"Lesson study": iс - әрекеттi зерттеуге
бағытталған кәсiби тәжiрибелер
Алматы қаласы Алатау
ауданы
№152
мектеп-гимназия
Бастауыш сынып
мұғалімі
Джумашова Мақпал
Болатбековна
Ғылым мен бiлiмнiң дамуына қызмет ету –елiмiздiң
болашағына қызмет ету. Жастарымыз басымдық беретiн межелердiң
қатарында бiлiм әрдайым бiрiншi орында тұруы шарт. Себебi,
құндылықтар жүйесiнде бiлiмдi бәрiнен биiк қоятын ұлт қана табысқа
жетедi» деген сөзi бүгiнде әрбiр ұстаздың жүрегiнде. Сондықтан,
қазiргi даму кезеңi бiлiм беру жүйесiнiң алдына конструктивтi бiлiм
беру теориясының мәселелерiн қойып отыр. Бүгiнгi заман талабы –
оқушының бiлiм, бiлiк дағдысын дамыту ғана емес, жеке тұлғаның өз
бетiнше бiлiм алуы арқылы дамуы, оның бойында iскерлiк
қарым-қатынасты нығайту болып
табылады.
Мұғалiмнiң кәсiби бiлiмiн жетiлдiрудiң ең бiр
тиiмдi тәсiлi бұл «Сабақты зерттеу». Сабақты зерттеу - мұғалiмдер
тәжiрибесi саласындағы бiлiм жетiлдiруге бағытталған ынтымақтастық
педагогикалық тәсiл. Сабақты зерттеу жоспарлау, оқыту, қадағалау,
оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды
бiрлесiп жүзеге асыратын мұғалiмдер тобынан
тұрады.
Сабақты зерттеу мұғалiмдердiң кәсiби бiлiктiлiгiн
көтерудiң, бiлiм жетiлдiрудiң, тәжiрибе алмасудың оңтайлы әдiсi
екендiгiне көзiмiз жеттi. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруi үшiн
зерттеу тобы бiрнеше сабақ өткiзiп, бақылап, зерттеп, соңында
тиiмдi тәсiлдi анықтау арқылы жетiстiкке
жетедi.
Қай кезде де мұғалiм мектептегi негiзi тұлға
болып қала бермек, себебi оқушы бiлiмдi өз бетiмен меңгеруi үшiн
оған жетекшiлiк қызмет атқаратын мұғалiм. Мұғалiм тек өз сабағында
өз шәкiрттерiн жетелеушi ғана емес, кәсiби құзiреттi, жан-жақты
бiлiмдi, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен
ой-мақсаттарын әрiптестерiнiң де санасына сәуледей сiңiрiп, ерiксiз
елiктiрiп, соңынан iлестiрiп көшбасшы бола алады. Сабақты зерттеу -
оқушыға саналы бiлiм берудi көздеген бiр мақсатқа жұмылған ұстаздар
шеберханасы десек артық айтқандық
емес.
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар,
мiнез деген нәрселермен озбақ» деген ұлы Абайдың сөзiн ұстаным
етiп, бүгiнгi жаһандану дәуiрiне озық бiлiммен қаруланған, биiк
парасатымен ерекшеленетiн, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып,
әлемдiк өзгерiстерде өзiн еркiн сезiнетiн дара тұлға қалыптастыруға
ықпал ететiн бiлiктi ұстазды бақытқа бастайтын жол тынбай, тер төге
еңбектенуiнде деген ойдамын.
«Сабақты зерттеу» тәсiлi – мұғалiмнiң кәсiби
шыңдалуына, оқыту мен оқу үдерiсiн жетiлдiруге және дамытуға,
әрiптестерiмен бiрлесе отырып ой бөлiсуге, алға жоспар жасауға
таптырмас қадам. Сабақты зерттеу оқушының деңгейiн, олардың жеткен
жетiстiгiн, оқуда көрсеткен нәтижелерi мен кездесетiн қиындықтарын
бiлу үшiн маңызды. «Сабақты зерттеу» - мұғалiм тәжiрибесiн жақсарту
арқылы бiлiмiн жетiлдiруге бағытталған педагогикалық тәсiл. ХIХ
ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда
бастау
алған бұл тәсiл қазiргi уақытта Шығыс Азияда,
Сингапурде, Ганконг пен Қытайда қолданылады. Қазақстан
Республикасының мектептерiнде де нәтижелi тәсiл белең алуда.
Енгiзiлiп жатқан жаңа әдiс-тәсiлдердi тәжiрибеде қолдана отырып,
оқыту үдерiсiне енгiзу маңызды мәселе болып отыр. Бұл бағытта № 152
мектеп-гимназиясында да атқарылып жатқан жұмыс көлемдi. «Сабақты
зерттеу» тәсiлi бойынша қазақ тiлiнен, бастауыш сыныптан және
физика, ағылшын тiлi, орыс тiлi, биология, информатикапәндерiнен
зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде. «Сабақты зерттеу» тәсiлi мектептiң
оқу-тәрбие жоспарына енгiзiлген. Жыл бойы өткiзiлетiн пән
онкүндiктерiн осы бағытта жүргiзу дәстүрге айналған. Ол бiздiң
ұстаздық еңбек жолындағы әрбiр ұстаздың мiндетi деп бiлемiн.
«Мұғалiм iсi сырттай қарапайым болғанмен тарихтағы ең ұлы iстiң
бiрi» деп К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалiм» атты киелi, қастерлi,
ұлы мамандықты алып жүру – үлкен жауапкершiлiк. Өзгелердi үйрете
жүрiп өздерi үйренетiн мұғалiмдер қазiргi кезде қойылып отырған
талапқа сай еңбек етудi өздерiнiң борышы
санайды