Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М. Мақатаев. "Жапырақ - жүрек, жас қайың" атты әдеби-сазды кештің сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Мақатаев. "Жапырақ - жүрек, жас қайың" атты әдеби-сазды кештің сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: “Жапырақ-жүрек, жас қайың” 

(Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған әдеби-сазды кеш) 

Мақсаты:  

а) білімділік: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығар

машылығымен толық таныстыру, поэзия құдіретін таныту 

ә) тәрбиелік: ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуадамгершіліккекішіпейілділікке тәрбиелеуақын жырларынан үлгі ала білу, ұлы тұлғаларды құрметтеу, мәңгі жадыда сақтау;  

б) дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстау әдебін, өнерін, талантын шыңдау, дамыту. 

 

 Көрнекілігі: ақын портреті, табиғат суреттелген баннер, ақ қайың ағашы, шарлар, гүл, жапырақтар, интерактивті тақтада жыр алыбы туралы бейнебаян. 


Свет өшіріледі. Бейнебаян қосылады. М.Мақатаевтың өз дауысымен берілген «Пай, пай, өмір!» өлеңі оқылады.

Пай-пай, Өмір! 

Өтесің-ау, бір күні! 

Қиясың-ау, қуанышты, күлкіні 

Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, 

Өмір деген – көк аспанның күркірі. 

Пай, пай, өмір, өтесің-ау бір күні. 

Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,

Кетеміз-ау, әй, кетеміз, пендеміз.

Ұрпақтарға береміз де кезекті біз кетеміз,

Кету үшін келгенбіз.

Өмір деген бұйым емес қолдағы,

Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы,

Қаның кеуіп қаталаған кезіңде,

Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.

Мына күн де, мына аспан да, дала анау,

Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!

Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс,

Өмір дейтін өлемін деп қарамау.


прожектор қосылады. Жарық Рәзия апайға түсіріледі. : (Азиз )

Ән: «Жапырақ жүрек жас қайың» (прожектор өшіріледі)


прожектор қосылады. Жарық Бексұлтанға түсіріледі. Мұқағали (Бексұлтан):   

 Ой, хой, қазақ даласы, не көрмедің? 

Қанша қурап, қаншама көгермедің. 

Қорқыттың қобызымен боздаттың ғой 

Асанның шерге оранған өлеңдерін. 

Ой, хой, қазақ даласы, не көрмедің?!

Қорқыт, Асан тіріліп қайта келсе,

Сенің мына күйіңе сенер ма еді?

Мына бақты көргенде төбеңдегі.

Қуанғаннан көз жасын төгер ма еді?

... Ой, хой, қазақ даласы не көрмеді?!

Свет қосылады. Ән: “Саржайлау” (Азиз )

 

Свет өшіріледі.Аудио: (Азиз )

Поэзия, менімен егіз ба едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедің?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім!

Көркемсөз  Сахнада қараңғылық. (қолдарына шам ұстап оқушылар рет-ретімен шығады.) 


прожектор қосылады. Прожектор пианиноға түсіріледі.

Бексұлтан (сахна артынан):    

Үмітің жоқ боп сөнер кез, 

Тағдырға, достым, көнерміз. 

Күндер өтер, жыл келер, 

Қош енді, қош бол, күрең күз! 

Ән. «Күрең күз» (пианиномен)


Бексұлтан(сахна артынан):    

Қаздар кетті, құлақта үні қалды,
Жазды әкетті.
Әкетті тұнық әнді,
Қайтқан құстан қара үзіп қалса-дағы,
Қалтылдаған қария, тұрып алды.

Ән: «Құстар қайтып барады» (пианиномен) (прожектор өшіріледі)


(Азиз ) прожектор қосылады. Аудио: Бексұлтан (Мұқағали образы)/ Қалай біткен мына көл тау басына деген соң (прожектор өшіріледі)

Бексұлтан кетеді. Биші қыз келеді.

Аққу биі


Свет қосылады.

Бексұлтан:

«Қара таудың басынан көш келеді».

Қара жорға шайқалып, бос келеді.

Қара күнді жамылып, қара қазақ

Қара түнді басынан кешкен еді.

Көрініс: «Райымбек, Райымбек»


Видео (Нұрғиса-Мұқағали): Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін бешпетімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы. “Аға, мен ғой, дертім  қозып барады. Не боларын білмеймін, мынаған назар аударып көрерсіз.” – депті. Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген өлеңі  “Есіңе мені алғайсың” екен. Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым.  

Ән: «Есіңе мені алғайсың» (Оркестрмен)


Бексұлтан:

Бақыт деген не өзі?

Бақыт деген не өзі деп,

Бастады топ, таласты...

(Азиз )Ән: Бақыт


Бексұлтан (сахна артынан):  

Ғасыр менен жыл өтсе де бір сарыны кетпеген. 

Бұл өлеңмен талай тұлпар өр басына беттеген. 

Мұқағали жырлап кеткен бел ортасы жасында 

Отыздан асып барамынсыз бір де бір той өтпеген. 

(Азиз )Ән: “Отыздан асып барамын” 

 Әннің екінші шумағынан кейін сахнаға қатысушылардың барлығы шығады.


Бексұлтан: Ия, «жас қайыңға өмірді айырбастайық» деп, өмірдің қиын сәттерінде табиғатпен сырласқан ақиық ақын, дәуірінде маңғаз саналған Мақатаев жоқ енді. Қысталақ тағдыр, мұзбалақ ақынды ақыр қыршын кетірдің. Бірақ Мұқағали тірі. Оның бар өлеңі әр  қазақтың жүрегінде, жадында. Құрметті, жыр сүйер қауым! Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған “Жапырақ жүрек жас қайың” атты жыр-кешіміз соңына таяды! Қош! Сау болыңыздар! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒДАРЛАМА 

 

  1.  Видео «Пай, пай өмір!» қараңғы

  2. Ән: «Жапырақ жүрек жас қайың» қараңғы-прож

  3. Ән: «Саржайлау» жарық

  4. Көркемсөз қараңғы

  5. Ән: «Күрең күз» қараңғы-прож

  6. Ән: «Құстар қайтып барады» қараңғы-прож.

  7. Мұқағали образы- Аққу биі қараңғы-прож.

  8. Көрініс: «Райымбек, Райымбек» жарық

  9. Ән: «Есіңе мені алғайсың» жарық

  10. Ән: «Бақыт» жарық

  11. Ән: «Отыздан асып барамын» жарық

 

 

 

 


 

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп

 


  

  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі


«Жапырақ-жүрек, жас қайың»  атты

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш


 

 

 

 

Өтетін орны: АКТ залы

Уақыты: 15.02.2021 ж., сағ:11:00-де





 

 

2020-2021 оқу жылы















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2023
503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12