Б
ҚО Зеленов ауданы Рубежин
ЖОББМБК
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кабыкешова Шынар Қабдығалиқызы
Махамбеттей ұл туса игі ...
Махамбет – дауылпаз әрі мінезді ақын. Махамбеттей жаужүрек ақынды бұрын-соңды көргеніміз де, естігеніміз де жоқ. Ол жастайынан халық мұрасымен сусындап, аузын ашса, көмейінен өлең өрілетін суырыпсалма ақын, ұтқыр ойдың көсемі, жүрген ортасының сән-салтанаты , алымды, от ауызды, орақ тілді, мұсылманша да, орысша да сауатты болған. Жастайынан атқан оғы мүлт кетпейтін мерген, күрескенді алып ұратын балуан, шебер домбырашы әрі өз жанынан күй шығаратын жаны нәзік жан екенін білгенде соншама қабілет бір адамға қалай біткен -деп, таңғаласың. Сонымен, ақындығын былай қойғанда күйшілігі тағы бар. Оның өлеңдерінде бір сұмдық рух пен шырқыраған шындық бар. Махамбеттей сан қырлы өнер иесі некен –саяқ. Бала күнімізден сан қайталап жаттап өскен хан Жәңгірге айтқаны:
Хан емессің , қасқырсың
Қас албасты басқырсың ...
-
өлеңін жатқа білмейтін қазақ жоқ шығар. Неткен ірілік, неткен мәрттік! Махамбеттің ұлы арманы- халқының азаттығы .
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім...
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы!
ХІХ ғ. І жартысында Ресей тарапынан отаршылдық езгісі қыспаққа алғанда, жергілікті жәдөгейлер халықтың қамынан өз басын жоғары қойып , патша үкіметіне сеніп, халықты қанауға алғанда арыстандай ақырып, елдің жоқтаушысы бола білді.
Махамбеттің күйттегені- елдің қамы, ел мұраты. Махамбеттің өлеңдерінде сорғалаған қан мен қасық қаны қалғанша айқасқа әзір батырлық рух бар. Ол -халықтық рух.Ақын жүрегі «елім» деп дүрсілдеп, «халқым» деп, қалтырайды. Егесіп өткен асыл ерім -ай!
«Палуан жолбарыс секілді
Алысқанда алып ұрған білегім.
Қамалаған жаудан қайтпаған
Қарсы біткен жүрегім!..
Орма мылтық тарс ұрып,
Тауға аттанар күн қайда?
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып...
Жау тоқтатар күн қайда?
- деп өзі жырлағанындай , «қара қазан ,сары баланың қамы» үшін шыбын жаннан түніліп, атқа қонған аруақты азамат еді. Ол өз жайынан халықты жоғары қойған аптал ер еді... Жәңгірдің қасында сарай ақыны болып жүруге намысы жібермей, елдің жауы –менің жауым –деп, егесіп өткен арда ұл болатын. Халқын сүйсе, Махамбеттей сүймек болса керек ...
Бүгінде замана ағымы өзгерді, өз қолымыз аузымыға жететін аттылы күнге де жеттік, тәуелсіздіктің бал дәмін таттық. Бірақ , Махамбетше өрлікке толы сөз айтатын ақын атаулы кемде-кем... Махамбетше елі үшін тәуекелге баратын, кесек-кесек сөз айтатын ақынжанды азамат , еркек кіндіктер бар ма екен деген ой мазалайды. Келбеті келісті қаншама азаматтан ездікті көре-көре көңіл қалды. Халықтың қамы түгілі, көршісінің халін білуге жарамайтын бір өзгешелеу заманға тап келдік. Сонда бұл не өзі?! Кісілік пен ірілігіміз қайда кеткен? Махандардың сарқыты да қалмағаны ма? Барлығының ойлайтыны:қарақан басы. Былқ-сылқ еткен кердең жүріс,арзан күлкі... Тіпті, ер-азамат атауға да лайықсыз шенді-шекпендерді көргенде Махамбеттің Баймағамбетке :
... Оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай,
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем,- деген тұстары қылаң береді санада.
Ер басына күн туып, етігімен су кешкен қиыншылық жылдарды, мұң-шерге толы жырларында тамаша суреттеген ақын өлеңін оқи отыра, сол заманға бір көз жүгіртесің. Сол заманға еңіп кеткендей күй кешесің,сезінесің,ақындық шеберлік пен асқақ рухын түсінесің, ерлік пен ездіктің ара жігін ажыратасың, асыл ердің елге деген махаббатына тәнтті боласың , кеудеңді намыс кернейді, ездердің азғындығынан шошисың, шошисың да жиренесің. Міне, ақындықтың құдіреті емей немене?! Сол кезде ерлік көрсеткен ерлерге бас иіп, әрдайым есімдерін сан қайталап отырасың.
... Үйдің жылысын қыс келгенде білерсің,
Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің, –
Балпық бидің айтқандай, іргеден жау шыққанда, тойтарыс бере білген халықтың аяулы ұлдарының рухына тағзым етесің.
Махамбет тудырған «Қызғыш құс», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай» сынды өлеңдерінде сарабдал досқа деген арда ұлдың құса көңілі мен жан азабы соншалық айқын көрініс тапқан. Бұл тек Махамбеттің ғана емес, қаймана қазақтың басынан кешкен ауыр күндері мен шыдас бермес замана дауылы еді.
Махамбет Исатайдай ардақты ұлды өлеңіне арқау етсе, бір өкініштісі Махамбеттің артынан сарабдар ерді дәл өзіндей жырлайтын ақын шыға алмады. Бұл ретте Ж.Молдағалиев; Қ.Жұмалиев ; М.Әуезов; З.Қабдолов; Ә.Әлімжанов; Б.Аманшин сынды ағаларымыздың Махамбет туралы шығармаларын танып ,зерделесек те аздық етеді де тұрады . Махамбеттей ақынын, жаужүрек ұлын халқы жадында сақталыпп ерліктің символындай көріп ғасырдан-ғасырға жете беретіні даусыз. Махамбеттің өлеңдеріндей уытты, айтар уәжі мол , тегеуріні темірдей тіркестер мен айшықты иірімдер мыңдаған адамның қолындағы алмас қылыш іспетті, кескілесуге дап-дайын.
Сіздердің санаулы уақыттарыңызды бәріміз білетін -Махамбет өлеңдері мен өмірі турасындағы санаулы фактілермен алмай-ақ қояйын. «Білетінім- бір тоғыз, білмейтініміз- тоқсан тоғыз»- екені жасырын емес.
Махамбеттің аруағы алдында біз , әсіресе, оның аяғының табы қалған Нарын құмы, мен атының дүбірі қалған батыстықтар, оның жерлестері сан мың мәрте қарыздармыз. Махамбеттей алмас қылышты қап түбінде қалдыруға бомайды. Маханның санаулы өлеңдерінің қазақ әдебиетіне енгеніне мәз болып, өзімізді өзіміз алдап отыра бермей, «тар шеңбер» аясында қалдырмай, оны өскелең ұрпақ санасынан өшпейтіндей етіп, елдіктің ,өрліктің нышанындай елестетіндей сол бір кездерді бейнелейтін көрсетілім , кино неге түсірмеске?! Жүздеген ,мыңдаған сериалы бар үнділік, корейлік немесе батыстық кинолармен жас ұрпақ санасын улағанша , елі үшін атқа қонған ерлерімізді неге дәріптемеске?! Баяғы сол кеңес заманындағыдай өтірік жалаулатып, ұрандатқаннан басқа атқарылып жатқан келелі ісіміз неге жоқтың қасы?
Бізде бірізділік, жүйелілік жетіспейді. Әупірімдеп жүріп, «Абайтану» курсы өткен жылдан бастап жоғары сыныптарға оқытыла бастады. Мектеп бағдарламасына неге «Махамбеттану» курсын 5 -сыныптан бастап оқытпасқа ?! Махамбеттануға атсалысып жүрген азаматтарымыз туралы халыққа аттары мен атқарған келелі істерін атап-атап танытпасқа ? Махамбеттің көбіміз білмейтін шығармаларын, күйлерін, үзенгілес достарын ағайын –туысын, ұрпағын, шыққан тегін, ортасын айқайлап тұрып жарнамаламасқа. Өзін –өзі танып білмеген сары ауыз балапандарға Махамбеттің уытты жырларын, бабалардың жүріп өткен отты жолдарын неге кеңірек тарқатып, жүректеріне алау жақпасқа?
Әрине, баяғы сол жалтақтау... Оны түйсініп, жоғарыдан ықпал ететін халық қалаулыларының құлағына жеткізу –біздің міндетіміз.
Тарих ғылымымен айналысатын аттың төбеліндей санаулы азамат ғана білетін құнды деректерді жария етіп , аз болса да бабамыз хақында заманауи көрсетілім түсірілсе нұр үстіне нұр болар еді. Махамбеттің хан сарайында болған сәттеріндегі өміріндегі елеулі оқиғалар мен тартысқа толы сәттерді шаң басқан архивтерден тауып, халықтың қажетіне жаратса дер едім.
Ғаламтордан осы еңбегімді жазбас бұрын Махамбет туралы деректер қарастырдым, өмірдерегі мен шығармалары туралы әлі де бәріміз білетін , санаулы сөздерден басқа ештеңе таба алмадым да, күйініп кетіп:
«-Махамбеттей ұл туса игі , атаның жолын қуса игі» - деп , іштей күбірледім . Бұл бойын харам істерден аулақ салатын, халықтың жайын ойлайтын ұл туса -деген арда көңілден туған ой болатын. Жүз рет айтқаннан бір көргенге не жетсін, корейлік кинолардағы «Жумон ханзадан» Махамбеттің бекзаттығы жүз есе асып түсер, нарғасқа ұл екені айдан анық. Өлеңдері мен қайталанбас тұлғасының өзі киноға сұранып тұр емес пе?! Мен қаны да, жаны да қазақ деп соғатын, «көзі ашық, көкірегі ояу» азаматтарға оймақтай ой айттым, Махамбеттей бабамызды ұлықтау - уақыттың еншісінде.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз