400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Lesson Study тиімді әдіс

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson Study әдісін сабақта тиімді пайдаланудың ерекшеліктеріне тоқталдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы

Түрксіб ауданы

76 жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Байгабылова Тамаша Ергабыловна


Lesson Study тиімді әдіс


Қазіргі уақыттағы басты мақсат: өз біліміңді шыңдау, дамыту. Өйткені білім үздіксіз дамып отырады. Сабағымызды әр күні жаңаша әдіс-тәсілмен өту ол біздің міндетіміз. Сол жаңаша әдіс - Lesson Study. Lesson Study дегеніміз мұғалімдердің іс-тәжірибесін ынтымақтастыққа бағытталған педагогикалық тәсілдің бір түрі. Оған оқу мен оқытуды талдау, жоспарлау, оқыту, өз қорытындыларын жасайтын, құжаттарды бірлесе отырып жазып, қорытынды шығаратын мұғалімдер тобын айтады. Lesson Study-дің барысын мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибелерінде түрлендіріп, жетілдіріп, таныстырылымын өткізіп, кейін баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson Study арқылы сабақты зерттеу мазмұны бойынша құнды ақпараттар береді. Мұғалімдердің тәжірибесінің жақсартуына көп ықпал тигізеді. Сондықтан мектебіміздің мұғалімдері Lesson Study әдісін пайдаланып, ерекшеліктерімен танысып, сабақтарына тиімді пайдалануда. Сабаққа қатысушы мұғалімдер басқа ұстаздардың сабақтарына қатысып, кемшіліктері мен олқылықтарына тоқталып, ұсыныстар айтумен шектелетін. Қазір мүлдем басқа. Lesson Study әдісі бойынша өздері таңдап алған зерттеу мәселесі бойынша оқушының оқу әрекеттерін зерттеп, қалай оқып, жаза алатынын бақылап, олармен сұхбат-әңгіме жүргізіп, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарына тоқталады. Сабақты талдау барысында сол оқушыны дерек ретінде алып, сабақты жақсартуға қолданады. Мысалы өзім өткізген математика сабағында Кенжебаева Айгерімнің 1 «А» сынып оқушысы Таласбаев Санжарды сабақ бойы зерттеп, сол оқушының қиындықтарына тоқталдық. Болашақта оқудың тиімді әдістерін шешудің жолдарын бірге қарастырдық. Егер мұғалім шешімді дұрыс қабылдаса олардың кәсібіи әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылады. Нәтижесінде мұғалімдердің тұрақты түрде кәсіби шеберліктерін дамытуға, ынталандыруға, ұжымдағы ынтымақтастықты дамытуға зор үлесін қосады. Қазір көптеген мұғалімдер өз жұмыстарында осы әдістерді пайдалана бастады. Бұл топтағы білім берушілер өздерін-өздері басқарып, өздерін әлеуметтік тұрғыда дамытатын орта қалыптастыра алды. Нәтиежесінде сабақ жоспарын жасап, дайындалатын мұғалім де, сабаққа қатысатын мұғалім де мәдениеті өзгеріп, проблеманы шешудің барлық жолдарын қарастырады. Мұғалімдер сабақ жоспарын бірлесе жасап, сабақты тиімді әдіс-тәсілді пайдаланудың жолдарын, оқытудың тиімді жақтарын бірлесіп шешеді. Бұл-үлкен жеңіс! Өйткені проблеманы бірге шешіп, ынталы болып, кәсіби біліктерін үнемі дамытып отырады.

Қорытындылай келе мұғалім білім мекемесінің негізгі тұлғасы десек, оқушыға өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік етеді. Өз шәкірттерімен қатар, басқа адамға да, жан-жақты, білімді, заман ағымына сай, шығармашыл ұстаз болып, ой-мақстаттарын айқын жеткізетін көшбасшыға айналады. Lesson Study- оқушыларға білім беруде шығармашылықпен айналыса отырып, көздеген мақсатына жететін ұстазддар шеберханасы деп айтуға болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2024
126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі