"Мамандығым-мақтанышым"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мамандығым-мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық таңдаудың маңыздылығы,оның адам өміріндегі маңызы жайлы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым — мақтанышым

Мамандық менің ойымша, маман ол өз ісін жанымен,бүкіл болмысымен таңдаған жолы. Мен ұстазбын -терең білім иесі, елімнің болашағының мамандықтардың бетке тұтары.Ұстаздық жолы-арқаланған армандар мен үміттер жолы.Таланттылық ол бір жүре пайда болса,менің жолым жанымның бүкіл руханиятымның таңдауы, сондай сәтте болады мен мамандығымсыз өздігімді елестете алмаспын…

Әсемпаз болма, әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан» — деп Ұлы Абай жырлағандай шыр етіп дүниеге келген соң жұмыр адамзат баласы алдына мақсат қойып,бір нәрсеге қол жеткізгісі келіп армандайды. Ойдан ой туады. Ой арманға жалғасады. Адам баласының алға қойған мақсатының ішіндегі маңыздысы, мәндісі — оның мамандығы. Иә, мамандығы, дәлірек айтсақ кәсібі. Болашақ өміріндегі қызығы мен қиындығы мол кәсібі.Менің бала көңілімде, сәби жүрегімде өзінің парасатты болмысымен сақталып қалған құрметті адам болса,ол –ұстаз еді. Кішкентай кезімде мұғалімге қарап, оның әрбір іс-қимылын көзіммен ұрлана бағып, қызыға қарап,еліктейтінмін.

Бос уақытымның бәрінде «мұғалім» ойнап, тақтайшаны бормен сызып, дәптер тексеріп зыр қағып жүретінмін. Осы кездегі алаңсыз балалық шағымнан бастау алған – мамандытың мәртебелісі ұстаздық жолын таңдадым. Қазіргі жаңартылған білім беру саласында ауыл мен қала жастары ұстаз мамандығын, жалақысы аз, беделі төмен, көзге ілінбестей көреді. Қалай айтсақ та, менің түсінігімдегі ұстаз –рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отаны үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші , өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен болашағына жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы адам. Осы ұстаз мамандығының ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Қасиетті мамандықтың иесі бола тұрып, баланы тұлға ретінде тани білу,оның пікірімен санаса білу, қуанышына қуану, жетістігін бағалай білу – менің ұстанымым деп білемін.Ұстаз – білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық пенденің бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.

Иә, ғалым да шахтер де бас иетін, шамасы келсе дүниені бағындыратын ұстазға бүгінгі таңда жүйелі жүк артылып отыр. Оқушыларымның «қазір тарих сабағы болады» деп жылы лебізбен айтқан сөздерін естігенде шаршағанымды ұмытып, жігерлене түсемін. Сондай кездерде менен бақытты ұстаз жоқ екендігіне қуанамын. Осыдан кейін мен өз мамандығымды қалай жақсы көріп, құрметтемеймін?.. «Мәңгілік ел» құндылықтары негізінде ұйымдастыру- білім беру жүйесінде жасалып жатқан инновациялық өзгерістер арқылы ұрпағымыз сапалы білімді, саналы азамат болуына сенімімім арта түседі.

«Мұғалім–мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр құятын жалын иесі»- деп ұлы чех педпгогы Я.Коменский айтқандай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас ұрпақ бойына дарыта отырып, білім мен тәрбие беру менің міндетім.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2025
56
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі