Мамандық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мақтарал ауданының мандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мамандықты таңдау – болашақты болжау











Дайындаған: __________________________













Жетісай 2013

Тақырыбы: «Мамандықты таңдау – болашақты болжау»

Мақсаты:

Білімділік - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

1.Кіріспе сөз

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.
Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады.
Мамандық таңдау басқа да таңдаулар сияқты көп мөлшердегі бірнеше нұсқа бойынша шешім қабылдау болып табылады және әртүрлі факторларды ескеру қажеттілігі болып табылады. Мамандық таңдау басқа да таңдаулар сияқты көп мөлшердегі бірнеше нұсқа бойынша шешім қабылдау болып табылады және әртүрлі факторларды ескеру қажеттілігі болып табылады.

Ұстаз деген ұлағаттың шырайы
Қадірінің тиетұғын қайыры
Ұстаз деген шуағы мол шапағат
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі деп
Мектептегі барлық ұстаздарға

Сіздердің құрметтеріңізге ән:
Қазіргі таңдағы болашақ үлкен мамандық иелерімен таныстырып өтсек

Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге
Тыңдайық кәне ойлайық
Білімге терең бойлайық
- деп мектеп директоры Шарапатов Габидулла ағайға сөз кезегін береміз

Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғасын
Соқса да дауыл, өрт болсын өмір
Қанаттар балғын талмасын
Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. Әркім өзінің жұмысын қызықты болуын қалайды.

Сондықтан да бүгінгі кеш қонақтарына сөз берсек деген ойымыз бар. Келесі кезекте оқушылардың сауалдарына береміз
Сұрақ менен, жауап сенен сауалнамасын оқушылар арасында жүргізіп көрейік

1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Сен өз мамандығың туралы не білесің?
3. Кім мамандығын әлі таңдаған жоқ?
4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
8. Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?
9. Жоғары оқу - орнына түсуге өз күшіңе сенесің бе?
10. Болашақ мамандығы жайлы кіммен ақылдастың?
11. Өзіңді ҰБТ- ға байланысты мазалап жүрген ойлар туралы айт?
12. Сенің арманың не?
13. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын
ашып бер?
14. Сіз емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?

Ендігі кезекте Қазақстандағы ұлттық университеттермен таныстырып өтсек.
Келесі кезекте аты аталмайтын көп адамдар ескере бермейтін және бүгінгі қоғамға қажетті, сұранысқа ие болып жүрген мамандықтарға тоқталсақ
Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған.
Ал шетелдік театрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.
Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.
Клипмейкер - бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасайды.
Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Көркемдік суретші - басылымдарды көркемдік және техникалық жағынан әрлеуші маман.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Мамандық таңдау кезінде ескеріңіз:
өзіңнің қызығушылығыңды, бейімділігіңді, құштарлығыңды, яғни осындай іс-әрекетті істегенді ұнатамын;
өз мүмкіншілігің - білімің, қабілетің, денсаулығың, яғни істей аламын;
еңбек нарығы сұранысы, кадрлардың қажеттілігі, яғни керек маман дегенді.


2. Пікірталас
1) «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?»
2) Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
3) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
4) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.

3. «Ең жақсы» ойыны
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл-------------(эколог, географ, бақташы)
Ең тәтті----------------(аспаз, кондитер)
Ең ақшалы------------(банк қызметкері,экономист)
Ең күлкілі----------------(клоун)
Ең жауапты ---------------- (сот, бухгалтер)
Ең салмақты------------------- (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті----------- (бизнесмен)

4. Суретті тест
Қатысушыларға күн, бұлт, жаңбыр бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті--------- жақсы, көңілді
Бұлттың суреті---------- орташа
Жаңбыр------------ төмен

Қорытынды
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі