"Мәдениетаралық қарым-қатынас маманды қалыптастыру аспектісі ретінде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мәдениетаралық қарым-қатынас маманды қалыптастыру аспектісі ретінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
басқа ұлт мектептерінде қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқытушыларына арналған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Мәдениетаралық қарым-қатынас маманды қалыптастыру аспектісі ретінде"

Мәдениетаралық қарым-қатынас маманды қалыптастырудың аспектісі ретінде — бұл әртүрлі ұлттар мен мәдениеттердің өкілдері арасында тілдік білімдер, өмірлік немесе ғылыми тәжірибелер арқылы емін-еркін қарым-қатынасты жасау және өзара түсінісе алу қабілеті


Мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілік әртүрлі мәдениетке жататын адамдар арасындағы қатысушылардың бірін-бірін дұрыс түсінуі. Бұл ұғымның соңғы нәтижесі мәдениетаралық субъектісін қалыптастырады. 

Тіл мәдениеттің элементі, ол белгілі бір мәдениет шеңберінде қызмет етеді, ал тілді оқып үйренуші осы мәдениеттің ерекшеліктерімен, тілдің осы мәдениетте қолдану ерекшеліктерімен таныс болуы керек. Біз тілдің әлеуметтік қызметіне, яғни адамзат қоғамына қатынас құралы ретіндегі қызметіне тоқталамыз, өйткені тіл белгілі бір ұлттың игілігі, әрі өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын, пікір алысатын, өзара түсінісетін негізгі құралы. Сөйтіп, тіл – адамзат ісінің барлық саласында және күнделікті тұрмысында бірін-бірі түсінісуіне мүмкіндік беретін құрал. Сонымен, тілге анықтама беруде тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызмет етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады.

Қазіргі уақытта қазақ тілі сабағы қазақ тілін оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес толығымен мәдениетаралық қарым-қатынасқа бағытталған, сондықтан оқу мен оқыту процесіндегі басты талап – студенттердің тілін оқып үйреніп жатқан халықпен ортақ көзқарас, мәдениетін түсіністікпен қабылдауға даярлық, төзімділік, икемділік сияқты қабілеттерін қалыптастыра отырып, оларды өз мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін сақтауға баулу. Олардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Мәдениетаралық қарым-қатынас деген ұғымға тоқталар болсақ, ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, ол әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі мәдениет иелері арасындағы қатынастар жиынтығы болып табылады. Яғни мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз ол әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы.

Ендеше бүгінгі таңдағы қазақ тілі сабағы толығымен мәдениетаралық қарым-қатынасқа бағытталады, ондағы басқы мақсат қазақ тілін оқып үйренушілердің бойында басқа ұлт мәдениетін дұрыс қабылдауға дайындық, төзімділік сияқты қасиеттер мен тілдік қабілетті қалыптастыру.

Уақыт талабына сай тілдік білім беру жүйесінде қомақты өзгерістер орын алуда: тілдік материалдың таңдалуына, мазмұнына, оның ұйымдастырылуына, тексеру түрлеріне жаңа талаптар қойылып, өзгерістер енгізілуде. Сол себепті шетел тілін оқыту тұжырымдамасында еліміздегі саяси-әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, білім мазмұнын жаңаландыруға, болашақтың иесі болар жас ұрпаққа қазақ тілін меңгеруге, оны практикалық тұрғыдан қолдана білуге үйретуге басты назар аударылуда.

Жоғарыда айтып өткендей сөз әрекетінің пәні-ой. Тіл осы ойды қалыптастыру мен тұжырымдап айтудың құралы. Осы жерде біздің көтеріп отырған мәселемізге орай төмендегідей тұжырымдар келіп шығады:

  • Оқушыларда барлық сөз әрекеті бойынша дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыру үшін , сонымен қатар мемелекеттік стандарт және бағдарламада белгіленген деңгейде лингвистикалық компетенцияны қалыптастыру үшін оқушылардың әрқайсысына белсенді түрде ауызша практика керек.

  • Коммуникативтік компетенцияны қалыптастыру үшін коммуникативті міндетті шешуге бағытталған шартты коммуникативті жаттығуларды жасау жеткіліксіз.

  • Оқушыларды бірігіп бір мәселені шешу мүмкіндігін туғызатын, ол туралы ойлануға мүмкіндік беретін, осы әрекетті орындау барысында өз айтылымының, сөзінің мазмұнына ден қойып, яғни бастапқы түйін ой болып табылатын, ал тіл өзінің тікелей қызметі- осы ойды қалыптастырып, оны тұжырымдап айтуда көрінетін шынайы жағдаят жасауы керек.

Бүгінгі күннің талабына сай қазақ тілі сабағы қазақ тілін оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес мәдениетаралық қарым-қатынасқа бағытталған, сондықтан оқу мен оқыту процесіндегі басты талап-студенттердің тілін үйреніп жатқан халықпен ортақ көзқарас, мәдениетін түсіністікпен қабылдауға даярлық, төзімділік, икемділік сияқты қабілеттерін қалыптастыра отырып, оларды өз мәдениетін , ұлттық салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу. Олардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Менің ойымша, қазақ тілін оқыту барысында оқытушы тек белгілі бір оқулыққа сүйенетін болса, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өздігінен білімін ары қарай жетілдіруге деген қажеттілікті дамыту мүмкіншіліктері шектеулі болады. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында қолданылған әдіс-тәсілдің көмегімен оқытушы оқушыны тілдік қарым- қатынасқа екі адамның өзара іс- әрекеті ретінде қарауға, тілді мәдениетаралық қарым- қатынас құралы ретінде қолдану біліктілігін қалыптастырып, басқа ел мәдениеті, тарихы жайлы мағлұматтар алу барысында өз елінің мәдениетін тереңірек түсінуге ықпалын тигізуі қажет.

Қоғам талабы бойынша қазақ тілін оқытудың басты мақсаты ретінде тіл үйренушілердің қазақ тілінде мәдениетаралық коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру қарастырылып отыр. Яғни қазақ тілінде мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсу дегеніміз әлеуметтік қарым-қатынас жасай ғана алу емес, сондай-ақ басқа елдің рухани құндылықтарын түсініп, қабылдай білу болып табылады.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің деңгейі өсіп, оқыту процесінде бірігіп оқыту, интерактивтік тәсіл, жобалау тәсілі, ойындар, суггитивтік, рефлексивтік тәсілдер қолданыла бастады. Жаңа технологияларды қолдану жеке тұлғаның, яғни қазақ тілін үйренушінің мәдениетаралық коммуникативтік біліктілігін дамытып, пәндік білімін кеңейтіп, сондай-ақ тілін үйренушілердің шығармашылық қабілеттерін ашуға, дамытуға бірден-бір мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол мұғалімнің де кәсіби біліктілігін арттырады.

Әдістемелік әдебиеттерде көрсетілгендей қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда келесі мәселелер өте маңызды:

  1. Оқытудағы басты субьект оқушы, оның танымдық белсенділік әрекеті.

  2. Оқытушы тұлғасы үлкен жауапкершілікке ие болады, дегенмен дәстүрлі оқытудан өзгешеліктер бар.

  3. Оқу әрекетіндегі нәтижеге жетудің көпшілік бөлігін оқушы өзі атқарады.

  4. Басты мақсат – оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту, яғни оқушылардың өз бетінше ойлай алуын, өз бетінше шешім қабылдай алуға, өз бетімен білім алуға үйренуін қамтамасыз ету.

Қорыта айтқанда тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті. Сондықтан қазақ тілін толық, жан-жақты меңгеріп, сол елдің өкілімен тең құқылы тілдік қарым-қатынас жасай алу дәрежесіне жету үшін тіл сол елді танып білумен үйлестіре оқытылуы қажет,

Мен жоғарыда атап өткен қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялардың ішінде жобалау тәсілі аталған іскерліктерді қалыптастыруда ең тиімді жол деп ойлаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі