Қ
Қ.Сәтпаев атындағы №12 жалпы
орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Сыныптан тыс
сабақ
Тақырыбы: Логикалық
есептер
Сыныбы: 9
сыныптар
Ұйымдастырған :
Алсейтова М
2016-2017 оқу
жылы
Түркістан
.Сәтпаев атындағы №12 жалпы
орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Сыныптан тыс
сабақ
Тақырыбы: Логикалық
есептер
Логикалық есептер
сайысы
9
сыныптар
Сабақтың
мақсаттары:
Білімділік:Өткен материалды еске түсіру
арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын
арттыру.
Дамытушылық:Ұйымдастырушылық,жетістіктерге
жету қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,нақты
бір пәнге деген қызығушылығын дамытып, өзін-өзі тәрбиелеуге
баулу.
Сабақ
түрі: Сайыс
сабағы
Мақсаты: Логикалық есептерді шығара
білу;
шығармашылық қабілеттерін
дамыту;
ынтымақтастыққа
тәрбиелеу;
Оқушылардың ой-өрісін
кеңейту,логикалық ойлауын дамыту;
Есептеу дағдыларын
жетілдіру;
Математикалық тілде
сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу;
Пәнаралық
байланыс:Математика,қазақ
әдебиеті,сызу;
Әр адамның бойындағы туғаннан
пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының
табиғи қасиеттерін, математикалық білімін тереңдету үшін оқытуды
жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының
дамуына негізін салу болып табылады.
Миды жаттықтыру үшін адамға
математиканы үйрену, есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын
басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің өміріміздегенің бәрі
бір – бірімен өзара байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен
бөліп зерттеуге болмайды.
Математиканың басқа
ғылымдармен байланысын анықтайық. Оның химиямен, физикамен, биологиямен,
информатикамен тығыз байланыстылығына дау жоқ. Ал тарихпен ше?
Тарих толығымен даталардан және оған сәйкес оқиғалардан тұрады.
Оларды есте сақтау үшін ойлау қабілеті немесе оқиғалардың логикалық
тізбегін қадағалай білу қажет.Географиямен байланысына келсек,
қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар
есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті
деректерді алуға болады.Әдебиетпен байланысы: көз алдымыздағы
логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіреді. Егер ол
шығарманың авторын аса жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын
білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғалармен логикалық түрде
ұштастыра алады.Мұндай логикалық ойлауды логикалық және
математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек. Логика дегеніміз
– спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек.
Математика пәні ең бірінші
оқушылардың қызығушылығын туғызуды талап етеді. Логикалық
тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың
танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Математиканы оқып –
үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы
шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет.Сондықтан,
«Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан
өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай
десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп
отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады.
Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл – сана сол үшін
берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге
жету үшін табиғатты бүкіл білімді пайдалана білуіміз
керек.
Сабақтың
бөлімдері:
• 1-ші бөлім. Қызықты жұмбақ
есептерді шешу.
• 2-ші бөлім. Сиқырлы
мозайка.Кестедегі әріптерден сөздерді
табу.
• 3-ші бөлім. Адасқан әріптерді
табу.
• 4-ші бөлім. Ойымды жалғастыр.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
• 5-ші бөлім. Логикалық есептер.
Шығармашылық тапсырма.
1-ші бөлім. Қызықты жұмбақ
есептерді шешу.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай
(1асық)
-
7 майшам жанып тұр, 4-уін
сөндірсек неше майшам қалады?(4)
-
Алманың жартысы неге ұқсайды?
(өзінің жартысына)
-
Үш сызықтан пайда болған
фигура?(үшбұрыш)
-
1/10 санының кері саны?
(10)
-
Бес жарым таяқтың неше ұшы
бар?(12)
-
у=х3 функциясының графигі. (кубтық
парабола)
-
Жарты түзу. (сәуле)
-
Қай
ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
-
Тік
бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
-
225
нешенің квадраты (15)
-
Бір
шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге
сатып алуға болады. (200)
-
Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
-
у=х2 функциясының графигі. (
парабола)
-
Шеңбер сызуға арналған құрал
(циркуль)
-
Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті
ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
-
Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін
бөлімі (планиметрия)
-
Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір
қоян торда қалды. Неге?
-
Көпбұрыштың
барлық қабырғаларының қосындысы
(периметр)
-
Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш
(жазыңқы)
-
86
санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
-
Ең
үлкен хорда. (диаметр)
2-ші бөлім. Сиқырлы
мозайка.Кестадегі әріптерден сөздерді
табу.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай
(1асық)
3-ші бөлім. Адасқан
әріптерді табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай
(1асық)
1. апрцетяи
-трапеция
2. еңшреб –
шеңбер
3.
еомгтоитя-гомотетия
1. шұбршүы -
үшбұрыш
2.
трұбышрөт-төртбұрыш
3.тоглаоьрон-ортогональ
1. рвадкат –
квадрат
2.ирнцилд-цилиндр
3.тикстатаис-статистика
4-ші бөлім. Ойымды
жалғастыр. Мақал-мәтелдердің жалғасын
табу.
Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай
(1асық)
1.Жеті жұрттың тілін
біл, …………………….( жеті түрлі білім іл)
2.Білікті бірді жығар,
……………………….(білімді мыңды жығар)
3.Екі жақсы қас болмас,
………………………(екі жаман дос болмас)
4.Досыңды үш күн сынама,
………………………(үш жыл сына)
5.Бір елі ауызға-
…………………….(екі елі қақпақ)
6.Жүз сомың болғанша,
…………………(жүз досың болсын)
7.Отыз тістен шыққан
сөз, ……………………..(отыз елге тарайды)
8.Білгенің бір тоғыз,
…………………..(білмегенің тоқсан тоғыз)
9.Бір кісі қазған
құдықтан, ………………….(мың кісі су ішеді)
10.Алты жасар бала
келсе, ……………….(алпыстаға қария келіп сәлем берер) * 11.Білгенің бір
тоғыз,.................................(Білмегенің тоқсан
тоғыз)
12.Батыр бір рет
өледі,.................................(Қорқақ мың рет
өледі)
13.Екі
аяқтыда құрдас тату,..................................(Төрт аяқтыда
бота тату)
14.Жалғыз ағаш үй
болмас,...................................(Жалғыз жігіт би
болмас)
15.Ақылсыз достан мың
сақтан......................(Ақылсыз дұшпаннан жүз
сақтан)
5-ші бөлім. Логикалық
есептер. Шығармашылық тапсырма. Сұрақты оқушылар келесі
топқа қойып, жауаптарын тексереді. Әр топ 5 логикалық есеп. Әрбір
дұрыс жауапқа 10 ұпай (1асық).
6-шы бөлім. Ең көп
логикалық есеп жинаған сынып .
(30 ұпай 3 асық, 20 ұпай 2
асық,10 ұпай 1 асық).
Әр топтың жинаған ұпайларын
жинап, есептеп жеңімпаз топты, яғни, жеңімпаз сыныпты
анықтау,марапаттау.
Бүгінгі кеш талай шабыт
шыңдады
Кеш қызығын талай адам
тыңдады
Тәрбиелер тәлімі мол
әсерді.
Болса егер көңіл жақын
таңдады.
Көңіл бөліп бұл
кешке
Келгендерге көп рахмет!- дей
отырып, бүгінгі сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз. Қош сау
болыңыздар!
Математика пәні мұғалім:
Алсеитова Маржан Дүтбайқызы