"Мағжан Жұмабаев пен Александр Блоктың үндестігі" мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мағжан Жұмабаев пен Александр Блоктың үндестігі" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ақындардың ақыны Мағжан Жұмабаев пен орыстың ақыны Александр Блок арасындағы рухани, шығармашылық үндестік баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зәмзебай Кенже Серікбекқызы


М. Жұмабаев пен А. Блоктың үндестігі


«Ақындық жағына келгенде, Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетке түрлер еңгізуде , Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ. Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан ақынның ақыны» (4), деп С. Мұқанов баға берген.Мағжанда «тайғақ мінез», «екі тіл» жоқ, нағыз қиянатсыз ақпейіл ақын, сүйсе шын сүйеді, күйсе шын күйеді. Ол негізінде, табиғатынан асқан сыршыл әрі еліктегіш ақын еді. Мәскеуде, Омбыда өткен оқу жылдары ақын шығармашылығына елеулі әсер етті. Романтик Мағжан Гейне, Гете, Пушкин, Лермонтов, Фет, Кольцов шығармаларын оқып қанаттанса, символист Мағжан Мережковский, Хлебников, Бальмонт, Брюсов, Блок, Есениннің есілген жырларын жадында сақтап алып, өзінше самғайтыны бар. Бұл іздену соқпағына өзін-өзі салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу еді. Еліктеу – ақынға мін емес, қазақ әдебиетіне өзгеше өң әкелуде, ақын қатарластарынан оқ бойы озып кетті.

Символизм – XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басында Еуропада, одан кейін Ресейде әдебиет пен өнерде өріс алған ағым. А.Блок, В. Брюсев сияқты орыс символистері ұлттық сипаттағы ұнамды туындылар тудырды. Сөз өнерін тереңдетіп мәнерледі. Қазақ әдебиетіне бұл ағымның әсері XX ғасырдың алғашқы ширегінде келді. Бейнешілдердің негізгі әдісі – ишарамен, бейнемен түсін бояп, көлеңкелеп жазу, олар төңіректегі деректі тұрмыстан өзге дүниеге , ана дүниеге бір ұйқастық іздейді. Олардың сөзі ақылдан гөрі жүрекке артығырақ әсер беріп, сезіледі билейді. Бүгінгі өмірде онша керек қылмау, өзінен өзгені жақтамау, өнерді өте жақсы көру , әйелді сүю, махаббаты жырлау – міне бейнешілдердің тұтынған жолы. Олардың өлеңі құлаққа жағымды, үнді, әуезді, күйлі, зарлы келеді. Дыбыстардың құрылуы сурет туғызады. Мағжан әлемдік әдебиет үрдістерін жіті қадағалады. Оның поэзиясында бастысы – ішкі жан күйзелісі. Ақын өлеңдері – ол жай ғана бейнелеп түсіндіру емес, жанының тебіренісін көрсету еді. Мағжанның бұл бағыттағы ұстазы А. Блок болды. Ол Александрды қалай жан - тәнімен түсініп жырлаған десеңізші. Бұл Блокпен бақ сынасу емес, сырласу, иықтасу, табиғаттың таза перезентерінің түсінісуі. Бір тақырыпты жалықпай жырлаған Блоктай ақындар дүниеде кем болар. 687 өлеңі тек әйелді ғана жырлайды. Ар мен шындықты поэзиясына азық еткен Блоктың «Прекрасная дамасын» – «Әдемі әйел» идеалын түсінді.

Александр Блок-

Мәңгі жас жүрек

Үмітін бір үзбеген...

Батып алатын ойға,

Талмай қарап Айға,

«Әдемі әйел» іздеген

Көрінер деп күнде,

Табылар деп түнде

Шарқ ұрудан талмаған.

Мағжанның түсінігінше Блок символизм ағымының сипатына сыймай, сыртқы кеңістікке кетіп қалған ақын. Екі заманның арасынан келіп шыққан Блок өмірі Мағжанша айтқанда: «Кейде үміт, кейде зар...» Блоктің басын байлаған, қайшылықты уақытта өмір сүрген орыс ақынының лирикасынан Мағжан өз жанына тән үндестік табады. Қайшылықтар күштілерді өсіріп, әлсіздерді өшіреді, Блок бойындағы өшпейтін оттан Мағжан өз мұңына , музасына жылу іздейді. Ақынның «Әйел», «Жәмиля», «Жас сұлу», «Зарлы сұлу», «Домбыра», «Тілегім», «Сап- сары бел», «Шылым», «Александр Блок», «Мені де, өлім, әлдиле» , «Күншығыс» өлеңдері Блокты оқығаннан кейін жазылған деуге болады. Өйткені Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген М. Жұмабаев. Тыңнан 8-9 жаңа өлшеу туғызады. Жоғарғыдағы өлеңдері Абай өлшеуінде жоқ. Мағжан табиғатқа, әйелге, анаға, халқына деген махаббатын ұштастыра білді. Ақын қарт анамды , жабайы жарымды, өзінің ескі заңымен өмір сүрген туған жерімді сүйемін дейді. «Неге екенін білмеймін – сол Анамды сүйемін», «Неге екенін білмеймін сол жарымды сүйемін», «Неге екенін білмеймін – сол елімді сүйемін». Ішкі сезімін білдіруде шығыс поэзиясында дәл бұлай ешкім жырлаған емес. Дәл осылай жеткізу орыс поэзиясында Блокта бар. Ол:

О, Русь моя! Жена моя! До боли

Нам ясен долгий путь!

Наш путь- стрелой , татарской древней воли

Пронзил нам грудь.

Мағжан лирикасы -бұл махаббат әнұраны.

Күн батып, қараңғылық қанат жайды,

Отырған қараңғы үйдің терезесінен

Көремін мұңды нұрлы толған Айды,- деп өзгеше сөз өрнектерімен ішкі

сезімді берген. Ал орыс ақыны өз идеалының табиғи қалпын сақтайды.

О, святая, как ласковы свечи,

Как отрадны Твои черты!

Мне не слышны ни вздохи, не речи

Но я верю: Милая –Ты.

Мағжан мен Александрдың өлеңдері үнемі үндес келіп отырады. Сөз образдары сыршыл сезімді жыр етеді.

Борис Пастернак бірде былай депті: «Адам- өлім туралы айту арқылы, өзін-өзі өлімге итермелейді». Ол адамдарды өлімді ауызға алудан сақтандырса , Мағжан өмірден тез кетуге асыққан сыңай білдіреді.

Бетінен тәтті бір сүйіп,

Алдыңа алшы әлдилеп

Келші, өлім тезірек! – деді де жай емес, «улы сия, ащы тіл» жатыр. «Мені де, өлім, әлдиле» деген ақын жаны қиналса да , ол ешқашан шарасыздығын білдірмеген. Мағжан мен Блок шығармашылығында – мәңгі күресіп келген қарсы мәндегі ұғымдар «өлім мен өмір» туралы айтылған ойлар аз емес.

Блок пен Жұмабаевтың өмірі де ұқсас келеді. Екеуі де өмірде көп қиыншылық көрген, жазықсыз қамалған ақын. Шығармашылық үндестігіне әкелген тағдырларының бірегейлігі шығар деген ой да туады. Пушкиннің қайтыс болуына 84 жыл болғанда А. Блок жиналыста сөз сөйлеген: «Тыныштық пен еркіндік ақынға ауа секілді қажет нәрселер. Сыртқы тыныштық емес, шығармашылық тыныштық қажет. Балалық еркіндік емес, шығармашылық еркіндік керек»,- деген екен. Бұл - ащы шындық, саяси қуғындалуға түскен екі ақынға да ауадай қажет нәрселер еді. Мағжан үйінен ақырғы рет шыққанда, әйеліне айтқан: «Мен келмеймін. Құдайдың өзі де бір күнәсі үшін екі рет жазаланбайды. Менің ешбір қылмысым жоқ екенін білесің. Егер мен келмесем, бөлтірік қасқырды жеді деп ұғарсың. Осыны есіңе сақта»!- деген. Ақын ол бөлтіріктің түбі жеңбейтініне сенімді болды.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш кетпес,

Күн батқан мен, таң атпайтын түн жетпес

Мағжан мен Александр бір - біріне алыс та болса жақын. Олардың жалпы тағдырында, дүниетанымдында, шығармашылығында көп ұқсастық бар. Келер ұрпақ үшін олардың мұрасы баға жетпестей қымбат. Өйткені олардың шығармалары мәңгілік тақырыпты жырлайды.

Қазақ поэзиясына Мағжанның кіргізген жаналығы аз емес, орыстың бейнешілдігін қазаққа аударады, өлеңді күйге айналдырады, дыбыстан сурет туғызып, сөзге жан бітіріп, жаңа өлшеулер шығарады. Романтизімді күшейтті, тілді ұстартты.



Пайдалынылған әдебиеттер:


  1. Жұмабаев М. Шығармалары, «Жазушы», - А., 1989 жыл

  2. Күмісбаев Ө. Мағжан және әлем әдебиет /Қазақ әдебиеті, №33 13 тамыз,1993 жыл 4-5 бет/.

  3. Қазақ әдебиеті Энциклопедиялық анықтамалық , «Аруна», - А., 2005ж., 475бет.

  4. Мұқанов С. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. І бөлім, «Қазақстан», - А.,1932ж., 283 бет.

  5. Блок А. Избранное. « Просвещение», - М., 1988 г.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
1362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі