Материалдар / Лудоманияға тәуелділіктің қалыптасуының психологиялық және физиологиялық аспектілері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лудоманияға тәуелділіктің қалыптасуының психологиялық және физиологиялық аспектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада лудоманияға тәуелділіктің қалыптасуының психологиялық және физиологиялық аспектілері қарастырылған. Сонымен қатар, лудоманияның елімізде таралу жиілігін анықтау, оның таралу себептері мен салдарын зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәселені шешу жолдарын ұсыну жұмыстары қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Тамыз 2022
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘӨЖ 159.972

ОЙЫНМАНИЯҒА (ЛУДОМАНИЯ) ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЫМЕН)

Таштемирова З. Э., Сабирова К. А

1-курс магистранттары

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.


Түйіндеме

Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның жетекші және күрделі мәселелерінің бірі болып табылады, оның негізінде психоәлеуметтік мәселелер жатыр. Елімізде қоғам арасында құмар ойындарына деген тәуелділіктің жоғарылауы осы мәселені ашуды талап етіп отыр.

Бұл мақалада тәуелділіктен қалыптасқан зиянды ойындардың психологияға кері әсері, ауытқуға ұшырататыны, психопатияға душар ететіні, аддиктивті мінез тудыратыны зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталған. Зерттеу жұмыстары барысында зерттеудің алғышарттары ретінде лудоманияның психологиялық және физиологиялық үлгідегі салдары қарастырылған. Мақалада құмар ойындарының әлем елдері мен өз еліміздегі таралу көрсеткіші жайлы статстикалық деректер қамтылған.

Тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде зерттеудің эмпирикалық әдістері: интервью әдісі, түсіндірме жұмыстары мен салыстыру әдістері қолданылған. Зерттеу жұмысына қажетті мәліметтер статистикалық әдіс арқылы алынды.

Зерттеулер нәтижесінде ойынманияның адам психологиясы мен қалыпты өмір салтына тигізетін зияны мен мінез-құлқындағы өзгерістері, алдын-алу шаралары қабылданды. Тақырып аясында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, анализ жасалынды, нәтижесі анықталды. Интервью әдісі арқылы респонденттің психо-физиологиялық күй жағдайы анықталды. Зерттеу салыстырмалы-диагностикалық жұмыстар жасалынды, тақырып аясында әлемдік және отандық ойынманияға байланысты ғалымдардың озық тәжірибелері зерттеліп, нәтижелері адамдардың құмар ойындарына деген тәуелділіктің жоғары екендігін көрсетті.

Ғылыми зерттеу нәтижелері болашақта орта білім беру мекемелерінде, ЖОО-дары мен колледждерде тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде, семинар сабақтар мен практикалық жұмыстарды ұйымдастыру барысында қосымша анықтамалық құрал ретінде қолдануға болады.


Аннотация

Annotation

Кілттік сөздер: лудомания, құмар ойындар, гэмблинг, психопатия, аддиктивті мінез-құлық, ойынға тәуелділік, виртуалды әлем

Ключевые слова: лудомания, азартные игры, гэмблинг, психопатия, аддиктивное поведение, зависимость к играм, виртуальный мир

Key words: ludomania, games of chance, gambling, psychopathy, addictive behavior, gambling addiction, virtual world

Адамзат баласы ерте кезден-ақ белгілі бір затқа тәуелді болған. Адам ауа, күнделікті азық, су сияқты қажеттіліктерден туындайтын дүниелерге тәуелді болады.Бұл қажеттіліктерден туындаған тәуелділік адам үшін өте маңызды әрі емдеуді қажет етпейді. Қоғамның дамуы мен іргелі қадам басуына байланысты тәуелділіктің адамзатқа тәуелді емес түрлері де көбейе түсуде. Тәуелділік қажеттіліктен туындайды, уақыт өте келе әдетке айналады, адамның іс-әрекет формасы мен бағытын өзгертеді.

Психологтардың жүргізген психологиялық-статистикалық жұмыстарының нәтижесі бойынша тәуелділікті психологиялық ауытқу ретінде қарастырады. Мәселен, қоғамымызда орын алып жатқан есірткі мен алкагольге, ғаламторға, түрлі компьютерлік ойындар, карта ойындары мен букмекерлік кеңсе ойындары сияқты тәуелділіктер адамның салауатты өмір салтын ұстануна кері әсерін тигізіп, қалыпты өмір салтын бұзады. Аталған тәуелділіктер жетістікке жетуге, саналы әрекет жасауға, белсенді өмір сүруге, денсаулықты сақтауға, жауапкершілікті болуға, өзіңе деген сыйластықтың болуына, қоғамдағы белігілі бір орнының болуына сондай-ақ бақытты жанұя құруына кері әсерін тигізеді.

Құмар ойындарының негізгі мақсаты материалдық құндылықтарды ұтып алу болып табылатын, заңсыз және заңды жүзеге асырылатын коммерциялық іс-қызмет түрі. Нарықта заңды түрде 2009-2010 жж аралығында 335 миллирад долларды құраған. Нәтижесі белгісіз, мұның негізінде ақша тігу, материалдық заттарды ойнату, үлкен тәуекел жасау және салдары ретінде психологиялық бейімділік, психопатия, аддиктивті мінез-құлық қалыптасады. «Ойынға ойсыз құмар» демекші көрсетілген ойын түрін ойнауына, қабылдауына байланысты адамдардың 7 негізгі тобы бар. Олар: кәсіби ойыншы, кездейсоқ әлеуметтік ойыншы, байыпты әлеуметтік ойыншы, қашып құтылу стратегиясы бар ойыншы, қоғамға қарсы ойыншы, міндетті құмар ойыншы, консервативті ойыншы. Патологиялық құмар ойындарын тудырады.

Тәуелділіктен туындаған құмар ойындарының келесідей түрлерін атап айтуға болады (100%-үлестегі қолданылу көрсеткіші бойынша (әлем елдері бойынша)):

- Лоторея – 68,7%

- «Гэмблинг» (ойын автоматтарындағы) – 52,7%

- Беттинг - 77,9%

- Покер - 43,8%

- Блэкджэк – 32,5%

- «Баккора» - 36,8%

- Рулетка - 33,6%

- «Бинго» - 18,1%

- «Крэпс» - 47,9%

- Колесо Фортуны – 29%

Көрсетілген пайыздық көрсеткіштер құмар ойындарға тәуелділікпен зардап шегетін адамдар санының тұрақты өсуін көрсетеді.


Статистикалық деректерге сүйене отырып 2019-2020 жж эпидемиологиялық зерттеулер мынаны көрсетеді:

  • әлемдегі дамыған алпауыт елдердің тұрғындарының орташа есеппен 0,5% бұл аурудан зардап шегеді;

  • ал АҚШ-та 0,5-1,5% көбінесе ер адамдарда да кездеседі.

2018 және 2021 жылғы жасалынған статистикалық мәліметтерге сүйенсек елімізде әйел адамдардың құмар ойындарға деген тәуелділік көрсеткіші өскендегі байқалады. Атап айтсақ, бұл көрсеткіш 2018-жылы 10/1-ді құраса, 2021-жылы 10/2-ге өсті. Психолог мамандардың жүргізген жұмыстары бойынша құмар ойындарына орташа тәуелділік жасы 17-38 жас аралығында болған.



1-сызба. 2011-2020 жж аралығындағы Қазақстандағы құмар ойындарының таралу және өсім көрсеткіші

Қазақстанда жүргізілген 2011-2020 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтер бойынша құмар ойындарының таралу көрсеткіші бастапқыда 2011 жылы 13,5% болса, ал дәл сол жылы өсім көрсеткіші 45,1%-ды құрады (1-сызба). Бұл көрсеткіш жыл санап таралу деңгейі мен өсім көрсеткіші ылғи да сандық өзгерісте болды. 2020 жылы аталған көрсеткіштер күрт артып, өсім деңгейі 6 есе жоғарылады. Бұл сандық көрсеткіштер пандемия кезеңімен тұспа-тұс келді. Демек, халықтың әл-ауқатының төмендігі бұл жағдайдың бірден өсуіне тікелей себепкер болып отыр. Құмар ойындары еліміздің Алматы облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Жамбыл облыстарында кең қанат жайған.

Лудомания-науқастардың құмар ойындарға, компьютерлік ойындарға патологиялық тартылуымен сипатталатын тәуелділіктің ең кең таралған түрі. Бұл ойыншының өмірде жүзеге асырылатын қоршаған әсерлер мен оқиғаларға қарамастан ойын процесінде үнемі қатысуын білдіреді. Ойынға тәуелділік кезінде тұлғаның даму процесінде физикалық, рухани және әлеуметтік құлдырауға әкелетіндігі, адамның әдеттегі әлеуметтік ортасынан алшақтауы байқалады.

Лудоманияға тәуелділіктің белгілері:

  • Ойындар, казиноға бар, лото ойнау, онлайн ойындар және т.б. туралы жиі ойланып, сөйлеседі;

  • өзінің мінез-құлқын және ойнауға ниетін басқара алмайды;

  • ойынға тәуелділікті достарыңыз бен туыстарыңыздан жасырасыз;

  • жағдайы дұрыс емес деп күдіктенген туыстарымен сөйлесуден бас тартады;

  • ойын пайдасына жұмыстан, үйден және әлеуметтік жауапкершіліктен жалтару;

  • қарыздарды төлеу немесе бәс тігу үшін мүлікті немесе ақшаны ұрлайды;

  • өз мүлкін ойынға тігу мақсатында сатады, ақшасын айналымға салады (қаржылық міндеттемелерді елемейді);

  • өз әрекетін жоққа шығарады немесе өз басында орын алып жатқан мәселені бөліспейді, білдіртпеуге, көрсетпеуге тырысады;

  • ойын кезінде өзінің жүріс-тұрысын бақыламайды:

  • өтірік айту, жасыру немесе тәуелділігін жасыру;

Зерттеу бөлімі


Тақырыпқа байланысты зерттеу жұмыстары ретінде интервью әдісі және мектепте түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Интервтью әдісінде лудоманиядан зардап шеккен сыналушыдан (респондент) әлеуметтік-психологиялық және физиологиялық жағдайын байқау және анықтау және де отбасы мүшелерінен де сыналушының жағдайын сырт көзбен бақылаушылар есебінде интервью алынды.

Сыналушы жайлы ақпарат. Сыналушы есімін құпия ұстауды жөн көрді, жасы 27-де, отбасын құрған, бір қыздың әкесі, қазіргі таңда ажырасқан, бұрын сотталған, жұмыссыз деп тіркелген. Толыққанды отбасында өспеген, әкесі жоқ, соған байланысты әлеуметтік жағдайы төмен болған. Ойынға тәуелділіктің салдарынан (көп мөлшерде ақша қарыз болуы, банктік кредит алған, бірнеше рет іздеу салынған) бірнеше жыл бас бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда да бұрын-соңды сотталған болғандықтан, мемлекеттік жұмысқа тұру қиындық соқтыруда, сол себепті, әлі де жұмыссыз деп тіркеуде тұр. Отбасында анасы, інісімен бірге тұруда.

Аталған интервью сыналушының өзімен 28.02.20222 жылы азанғы уақытта, ал сыналушының отбасымен 02.03.2022 жылы түсте ұйымдастырылды. Сыналушыға интервью уақыты азанғы уақытта ұйымдастырылған болатын себебі, ол бұл уақытта өзінің ойын толық жеткізе біледі, сұрақтарға толық және анық жауап бере алады, өзінің басынан өткен оқиғаларға талдау жасап, оны дәйектеп еркін түрде айтып бере алады. Отбасы мүшелерінен интервью алыну қажет деп ойладық. Өйткені сыналушының қандай жағдайда екендігін, өзін өмірде қалай ұстайтынын, жанұямен күнделікті қарым-қатынасын субьективті түрде анықтау біз үшін маңызды. Бұл арқылы өзіміздің зерттеу жұмыстарымыздың сапалық көрсеткіштерін арттыруға, болады, әрі оны тез анықтауға мүмкіндік береді. Сыналушыға ауызша түрде интервью берілді. Интервьюға арналған сұрақтар өзіміздің тарапымыздан құрастырылды. Жалпы сұрақ көлемі 20 сұрақты құрады. Сыналушыға интервью кезінде: «Сіз бұл ойынға қалай келдіңіз?», «Ойынға тәуелді бола бастағаныңызды отбасыңыз, туысқандарыңыз, жақындарңыз қашан байқады?», «Сіздің ойын арқылы тапқан алғашқы табысыңыз?», «Ойын ойнауға қаншалықты жиі баратын едіңіз?», «Ойынның қай түріне тәуелді болдыңыз (ойын автоматтары, казино және т.б)?», «Сіз осы ойын түрімен неше уақытыңызды зая кеткіздіңіз?», «Ойыннан тапқан алғашқы және соңғы қаржыңыз (тг, доллар, рубль)?», «Сізде ойнау кезінде өміріңізде қандай да бір ерекшеліктер орнады ма?» және т.б сұрақтар қойылды. Сұрақтарға жауап беру кезінде сыналушының жауап беруге қиналғадығын, өткен жағдай үшін қатты өкінетіндігін, кей сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап бермегенін, жауап беру кезінде физиологиялық ерекшеліктер: қол-аяғы дірілдеген, ұзақ ойланғаны, денесін тер басуы, кей сәттерде көзінің қарауытуы, жүйкесінің сыр беруі, бет-келбетінің және көңіл-күйінің бірден түсуі, қолын қайта-қайта айқастыруы сынды әрекеттер байқалды. Сыртқы және ішкі дүниесі арасындағы алшақтық байқалдық. Психологиялық және физиологиялық жағдайына анализ жасалынды. Мұндай жағдайлардың үлгілерінің саны шексіз. Ішкі және сыртқы факторлардың белгілі бір дәрежеде сәйкес келуі жеке адамның санасының ойын процесіне эмоционалды және физиологиялық бекітілуіне әсер етеді.

Сыналушыда байқалған психологиялық ерекшеліктер: Интервью барысында сыналушыда лудоманиялық патологияға ұшырағандығы, аддиктивті мінез-құлығы бар екендігі, кей кезде агрессиялы қылықтары, девиантты мінезі бар екендігі, құмар ойындарға тәуелділігінің жоғары екендігі байқалды. Сыналушыда лудоманияға ұшырау әлеуметтік-психикалық фактор жағдайдың төмендігінен туындаған (1-кесте). Мінез-құлық үлгілерінің жеке деформациялануы көрінді. Ауру жоғалтулардың, материалдық шығындардың және ойын эпизодтарының бақыланбайтын ұзақтығының тұрақты өсуінде байқалды.

Сыналушыда байқалған физиологиялық ерекшеліктер: Ойыншының денесінде биохимиялық өзгерістер байқалады. Ойынмен бірге қарама-қарсы әсерлі гормондардың үлкен көлемдегі заотикалық шығарындылары әртүрлі деструктивті процестерді тудырады. Адреналиннің көп дозасы, сайып келгенде, бірқатар психикалық бұзылулар мен ауруларды тудыруы мүмкін тұрақты қозу ошақтарын құрайды.

Негізгі көріністері: ұйқысыздық, мигрень, депрессия, көңіл-күйдің өзгеруі, жүрек ауруы, ентігу, шаршау, аппетит жоғалуы, салмақ жоғалту және т.б


1-кесте. Құмар ойындарының пайда болуына әсер ететін факторлар

Әлеуметтік-психикалық

Биологиялық фактор

Психологиялық фактор

- топтық және ұжымдық психология


- отбасымен байланыс


-девиантты мінез-құлық


-балаларға жетекшілерге арналған ойын орталықтарының болмауы


-ұрпақтар арасындағы байланыстардың болмауы


- психоактивті заттарға еліктеу

- Индивидуалды толеранттылық


-детоксикация процесінің ағзада бұзылуы


- мотивация жүйесінің өзгеруі


- психикалық ауытқу: бастапқы, созылмалы, өршіген


-тұлғалық идентификацияның жетілмеуі


-ішкі диалогқа түсе алушылықтың әлсіздігі


-психикалық стресске тұра алмаушылық


-мінез-құлықты басқара алмау


-ішкі қақтығыстарды шеше алмауы




Профессионалдық тұрғыдан алатын болсақ, құмар ойындардың пайда болуының тағы бір маңызды факторы –білім берудегі қателіктер, атап айтсақ, бас тарту, жоспарланған стандарттар, білім беруде шамадан тыс талап қою болып табылады. Ақша кез-келген проблеманы шеше алады деп ойлау, отбаслылық тығыз қарым-қатынастардың болмауы, алкоголизм, нашақорлық есірткі заты, депрессиялық бұзылулардың пайда болуы-бұлардың барлығы құмар ойындарын ойнаудың салдары болып табылады.











Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бухановский А.О. и соавторы. Зависимое поведение: клиника, динамика, систематика, лечение, профилактика. Пособие для врачей. - Ростов-на-Дону: Изд-во ЛРНЦ "Феникс", 2002.

2. Зайцев В.В. Патологическая склонность к азартным играм - новая проблема российской психиатрии // Социальная и клиническая психиатрия. - 2000. - № 3. - С 52-58.

3. Саламатов В. Вредные привычки и зависимости. Нервно-психическое здоровье. СПб.: ЗАО «Торгово-издательский дом «Амфор», 2015. 62 с.
4. Трущ И. Н. Привычки, которые вас убивают. [Электронный ресурс]. Режимдоступа: http://www.nnre.ru/zdorove/privychki_kotorye_vas_ubivayut/p7.php/ (дата
обращения: 29.10.2016)

5. Газет рәсімделуі. https://7-su.kz/news/cat-6/1926/



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!