Материалдар / Мағжан Жұмабаев - қазақ тарихындағы ұлы тұлға (танымдық сайыс сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаев - қазақ тарихындағы ұлы тұлға (танымдық сайыс сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, сол арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алдыру. Сондай-ақ, танымдық деңгейлерін көтеру, ойлау белсенділіктерін, ой-өрістерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
130
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сыныбы: 8-9-10 сынып

Өтетін орны:

Тақырыбы: М.Жұмабаев – қазақ тарихындағы ұлы тұлға

(танымдық сайыс)

Мақсаты: Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, сол арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алдыру. Сондай-ақ танымдық деңгейлерін көтеру, ойлау белсенділіктерін, ой-өрістерін арттыру.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет.» Ш. Уәлиханов.

Көрнекіліктері: слайдтар, бейнебаян.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет,тарих.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші:

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін,-демекші, тіл- әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай кейінгіге жеткізу – біздің борышымыз.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! « Қазақ тілі мен әдебиеті – ұлттық рухани құндылығымыз» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы аясында өткелі отырған «М.Жұмабаев – қазақ тарихындағы ұлы тұлға» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер.

«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі» деп М.Әуезов айтқандай алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгер

М.Жұмабаев 20-ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздардың бірі, қазақ даласының біртуар перзенті. Биыл Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Мағжан - ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз деген екен Бейімбет Майлин.

Ендеше сайысты бастамас бұрын алдымен ақын туралы бейнебаянды тамашалайық.

(бейнебаян көрсетіледі)

Жүргізуші:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн! – деп Мағжан ақын жырлағандай, баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап жүретін жалынды қыз-жігіттерімізді ортаға шақырайық.

Бүгінгі танымдық сайысымызға қатысатын оқушыларымызбен таныс болыңыздар.

(Әр оқушыны жеке таныстыру.)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Бүгінгі сайысымызды 3 топтың арасында өткізгелі отырмыз. Алдымен қиындыларды алып, ондағы сөздер арқылы 3 топқа бөлінеміз.
1. «Жарық жұлдыз» тобы
2. «Талантты дарын» тобы
3. «Қайталанбас тұлға» тобы

Бүгінгі сайысқа әділ қазылық ететін сарапшыларды таныстырып өтейік.

___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________
___________________________________________



«Жер бетінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер» деп ғұлама Ж.Баласағұн жырлағандай, алдағы өмірінің бақытты болғанын аңсаған адам, бүгіннен бастап білімге құшақ жая қарсы алуы керек.

Жалпы сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең – «Тапқыр болсаң, тауып көр»  Бұл кезеңнің шарты бойынша топтарға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында 10 сұрақ қойылады. Топ мүшелерімен ақылдасып, сұрақтарға ойланып жауап беру үшін 30 секунд уақыт беріледі.

«Жарық жұлдыз» тобына қойылатын сұрақтар

1. Мағжан Жұмабаевтың Шолпан атты тұңғыш өлеңдер жинағының басылып шығуына жәрдем еткен ұстаз, татар жазушысы (Ибрагимов)
2. Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған,
Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған ,- үзінді ақынның қай өлеңінен алынған?
( «Жан сөзі» )
3. Мағжан Жұмабаев 1910 жылы Уфа қаласында қандай медреседе оқиды? (Ғалия)
4. Мағжанның ұлының есімі, бұл есімді ақын Азамат соғысына орай қойған. (Граждан)
5. Мағжан «Мен кім?» өлеңінде өзін жалынға, арыстанға, биге, патшаға және тағы неге теңейді? (Тұлпарға)
6. Мағжан Жұмабаев Ақмола губерниясында қандай газетте қызмет атқарады? (Бостандық туы)

7. Мағжанның азан шақырып қойған аты. (Әбілмағжан)

8. «Педагогика» атты ғылыми еңбегі қай жылы жарық көрді? (1923ж.)

9. Мағжанға Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде Мағжан Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды деп пікір білдірген башқұрт жазушысы (Сайфи Құдаш)

10. Мағжанның өлім - өмір ақиқаты деген тұжырым жасаған поэмасы

( Қорқыт )


«Талантты дарын» тобына қойылатын сұрақтар

1. Мағжан Жұмабаев қалам тартқан тақырыптардың бірі (Махаббат)
2. Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім ,- үзінді қай өлеңнен алынған? ( Сағындым )
3. Екі иінінен дем алып , ішін тартып , жер бауырлап жаяулап , аузы - басы жыбырлап , сақ - сақ күледі тіркестері ақынның қай өлеңінен алынған? ( Қысқы жол )
4. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі сен қалдың ,- өлеңнің тақырыбын тап ( Қазақ тілі )
5. Мағжанның 1927 жылы Тоқсанның тобы поэмасы жарияланған Еңбекші қазақ газетінің қазіргі атауы ( Егемен Қазақстан )
6. 1923 жылы ақынның Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері деген кітабы қай қалада басылып шығады? (Ташкент)
7. Ғалия медресесінде қай жазушымен танысады? (Бейімбет Майлин)

8. Мағжан қанша жыл ғұмыр кешті? (44 жыл)

9.  М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауыры. (Ноян)

10. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы? (Абай Құнанбаев)



«Қайталанбай тұлға» тобына қойылатын сұрақтар

  1. Мағжан қанша жасынан бастап хат таныды? (4 жасынан бастап)
    2. Батыр Баян поэмасындағы қалмақ қызы қандай? (Сұлу)
    3. Батыр Баян поэмасындағы хан (Абылай)

4 Мағжан 1916 жылы Омбыдағы қай семинарияны аяқтайды? (мұғалімдер даярлайтын семинарияны)
5. Мағжанның «Жазғы түнде», «Қысқы жол» өлеңдері қайдай лирикаға жатады? (табиғат лирикасы)
6. Мағжан Жұмабаев әдебиеттің қай жанрына қалам тербеген? (Поэзия)
7.
1928 жылы Мәскеуде жарық көрген төменгі сынып шәкірттеріне арналған оқулығы қалай аталады? («Сауатты бол») 

8. Мағжан қай жылы ату жазасына кесілді? (1938 ж.)

9. Мағжан кімнің өлеңдерін оқып, ақын болуды армандады? (Абай Құнанбаевтың)

10. Ақын қандай тілдерді меңгерген? (араб, парсы, түркі тілдерін)

Жүргізуші:

Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
Мағжан ақынды «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» ақын деп сайысымызды жалғастырайық.

2 кезең – «Жылдар сөйлейді»  Бұл кезеңде әр топқа жылдар жазылған парақшалар таратылады. Топтар сол жылдардың ақын өмірі мен шығармашылығына қандай қатысы барын анықтайды.

«Жарық жұлдыз» тобы

1905-1910 ж. Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.

1927 ж. Елінде оқытушылық қызметпен  айналысады

1937 ж. Озбыр топтың қолына түседі.

«Талантты дарын» тобы

1910-1913 ж. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алды.

1925ж. “Алқа” әдеби үйірме ұйымдастырады

1938 ж. «Халық жауы» деп жала жауып, атып тастайды.

«Қайталанбас тұлға» тобы

1893ж.25 маусым Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы «Молодежный» кеңшарының аумағы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында  дүниеге келді

1912ж. Қазан қаласында  “Шолпан” атты  тұңғыш өлеңдер жинағы  жарық көрді.

1923-1926 ж. Мәскеудің әдеби көркем институтында  оқыды.

Жүргізуші:

Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті” деп Ж.Аймауытов айтқандай Мағжан өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.
3 кезеңіміз – «Сөз маржан» кезеңі ақын өлеңдеріне арналады. Бұл кезеңде топтар қиынды сөздерден М.Жұмабаевтың бір шумақ өлеңдерін құрастырады.

(Әр топқа қиынды сөздер беріледі)

«Жарық жұлдыз» тобы

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? («Мен кім?»)


Сайрайсың мұңды күймен жүз құбылтып,
Кейде аяң, кейде желіс, кейде сылтып.
Денені суытасың, ысытасың,
Тұрасың маужыратып кейде жылытып. («Бұлбұл»)

«Талантты дарын» тобы

Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
(«Мен жастарға сенемін»)

Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! («Қазақ тілі»)

«Қайталанбас тұлға» тобы

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен. («Түркістан-екі дүние есігі ғой»)

Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым. («Сағындым»)

4 кезең – «Шығармашылық шыңдалу» кезеңі. Бұл кезеңнің шарты ақын әлемін сурет арқылы немесе сызба арқылы плакатқа салып, постер жасайды. Әр топ өз жүмыстарын қорғайды. Бұл кезеңге 7 минут уақыт беріледі.

Жүргізуші:

Бүгін біздер Мағжанның өмірі мен шығармашылығын, өлеңдерін еске түсіре отырып, сан алуан сұрақтарға жауап таптық.
Ірі лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз - ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар да жазып қалдырған. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1923) атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М. Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдерді ойлап тауып, тiлiмiзге енгізген. Ол тәрбие саласын дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп - құлық тәрбиесi деп төртке бөледі. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы…
Балам адам болсын деген ата - ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап береді. Ендеше бәріміз де тәрбиелі де білімді азамат болайық, құрметті оқушылар! Оқу-білім, еңбек жолында аянбай тер төгіп, ұлттық рухымызды әрқашан жоғары ұстауға атсалыса берейік!

Міне, бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті. Ойында өздерінің білімділігін, тапқырлығын сынға салып, өз өнерін танытқан ойыншыларымызға үлкен алғыс айтамыз.

Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегі әділ-қазы алқаларына беріледі.


(Топтар алғыс хаттармен марапатталады)













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!