Сабақтың тақырыбы: Мамандықты таңдау - ертеңді ойлау
Мақсаты:
Білімділік-оқушылардың білім шыңына талпынуда бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Дамытушылық-жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін-өзі тану аумағын кеңейту.
Тәрбиелік-оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу .
Әдіс-тәсілдері: «Миға шабуыл», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (оқушыларға тақтадан белгілі бір кәсіп иелерінің суреті көрсетіледі, оқушылар сурет арқылы табады.)
-
Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы түрде қалай айтуға болады?
-
Мамандық
-
Дұрыс айтасыздар. Олай болса тәрбие сағатымыздың тақырыбы
«Мамандық таңдау – ертеңді ойлау».
-
«Миға шабуыл» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не ? Әр топ өз ойын айтып, жауап береді: «Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалім толықтырады.
Профессия-мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін-ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін-жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге-әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей , өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау... Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін , адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз – өзіне «Мен кіммін?», Осы өмірдегі орным қандай ?» , «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек.Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.Сондай-ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамндықтарға дәрігер, мұғалім және құрлысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
-
Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой пікірлерін дәлелдейді.
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек.
Ақша болса,мамандық қажет емес.
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет.
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды.
Мамандық таңдау – күн көріс қамы.
Оқушыларға сұрақ:
-
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
-
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
-
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
-
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
-
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
-
«Мамандықты тап» сергіту сәті.
Мамандықты тап» жұмбақтар шешейік
Үлгілерге қараймын,
Үй іргесін қараймын,
Өрнектерді оямын,
Терезесін қоямын. (Құрлысшы)
Елде сақтап амандық,
Емдеп жұртты аман қып.
Қуантады қашанда,
....................мамандық (Дәрігерлік)
Денсаулығын балааның,
Денсаулығын ананың,
Денсаулығын қарттың да,
Қамқорлыққа алады.
Өндіріске көптеген
Өрісі мол тоқ берген.
ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын.
Мен арқылы өткерген. (Инженер)
Оқу – білім арнасы,
Кім ол – оның анасы.
Дамытады ол адамның,
Ақыл-ойын, санасын. (Ұстаз)
-
«Жағдаяттық сұрақтар»
-
Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
-
Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата анаңның шешіміне қарсы боласыңбы?
-
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
-
Мандық таңдау – болашағынды айқындау.
Мамандық таңдау дегеніміз-яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ғана сенің болашағын айқын.
Әр оқушы өздерінің таңдаған мамандықтары туралы айтып береді.
-
Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық. – Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма? Осы мақсатқа жету үшін не істемек ойларың бар?
Осы сабақтан не алдыңыз?
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Мамандық таңдаудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау -болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзін белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпа.
-
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынамын.
-
Рефлексия «Тілектер ағашы» Гүл құмырасындағы ағаш отырғызатын. Сабағымыздың түйіні ретінде, рефлексия жасап, алдарыңыздағы алма, жапырақ стикеріне сабақтаң алған әсерлеріңізді , тілектерііңізді жазып, «тілектер ағашына» ілеміз. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерің. Болашақтағы жоспарларың Алға қойған мақсаттарың , бір-бірлеріңе тілектерің
-
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Рахмеьт, сендердің айтақан ой пікірлеріңе қарай, бүгінгі сабағымыз өте маңызды болды деп есептеймін. «жарқын болашақтың кепілі-жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді , жеке басының, пайдасына қара өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап, өз-өздерңді, бір-бірлеріңді танып, өз қабілеттеріңмен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар. Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
КММ«Қ.Дамитов атындағы орта мектебі»
Тәрбие сағаты
«Мамандықты таңдау-ертеңді ойлау»
Өткізген: Гаяров Б.Д.
Үлкен Нарын ауылы
2018-2019 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мамандықты таңдау - ертеңді ойлау

шағым қалдыра аласыз