400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Макала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Режепбай Жансая

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Каспий өңірі Болашақ колледжі

«Ұлттық құндылықтар–ұлт қорғаны»

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және Әбіш Кекілбайұлы атындағы мұражайы.

Тарих – өткенге сабақ, келешекке-өнеге. Осы орайда ата-бабамыздың ғибратты ғұмырын әйгілейтін мұраларды көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа мұра етіп қалдыруда мұражайдың алар орны ерекше. Мұражай – ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Ол бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын мәдени орын.Жалпы мұражай, яғни музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, тағы басқа мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай – қаншама ғасыр қойнауынан бізге жеткен жәдігерлерді сақтаушы тылсым орын, адамзат жасаған ерекше өнер туындыларын жинақтаған жер. Оның пайда болу тарихына көз жүгіртер болсақ, ол алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасқан көрінеді.

Жәдігер – нақты өмірден алынған, мұражайға қоюға құндылығы бар, қорға тіркелген, ұз­ақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тари­хи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлт­тық құндылықтың бір құрамдас бөлігі. Жә­дігерлер – бүкіл мұражайдың қызметін, оның ба­ғыттарын, жоспарын жүзеге асыратын не­гіз. Аудандық мұражай қорында сақтаулы тұрған жәдігерлердің тәуелсіз мемлекет үшін, болашақ ұрпақ үшін ғасырлар үндестігі, білім мен мәдениет жалғастығының құралы ретіндегі құндылығы мен маңыздылығы аса жоғары. Яғни, мұражай қорын тарихи дерек тұрғысынан зерттеу, насихаттау, сақтау мен қорғаудың мәселелері қоғам үшін өзекті. Мұражай қорына тек өткен өмір тарихына қатысты мұражайлық деректер ғана емес, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихынан дерек беретін материалдар да қойылуы және жиналуы тиіс. Құндылығы жоғары экспонаттарды дер кезінде қорғау, жинау, зерттеу және оларды сақтау жұ­мыстарын ұйымдастыру оның шынайылығын сақтаудың кепілі болып саналады.

Мұражайдың аумағы 49 500 шаршы метр. Ортасында Әбіш Кекілбаевтың қазақ үйі тұрады. Бұл – оның ерекшелігі. Сол қазақ үй шаңырақ болып қайталана береді, ортасы дөңгелек. Қалған жақтары да жартылай дөңгелек және бір жағы тікбұрышты.

Мұражай – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отырған бірден-бір институт.Мұражайды аралап жүріп, тек қазақ халқы емес,шетелдіктерде ол кісінің еңбегін мойындағанына көзім жетті.Жазушы өмірбаянын таныстырған экскурсия жүргізушілері:Дәуірбек Іңірбай,Мадина Нұрқанова,Зәуре Әбішова,Бибізада Жүсіповаға алғысымыз шексіз.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.11.2023
127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі