Мамандығым - мақтанышым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандығым - мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым - мақтанышым атты мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандығым- мақтанышым»

 

 

«Ұстаздық- ұлы  құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

Болашақтың басшысын да, данасын да, егіншісін де, кеншісін де  ұстаз өсіреді.» Б.Момышұлы.

«Ұстаз дегеніміздің өзі- барлық адамзатқа жарық берушісі, тұла бойындағы тұнып тұрған өнегесін шашырататын күн сәулесі іспетті» деп ұлы ғұламаларымыз айтқандай, мен де  өзімнің сүйікті мамандығым жөнінде сөз етпекшімін.

Елбасымыз : «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан  сол деңгейде  болады.Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр»  деген еді. Расында да, қазіргі заман  мұғалімі  тәуелсіз еліміз дамыған отыз елдің қатарынан көрінуі үшін, ең алдымен, білім саласына жаңалықтар енгізе отырып, жаңашыл, өнертапқыш, теориялық білімін практикада қолдана алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.Оқушыларымыз бәсекеге қабілетті ұрпақ болсын десек, оларға  білім беру ісінде аянбай еңбек етуіміз керек. Балаларды білімге қызықтыра отырып, болашағын жоспарлауға көмектесіп, нарық заманында белгілі бір кәсіпке бағдарлап, бағыттау менің де алдыма қойған мақсатым. Ұстаздық жолымда еліміздің болашағына  аз да болса үлес қосып, сапалы білім, саналы тәрбие алған шәкірт бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, шығармашылық  еңбек үстінде оған қанат бітіру, білімге шексіз құштарлық дәнін себу, оқушының жан дүниесін , өнерге баулу  менің еңбегімнің жемісі деп білемін.Қазіргі заманғы мұғалім-информатор, бақылаушы, ізденуші, зерттеуші, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын жаңашыл, сонымен қатар өз кәсібін, өз пәнін, барлық оқушыларын, қызметін шексіз сүйетін адам.Көркем еңбек  пәні сурет салғызып, әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасап қана қоймай, қазақ қолөнерін әрі қарай дамытып,насихаттау, сонымен қатар жаңа идеяларды тудыратын, жаңа ой тууға түрткі болатындай мол жағымды көңіл күй сыйлайды. Адамзаттың өркениетте қол жеткен табысы-  ғалымдар мен өнертапқыштардың сан ғасырлық еңбегінің жемісі болса, жинақталған тәжірибелер  білімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізген ұстаздар қауымының ұлы ерлігі. Иә, ұстаз  болумен қатар, әр шәкірттің жүрегінде өшпес із қалдыру, сол арқылы тұтас ұлтты тәрбиелеу өнері де- өнер.

Ұстаз  жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шашпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рахат, шын бақытын тапса адам, деген мына өлең жолдарындай оқушыларымды өз пәнімнің қыр- сырына, яғни еңбекке үйреткенде ерекше шабыт аламын.Сондықтан оқушыларымды еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, қызығушылықтарын арттыру үшін сабақтарымды жаңашыл әдістер арқылы түрлендіріп отырамын.Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке ,кәсіпке даярлау үшін теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен , өзінің іс- әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады дер едім.  

 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2023
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі