Басы
|
Математика
сабағы.
-Біздің бүгінгі сабағымыз
жарыс түрінде өтеді. Жарыс болғандықтан топқа бөлініп
алайық.
Топқа
бөлу.
І-ІІ-ІІІ-ІҮ топ. Топ басшысын
сайлау. Топ басшысына тапсырма (топ жұмысын бағалау кестесі)
беремін. Әр топтан бір оқушыға (өзін-өзі бағалау парағы) тапсырма
беремін.
Психологиялық
ахуал.
Сабағымызды бастамас бұрын
бір-бірімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, нұрлы жүзімізбен
«сәттілік тілеймін» деген сөзді айтайық. Енді әр топ сабаққа дайын
екенін білдірсін.
-І-топ сабаққа дайынбыз ба?
Қалай көрсетеміз?
-Біз 1 сынып оқушылары
математика әлемінде саяхатта жүрміз. Біздің әрқашан қасымыздан
табылатын достарымыз бар.
-Олар кімдер? Сіздер
білесіздер ме?
-Әрине, Сызғыш, Өшіргіш,
Циркуль. Олар бүгін де бізбен бірге. Сіздерге арнап тапсырмаларын
да алып келді.
Алдымен сызғыш құрбымыздың
тапсырмасын орындап көрейік. Сонымен 1
тапсырма.
Ой
қозғау.
Шарты: барлық топ мүшелері
қатысады. Мен сұрақтарды оқимын, бірінші болып қолын көтерген оқушы
жауап береді. Әр топтан бір ғана жауап қабылданады. Егер жауап
дұрыс болмаса келесі топ мүшелері мүмкіндік
алады.
Топ ережесін
сақтайық!
-
Екі тышқанның неше құлағы бар?
(4)
-
Екі қонжықтың неше табаны бар?
(8)
-
Құстар өзен үстінде ұшып жүр:
кептер шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық.
Құстар нешеу? (5)
-
Кіреберісте 6 аяқкиім тұр.
Бөлмеде неше бала ойнап жүр?(3)
-
2 саршымшық, 2 сұр қарлығыш, 2
сужылан ұшып жүр. Барлығы неше құс ұшып жүр?
(4)
-
Тәрелкеде 3 сәбіз бен төрт
алма бар, тәрелкеде неше жеміс бар?
(4)
-
Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу
үшін неше рет қию керек? (4)
-
Атызда 5 сауысқан отыр. Оларға
тағы 3-еуі ұшып келді. Мысық жасырынып келіп, бір сауысқанды ұстап
алды. Атызда неше сауысқан қалды?
(1)
-
Алмұрт ағашында 10 алмұрт
өсті, ал ақ талда одан 2 алмұрт кем. Ақ талда неше алмұрт өсті?
(0)
-
Бұтақта 4 қарға отыр. Аңшы
келіп біреуін атып
өлтірді. Қанша қарға қалды? (1)
-
Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24
сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
(жоқ)
-
Марат кешкі
сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға
қойды. Ол неше сағат ұйықтады?(11)
-
Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
(сейсенбі)
-
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12
тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
(12)
-
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың
ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу
керек? (8)
-
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр.
Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
(алмұрт)
-
Бір айда 5 жексенбі бола ма?
(болады)
-
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса
неше кг болады? (200 кг)
-
Ақтөс деген ит күшіктеді. Балаларының біреуі
қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше күшігі бар?
(3)
-
Әжейдің Гүлназ деген немересі, Марғау деген
мысығы, Ақтөс деген иті бар. Әжейдің неше немересі бар?
(1)
-
Біз қандай тапсырма
орындадық?
-
Логикалық есептер дегеніміз
не?
-
Логикалық есептер дегеніміз
әртүрлі әдіс тәсілдерді қолданып шешуге болатын
тапсырмалар.
-
Сонымен бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы не деп ойлайсыздар?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
таныстырамын.
|
1
слайд
2
слайд
|
|