Махамбет Өтемісұлы "Мен,мен едім" термесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Махамбет Өтемісұлы "Мен,мен едім" термесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі ән өнері мамандығына арналған ашық сабақ материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары ______ С.Ғ.Ибраева

«___» _____________ 2024 ж.



Пән аты : Халық әні-терме

Оқытушының аты-жөні : Идирова Жадыра Саматқызы

Оқушының аты –жөні : Бекбай Райса

Сыныбы : 3


Сабақтың тақырыбы:Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

«Мен,мен едім,мен едім» термесін талдау.

Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру. Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.


Білімділік: ақын поэзиясының мазмұны мен мәнін ұғындыру, ондағы азаматтық, отаншылдық рухын сезіндіру. Тілдік, көркемдік ерекшелігіне талдау жасата отырып, оқушыларға ақынның өз бейнесі мен Исатай тұлғасын таныту.


Дамытушылық: оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеу, дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға үйрету, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: азаматтық тәрбие беру, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Дәстүрлі ән өнеріне баулу.

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: Ауызша түсіндіру, сұрақ - жауап, домбырада саусаққа қарап үйрету әдісі, ойландыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Көрнекілігі: Портрет, кітаптар, домбыра, үнтаспа, ноутбук.


І. Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а / Сәлемдесу.

б /Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

Дауысқа арналған жаттығу жасау . (Әндету)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


1.Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» әнін жатқа сұрау.
2.Әннің мазмұн мағынасын сұрап, қате кеткен жерін түзету.

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

«Мен,мен едім» термесін талдау.

Жоспары:

  1. Махамбет Өтемісұлының өмірбаянымен таныстыру. 2. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығымен таныстыру. 3. Сәуле Жанпейісованың орындауында Мен,ен едім термесін үнтаспадан оқушығы тыңдату.

4. "Мен,мен едім" термесін талдау.

Жаңа сабақ: Өмір жолы

Махамбет Өтемісұлы (1803, қазіргі Батыс Қазақстан облысыЖәнібек ауданы - 20.10.1846, қазіргі Атырау облысыИндер ауданыЖарсуат ауылы Қараой жерінде)- ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836–1838) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.

1824–1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір-Керей ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.

1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.

1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.

1834 жылы Исатай батырмен бірігеді. Сол жылы 9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды. Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ, Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері бүліншіліктің туылуына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіл, наразылық үлкен қозғалысына айналды. Исатай атынан жазылған «Әй, Махамбет, жолдасым!» атты Махамбет толғауы,ондағы «Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай» деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің (1837) шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады. Бұл оқиғалар Махамбеттің «Соғыс» жырында бейнеленіп, «Жабығу», «Ереуіл атқа ер салмай» туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.

1836 жылы 17-наурызда Жәңгір хан Махамбет пен Исатайды жолдастарымен ұстап әкелуді бұйырады. Бұл істі Қарауыл қожа Бабажановқа тапсырады.

1836 жылы 4-сәуірде Киелімола деген жерде 522 адамнан тұратын отряд алып шыққан Қарауыл қожамен Исатай-Махамбеттің 200-ге жуық әскері кездеседі. Қарауыл қожа ұрыс ашуға бата алмай, кері қайтады.

1836 жылы мамыр айында Махамбетті «Күшік Жапарұлын өлтірді» деп айыптап, Орынбор шекара комиссиясына Қарауыл қожа арыз түсіреді.

1836 жылы маусым айында Исатай мен Махамбет хан ордасына талаптарын жолдайды.

1836 жылы Жәңгір хан Орынбор шекаралық комиссиясына хат жолдап, Исатай мен Махамбетті қамауға алуды өтінеді.

1837 жылы 17-ақпанда Исатай мен Махамбет Қарауыл қожаның ауылын шабады.

1837 жылы наурыз айында Жәңгір атаман Покатиловке арыз жазып, Исатай мен Махамбетті «ұры» деп жазғырып, тез арада қамауға алуды талап етеді.

1837 жылы күзде Исатай мен Махамбет 2000-нан астам әскермен келіп, хан ордасын қоршауға алады.

1837 жылы қараша айында Бекетай құмында Геке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.

1837–1838 жылдары Жайықтың бергі жағына өтіп, Кіші жүздің арасында болады. Қол жинап, елді көтеріліске үгіттеумен айналысады.

1838 жылы 12-шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен әрекет шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасты.

1841 жылы 4-наурызда белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде Махамбет қолға түсті. Орал әскерінің 40 мың адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков ауылында (қазіргі Тайрақ ауданы) екі апта түрмеде ұстайды, кейін Орынборға айдатады (17.3.1841). Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды.

1841 жылы 7-шілдеде сот «бүліншілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.

1841–1845 жылдар аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер аз.

1846 жылы ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келді. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғады, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан (құрамында хорунжий Ықылас Төлейұлы, беріш руының биі Жаңаберген Боздақұлы, Табын Төрежан Тұрымұлы, беріш руының қазақтары Мұса Нұралыұлы, Жүсіп Өтеуліұлы бар) құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.

Махамбет шығармалары

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол Жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай»«Ұлы арман»«Жайықтың бойы көк шалғын»«Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай»«Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар»«Исатай сөзі», «Эй Махамбет жолдасым»,«Мен,мен едім», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге»«Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатираэлегиямонологарнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма»«Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жылы Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді.[3] Ақын халық бұқарасының зор күшіне сенеді. Егер ел болып бірігіп, әділетсіз хандарға қарсы шықса, ханды тақтан тайдыратынына күмән келтірмейді. Махамбет халықтың ханнан көрген жәбір жапасын жырға қосып айтады.

ІІІ. Қорытындылау:


Жартыңды тап айдары . ( Пазл арқылы Махамбеттін суретін құрастыру) Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Махамбет Өтемісұлы кім?

  2. Ол қай жылы,қай жерде туған?

  3. Исатай Тайманұлы кім, қай жылы қайтыс болды?

  4. Жәңгір хан қай жылдары өмір сүрген?

  5. Махамбеттің Жәігңрге айтқаны?

  6. Мен,мен едім,мен едім термесі кім туралы айтылған?





Үй тапсырмасы

1.Мен,мен едім термесмін жаттау. 2.Бағалау.

















































Дамбы өнер мектебі













Ашық сабақ



Тақырыбы: махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы және « Мен,мен едім,мен едім »термесі









Орындаған: Халық әні-терме мамандығының

мұғалімі Идирова Ж.С


Оқушы : Бекбай Райса-3 сынып










Атырау-2024ж

28 қараша

1. 1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.

3.Исатай Тайманұлы 1791-1838 – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы

4.1610-1652 жылдары өмір сүрген.

5.Хан емессің, Қасқырсың,

Қас албасты басқырсың,

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын!

Хан емессің, ылаңсың,

Қара шұбар жылансың.

Хан емессің, аярсың,

Айыр құйрық шаянсың!



Махамбет ақын намысты оятатын, жігерлі жырлары арқылы елді қарулы күреске шақырды. Сондай жалынды өлеңдерінің бірі – «Мен, мен, мен едім» толғауы. Оны әйгілі Баймағамбет сұлтанға арнап айтқан. Жалпы, ақынның халық қамын ойлап-толғаудан туындаған патриоттық идеялары осы Баймағамбетке айтқан өлеңдерінен айқын аңғарылады. Махамбет «Мен, мен, мен едім» толғауында қоныс-мекенінен айрылып, жерсіз қалған елге атамекенін қайтарып, «жағалай жатқан сол елге мал толтыруды», «Қара қазан, сары бала қамы үшін» қолға қару алып күреске шығып, «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгеруді» мақсат еткенін тебірене жырлайды. Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің де түпкі идеясы осы еді.





  1. Махамбет Өтемісұлы кім?

  2. Ол қай жылы,қай жерде туған?

  3. Исатай Тайманұлы кім, қай жылы қайтыс болды?

  4. Жәңгір хан қай жылдары өмір сүрген?

  5. Махамбеттің Жәігңрге айтқаны?

  6. Мен,мен едім,мен едім термесі кім туралы айтылған?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі