Материалдар / Lesson Study зерттеу сабағын тиімді жоспарлау және өткізу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Lesson Study зерттеу сабағын тиімді жоспарлау және өткізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson Study зерттеу сабағын тиімді жоспарлау және өткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
697
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Lesson Study зерттеу сабағын тиімді жоспарлау және өткізу

Елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін мектеп табалдырығынан бастап-ақ білім мен ғылымды ықпалдастырып, ғылыми ойлау қабілетін дамыту қажет. Бұл үшін мектептегі зерттеушілік және инновациялық қызметтің ауқымын кеңейту керек. Сол үшін бүгінгі таңда оқушылармен жұмыс жасау барасында әр оқушы бойында өзіне тән құпияға толы қасиетке ие екенін мойындамасқа болмас. Өйткені баланың қабылдау процестерін, ойлау дағдысын, метатанымдық сананы дамытуға, оқу дағдыларын дамыту барысында алған білімін ұзақ деңгейде есіне сақтап, өмірде қолдана білуіне мүмкіндік алады. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді.

Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.

Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды.



Оқыту процесін жүйелі түрде мұғалім жүзеге асырады. Сондықтан мен өз зерттеу жұмысымның тақырыбын: «Биология сабағында оқушылардың функциональдық сауаттылығын қалыптастырудағы Lesson Study – дің рөлі» тақырыбы аясында біз өз мектебіміздің 8 «Е» сыныбын зерттеуге ала отырып өз жұмысымызды әдеттегі сабақтарға қарағанда, оқушылардың білім алғандығын анағұрлым анық түсінгендігін, оқушылардың әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көру осы тақырып аясынды жұмыс бастадық. Негізгі мақсатымыз: белсенді стратегияларды қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Мектебіміздің жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізуді қолдайтын бір топ мұғалімдерді іріктеп алдық. Бұл топтың құрамына басшылық өкілі мен тәжірибесі бар зерттеуші мұғалімдеріміз қатысса, Lesson Study тиімді болады деп ойладым. Күтілетін нәтижелерді анықтап, сынып оқушылары өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім тудырмай, негізгі ережелерді сақтай отырып топ мүшелерімен кішігірім мәжіліс өткіздік. Lesson Study барысында топтың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушы ретінде мәртебесі тең болады. Lesson Study- ді өз сабағымызда тәжірибе жүзінде қолдану барысында 5 кезеңмен жұмыс жасадық.

1-кезең: Мектеп басшысы жүзеге асыратын дайындық. Мектеп басшысы көмегімен зерттеу тобының мүшелерін анықтап, тиімді уақытқа кестеге сай жұмыс жасауға жағдай жасалды. Зерттеу тобы ашық сабақ өткізу және сабақ жоспарын талқылау кестесін жасадық. Ашық сабақ өткізіліп жатқан күні кесте бақылаушылар үшін қатынау уақыты көрсетілді. Зерттеу тобының мүшелері:

  1. Ерімбетова Гулнар орыс тілі пән мұғалімі

  2. Шыршыкбекова Толқын қазақ тілі мұғалімі

  3. Бегімбет Бағдаулет география пән мұғалімі

  4. Мектеп психологы Медеуова Динара



Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1







2



биология




3







4

биология






5







6







Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 8 «Е» сыныбын алдық. Себебі, ол сыныпта бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа көшкенде әртүрлі мұғалімдерге бейімделуінде қиындықтар болды. Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша

  1. Қазақ тілі

  2. Биология

  3. География

  4. Орыс тілі пәндері деп ұйғардық.

2-Қадам - осы сыныптағы проблеманы анықтау үшін осы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері бірігіп, оқушылардың сабақ барысындағы түрлі кедергілерін анықтау мақсатында Лессон Стади бұрышын жазып алдық. Барлық пән мұғалімдерінің сынып бойынша проблемаларынан зерттеу тобы ортақ проблеманы анықтап шешімге келдік. Ортақ негізгі проблемамыз: « оқушылардың қабылдау процестерін, ойлау дағдыларын, метатанымды сананы дамыту және оқу дағдыларын қалыптастыру» - деп алдық.

3-Қадам: Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және психолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы. Мен өзімнің биология пәнімдегі А,В,С деңгейдегі оқушыларғы мына оқушыларды алдым.

А- деңгей:

В- деңгей:

С – деңгей:

Сынып жетекші мен психолог мамандардың көмегімен 8 «Е» сынып оқушыларының қабылдау процестері мен оқылым дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама құрастырылып алынды. Сауалнама қорытындысында: Кітап оқисың ба? деген сұраққа 24 оқушының 14- і ешқашан деп, мәтінді қанша рет оқығанда түсінесің? дегенде 10 оқушы 3 реттен көп деп, үй тапсырмасын орындауда 10 оқушы үлкендердің көмегіне сүйенетінін байқадық. Ойлау дағдысы бойынша логикалық тапсырмалар берілді нәтижесі төмендегідей деңгейде берілді. Демек, оқушылардың мәтінді оқу дағдысының қалыптасуына ықпал ету керек екенін түсіндік.


«Lesson Study» іс-әрекетті зерттеу бойынша «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқытудың тиімділігін арттыру» мақсатында биология пәнінен ІІІ тоқсанда өткізілетін сабақ кестесі

пәні

Сабақтың тақырыбы

мерзімі

сыныбы

Жауапты мұғалім

1

Биология

Терінің құрылысы

10.03.2022

8


2

Биология

Адамның қаңқа құрылысы

12.03.22022

8


3

Биология

Сүйектің байланыс түрлері

16.032022

8


Осы тақырыптар аясында тізбектелген үш сабағымды жүргіздім. Сабағымның жоспарын оқушылардың танымдық, ойлау дағдыларына қарай тапсырмалар ұйымдастырып алдым.

Сабақтың тақырыбы: Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

Бөлім:

8.3А Бөліп шығару

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: