсете алды. Төмен деңгейдегі оқушы Избасарова Жаннұр тақырыпты түсініп, тапсырмаларды орта деңгейдегі оқушылармен бірдей дәрежеде орындап отырды.
Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болатынына көзім жетті. Зерттеу мақсатым оқушылардың өз білімдерін көрсету, тұжырымдай алуы, оқу сауаттылығын арттыру арқылы функционалды сауаттылығын дамыту, оқушылардың мұғалім көмегінсіз берілген мәтіндік есепті, есептің шартын тұжырымдап, өздігінен жұмыс жасай алуы еді. Бұл мақсатқа толықтай жету үшін табылған тиімді әдіс-тәсілдерді әрі қарай сабақ барысында қолдану жоспарда.
Математика пәні мұғалімі: Мәлік Гүлімай Мұқанбедуллақызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Лессон стади бойынша есеп
Лессон стади бойынша есеп
«Lesson study» зерттеу сабағы бойынша рефлексивті есеп
Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбы бойынша мәтіндік есептерді шығаруда оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша 6 «Ә» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 15 оқушы, 1 оқушы ерекше білімді қажет етеді. 5 ер бала, 10 қыз бала. Сыныпта оқу озаты-3, оқу екпіндісі - 2. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –35,7 % құрайды. Сыныптың мәтіндік есептерді шығару, мәтінді түсініп оқу, өздігімен есептің берілгенін түсіну деңгейі орташа. Сондықтан осы сыныпта оқу сауаттылығын дамытуды басты назарға алғандағы мақсатымыз – оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқушының жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамыту. Сонымен қатар оқу сауаттылығын дамыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, тұжырымдай алуға баулу, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 6 «Ә» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алынды. Олардың деңгейлері әртүрлі: Бахитжан Нұрсезім - оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Бауыржан Нұрәли - оқу үлгерімінің деңгейі орта, Избасарова Жаннұр - оқу үлгерімінің деңгейі төмен оқушылар.
Бірінші сабақ тақырыбы: «Жазықтық. Қиылысатын түзулер. Перпендикуляр түзулер және кесінділер». Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Бахитжан Нұрсезім тапсырмаларды уақытымен орындап, белсенділік танытып отырды. Орта деңгейдегі оқушы Бауыржан Нұрәли сабақта өзін көрсете алмады, себебі, сызба жұмыстарын жүргізу ұнамайтыны анықталды. Дегенмен, есептеу жұмыстарын жақсы жүргізіп отырды. Ал төмен деңгейдегі оқушы Избасарова Жаннұр сабақ барысында сабаққа қатысып отырды, топпен жұмыста көмек беруге тырысып, өз ынтасын көрсетті. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.
Екінші сабақ тақырыбы: «Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер». Бұл сабақта зерттеліп отырған оқушылар деңгейлеріне жете алмады. Себебі, сызба жұмыстары 5,6 сынып математикасында көп кездеспегендіктен оқушылардың визуалды қабылдауы нашар екені көрінді. Дегенмен, алдағы уақытта жұмыс жасау арқылы дағдыларын дамыту көзделді.
Үшінші сабақ тақырыбы: «Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі». Үшінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Бахитжан Нұрсезім тапсырмаларды уақытымен орындап, белсенділік танытып отырды. Орта деңгейдегі оқушы Бауыржан Нұрәли өз деңгейіне сай білімін көрсете алды. Төмен деңгейдегі оқушы Избасарова Жаннұр тақырыпты түсініп, тапсырмаларды орта деңгейдегі оқушылармен бірдей дәрежеде орындап отырды.
Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болатынына көзім жетті. Зерттеу мақсатым оқушылардың өз білімдерін көрсету, тұжырымдай алуы, оқу сауаттылығын арттыру арқылы функционалды сауаттылығын дамыту, оқушылардың мұғалім көмегінсіз берілген мәтіндік есепті, есептің шартын тұжырымдап, өздігінен жұмыс жасай алуы еді. Бұл мақсатқа толықтай жету үшін табылған тиімді әдіс-тәсілдерді әрі қарай сабақ барысында қолдану жоспарда.
Математика пәні мұғалімі: Мәлік Гүлімай Мұқанбедуллақызы
шағым қалдыра аласыз













