400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мамандық таңдау – маңызды мәселе

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам баласы өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек болса, соның бірі мамандық екені көпке аян. Мамандық таңдау – мына жаһандану заманында қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген өте өзекті тақырыптардың бірі. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілік. Мамандық таңдауда үш нәрсеге баса назар аударғанымыз дұрыс. Олар: қызығушылық, қалау, қабілет. Егер таңдау барысында осы үш дүние бір жерде тоғысқан болса – бағыңыздың жанғаны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Дефектолог мұғалімі,

Абубакирова Балжан



Мамандық таңдау – маңызды мәселе

Адам баласы өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек болса, соның бірі мамандық екені көпке аян. Мамандық таңдау – мына жаһандану заманында қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген өте өзекті тақырыптардың бірі.

Мамандық таңдау үлкен жауапкершілік. Мамандық таңдауда үш нәрсеге баса назар аударғанымыз дұрыс. Олар: қызығушылық, қалау, қабілет. Егер таңдау барысында осы үш дүние бір жерде тоғысқан болса – бағыңыздың жанғаны.

Мамандық таңдау. Осы сұрақ төңірегінде ұстазымыз сауал жолдағанда ат тонымды ала қашатын едім. Бірақ, қазір ойлап отырсам жүйрік аттай жүйткіп өте шыққан уақыт аралығында он бірінші сыныпқа да қадам басыппын. Демек, бұл- санаға сілкініс жаса деген ұғым. Шырмауықтай шырмалған ойларға салынып, қандай мамандық таңдаймын деп бас қатырып жүргенімде, теледидардан “ұстаз мәртебесі” көтерілетінін көзім шалып қалды. Бала күнімде ұстаздыққа қатты қызығатынмын. Бірақ, анамның күндіз-түні жазудан бас алмай, сүріне жығылатын көргенімде бұл ойымнан айныған едім. Бірақ, жоғарыда аталған қуанышты жаңалықты естігенімде “ұстаздық” жолды таңдаймын деп бел будым. Осы орайда сіздің тараптан “неліктен?” деген сауал туар. Оған төмендегідей жауап беріп өтсем:

Өз мамандығына деген сүйіспеншілік қана адамды абырой биігіне жетелесе керек. Жалпы, ұстаздық ең қадірлі де қасиетті мамандық. Себебі, ұстаз – қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы адамның тәрбиешісі. Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек. Менің болашақ ұстаздық жолда ұстанатын ұстанымым: «Ақыл - адамды аздырмайтын ем,   білім - таусылмайтын кен,   Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі -талап, шолғыншысы - ой, жолдасы - кәсіп,  қорғаны - сабыр,   қорғаушысы - мінез».

        Қорыта айтқанда, тәрбиенің үш бұлағы бір арнаға құйылса, онда оның суы да мөлдір, тұнық болмақ. Сондықтан «өз бақытың - өз қолыңда» - демекші жарқын болашаққа жол табу  өз еншіңде.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
270
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі