Материалдар / «Логика қайда?» интеллектуалды-танымдық ойыны 8-9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Логика қайда?» интеллектуалды-танымдық ойыны 8-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Логика қайда?» интеллектуалды-танымдық ойыны жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, суреттер арқылы жасырылған сұрақ тапсырмаларын орындау, логикалық ой - өрісін кеңінен дамыту, білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйретуге арналған сайыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
2184
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Логика қайда?» интеллектуалды-танымдық ойыны
Мақсаты: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, суреттер арқылы жасырылған сұрақ тапсырмаларын орындау, логикалық ой - өрісін кеңінен дамыту, білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.
Көрнекілігі: презентация, плакаттар, шарлар, зертханалық құрал - жабдықтар, реактивтер, химиялық формулалар

Мұғалім:
Біліммен ашасың жол ғылымға,
От боп лаула, су боп кейде құйыл да.
Домалақ жер, аспан көгі, өзен де,
Айтылыпты ақындардың жырында.

Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,
Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.
Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылыс,
Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға.

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! 18 - 9 сынып оқушылары арасында өткізіліп отырған «Логика қайда?» интеллектуалды - танымдық ойынына қош келдіңіздер!
Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім –кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

1. Солтанов Ильхан 8-сынып оқушысы

2. Жұмағалиев Нұрболат 8-сынып оқушысы

3. Дүзбас Ақниет 9-сынып оқушысы

4. Оспан Данияр 9-сынып оқушысы


Енді оқушыларды 2 топқа бөлеміз. «Алтын Au» және «Күміс Ag» суреттерін таңдау арқылы 2 оқушыдан 2 топ құралады.

Жоспармен таныстырып өтейін:

I тур. «Ортақ белгісін тап!»

II тур. «Жасырын материалдар»

III тур «Ортақ формула»

IV тур «Химоребус»

Финал «Қай зат жетіспейді?»

«Логика өнері – адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал»

Әбу Насыр Әл-Фараби

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастайық.

I тур. «Ортақ белгісін тап!»

Ойын шарты: үш түрлі сурет көрсетіледі, сол суреттер бойынша химияға қатысты ортақ бір зат атауын табуларыңыз тиіс. Әрбір дұрыс тапқан жауапқа 1 ұпай беріледі.

1Shape1 тапсырма: шағала, су перісі, жасуша СУ

2Shape2 тапсырма: алма, эритроцит, шеге ТЕМІР

3Shape3 тапсырма: ауа, күкірт+темір, лай су ҚОСПА

4Shape4 тапсырма: балон, жапырақ, өкпе ОТТЕГІ

5Shape5 тапсырма: молекула, озонатор, озон қабығы ОЗОН

Тағы келді сыналар  шақ  айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр,
«Жасырын материалдар» кезегі де келіп тұр.

I I тур. «Жасырын материалдар»

Ойын шарты: атақты ғалымның суреті көрсетіледі. Сол ғалымның аты-жөнін табыңыз. Егер жауабын табу қиындыққа соғатын болса үш жеңілдік (подсказка) беруге болады. Әрбір дұрыс тапқан жауапқа 1 ұпай беріледі.

1 тапсырма:

  • Ағылшын ғалымы;

  • Атом құрылысы тақырыбында есімі аталған ғалым;

  • 1911 жылы атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды;

Жауабы: Эрнест Резерфорд.

2 тапсырма:

  • Швед ғалымы;

  • Электролиттер және бейэлектролиттер тақырыбында есімі аталған ғалым;

  • 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын ұсынды;

Жауабы: Сванте Аррениус.

3 тапсырма:

  • ҚазКСР Ғылым академиясының академигі ;

  • Тыңайтқыштар жайлы қымқаша мәліметтер тақырыбында есімі аталған ғалым;

  • Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады;

Жауабы: Әбікен Бектұрұлы Бектұров.

4 тапсырма:

  • Орыс ғалымы, Ресей ғылым академиясының академигі;

  • Металдардың химиялық қасиеттері тақырыбында есімі аталған ғалым

  • 1865 жылы металдардың белсенділік қатарын ұсынды және бұл қатарға сутекті енгізді;

Жауабы: Николай Николаевич Бекетов

5 тапсырма:

  • Ғылымның әр-түрлі салалары бойынша: химиядан, физикадан, метеорологиядан, ауыл шаруашылығынан, педагогикадан т.б 400-ден астам еңбек жазған ұлы орыс ғалымы;

  • 1869 жылы тұжырымдамасы былайша болды: салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері периодты түрде өзгереді

  • Химиялық элементтердің периодттық жүйесін жасады

Жауабы: Дмитрий Иванович Менделеев

Жүргізуші: Есепте бар массада, 
Шығады ол сасса да 
Жауабын сен табасың, 
Қарамайсың басқаға. 
Формуланы табуға, 
Үлесші дұрыс тануға. 
Талабыңды көрсетші 
Ойың бар ма тануға деп сайысымыздың 3 турын бастаймыз.

3-тур

«Ортақ формула»

Ойын шарты: бірнеше суреттер көрсетіледі. Солсуреттер бойынша ортақ бір формула табуларыңыз тиіс. Әрбір дұрыс тапқан жауапқа 1 ұпай беріледі.

1.Шам+ Медициналық спирт (этил спирті) =Спирт шамы

2. Na+ Белизна = Тұз

3. Химик+ Кабинет = Химия кабинеті

4. 32 кг Торай+ 64 кг Торай+ 96 кг Торай = Изотоптар

5. мыс сымы+белизнамыс хлориді

Тағы келді сыналар  шақ  айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып.
Кім шешеді,сол сайыста ұтып тұр,
Ребус шешер кезегі де келіп тұр.

4- тур

«Химоребус»

Берілген 3 сурет бойынша химиялық процесті немесе заңдылықты табу керек. Әрбір дұрыс тапқан жауапқа 1 ұпай беріледі.



  1. Магнит, шеге, шырпы (әркелкі қоспаны бір-бірнен ажырату)

  2. Көмір, төрт саусақ, ағза (органикалық химия)

  3. Найзағай, теңіз, ассоцияция диссоцияция (электрлттік диссоциациялану механизмі)

  4. Градусник 0, барометр, шкала (атмосфералық қысым)

  5. Егіздер, спиртовка, оттек газын сақтайтын баллон (Оксид)

5 тур

Қай зат жетіспейді?

Тіршіліктің көзі болған жерінде,
Химиялық элементтер елінде.
Жиын болды мерекелік бас қосқан,
Жаратылыстану апталығы төрінде - деп, келесі сайысымыздың 5 кезеңі «Қай зат жетіспейді?» деп аталады. Интербелсенді тақтадағы суретке мұқият қарап, қай зат немесе не жетіспейтінін табуларыңыз тиіс. Әрбір дұрыс тапқан жауапқа 1 ұпай беріледі.



 Білім деген биік шың,
        Бақытқа оны жеткізер.
        Білім деген ақылшың,
        Қиындықтан өткізер.
        Жастықтың оты қайдасың?
        Жүректі түртіп қозғамай.
        Ғылымның біліп пайдасын,
        Дүниенің көркін болжамай - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін ұстаздарға береміз.










































Аманкелді негізгі мектебі







«Логика қайда?»
(интеллектуалды-танымдық ойыны)
8 - 9 класс





Химия, биология пәні мұғалімі:

Кенесова Г.М.







2017 - 2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!