Материалдар / Мамандықтар өте көп

Мамандықтар өте көп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп: №5 мектеп-лицейі Педагогтің Т.А.Ә. Жайтакова Л.Т. Күні: 12.12.2024ж Сынып: 2 Б Қатысушылар:14 Қатыспағандар саны Сабақ тақырыбы: Мамандықтар өте көп Құндылығы: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мектеп:

5 мектеп-лицейі

Педагогтің Т.А.Ә.

Жайтакова Л.Т.

Күні:

12.12.2024ж

Сынып: 2 Б

Қатысушылар:14

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Мамандықтар өте көп

Құндылығы:

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы





























Сабақтың ортасы




























Сабақтың соңы

Сәлемдесу. Шаттық шеңбері.

-  Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз  шаттық шеңберін құрайық.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!

Ұйымдастыру кезеңі (5 минут):

Оқушылармен амандасу, сабаққа әзірліктерін тексеру.

Оқушыларды шеңберге жинап,

Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

- Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

-деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?

Еңбек түбі - береке.

 Еңбек түбі - зейнет.

 Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

 Еңбек қылмай ер оңбас,

Бірлік қылмай ел оңбас.

 Күн шыққан соң суарған суды

Күн жұтады,

Күн батқан соң суарған суды

Жер жұтады.

Қолыма жұмыс бергенің – жаныма тыныс бергенің.

 Күндіз қойын күтерсің, кешке жүнін түтерсің.

 1.Тігіншіні инесі асырайды.

 Ащы еңбектен тәтті нан.

 Жаман іс жоқ, жаман ісші бар.

- Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 .Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3.Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

 4.Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.

Дәрігер:

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

Жүректе сыр жаттаған

Жан тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді

 Инженер: Мен инженер боламын

Жерден алтын табамын

Жолын қуған әйгілі

Академик ағаның

 Ақын: Ал мен ақын боламын

Сусылдаған қаламым

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын

- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

Қорытынды бөлім 

Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.













Білім алушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бірге шеңбер құрып, өлең шумақтарын қайталайды







Бейнероликті тамашалайды


















Оқушылар сұрақтарға жауап береді









Мақалдарды талқылайды







Оқушылар дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.








«Мамандық - біздің болашағымыз» деген қорытынды оймен сабақты аяқтау.































































5.Қауіпсіздік сабағы«5 секунд» ережесі»,«Бейтаныс адаммен қалай дұрыс диалог құруға болады ?» (10 минут)

Мақсаты: балаларды бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде болатын қауіптермен таныстыру, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Балалар, қауіп-қатер кез келген жерде күтіп тұруы мүмкін. Біз қоғамда өмір сүреміз және адамдардың барлығы әртүрлі.

Тақтада сөз ілініп немесе жазылып тұр:

Кез келген кездескен адам нағыз дос бола бермейді.

Бұл нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесің? (Барлық адам мейірімді емес). Ендеше, бүгінгі сабақта бейтаныс адаммен қарым-қатынас туралы сөйлесетін боламыз.Сіз абайсыз мінез-құлық, қағидаларды бұзу қайғылы салдарға әкелген қандай ертегілерді білесіз?(«Бауырсақ», «Қасқыр және жеті лақ», «Қызыл телпек», «Ағайынды Иванушка мен әпкесі Аленушка», «Қар ханшайымы» т.б.)

Бейтаныс адаммен кездесу кезінде не болу мүмкін?

Білімді бастапқы игеру және оны тексеру.

Топтық жұмыс. Кез келген қиындықты болдырмау үшін бірнеше қадамдардан тұратын қарапайым және сенімді әрекетті жасау керек.

1-қадам. Жағдайды бағалау.

Сіздің алдыңызда бейтаныс адам бар екенін және ол ықтимал қауіп төндіруі мүмкін екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан одан сақтану керек. Бұл адамның кім екендігі маңызды емес – қыз, ұл, ата, жас әйел. Егер ол бейтаныс адам болса, онда олардың барлығымен бірдей әрекет ету керек.

2-қадам. Қашықтықты сақтаңыз!

Сіз бен бейтаныс адам арасындағы қашықтық кемінде екі метр болуы керек. Бұл өте маңызды! (балаларға осы ара қашықты көрсету керек.

3-қадам. Бейтаныс адаммен сөйлесу уақыты 5-10 секундтан аспауы керек. Содан кейін сөйлесуді тоқтату керек. Біреудің сізбен сөйлесуіне немесе сізді әңгімеге тартуына жол бермеңіз. Қылмыскерлерді керемет психологтер деп айтуға болады және олар кез келген адамның, тіпті ересек адамның сеніміне кіре алады. Мұндай жағдайда адам әңгімелескенде, қырағылығын жоғалтады. Тәжірибелі қылмыскерлер ересек адамдарды қауіпті іс-әрекеттерді жасауға сендіре алады. Мысалы, қаңырап қалған жерге бірге бару және т.б. (Балалардан 5 секундтан кейін сөйлеуді тоқтатуды сұраңыз, оларға осы уақыт ішінде қанша сөз тіркесін айтуға болатынын көрсетіңіз).

4-қадам. Қауіпсіз жерге бар. Бұл дегеніміз, өзіңіз танитын ауладағы адамдарға, достарыңызға, өзге балалардың аналары мен әкелеріне жақындаңыз. Бейтаныс адам сіздің артыңыздан келе жатпағанына көз жеткізіңіз. Егер жақын жерде таныс ересектер болмаса, жай ғана кетіңіз, егер бейтаныс адам сіздің артыңыздан әрі қарай жүруге және сізді әңгімеге тартуға тырысса, өтіп бара жатқан адамдардың назарын келесі сөздерді айтып, аудартыңыз: менің соңымнан ерудің қажеті жоқ, мен сізге көмектесе алмаймын. Ересектерге жүгініңіз.

Бекіту. Ситуациялық жағдайларды шешу.

Мұғалім: осындай жағдайдың мысалын қарастырайық:

    • Сәлеметсің бе, қызым!

    • Сәлеметсіз бе! (жағдайды бағалаңыз: бейтаныс адам, қашықтықты сақтаңыз, одан 2 метр қашықтықта жүріңіз).

    • Маған баламның добын табуға көмектесіп жіберші. Доп жертөлеге домалап кетті, ал менің көру қабілетім нашар.

    • Кешіріңіз, мені әкем шақырып жатыр (бейтаныс адамның сөйлеуіне жол бермей, ересектерге қарай тез жүріңіз; толық қауіпсіздікте болғаннан соң, ата-анаңызбен байланысыңыз).

Мұғалім: әртүрлі жағдайларда ең тиімді қауіпсіз шешім табу үшін сізбен бірге жаттығу жасайық. Ол үшін төрттікте жұмыс істеп, жаңа тапсырмалар аламыз. Топтың әр өкілі шығып, өзін қалай ұстау керектігін айтады.

Топтарға арналған тапсырмалар (6 топ): әртүрлі жағдайлардағы қауіпсіз мінез-құлықтың қағидаларын жасаңыз.



1. Сізді күшпен алып кетуде.

(Егер олар сізді күштеп алып кетуге тырысса, қатты айқайлаңыз: бұл менің ата-анам емес, мен оларды білмеймін! Менің атым... телефоным... ата-анама қоңырау шалыңыз! Шабуыл қаупі төнген кезде шу шығарыңыз, көршілеріңіздің назарын аударыңыз (ысқырыңыз, әйнекті сындырыңыз, қоңырау шалыңыз, есіктерді қағыңыз, айқайлаңыз!)

2. Соңынан бейтаныс адам ерсе.

Біріншіден, егер сіздің артыңызда бейтаныс адам болса, кіреберіске (подъезд) кіруге болмайды. Бір нәрсені ұмытып кеткендей кейіп танытып, көшеде тұрыңыз. Егер бейтаныс адам кіреберістің жанында тұрса, күте тұр немесе таныстарыңыздан, көршілеріңізден шығарып салуын сұрағаныңыз жөн. Екіншіден, егер бейтаныс адам кіреберісте болса, пәтерге жақындамаңыз және оны ашпаңыз. Кіреберістен шығып, бейтаныс адам көшеге шыққанша күтіңіз, содан кейін көршілеріңізге қоңырау шалып, басқа қабаттарда бөгде адамдардың бар-жоғын тексеруді сұраңыз.

3. Бейтаныс адам өзін полиция қызметкері ретінде таныстырса және істің мән-жайын анықтау үшін онымен бірге жүруді ұсынса.

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адамнан ата-анаңызға қоңырау шалуын талап етіңіз. Егер ол мұны істеуден бас тартса және сізді күштеп алып кетуге тырысса, қарсы тұрыңыз, айқайлаңыз, көмекке шақырыңыз, яғни бейтаныс адамдар шабуыл жасағанда ұсынылғандай әрекет етіңіз.

4. Сіздің артыңыздан мектепке бейтаныс адам келіп, оны ата-анаңыз жібергенін айтса.

Сізге ескертілмегенін айтып, бас тартыңыз. Бұл туралы педагогке, мектептегі күзетшіге айтыңыз. Ата-анаңызға қоңырау шалыңыз.

5. Мектепке және үйге бара жатқан жолда күнде бір адамды кездестірсеңіз.

Ата-анаңа айтып, олардың шығарып салуын және қарсы алуын сұрап, маршрутыңызды өзгертіңіз. Бейтаныс адамнан құтыламын деп, таныс емес үйлер мен аулаларға кірмеңіз, дүкен мен кинотеатрға кіріп, әкімшіден (администратор) ата-анаңа қоңырау шалып, қай жерде екеніңді хабарлауды сұраңыз.

  1. Көшеде біреу сізге тәтті ұсынса.

Қабыл алмаңыз. Бірден бас тартыңыз. «Жоқ! Қажет емес!» деп айтыңыз.

Қорытынды. Рефлексия.

Жеке қауіпсіздік қағидаларын қайталау.

Жеке қауіпсіздіктің барлық қағидаларын «БОЛМАЙДЫ» сөзіне

қысқартуға болады.

Мектептен шыққан кезде көшеде көп жүруге болмайды. Қараңғы түскенде сыртта ойнауға болмайды.

Бейтаныс адамды үйге кіргізуге болмайды.

Бейтаныс адаммен бірге ешқайда баруға болмайды.

Бейтаныс адаммен көлікке отыруға болмайды.


















Педагогтің аты-жөні

Жайтакова Л.Т.

Күні:

10.10.2024

Сынып: 2 «Б»

Қатысушылар саны:14

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Мектепке барар қауіпсіз жол» «Жол қауіпсіздігі» онкүндігі. 6.Қауіпсіздік сабағы «Желі арқылы танысу қаупі» (10 минут)

«Реттелмейтін жол қиылыстары» ЖЖЕ №2

Сабақ мақсаты

 -Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға  үйрету;
– Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Құндылық


«Заң және тәртіп»

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Ортасы

Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік. Екі оқушы тақтаға шығып сурет арқылы көрсетеді.

Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ, тоқта, жүр дейді.
– Бағдаршам!
– Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!
– Мынау қандай белгі?   
Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)

Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді,
Жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған!

Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.
1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
2. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
3. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.
3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді)
– Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады)

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Соңы

Ал, балалар! Міне, сендер жолда жүру ережесін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер. Жолда, көшеде барлық ережелерді есте сақтаймыз ба?

Ендеше, біз сабағымызды әнмен аяқтайық.

Көшеде сақ бол!

1.Көшеде біз сақ болайық,
Қайғырмасын ата-ана.
Жолда сен бол лайықты,
Оқушылар атына.
Қ-сы: Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман.


Тірек сөздермен жұмыс жасау.


































6.Қауіпсіздік сабағы «Желі арқылы танысу қаупі» (10 минут)

Мақсаты: интернет желісінің сауатты және жауапты пайдаланушысын тәрбиелеу, балаларды интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі қағидаларымен, «желілік этикет» қағидаларымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру.

Тақырыпты анықтау:

Мұғалім: интернет не екендігін анықтауға тырысып көрейік (балалар анықтама береді).

Интернет - ақпаратты сақтауға және беруге арналған дүниежүзілік ғаламдық компьютерлік желі.

Сіздер интернетті не үшін пайдаланасыздар? қушылардың жауабы)

Дүниежүзілік желіні әрқашан да қауіпсіз пайдалануға болады ма?

Бүгін біз желі арқылы танысу қауіптері туралы сөйлесетін боламыз.

Білімді бастапқы игеру және оны тексеру:

Мұғалім: көпшілігіміз желі арқылы адамдармен жиі сөйлесеміз. Желі арқылы тілдесу не үшін ұнайды? (оқушылардың жауабы) .

Шынында да, кейде біз желі арқылы әңгімелесу кезінде өз ойымызды айтқанды ұнатамыз. Бірақ біз желіде нақты кіммен әңгімелесіп отырғанымызды білмейміз. Бұл өте қауіпті!

«Шындық немесе жалған» ойыны.

Балалар екі жаққа орналасады.

Бір жағынан 1 адам «пайдаланушы», екінші жағынан 3 адам «Белгісіз».

Пайдаланушының міндеті, «Белгісізге» бірнеше сұрақтарды қойып, танысады. Содан соң оның шындықты немесе жалған айтып тұрғанын табуы керек.

Қызығушылықты арттыру үшін сіз «Белгісіздерге» кез-келген атрибуттарды бере аласыз немесе оларды шығармалардың кейіпкерлері ретінде ұсына аласыз. Сұрақ пен жауаптар алдын-ала карточкаларда әзірленеді.

Мұғалім: 1 қағиданы жасақтайық: КӨПТЕГЕН АДАМДАР ИНТЕРНЕТТЕ ӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫ АЙТАДЫ (қағиданы тақтаға ілеміз).

Одан 2 қағида шығады: ИНТЕРНЕТТЕ ТАНЫСҚАН АДАММЕН КЕЗДЕСПЕ.

Мұғалім: келесі жағдайды елестетіңіз. Сізге көшеде бейтаныс адам жақындап, қайда тұратындығыңызды, аты-жөніңізді, жасыңызды сұрайды. Сондай жағдайда не істейсіз? (оқушылардың жауабы) .

Қорытынды: бейтаныс адамға өзің туралы және отбасың туралы айтуға болмайды.

Мұғалім: 3 қағиданы жасақтаймыз: ӨЗІҢ, ОТБАСЫҢ ТУРАЛЫ ЖЕКЕ АҚПАРАТТЫ, ӨЗІҢНІҢ ФОТОСУРЕТТЕРІҢДІ ЕШҚАЙДА ОРНАЛАСТЫРМА.

Бекіту:

«Кім сені таниды?» ойыны

Қатысушылар- барлығы.

Пайдаланушы -1 адам, өзі туралы ақпарат қамтылған файлды қалдырады және шығып кетеді.

Оның міндеті оралғаннан кейін қатысушылардың қайсысы ақпаратқа ие екенін анықтау. Файлда толтырылған профилі бар бірнеше бірдей парақтар бар. Парақты өзіне қалдыра отырып, адам файлды жіберу арқылы ақпаратты көшіреді - оны желі арқылы бөліседі.

Қорытынды. Егер ақпарат желіге енсе, оның қай жерде екенін білу өте қиын. Оны басқару мүмкін емес.

Қорытынды. Рефлексия.

Сөйлемді оқып, жалғастырыңыз.

Маған ....... білуге қызық болды.

Маған….....ұнады.

Мені......таңғалдыр

Интернет оқуға, демалуға немесе достарыңызбен сөйлесу үшін тамаша және пайдалы құрал бола алады. Бірақ нақты әлем сияқты интернет те қауіпті болуы мүмкін!

Өмірде де, интернет кеңістігінде де бәрі жақсы болуын тілеймін.


Жолда жүру ережесі №2 «Реттелмейтін жол қиылыстары»

Жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік. Екі оқушы тақтаға шығып сурет арқылы көрсетеді.

Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ, тоқта, жүр дейді.
– Бағдаршам!
– Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!
– Мынау қандай белгі?  

Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.
1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
2. Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
3. Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.
3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.




































Педагогтің аты-жөні

Жайтакова Л.Т.

Күні:

17.10.2024

Сынып: 2 «Б»

Қатысушылар саны:14

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Кітап сарқылмас рухани қазына»

7.Қауіпсіздік сабағы «Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»

(10 минут)

Сабақ мақсаты

Кітап заманымыздың өмірі. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына- кітап әлеміне шолу жасау. Кітап әлемі- адамды арман биігіне самғатып, ақыл- ой сұлулық әлемін шарлатып, білім- ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту

Құндылық


«Жасампаздық және жаңашылдық»

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Әнұран орындалады.

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.


Ортасы

Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі. Енді бір қырынан кітап оқу деңгейінің азайып бара жатқандығын адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларынан, не базар экономикасының өзіндік кінараттарынан қарастыратын жағдайлар да бар. Бұл орынды көзқарас емес. Өйткені халқымыздың әл-ауқаты төмен делінген жылдардың өзінде де, олардың кітапқа құштарлығы онан ары арта түспесе кеміген жоқ болатын Компьютер керемет, интернет тамаша екені рас. Бірақ, біз кітап оқуды, көркем әдебиетке қызығушылығымызды компьютер әлеміне жұтқызып қоймауымыз керек. Кітаптың құндылығы жәйында дана халқымыз «Білімнің бастауы кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді. Ал ұлы драматург Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп кітаптың қүдіретін, оның мәртебесін онан ары асқақ көтеріп көрсеткен болатын. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбатты қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын –кітап екенін білуге, бұл кітаптар қайдан шығатынын онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері ,қол жетпес мұралары жазылатыны туралы бүгінгі сабағымызда ой бөліссек.Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз. Кітап өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу,тәрбие құралы.

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.




Форма

тивті бағалау.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.




.











Соңы

Қорытынды:
«Мен жастарға сенемін»,-деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сол жастарымыз рухани сауаттылығы мықты болса, ұлтымыздың ұлағаттылығы мәңгі сақтала бермек.

Халқының көңілінен шығатын, елінің үмітін ақтайтын,өткен ұрпақтың есесін түгендеп,келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің азаматтары рухани сауаттылықпен білім көгіне самғай беріңдер демекпін.

Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.









































7.Қауіпсіздік сабағы «Супермаркетте өнімдерді таңдау ережелері»

Мақсаты: өнім сапасына және тұтыну мәдениетіне белсенді танымдық қызығушылықты қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл-күйді қалыптастыру.

Тақырыпты анықтау.

Балалардың диалогі тыңдалады.

1-оқушы: Қауіпті өнімдер бар ма?

2-оқушы: Ешқандай тағамның зияны жоқ деп ойлаймын. Өйткені, ол дүкенде сатылады. Мен үшін бәрі пайдалы, мен дәмдінің бәрін жеймін! Маған әдемі қаптамадағы кез келген тағам ұнайды және оның зияны жоқ деп ойлаймын.

3-оқушы: Менің ойымша, зиянды тағамдар бар.

4-оқушы: Кейбір тағамдық қоспалар адам денсаулығына қауіпті деп естідім. Сондықтан мен дүкендерде өнімдерді өте мұқият таңдаймын. Өйткені, менің денсаулығым мен үшін өте құнды.

Мұғалім: балалар, мына оқушылар қызықты және мүлде басқа көзқараста екенін көріп тұрсыңдар.

Айтыңдаршы, сауатты тұтынушы деген нені білдіреді?

Бүгін біз дүкенде тағам таңдау қағидалары туралы айтатын боламыз.

Бастапқы білімді игеру және түсінгенін тексеру.

Мұғалім: кімдікі дұрыс, кімнің қате екендігін білу үшін біз зерттеуші ғалымдардың рөліне енуіміз керек. Нәтижелердің объективтілігі үшін ғалымдар топтарда жұмыс істейді.

Назар аударыңыз! Біздің ғылыми-эксперименттік зертханада азық-түлікті зерттеу басталады. Құрметті зертхана қызметкерлері, сіз бүгін топтарда алдыңызда тұрған 2 өнімді (печенье, пряник, кәмпит, газдалған сусын) қарастыруыңыз керек.

Тапсырма:

1құрамында "Е" белгісі бар тағамдық қоспалар бар өнімдерді анықтаңыз - оларға қызыл түсті жапсырма, құрамында "Е" әрпі бар қоспасы жоқ өнімдерге-жасыл түсті жапсырма жапсырылуы керек;

2) тағамдық қоспалардың қауіптілігі туралы материалдардан осы өнімдердің қауіптілік санатын және оларды тұтынудың салдарын анықтау қажет (экранда тапсырма және қауіптілік сипаттамалары бар тағамдық қоспалардың кестесі);

3) нәтижелерді бақылауды тіркеу журналына жазыңыз (өнімнің атауы - тағамдық қоспа - қауіптілік дәрежесі - орган ауруы).

Тапсырманы орындауға бөлінетін уақыт – 3 минут.

Зиянды қоспалар кестесі:

өтте қауіпті

Е 123

Е 510

Е 513

Е 527

қауіпті

Е 501

Е 407

Е 242

Е 502

асқазанның бұзылуы

Е 450

Е 338

Е 339

Е 341

тері аурулары

Е 627

Е 151

Е 160

Е 320

ішектің бұзылуы

Е 631

Е 154

Е 626

Е 630

қысым

Е 635

Е 154

Е 250

Е 252

балалар үшін қауіпті

Е 211

Е 270



тыйым салынған

Е 952

Е 103

Е 105

Е 121

күдікті

Е 477

Е 104

Е 122

Е 141



Мұғалім: сонымен, зерттеу нәтижелерін күтеміз.

Топ өкілдері өнімдер туралы білгендерін ұсынады. Пайдалы өнімдер жасыл қорапқа, өмірге және денсаулыққа қауіптісі қызыл қорапқа салынады. Мұғалім шағын зерттеу нәтижелерін тыңдап, оларға түсініктеме береді.

Бекіту:

Пайдалы және қауіпсіз өнімдерді таңдау қағидаларын жасау.

Мұғалім: денсаулықты сақтау үшін тауарларды сатып алу кезінде тағы не нәрсеге назар аудару керек (балалар бұл шығарылым күні және сақтау мерзімі деп болжайды.).

Мұғалім: балалар, мен пайдалы және қауіпсіз өнімдерді таңдау қағидаларын жасауды ұсынамын (сөздерден).

Тақтада сөз бұлты орналасқан:

Азық-түлік сатып алғанда, оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

Өнімдердің құрамын мұқият зертте.

Өнімнің компоненттері қауіпсіз екенін әртүрлі ақпарат көздерінен тексеріңіз. Қорытынды. Рефлексия:

Мұғалім: бүгін қандай қорытынды жасаймыз? (Сіз әртүрлі және қауіпсіз тағамдарды жеуіңіз керек және оны дұрыс таңдау қағидаларын білуіңіз керек!).














































Білім беру ұйымының атауы

5 мектеп-лицейі

Сынып жетекшінің аты-жөні

Жайтакова Л.Т.

Күні

24.10.2024

Сынып: 2«Б»

Қатысқан оқушы саны- 14 Қатыспаған оқушы саны-

Сабақтың тақырыбы:

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!»

республика күніне арналған сынып сағаты

8.Қауіпсіздік сабағы «Егер жабайы жануарларды кездестірсем не істеймін?» (10 минут)

Сабақтыңмақсаты:

1.ҚР мемлекеттікмерекелерітуралымәлімет беру;

2.Республика күнініңмаңыздылығынтүсіндіру;

3.Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту;

Құндылық

«Тәуелсіздік және Отаншылдық»

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Сабақтыңбарысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың басы

2 минут

Апта дәйексөзі:

«Отаным – алтын бесігім



Ұйымдасты-ру кезеңі

3 минут

Әнұран орындалады


Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі
Кез келген ел азаттыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады басқа мерекелерден айрықша қастерлейді.

Әнұран орындайды

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді

Презентация

 

 

 


Сабақ басы 10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
Қыркүйек
айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер енгізді. Құжатқасәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды. 

 

 

 

 

Ортасы 15 минут

 

Сұрақ-жауап:
1. 
Әнұранның сөзі мен өленінің авторларын ата?
(сөзі: Жұмекен
Сабырұлы Нәжімеденов., Н.Ә.Назарбаев; композитор: Ш.Қалдаяқов  2006 ж)
2. Республика күні қай жылы қабылданды?
( 1990 жылы 25 қазанда)

Шахнура: Жарқыраған Қазақстан

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!


1оқушы: Республика күні – мақтанышымыз

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.


2оқушы: Қазақстан – өр елім

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?



3оқушы: Тәуелсіз Қазақстан

Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.


4оқушы: Қазақ ұлтының күні

Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,



5оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам әлемге танылды анық.

Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,

Арманым ата заңым қабылданып.


6оқушы: Өзіңдікі туыңда,

От пен ауа, суың да.

Жаса Қазақстаным,

Белді бекем буып ап.

Оқушылар сұрақтарға жауап білдіреді

 

 

 

 

Суреттер

Соңы

 

 

 5 минут

 

 

Оқушылар біздің Республикамыз қалай аталады?

-         Біз елімізді жақсы көреміз бе? Олай болса, осы елімізге, жерімізге қандай тілек білдірер едіңдер?

1.    Елімізде тыныштық болсын!

2.    Еліміз бай болсын!

3.    Соғыс апаты болмасын!

4.    Бейбітшілік болсын!

5.    Нанымыз көп болсын!

6.    Туымыз биік болсын!

7.    Бәріміз тату болайық!

ОDrawObject1 Стрелка вправо 1 тан

DrawObject2


Отан сөзін оқушылар топтастырады.

 

 

презентация








8.Қауіпсіздік сабағы «Егер жабайы жануарларды кездестірсем не істеймін?»

Мақсаты: оқушыларды панасыз жануарлармен кездескен кездегі мінез-құлық қағидаларымен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл-күйді қалыптастыру.

Тақырыпты анықтау:

Мұғалім: бүгін біз панасыз жануарлармен кездескен кездегі мінез-құлық қағидаларымен танысамыз.

Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау:

Мұғалім: Жабайы жануарлар қайда тұрады? Үй жануарлары қайда тұрады?

Өкінішке қарай, барлық үй жануарлары иелерімен бірге өмір сүрмейді, олардың көпшілігінде баспана жоқ және көшеде, далада тұруға мәжбүр. Олар жиі ашығады. Аштық сезімі мұндай жануарларда реніш, агрессия, ашуланшақтықты тудырады. Мұндай жануарлармен кездесу кейде адамдар үшін қауіпті.

Білімді бастапқы игеру және түсінгенін тексеру:

Панасыз жануармен кездесу кезіндегі мінез-құлық қағидалары.

Ит – әдетте жалғыз жүгіреді. 3 немесе одан да көп иттерден тұратын топта жүгіре алады. Оның жүні лас, оған шөп, жапырақтар, кішкентай таяқшалар, үгінділер жабысады. Ит себепсіз және күтпеген жерден үріп, сіздің бағытыңызға бұрылуы мүмкін.

Есіңде болсын!

жалғыз келе жатқанда ит алдыңнан шықса, басқа (қарама-қарсы) жаққа бұрылуға тырысыңыз;

айқайламаңыз;

ересек адамдарға қарай жақындауға тырысыңыз;

егер кенеттен ит кішкентайларға жасырынып жақындаса, бұл туралы ересектерге тезірек хабарлаңыз;

иттерді ызаландырмаңыз;

жануарға бұрылып, ешқандай дыбыс шығармаңыз (үргенге еліктеу, айқайлау).

Тыйым салынады:

итке таяқ, бұтақ лақтыруға, қол бұлғауға;

айқайлауға;

жейтін азығын тартып алуға;

жануармен кездесу орнынан қашуға;

бейтаныс итке жақындап, оны сипауға.

Бекіту:

Мұғалім: Сіздердің үстелдеріңізде әрқайсысында екі жартыға бөлінген қағаз парақтары бар.

Сұрақтарға жауап беру үшін екі бағанға жауаптарды: өзіңіздің қазіргі және ересек болған кездегі әрекеттеріңізді жазыңыз. Көшеде панасыз жануармен (мысық, ит) кездескенде не істейсіз?

Қорытынды. Рефлексия (кез-келген

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі