Материалдар / Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектепте жүргізілген сабақты зерттеу тәсілі туралы тәжірибемен бөліседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2020
4474
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі


Сулейменова Р.Т, биология пәні мұғалімі

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы

Lesson Study-бұл мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған сабақтардағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше нысаны болып табылатын педагогикалық тәсіл. Бұл үш сабақтан кем емес, бірлесіп жоспарланған, оқытылатын, қадағаланатын және мұғалімдер тобымен талданатын цикл. LS пайдалана отырып, мұғалімдер демократиялық негізде зерттеу және сабақты зерделеп, оқыту сапасына әсер ете алады. LS жақындағанда оқушылар мен мұғалімдердің қателіктерін көруге, оларды қалай болдырмау және оқыту мен оқытудың сапасын арттыру керектігін түсінуге болады. Lesson Study-ға жоспарлау, оқыту, бақылау, оқыту мен оқытуды тал-дау, өз қорытындыларын құжаттай отырып, бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалім-дер жаңашылдықтар енгізе алады немесе педагогикалық тәсілдерді жетілдіре алады, олар содан кейін әріптестеріне ашық Lesson Study өткізу немесе олардың жұмысын сипаттай отырып құжатты жариялау арқылы тәжірибелерімен бөліседі.

Әріптестермен өз мектебімде жүргізіп жатқан Lesson Study тәжірибесімен бөліскім келеді. Мен биология пәні мұғалімімін, педагог-зерттеуші санатындағы педагогпын. Педагог үнемі ізденіс үстінде жүретін маман және динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал өз кәсіби дамуын үнемі дамытудың бірнеше түрлері бар, мен әріптестеріммен бірлесіп жүргізіп жүрген, педагог үшін де, оқушы үшін де тиімді жақтарын көрсетіп жатқан Lesson Study туралы айтқым келеді. Сабақты зерттеу тобын құру үшін мен сабақты зерттеуге қызығушылығы бар әріптестермен кездесіп, сұхбат өткіздім. Сұхбаттасқан әріптестерім- тарих пәні мұғалімі: Зинулина Гүлімай мен математика пәні мұғалімі: Сафиева Мира. Сұхбат барысында әріптестеріммен Lesson Study тобын құруға келістік және өзімізді толғандырып жүрген өзекті мәселені анықтау қажет болды. Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнында оқытуды жақсартудың бір тиімді тәсілінің бірі зерттеу тәсілі екені белгілі, біз мұғалімдер осы зерттеу тәсілдерінің түрлерін әр пән бойынша сабақта қолданып, тиімділігін анықтасақ деген шешімге келдік және « Сабақта 9 «б»-класс оқушыларының білім деңгейін арттыртуда зерттеу тәсілдерінің ықпалы қаншалықты тиімді?» деген зерттеу сұрағын алдық. Бұл класты нысанаға алу себебі, І тоқсан қорытындысы бойынша оқушы белсенділіктері төмен төмен болды. Мақсатымыз 1-ші жарты жылдық бойынша кластың белсенділігін бақылай отырып, оқушы белсенділігінің қалыптасқанына көз жеткізе алу болды. Сабақтың алдындағы кездесуде сабақты зерттеуші мұғалімдердің сабақ үстінде атқаратын қызметтері бөлініп берілді, сабақты бақылау парақтары таратыл-ды. Зерттеу сабақтары мұғалімге де оқушыларға пайдасы болды деп есептеймін, себебі: әр түрлі пән мұғалімдері бірлесіп, бір-бірінің сабақтарын талдап, ақыладасып, кеңесіп, бір-біріне ұсыныс айтып, ынтымақтасып жұмыс жасады. Бірігіп ақылдасу, кеңесу барысында өзара түсініспеушілік, кикілжің болмады, керісінше пән мұғалімдерінің бір-бірін қолдауы арта түсті, мұғалімдер арасында өзгеше жылы әріптестік, сенімділік қарым-қатынас орнады. Сабақты зерттеуге біріккен пән мұғалімдері бір-бірін қолдап, көмектесу, жәрдемдесу, әріптестік кеңесін беру байланыстары арта түскені байқалды. Байқағаным: әріптестер сабақтарын талдағанда айтылған ұсыныстарды ренішсіз қабылдап, ойын бөлісіп, жақсы жағымды ахуал орнағаны көрініп тұрды. Класс оқушылары да пән мұғалімдерінің бірлесіп, сабақтарға қатысып жүргендеріне таңданып қарайтын еді, қазір қалыпты жағдайда қабылдайды. Әр сабақ соңындағы талдауларда оқушылардың сыни тұрғыда дамуын жетілдіру, ойлау деңгейін жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары баса айтылып отырды. Бақылауға алынған А В С деңгейлі оқушылар үнемі назарда және бұл оқушылардың басқа пәндерден де сабаққа қатысымы пән мұғалімдерінен сұралып отырады. Өзгерістері бар ма, позитивті,негативті өзгерістер басым ба деген сауалдар жиі талқыланып отырады, бір қуантарлығы бұл оқушылардың даму бағытында, яғни прогрессті жолда екендігі қуантады. Сабақ соңында алынған кері байланыстарда осы оқушылардың пікірлеріне ерекше назар аудаып отырамыз. Жақында сынып оқушыларынан алынған сауалнама нәтижесі көңіл қуантады, көбі «соңғы кезде сабақ үлгерімің жасқарды ма?» деген сұраққа «иә» деп жауап берген, ал «жаңаша білім беру ұнай ма» деген сауалға да «иә» деп жауап берген оқушылардың басым болуы сабақ барысында жүргізіліп жатқан тиімді оқыту әдістерінің ұнағандығын көрсетеді. Әріптестер, оқушылар бойындағы өзгерістерді саралай келе сабақты зерттеу сабақтарының тиімділігіне тағы бір көз жеткізіп, әрі қарай да тұрақты түрде ,енді басқа пәндермен бірлесіп жүргізе беруді мақсат еттім. Бір қуантарлығы, өткізілген зерттеу сабақтарына жас мамандардың, өзге де пән мұғалімдерінің қатысуы, ой-пікірлерімен бөлісіп, сабаққа қызығушылық танытуы болды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!