Материалдар / "Мағжан Жұмабаев поэмаларында бақсылардың көрініс табуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мағжан Жұмабаев поэмаларында бақсылардың көрініс табуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаев поэмаларында бақсының көрініс табуы туралы зерттеу жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2023
307
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ


Бақсы деген сөздің шығуы көбінесе «бағу» - ауруды бағу, емдеу, қарау ұғымдарымен байланыстырылады. В.В. Бартольд кезінде өзбек тіліндегі бақсы сөзін санскриттік «бикшу» ұғымымен байланыстырып, «алғашында ол буддистік тақуаның аты болып, кейіннен шамандық емші-балгерді де білдіретін болған» дейді (Бартольд). Моңғол тарихын зерттеуші Б.Я. Владимирцовтің пікірі бойынша, «бахши» сөзі моңғолдардан шыққан, ол сауатты, тәлімгер дегенді білдіреді (Владимирцов). Т үркімен, жартылай көшпелі өзбектер мен қарақалпақтар тілінде бахши сөзі «жырау», «ақын» деген ұғымды білдіреді. В.Н. Басиловтың пікірі бойынша да, бақсы сөзі бертін шыққан болуы керек, ол ең арысы XIV ғасырдан бастап кездеседі (Басилов). Өзіндік өмір танымы, философиясы, рәсім-жоралары, өзіндік негіздемелері бар бақсылық дүниетанымның, кезқарастың мән-жайына назар аудару да қажеттіліктен туып отыр. Қазақ даласындағы бақсылар негізінен ауру-сырқауларды емдеумен айналысқаны белгілі. Қобыз, домбыра тартып, науқас адамның рухани күш-жігеріне қозғау салатын айрықша дарынмен енер көрсете білген. Әрине, "зікір салған кезде жындарын шақырып, сосын құдайға, одан соң аруақтармен қорқытатын" (Тоқтабаев) бақсылық сарынды діни сенімдік көзқарастық жүйемен салыстырауға болмайды. Бақсылық (шамандық) наным сенімнің кейбір ерекшеліктеріне тоқтала кетелік:
1
. бұл ілімде ислам немесе христиан дінінің түсініктеріндей күнә мәселесі, догмаларындағы жұмақ және тозақ түсініктері де болмаған. Отбасындағы адам жаны саны мен мал басының санына байланысты тиым салу рәсіміндегі жасыру мәселесінде о дүниеден қорықпағаң бұл дүниедегі жанымыз не малымыз азаяды деп түсінген;
2
. о дүниелік өмір осы дүниедегі өмірдің жалғасы болып есептелінген. Өлген адамның жанының жақсы немесе нашар болуы оның артында қалған туыстарының оны құрметтеуіне байланысты деп түсінген;
3
. құдай туралы түсініктері де әлемдік діндердегідей мағынада емес. Қазақ арасында "Ұра берсең құдай да өледі", "шұнақ құдай" т.б. баламалар соны білдірсе керек.
Ислам мен христиан дініндегідей емес бақсылық ілімінің ұғымында көк Тәңірінің ықпалы тек тірі адамға ғана қатысты. Ал, өлген адамның өзі еркін тәңірі болып саналып, барлық күнәларынан тазарып, артында қалған ұрпағына игілікті әсер ете алатын дәрежеге жететін болған. Мұндағы маңызды нәрсе ата-бабалар аруағы тек демеуші ретінде емес, құдіретті Көк Тәңірісі алдында өкіл, қолдаушы болып табылатындығында.
Ескере кететін мәнді бір мәселе бақсылық ілімнің өміршеңдігі: күнделікті әдет-ғұрыпқа сіңісіп, оның діни ілімі дәстүрлі салт-санамен араласып "әдет-ғұрып қайсысы, діни дәстүр қайсысы екенін ажыратудың аса қиындық келтіретіндігі" (Ақатаев). 
Бақсылық туралы Ә. Төлебаев өзінің «Қазақтағы бақсылық» мақаласында жақсы сипаттап жазған. Төменде біз негізінен осы мақалаға сүйендік.

Жалпы ғылыми әдебиетте «шаманизм» және «шаманство» деген түсініктер бар. «Шаманизм» деп әдетте бірқұдайлык дінге дейінгі көпқұдайшылық, түрлі рухтар мен иелерге сенетін діни сенімдер мен дүниетаным, идеологияны атайды. Ал «шаманство» түсінігі бақсы-балгерлердің емдеу, бал ашу, сәуегейлік іс-әрекетіне дәл келеді. Біздің мақаланың объектісі - осы «шаманство» мағынасындағы бақсылық.
Б іздің ойымызша, бақсылық адамды емдеу тәжірибесі ретінде өте ерте заманда пайда болды, тіпті адамзатпен бірге жасасып келе жатыр. Оның арғы түбінде халықтық медицина жатыр. Жалпы бақсылық бертін келе де халықтық медицинасымен астасып, сіңісіп өмір сүрді. Халықтық медицинадағы рационалдық ілім-білімдерді кейбір бақсылар кеңінен пайдаланды. Дегенмеп, бақсылықты толығымен халықтық медицинамен байланыстыруға болмайды. Егер халықтық медицина халықтың ғасырлар бойғы ауру түрлерін емдеу жолдары жөніндегі рационалды ілім-білімдеріне сүйенсе, бақсылықтың негізі зиянкес және қолдаушы рухтар, жан, ие туралы түсініктерге құрылған. Бақсылықтың екінші бір сыры оның психотерапиялық қасиетінде.
Жалпы бақсылық - халықтық этнографиялық мәдениеттің бір құрамдас бөлігі. Ол халықтық дәстүрлі дүниетанымның, идеологияның, мінажаттық ғұрыптардың, емдеу практикасының қалыптасуына әсер етті.































2 МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДА БАҚСЫЛАРДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ

2.1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ БАҚСЫЛЫҚ САРЫНДАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ


Қазақ түсінігі бойынша бақсыларда көмекші жындардан басқа жебеуші рухтары болады. Әдетте, жебеуші рухтар бақсының арғы аталарындағы бақсылар, батасын берген бақсы, не сол елдегі атақты әулие адамдар болады. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген қазақ бақсылары өз сарындарьна мұсылман әулие-әнбиелерінің атын қосып, шақырып та ойнайтын.
Бақсы таза рухтар, жындар жайлаған адам. Бақсы жындарының көмегімен ауруды жайлаған зиянкес жын рухтарды ауру адамның бойынан қуалап шығады. Сонымен қатар кейде бақсы жындары бір нәрсені алдын ала болжап сәуегейлік жасауға, жоқты тауып беруге де көмектесе алады.
Бақсы адам мен Алланың, әулиелер мен таза рухтардың, адам мен әруақтың арасындағы елшілік, байланыстырушылық қызметін атқарады. Исламның ықпалына ұшыраған бақсылықта адамның аурудан жазылуы, жоқтың табылуы, сәуегейліктің шынға айналуы бірінші Алланың, одан соң әулие-әнбиелердің, аруақтардың қолдауымен, шарапатымен деп түсіндіріледі, ал бақсы осылардың арасындағы дәнекер, себепші ғана болып есептеледі. 
Бақсылықтың классикалық түрін басынан өткерген халықтарда бақсылыққа, бақсылық өнердің қыр-сырына үйрену, баулу болған. Қазақта бақсылыққа ешкім арнайы үйретпеген. Дегенмен, бақсы ойынының кейбір қыр-сырын болашақ бақсы өзі көре жүріп, ести жүріп үйренген. Әйтпегенде бақсы сарындарындағы қысастық, бақсы ойындарындағы ортақтастық, бақсылық дүниетанымдағы біркелкілік, осы саладағы тағы басқа дәстүрлік жалғастық болмас еді.
Әдетте болашақ бақсы болуға дайындалған адам үлкен бақсылардан ықылас бата алатын немесе бұрын өткен бақсылардан түсінде аян алған. Бақсының ерекше қасиеттерін алдымен ауыл-үй танып біліп, содан атағы ауыл-аймаққа, содан қалың ел-жұртқа тарайды. Қазақ бақсыларының ойын кезінде пайдаланатын құралдарына мыналар жатады: музыкалық аспаптар - қобыз, домбыра, сирек жағдайда даңғара; қорқытатын-үркітетін құралдардан - қамшы, пышақ, қанжар, шоқпар, қолағаш, орақ, шалғы, кетпен, т.б. Кейбір бақсылар қолына ерекше асатаяқ ұстаған, 41 құмалақ салған кішкене дорбасы болатын, өзімен бірге қойдың жауырынын, кәрі жілігін, әр түрлі тұмар, меңдуана, арша алып жүретін.

М. Ғабдулиннің пікірі бойынша, 7-8 буыннан тұратын осы бақсы сарыны батырлық эпос жырларына өте ұқсас болып келеді (Ғабдуллин). С. Сейфуллиннің материалдарында кездесетін бақсы жындары жылан, айдаһар түрінде болып келеді:

Кереге бойында кер жылан,

Алты жылан ат етіп,
Керілмей-ақ кел, жылан.

Екі жылан қамшы етіп,
Үй айнала сұр жылан,

Алты құлаш ақ жылан,
Сумаңдамай кел, жылан.

Белдемеден соқ, жылан (Сейфуллин). 
А. Байтұрсыновтың еңбектерінде келтірілетін бақсы жыры мынадай:
Әуелі құдай еншалла!
Іс бастаймын бисміллә! 
Тайғақ кешу тар жолда, 
Жарылқа, алла әр жолда!
Алтын сандық хазірет,
Әбиір бер әр жерде,
Айналайын құдырет!
Исламға пана Мұхамбет,
Сиындым сізге бір мезет!
Су басында Сүлеймен,
Сиынғанда медет тілеймін!
Сізден медет тілеймін!
Күн көзінде әулие,
Жер жүзінде әулие,
Машырықтағы әулие,
Мағырыптағы әулие, 
өлде жүрген әулие,
Шөлде жүрген әулие, 
Бәріңнен медет тілеймін! 
Сексендегі кемпірдей 
Белі бүкір қобызым! 
Буаз қатын секілді 
Арты шөмек қобызым!
Әбден де болжа доңызым! (Байтұрсынов).

Досмырза деген бақсының шақыру сарыны былай болған: 
Төрт аяғы болатты, 
Жал құйрығы қанатты,
Адымы жерді қуырған,
Азуы шөпті суырған.
Қиған қамыс құлақтым, 
От орнындай тұяқтым,
Үзенгісі үзбе алтын,
Тебінгісі терме алтын,
Құйысқаны құйма алтын,
Жүгені бар түйме алтын (Ястребов). 

ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ арасындағы бақсылық синкреттік (аралас, дүбәрө) мәнге ие болды. Қазақ даласының оңтүстік және батыс аймақтарында бақсы ойыны кейде сопылық зікір сипатында өтетін болды. Бақсының ойынына жиналған жұрт сілесі қатқанша «Алла-һу» деген сөзді қайталап, ұжымдық естен тану күйіне (экстаз) түсетін. Дәстүрлі қазақ бақсылығында естен тану күйіне тек бақсы, кейде онымен қоса ауру адам ғана түсетін. Ал былайғы «көрермен» жұрт бақсының сарынына елтіп, көзбайлауына шалынғанмен де жаппай естен айырылу күйіне (экстаз)түспейтін.
Бақсы бар ауруға бірдей жын шақырып ойнай бермейтін. Ұсақ-түйек, жеділ-желпі ауруларды үшкіру, ұшықтау, қақтыру, көшіру, отпен аластау, шақыру (қарақұрт шақыру) арқылы да емдейтін болған. Кейде аталған жеңіл емдер бақсының жын шақырып ойнайтын емдерінің ішіне кіріп те кететін.
Халық бақсыларға сенген. Сондықтан олардың әлеуметтік орны жоғары болды. Халық бақсыларды қорқып та сыйлаған болуы керек. Шын бақсылар өз өнерін құрметтеген, халықтың сенімінен шығуға тырысқан. Сондықтан олар бақсы ойынының шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруымен қатар, халықтық медицинаның рационалды (пайдалы) әдіс-тәсілдерін пайдаланып отырған. Жалпы бақсылардың көпшілігі табиғат, адам, қоғам туралы халықтық білімді жақсы меңгерген адамдар болған.

Шымкент уезінен Ә. Диваевтың жазып алған бір сарыны мынадай:
Су басында Сүлеймен,

Кеселін тауып берлерім.
Су аягы ер Қорқыт,

Жер жүзіндегі әулие,
Балаларды сен қорқыт.

Күн көзіндегі әулие,
Айдашы бермен дәу перім.

Мағрыптағы, Машырықтағы
Шақырғанда кел, перім, әулие,
Мұңлы менен жарлының

Түркістанда Түмен бап,
Сіздерден медет сұраймын.

Айналайын атыңнан,
Сайрамдағы сансыз бап,

Тілеуімді оңдай көр,
Отырарда отыз бап, 
Ең үлкені Арыстан бап,

Шайхы бұрхы дуана,
Ең кішісі Алаша хан,

Аруақты жиып жете ғой.

..Жинашы бермен, дәу пірім, һу!
Шілтен бабам қолдай гөр!(Диваев).

Ә. Диваевқа дерек беруші Шымкент уезінің тұрғыны Еркінбек Аханбековтың айтуына қарағанда, ауруы асқынған адамды емдегенде бақсы жеті күнге дейін ойнап, жын шақыратын болған. Ауру иесіне сары ешкі, не маңдайында ағы бар қара қой сойғызады. Оның етін пісіріп елге тараттыратын.
Бұл еттен ауру адам мен бақсы татпайтын. Содан соң ауру адамды ауылдың сыртындағы жолға алып шығып, жол бойынан жерошақ қаздырып, сол жерошақтың тесігінен оны ары-бері үш рет өткізетін, содан соң әлгі сойған малдың сүйегін терісіне орап жерошаққа тастап кететін (Диваев). Ауруды көшірудің тағы бір түрінде далада өлген малдың қу басын жосамен бояп, әр жеріне күйе жағатын. Жеті қуыршақ жасап, жеті шырақ дайындайтын. Содан бақсы ауруды жеті жолдың торабына апарып, қу басқа қуыршақтарды кері (теріс) шиыршықталған түрлі түсті жіптерімен байлап, қу басқа отырғызып, айнала шырақ жағады. Шырақ жанып болған соң бақсы ауруды қолынан жетектеп, «саттым-саттым» деп дауыстап, бұл арадан тез тайып тұрады (Диваев). Ә. Диваевтің жазбалары бойынша, қазақтың кейбір ұғымында адамға ауру жын-періден, диюден, су перісінің салқынынан тиеді, кейде әруақтардың әруақтардың назасынан да ауру болады.

Бір бақсы жынданған ауруды былайша емдейді екен. Бақсы еміне қатысқан адамдардың дәрет алуы шарт. Оларды киіз үйдің ішіне айнала жайғастырып, ортаға ауруды отырғызады. Содан соң қарақұс, не тауық, не көгершін әкелуді өтінеді. Осы жәндіктің табылғанын аурудың қолына беріп, оны бауырына қысып ұстатады. Кейде құстың орнына түйенің, иттің қураған қу басын пайдаланады. Бақсы ойыны басталғанға дейін ошақта жанып жатқан отқа сапсыз 2-3 кетпен, бірнеше басқа да темір заттар салып қояды. Бақсының ойынына қажет 5-10 шырақ, алдаспан, семсер, қанжар, шоқпар, қамшы, т.б. заттар дайындалады. Содан соң бақсы мынадай сарын айтып ойнай бастайды 

Істің басы бісміллә,
Құранның басы бісміллә, 
Оңдай көргін ісімді, 
Жаратқан жаппар бір Алла.
Айналайын, ей, Алла!
Сен қолдасаң мен мұнда.
Әуеден көмір түсірген, 
От жақпай темір пысырған, 
Қау көрігі бапылдап, 
Балға төсі шақылдап, 
Ер Дәуіт пірім, сен қолда, 
Сен қолдасаң, мен мұнда. 
Тах Сүлеймен, қолдай көр, 
Сунақ-ата, оңдай көр,
Ата пірім емес пе ең?
Ер Мақам, енді сен қолда, 
Сен қолдасаң, мен мұнда.
( Диваев).

Осы сарынды айтып ойнаған бақсы бір сәт тоқтай қалып маңайындағыларға «Иля, иля, илолла» деп бірнеше рет қайталатады да, әрі қарай жындарын шақыра жөнеледі:
Қойқапта жатқан перілер
Мен шақырдым, келіңдер,
Бәрекелді, ерлерім,
Тілегімді беріңдер..
..Атаңа нәлет тіл-көзің,
Алдыма келіп ойын сал,
Көкенай деген жын келді,
Айқайлап бәрін алға сал. ( Диваев).


Бұны айтып болып, енді маңайындағыларға «Алла-һу, Алла- һу» деп қайталатып, қайта сарынға басады:

Жынның басы Досыбай,

Көнбес іске көндірді,
Жын шақырдым осындай,

Қу ағашқа төндірді.
Жын әулие келе ме,

Төбеге шыққан төрт атым,
Бір-біріне қосылмай.

Көк киімді бөрте атым,
Дауысым саған не болды,

Алты құлаш ала атым,
Қобызыма қоса алмай. (Диваев).

Осыны айта жүріп бақсы өз денесін қанжармен сұққылайды, қып-қызыл кетпенді жалайды да, тағы да жындарын шақырады.
Осыдан соң әбден еліріп алған бақсы отқа қызған темірлерді жерге жайдырып, солардың үстімен жалаң аяқ жүреді, темір жалайды. Сонда жалаған темірі шыжылдап жатады. Бірнеше шырақты аузына салып, қайта алып, қайта салып аузында өшіреді. Аурудың бас жағына тұрып алып өз кеудесін өзі тоқпақпен соққылайды, қамшыны ала салып онымен ауруды, маңында отырған адамдарды тартып-тартып жібереді. Бірақ ұрған адамдардың айтуынша, оларға қамшы батпайды, оны жындар батырмайды-мыс. Содан тағы жындарға қаратып сарындататы:

Жол, жол жатыр, жол жатыр,

Ту сыртынан қарасам,
Жол жағалай қол жатыр,

Қырғиға қойған аяқтай.
Сол қолдардың ішінде

Бүйірінен қарасам,
Сары Азбан деген ер жатыр.

Белге асқан садақтай,
Сар Азбанда сақал жоқ.

Толғанып жатқан жыландай,
Көк шолақта кекіл жоқ.(Диваев)
.


Әбден жынына мінген бақсы қолдарын жан-жаққа сермеген жақтағы 5-10 метр жерде түрған заттар быт-шыт болып сынады, не тілініп түседі. Бұның бәрі жарғыш, сындырғыш жындардың ісі-мыс. Бара-бара бақсы толық экстазға жетеді, сонда бура болып ақырады, бұқа болып өкіреді, айғыр болып кісінейді, ит болып үреді. Бұл осы хайуандар кейпіндегі басқа бір жындардың дауысы деп түсініледі. Содан бақсы жалаңаяқ табанымен қылыштың жүзінде тұрып, бір аяғымен ауруды түрткілейді. Содан қайта қобызын қолға алып, ойнап-ойнап кетеді. Бір кезде ойынын тоқтатып, үйдің ортасында қол-аяғы байлаулы жатқан жынды адамды шешіп босатады. Айнала отырған ел жындыдан жасқаншақтап қорқа бастайды. Жоқ, жынды тып-тыныш, жуас күйге түскен екен. Бақсы тағы сарнап кетеді:


Жалғыз шыққан тобылғы
Жайшық болған, қобызым
Желмаяның терісі
Шарайна болған, қобызым. 
Жүйрік аттың қылынан 
Жайшық қылган, қобызым. 
Жеті кенттің мақпалын
Тұмар қылған, қобызым. 
Айналайын, дүлейім, 
Дулығалы су перім. 
Бәрекелде бектерім, 
Тартшы бермен дәулерім. 
(Диваев).

Осылай бір жын-көмекшілерін шақырған бақсы енді Аллаға, әулиелерге сыйынып былай сарындайды:

Құдай абиыр бере көр,
Көзімнің жасың көре көр,
Сенен медет тілеймін!
Сайрамда бар сансыз бап,
Сізден медет тілеймін!
Отырарда отыз бап,
Сізден медет тілеймін!
Ең үлкені Арыстан бап,
Сізден медет тілеймін!(Диваев).


Жындары әбден қысқан бақсы киіз үйдің ішінде аласұрады. Көзі жартылай жұмулы, бірақ іздегенін тез-ақ табады. Біртіндеп тек ауру ғана емес, бақсының ойынына бүкіл жұрт елітіп, құзырына көнеді. Бақсының «Саф болды», «Бәрекелді» деген сөздерін бүкіл отырған жұрт өзінен-өзі қайталап кетті.
Содан бақсы біраз сабасына түскендей болып, қолына қобызын алып, жын қайтару сарынына салады:


Айналайын, дәулерім!
Айналайын, бектерім!
Бәрекелді, дәулерім
Айдаушы қара айдап қайт!
Қол аяғын байлап қайт!
Шашау шығып қалмасын!
Барып алып жинап қайт!(Диваев).


2.2 МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ҚОРҚЫТ», «ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ҚОБЫЗЫ» ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ БАҚСЫЛАР БЕЙНЕСІ


«Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды. Бір қарағанда, тақырыптық тұрғыдан алғанда, алып-жұлып, әкетіп бара жатқан ерекшелік көрінбейтін секілді: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» – аңыз, тарихи белгілі оқиғаларға, «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» – шығыстық сюжет, мысал, тұспалға құрылған. халықтық аңыз, тарихи дерек үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылып, жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды.

Қазақ бақсыларының ішіндегі Қорқыттан кейін ерекше кең атағы шыққаны - бағаналы Қойлыбай бақсы. Ә. Марғұланның бағалауында Қорқыттың шәкірті болған ол ерте заманда Торғай өзені мен Сыр өзені арасында көшіп жүрген. «Қойлыбайдың қобызы» атты дастанда Қойлыбайдың Қорқыт әулиенің шәкірті екені, олардың өнері, қобызы, даналық істері сипатталады ( Марғұлан). Қойлыбай жөнінде Ш. Уәлиханов: « Бақсылардың атақтысы бағаналылық Қойлыбай, ол бақсылардың бақсысы, әлде пірі... Ескілердің әңгімелеуінше, Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып бақсылық ойынын бастап, сарынын айтады. Кенет бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады... Алғашқы аттар көріне бастайды, ал бәрінің алдында сексеуілді сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады» (Ш.Уәлиханов). Мағжан өлең болсын, поэма болсын, көбіне өткен заманды аңсап отырады. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында да Қойлыбай бақсының өнерін сүйсіне жырлайды. Қазақтың бақсысына дейін ардақ тұтады.


Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шашты шайтан.


Қойлыбайды осылай таныстырып алып, оның қасиеті паш болған бір астан әңгіме қозғайды.


Бір асқа жиылыпты Найман таман,
Бай, биі, батырлары балпаң басқан.
Бәйгеге екі жүздей ат жіберіп,
Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан.
Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:
«Бәйгеге қобызың қос» деп сұрасқан.
Қолқасы қалың Найман қалаған соң,
Қойлыбайың бәйгеге қобыз қосқан.
Екі жүздей жүйрік атпен бірге шабатын ол не қылған қобыз?
Бас болып батыр Барақ қалаған соң,
Қойлыбай сонда айтады, шақырып ап,
Ыңғайлы бір бозбаланы өз қасына.
«Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар
Жарып өскен жапанның жартасына.
Қобызды сексеуілге байлап таста,
Мен сенем жын Қақаман жолдасыма».
Қобыз сексеуілге байланды.


Оны сексеуілмен қоса жұлып алып келетін – бақсының жын-шайтан жолдастары. Олар: жалғыз көзді жынның пері Қақаман, аға жын – Нәдір пері, шайтанның шу асауы – Шайлан.


Бір кезде ат келетін мезгіл жетті,
Боз бала ат алдынан шауып кетті.
Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды,
Аруақ қалшылдатып, дірілдетті,

Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп,
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.
Көздері қып-қызыл боп қанға толып,
Сарыны сар даланы күңірентті.
Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып,
Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.
Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып,
Қызыл жел құйындатып, дірілдетті.
Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап,
Шапқылап жын-перілер дүбірлетті.


Бұл – Қойлыбайдың бақсылық қасиеті толық көрінетін тұс. Жай көз алдаушы емес, шын бақсылық өнердің жұрт алдында дәлелденуі. Негізі, қазақ ұлтында осы секілді аңыз әңгімелер көп кездеседі. Қойлыбай бақсы секілділер көп болған. Бұл – соның бір мысалы. Ислам діні талабы бойынша жындармен жұмыс істеуге тыйым салынған. Діннен хабары жоқтар ондай адамдарға қасиеті бар деп табынуы мүмкін.


Сол кезде ат келетін құба жонды,
Түтіндей будақ-будақ бір шаң жапты.
Сол шаңның ортасында бір сексеуіл.
Ербеңдеп, ойнақ салып келе жатты.
Екі басы жерді ұрып кезек-кезек,
Сабалап қырды жол ғып жаралапты.
Байланған сексеуі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!