Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маман мінбері. Құқықтық тәрбиенің маңызы зор

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеуде құқықтық білімнің берері зор. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақылы 2021-мақала Айткүл Рысбаевадан

Маман мінбері

Құқықтық тәрбиенің маңызы зор

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеуде құқықтық білімнің берері зор. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше.

Құқықтық тәрбие беруде  сан ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларды жастардың бойына сіңіру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.

Құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыруда отбасылар жағдайын жан-жақты танып білу қажет. А. Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназияда оқушыларға құқықтық тәрбие беруде бірінші кезекте олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға мейлінше көңіл бөлінеді. Осы орайда Кеген АПБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Ж. Қоғамбаев және учаскелік инспектор полиция капитаны Данияр Байсейітов құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларын іске асыру мақсатында мектебіміздің оқушыларымен кездесіп, құқықтық тәрбие туралы толғамды ойларын айтып, балалардың жауапкершілік сезімін оятып, көшеде тәртіп ережесін бұзбау керектігіне назар аудартты.

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзқарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында барлық шектеулер алынып, ақпарат тарату еркіндігі берілген. Кейбір жағымсыз ақпараттар балалардың сана сезіміне кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалар ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпынан ажырап, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің құрығында кетуде. Бұл ретте жастарымызды дұрыс жолға салу, бағыт-бағдар беру ұстаздар мен ата-аналарға артылып отырған зор міндет.

Бүгінгі уақыт талабына сай жан-жақты білімді, жігерлі, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу – тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеп, ұлттық болмыс-бітімді бойына сіңірген, мәдениетті, әлемдік өркениетке бастайтын бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруымыз керек. Соның ішінде құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы – оқушыны заңнан хабардар етіп, оның жалпы білім деңгейін көтеру.

Мектепте құқықтық тәрбие 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін белгілі бір жүйелілікпен ұйымдастырылған түрде жүргізілуі қажет. Себебі, құқық әрбір адамның қоғамдағы жүріс-тұрысын, мінез-құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын реттейді.

Құқықтық кеңес жоспарына сәйкес жауапты тұлғалар және мектеп психологы А. Телеубекова мен сынып жетекшілер бірлесе отырып, «Құқықтық білім беру» атты айлық шеңберінде «Мен және заң», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу» тақырыптарында «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, өз уақытында өткізіп отырады.

    Мектеп ұстаздары жастарды тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы негізінде оқушыларды патриоттыққа  және адамгершілікке баулу, жасөспірімдер арасында   құқық бұзушылықтың алдын  алуда  мақсатты  түрде  жұмыс істейді.

Мектеп әкімшілігі мен ұстаздары жас ұрпаққа жан-жақты, жүйелі тәлім беріп, оқу-тәрбие үрдісінде туындайтын мәселелерді шешуде сыныптың ата-аналар комитетінің рөлін көтеріп  отырады.

Құқықтық тәрбие беру, әсіресе, орта және жоғары сынып оқушылары үшін өте маңызды. Осы жастағы оқушылар құқық, еркіндік жөніндегі ақпараттарды және заңды толық түсіне алады. Мектебімізде құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс шаралар өз уақытында жүргізіліп тұрады. 18 жасқа дейінгі есепте тұратын балалар арасында ата-аналық міндеттерін себепсіз орындамай, бала құқығының сақталмауына жол беріп отырған отбасылар жоқ. Осындай кездесу шаралары, оқушылармен еркін сұхбат жүргізу жасөспірімдер тәрбиесіне игі ықпал етері анық.

Айткүл Рысбаева,

Ақай Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназияның тарих, құқық пәндерінің мұғалімі

Кеген ауданы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2021
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12