Материалдар / Логикалық тапсырмалар жоғары сынып оқушыларына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логикалық тапсырмалар жоғары сынып оқушыларына

Материал туралы қысқаша түсінік
Логикалық тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: математика

Логикалық есептер шығарамыз

Мектеп №15


Күні: 29.04.17.

Мұғалімнің аты-жөні: Курманбаева Р.М.


СЫНЫП: 1 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Оқу мақсаттары

1.4.2.2 сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығару



Бағалау критериилері:

1. Сәйкестік пен ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады.

2. Тұжырымдардың ақиқат немесе ақиқат еместігін анықтайды.


Ойлау деңгейлері:

Білу

Түсіну

Қолдану



Тілдік мақсат:


Логикалық тапсырмалар оқушылардың талқылай білу, қорытынды жасай білу дағдыларын дамытады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Логикалық есеп, сызба, кесте жол, баған


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Логикалық есептерді шығару үшін нені орындау қажет?

  • Есептің шартын жақсы көрсету үшін нені қолдандыңыздар?

  • Ол не үшін керек?


  • Кестемен қандай есептерді шығарған қолайлы


ишара:    бағдаршам


Алдыңғы оқу:

Кестенің көмегімен есеп шығару


Жоспар


Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс-тар

Дерек-көздер

Басы


Математика сабағы.

-Біздің бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Жарыс болғандықтан топқа бөлініп алайық.

Топқа бөлу.

І-ІІ-ІІІ-ІҮ топ. Топ басшысын сайлау. Топ басшысына тапсырма (топ жұмысын бағалау кестесі) беремін. Әр топтан бір оқушыға (өзін-өзі бағалау парағы) тапсырма беремін.

Психологиялық ахуал.

Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, нұрлы жүзімізбен «сәттілік тілеймін» деген сөзді айтайық. Енді әр топ сабаққа дайын екенін білдірсін.

-І-топ сабаққа дайынбыз ба? Қалай көрсетеміз?

-Біз 1 сынып оқушылары математика әлемінде саяхатта жүрміз. Біздің әрқашан қасымыздан табылатын достарымыз бар.

-Олар кімдер? Сіздер білесіздер ме?

-Әрине, Сызғыш, Өшіргіш, Циркуль. Олар бүгін де бізбен бірге. Сіздерге арнап тапсырмаларын да алып келді.

Алдымен сызғыш құрбымыздың тапсырмасын орындап көрейік. Сонымен 1 тапсырма.

Ой қозғау.

Шарты: барлық топ мүшелері қатысады. Мен сұрақтарды оқимын, бірінші болып қолын көтерген оқушы жауап береді. Әр топтан бір ғана жауап қабылданады. Егер жауап дұрыс болмаса келесі топ мүшелері мүмкіндік алады.

Топ ережесін сақтайық!

  1. Екі тышқанның неше құлағы бар? (4)

  2. Екі қонжықтың неше табаны бар? (8)

  3. Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық. Құстар нешеу? (5)

  4. Кіреберісте 6 аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр?(3)

  5. 2 саршымшық, 2 сұр қарлығыш, 2 сужылан ұшып жүр. Барлығы неше құс ұшып жүр? (4)

  6. Тәрелкеде 3 сәбіз бен төрт алма бар, тәрелкеде неше жеміс бар? (4)

  7. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4)

  8. Атызда 5 сауысқан отыр. Оларға тағы 3-еуі ұшып келді. Мысық жасырынып келіп, бір сауысқанды ұстап алды. Атызда неше сауысқан қалды? (1)

  9. Алмұрт ағашында 10 алмұрт өсті, ал ақ талда одан 2 алмұрт кем. Ақ талда неше алмұрт өсті? (0)

  10. Бұтақта 4 қарға отыр. Аңшы келіп біреуін атып
    өлтірді.
     Қанша қарға қалды? (1)

  11. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)

  12. Марат кешкі сағат 10 - да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?(11)

  13. Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді? (сейсенбі)

  14. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (12)

  15. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8)

  16. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? (алмұрт)

  17. Бір айда 5 жексенбі бола ма? (болады)

  18. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? (200 кг)

  19. Ақтөс деген ит күшіктеді. Балаларының біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше күшігі бар? (3)

  20. Әжейдің Гүлназ деген немересі, Марғау деген мысығы, Ақтөс деген иті бар. Әжейдің неше немересі бар? (1)

  • Біз қандай тапсырма орындадық?

  • Логикалық есептер дегеніміз не?

  • Логикалық есептер дегеніміз әртүрлі әдіс тәсілдерді қолданып шешуге болатын тапсырмалар.

  • Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.

1 слайд




































































2 слайд


Ортасы


Өшіргіш досымыздың тапсырмалары.

4 топқа тапсырма беріледі.

1-топ. «Күшіктер»

1-2-3 үйшікте ақ, қара, және сары күшіктер тұрады. Бірінші мен екінші үйшіктегі күшіктер қара емес. Ақ күшік бірінші үйшікте тұрмайды. Күшіктер қандай үйшіктерде тұрады.

Жауабы: қара күшік №3 үйшікте, ақ күшік №2 үйшікте, сары күшік №1 үйшікте тұрады. (сызба арқылы шығаруға болады)

2-топ. «Фигура жинау»

Тангарм беріледі. Оны қиып, жануарларды бейнелеп жапсырады. (4 жануар)

Қалай жасағандары туралы түсіндіріп береді.

3-топ. «Фигураларды кестеге орналастыр»

Кестесі бар қағазға фигураларды жапсырады.

Бұл тапсырмада жазуға немесе елестетуге қиындық тудыратын логикалық есептерді кесте арқылы шығаратындығы туралы айту керек.

4-топ. «Шаршы».

Сіріңке шилерінен мыны суретті құрастырыңыз (шаршы). 4 шиді ауыстыру арқылы 3 шаршы шығарыңыз.








3 слайд




4 слайд





5 слайд


6 слайд


Бағалау критериилері:

1.логикалық есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару керектігін түсінеді

Дескриптор:

  1. Логикалық есептерді шығарып үйренеді




Циркуль досымыздың тапсырмасы

«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»

Доппен ойын 20-ға дейінгі сандардың қосу және азайту амалдарын ауызша орындау.



Соңы


Бағалау

Топ басшысы топтық жұмысты бағалайды


Кері байланыс

«Тілек шамы»

Әр оқушы бір-біріне «Тілек шамын» беру арқылы тілектерін айтады.

7 слайд

8 слайд


Қосымша мəліметтер оқулықтан тыс




Саралау

Бағалау

Конфет жапсырылған

жүрекшелермен

Пəнаралық байланыс


Рефлексия

Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне

неге?



Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.

Бүгін оқушылар логикалық есептерді шығару туралы толық мағлұмат алды.

Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты.

Тапсырмалар сәйкес болды.

Уақытты тиімді пайдаландым.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз;

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалы тигізер еді?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.

2.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!