Материалдар / М. ӘУЕЗОВ ПЕН Ш. АЙТМАТОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ – АДАМЗАТТЫҢ БАЙЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М. ӘУЕЗОВ ПЕН Ш. АЙТМАТОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ – АДАМЗАТТЫҢ БАЙЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазақ халқының ұлы жазушысы, М. Әуезов - күллі ғұмырын, дарын-қуатын, терең танымын, білімі мен білігін аямай жұмсап, рухани ұстаз атану хақына ие болған асыл тұлғалардың бірі болған жазушы туралы және Қырғыз елінің жазушысы, қоғам қайраткері болған Ш.Айтматовтың шығармалары баяндалады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М. ӘУЕЗОВ ПЕН Ш. АЙТМАТОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ – АДАМЗАТТЫҢ БАЙЛЫҒЫ


Астана қаласы №32 мектеп-гиназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Хасенова Алма Казбековна


АҢДАТПА

Бұл мақалада қазақ халқының ұлы жазушысы, М. Әуезов - күллі ғұмырын, дарын-қуатын, терең танымын, білімі мен білігін аямай жұмсап, рухани ұстаз атану хақына ие болған асыл тұлғалардың бірі болған жазушы туралы және Қырғыз елінің жазушысы, қоғам қайраткері болған Ш.Айтматовтың шығармалары баяндалады.


АННОТАЦИЯ

В этой статье рассказывается о великом писателе казахского народа, М. Ауэзове - одном из благородных деятелей Кыргызской страны, писателе, общественном деятеле, который прожил всю свою жизнь, талант, глубокое познание, не жалея знаний и умений, стал духовным учителем.



М. Әуезов - күллі ғұмырын, дарын-қуатын, терең танымыан, білімі мен білігін аямай жұмсап, рухани ұстаз атану хақына ие болған асыл тұлғалардың бірі.Құлашын кеңінен сілтеуге мұрсат бермеген ғұмырының ішінде, ол, кең құлашты прозалық шығармалармен қатар хас шебердің өмірінідей әсем ондаған әңгімелер, пьесалар, либреттолар мен сценарийлерді дүниеге алып келді, оның қаламынан туындаған тың тынысты әдеби зерттеулер мен терең мазмұнды оқулықтар қаншама, тәржімалық өнердің үлгісінде әлемдік классиканың ірі туындыларын қазақ тілінде сөйлеткен аудармалары өз алдына бір төбе.

Бүгінгі біздің назарымызды көбірек аударуға тиіс нәрсе- Мұхтар Әуезовтің ұлы Абаймен рухани жақындык- жалғастығы. Мұның өзі дүние жүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Мухтар Әуезовтің дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай кажет еді. «Абай жолы» эпопеясы уақыт сынынан мүдірмей өтіп, адамзаттың акыл-ойы, көркемдік даналығы туғызған ең үздік, ең таңдаулы шығармалардың қатарынан орын алды.

Эпопеядағы Абайдың тұлғасы, қай жағынан алсақ та - халықтың тағдырымен тамырлас, ажырамас бірлікте көрінетін, әлем әдебиетіндегі аса ірі көркем бейне. Сонымен бірге, ол жазушының өмір бойы жинақтаған саналы ой-түйіндерінің, ақыл-сезім кенінің қорытпасы, көркемдік ойынын, суреткерлік шеберлігінің асқар шыңы.

«Абай жолы» - қазақ өмірінің энциклопедиясы деп тегін айтылмаған. Эпопеяда қоғамдық өмір жан-жақты, кең дамытылғаны талассыз. Әрине, эпопея елдің тарихы мен тұрмыс-салтының көл-көсір көп суреті ғана емес. Сол өмірдің философиясы мен поэзиясы да. Әр түрлі топтардың іс-әрекеті, талас-тартысы арқылы ашылатын ұлттық психологияның, үлттық менталитеттің де көрінісі.

«Абай жолы» жай ғана тарих емес, ол - көркемдік ойдың көрігінен өткен, сомдап бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен кешегі жайындағы терен толғаныс. Қоғамдық мәселелерді толғайтын жазушы дарынына қарай қалайда ойшыл, тарихи жанрда жазса, қалайда тарихтанушы, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, мінезін, қүлқын, іс-әрекетін терең ашып көрсете алса, ол сонымен қатар психолог. Сондықтан біз эпопеяда тарихи шындык, өмірдің философиясы мен поэзиясы үштасқан дейміз.

Аристотель айткқндай, поэзия, көркем әдебиет болғанды ғана баяндамайды, болатынды, болуы мүмкін жағдайларды мол қамтиды, сол арқылы өмір шындығының философиялық мәні арта түседі. Қандай сыншының болсын түсінуі, өзгеге түсіндіруі - тарихи шындық пен көркемдік шындықтың ара қатынасы. Айталық, романдағы Құнанбай бейнесінің өмірде болған Құнанбайға қарағанда жағымды жақтары аздау, ал жағымсыз мінез-құлықтары көптеу болса бұдан жазушы кеңес дәуіріндегі саясаттың ыңғайымен кеткен деген үзілді-кесілді пікір қорытуға бола ма? Әрине, Құнанбай бейнесінің жағымды сипаттары молырақ болса, эпопеяның алғашкы екі кітабына айтылатын сындар да көбірек болатынын Мұхтар Әуезов жақсы білді. Бірақ, мәселе мұнымен шешіле қоймайтыны да анық. Жазушы көркем шығарманың өз зандылықтары, өз мүмкіндіктері бар екенін түсініп, соны толық пайдалануға күш салды. Яғни, жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай, типтік тұлға дәрежесіне көтеріліп суреттелуін ұтымды көрді. Романға қақтығыс, талас-тартыс, конфликті қажет екенін ескерді. Абайдың төңірегіндегі адамдарға Дәрмен, Дәркенбай, Базаралы, Әбіш, Тогжан, Әйгерім, тағы басқаларына жақсы қасиеттерді үйіп-төгіп, аямай бергендіктен, олардың қарсыластары табандап қарсы тұруға жарайтын, катал, бетті адамдар болмаса, онда күшті, шымыр конфликт қайдан туар елі? Әділдік үшін күресті көрсету үшін әділетсіздіктерді жасаушыларды да көрсету қажет емес пе? Өнер-білім, ғылымға құштарлықты көрсету үшін соларды бағалай алмағандарды да көрсету керек емес пе?

«Абай жолы» эпопеясының үшінші-төртінші кітаптарында Абайдың ақындық өнерімен қатар ойшылдығы, күрескерлігі молынан көрініс табады. Осыған орай кейде жазушы қазақ қоғамындағы қайшылықтарды тап күресі сипатында көрсеткен деген пікір де айтылып жүр. Әлеуметтік теңсіздіктің болғанын, қолында күші бар топтардың кедей- кепшікке зорлық, зомбылық жасағанын ешкім жоққа шығара алмас. Еске сала кететін жай, эпопеяда бейнеленген қатты қақтығыстар (мысалы, Тәкежанның көк-алалы көп жылқысын айдап әкету, Оразбайдың бір жас жігітке өштесіп, құдыкқа тастауы) өмірде негізінде болған оқиғалар. Ал осында күрес-тартыстарды қалай атау, кандай айдар тағу керектігі - ол өз алдына мәселе.

Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» атты шығармасына тоқталсақ. Өмір біреу. Бірақ адамның тағдыры әрқалай. Ғасырдан да ұзақ көрінгенімен, уақыт-ағзам алақанында пенде ғұмырының жарқ еткен сәулесі қас-қағым. Сол жолдағы өмірдің ұсынған әр сынағы жүректі жан үшін үлкен сабақ. Ол сынды қайыспай жеңу бар да, мәңгілік адамзаттық арманыңа адал болу, соңыңнан атыңды өшірмейтін өмірлік өнеге – саналы ұрпақ қалдыру – пенде біткенге тән бақыттың шыңы. Себебі, өмір – рельс, адам ғұмыры отарбаның дөңгелегіндей шыр айналған дүние-кезек әлем. Әдебиет әлемінің үш бірдей суреткері шығармасындағы тамыры үзілмес ортақ тінді режиссер осы ой биігінде сараптайды.

Темір жол бойындағы тіршілікті сипаттаудан басталады. Ұланғайыр Сарыөзектің Боранды разъезінде қырық жылдан астам уақыт еңбек еткен Қазанғаптың өлімімен толықтай өрбиді. Сол кісінің өлер алдындағы аманаты өзін Ана Бейітке жерлеу еді… Тіршілігі қызу қайнап жатқан әлдебір бірнеше кеңістіктер бейнеленеді: Боранды бекеті, Сарыөзек, ел, мифологиялық кеңістік және Жер планетасы мен оның төңірегіндегі ғарыш. Осы кеңістіктердің тоғысында жазушы қаламынан бас кейіпкер Боранды Едігенің образы туады. Сол Едіге түрлі кедергіге қарамай досының ақырғы аманатын орындауға таң атпай сапар шегеді. Жол бойы Борандының Едігесі үлкен сынақтан өтеді, ол – өзінің бар өмірін, өткенін еске алып, баға беру болатын.. Едігенің өткені оқырманның қызығушылығын оятатындай қызықты да шынайы. Едіге дүниежүзілік соғыстың жан шарпыған сұрапыл отын кешті, контузия алды, туылғанын көрмей жатып ұлынан айырылды, барар жер басар тауы қалмаған шақта Қазанғапты кездестірді. Қазанғаппен иық тіресе отырып сұрапыл соғыстан кейінгі жылдардың жоқшылығын көрді. Едігенің әйелі Үкібаланың тапқырлығы, көрегендігі әлде неше рет көрінеді. Боранды Бекеттегі тағдыры қиын тағы бір кейіпкер – Әбутәліп. Болгарияда тұтқында болған Әбутәліп Құттыбаевтің соғыстан кейін «шет елде тұқында болған» деген қате түсініктің әсерінен жұмысқа орналаса алмай шөл даладағы Сарыөзекке келуі… Бұл туындыда ерекше әсер қалдыратын – мифологиялық әлем. Ел ауызында сақталып келген “Найман-Ана” мен «Раймалы-ағаның Әбділханға айтқаны» деген аңыз қамтылған. лғашқысында Сарыөзек даласына бас салған жуан-жуан тайпасының тұтқындарын адам төзгісіз азаптауы, ақыл есінен айыру мақсатында басына түйенің көн терісін қаптап, “мәңгүрт” күйге түсіруі ашық бейнеленген. Соғыстың ауыртпалығына қарамай, мәңгүрт ұлын құтқару үшін жаудың даласына аяқ басқан ананың қиындығы, баласына деген махаббатын оқығанда жүректі елжіретері анық… Екінші аңызда: Жас кезінде той-думаннан көз ашпаған алпауыт ақын Раймалы аға қартайған шағында үйінен шыға бермесе керек, күндердің бір күнінде жұрт өтінген соң, бой жазу мақсатымен бір тойға түседі. Киіз үйде отырғанда сол бөлмеге 19 жасар ақын қыз Раймалы ағаға сөз айтып, екеуі қосыла тойды жандандырады. Жасы алпысқа келіп жас қызға ғашық болған ақын ағасы сол күні ертеніңе жәрменкеде жас қызбен кездесуге сөз байласады. Раймалы ағаның інісі және соның туыстары бұл бассыздыққа наразы болады. Әулетіміздің атына кір келтірді деп олардың кездесуін болдырмай, ақынның домбырасын қиратып, Сарыала атты асыл түйесін бауыздайды да, дәрмені қалмай, туған інісінен осынша азап көрген ақынды ақ қайыңға таңып кетеді. Туындыда оқиғаның соңы “Сонда ақын ән бастады сөнбейтін, өзі өлсе де, мәңгі-бақи, заман-заман өлмейтін: Қаратаудан көш қайтқанда, Қолымды шеш, Әбілхан. Көкшетаудан көш қайтқанда, Арқанды кес, Әбілхан…” деп басталатын өлеңмен аяқталады. Фантастикалық элементтер де орын алған, олар: Едігенің түлкіні көз жұмған Қазанғаптың рухы қонған жануар деп пайымдауы, ғарыштағы орбиталық станцияда орын алатын оқиғалар, Найман Ана, түйелер туралы аңыздар. Туындының шешімі – аманаттың орындалмауы. Ана-Бейіттің тыйым салынған зонаның ішінде қалып кетуі. Амалы таусылған бір топ ерлердің Қазанғаптың мүрдесін Құмдышап төбесіне жерлеп келуі, сол оқиғандан кейін, Едігенің Сарыөзек даласы жөнінде ойланып, басшылыққа шағым түсірмек ниетте жабық зонаға беттеп, мардымды жауап ала алмай елге өкінішпен қайтар жолда «Құрсау» операциясы бойынша аспанға көтерілген ракета әсерінен болған құбылысқа куә болуы. Оқиға Едігенің қыздарының Борандыға келуімен, осы кезде Едігенің өз мақсатын орындау үшін жоғарғы жаққа шағымдануға кетуімен аяқталады.

Бұл екі шығарманы түйіндей келе, ол заман қатал заман, дәуірін көтермелеу үшін айтылғаны анық қой. Сол кеңес дәуірі туралы әрқилы пікірлер бір арнаға түсіп, тиянақтылық сипат таппай келеді. Осыны да ескере отырып заманына қарай таным-білігі дегенді мойындасақ, әркімнің зердесіне қарай өзінің түсінік-түйіні болады дегенді де мойындаймыз. Жазушылар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі өмір салтын, тұрмыс қалпын оынң ең жоғарғы сатысына жеткен кезеңін, яғни бір кезеңін көрсету арқылы толық айтқан, елестете алған дейміз.

Сөзімді қорытындылай келе, ағайынға айтатын бір сөзім бар. Бүгінгі қазақтың да Мұхан мен Шыңғыстың шығармашылығы мен өмірінен алатын тағылымы аз емес. Бұл ең біріншіден, жазушылардың аңсап жете алмай кеткен бүгінгі тәуелсіздігімізді ардақтай біліп, оны қорғап, сактай білу.

Екіншіден, ел бірлігін сақтап, арандатушы мен алауыздарды тоқтата білуіміз керек. Бұл болашақта ел болуымыз үшін керек.

Үшіншіден, қолына қалам ұстаған зиялы қауым жазушылардың шығармашылығынан нәр алып, өз елі мен халкының болашағына қызмет көрсетуі керек.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әуезов М. Абай жолы.- А., 1961, 1-т., 383- б.

2. Әуезов М. Абай жолы. - А., 1961, 1-т., 803-6.

3. Әуезов М. Абай жолы. - А., 1961, 1-т., 168-6.

4. Қабдолов 3. Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі,- А., 1986

5. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

6. Ш.Айтматов. «Ғасырдан да ұзақ күн». Роман, повесть.-Алматы:-Атамұра,2005.-312 бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!