Материалдар / "Мамандықтың бәрі жақсы" кездесу кеші
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мамандықтың бәрі жақсы" кездесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін - өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлеміне ақпараттар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2020
1155
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 10.01.2020 жыл

Сыныбы: 9 – 11


Тақырыбы: «Мамамндықтың бәрі жақсы...»

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін - өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлеміне ақпараттар беру.

Түрі: Кеш

Көрнекілігі: Мектеп суреті, нақыл сөздер, «Тілек ағашы», мамандық аты жазылған карточкалар, түрлі – түсті парақтар т.б

Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, тренингтер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Кешегі мектеп түлектері, бүгінгі студенттерді ортаға шақыру.

ІІ. негізгі бөлім

  1. Сұрақ – жауаптар

  2. «Мамандықты жасыр» жаттығуы

  3. «Студенттік өмірдің қызықтары»

  4. «Егерде мен...............болсам не істер едім?»

ІІІ. Қорытынды бөлім

«Еркін микрофон»

Ұйымдастырушы: А.Р.Ережепова


















«Мамандықтың бәрі жақсы...»

1 – жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан – дей отырып, бүгінгі мектеп оқушыларының студенттермен кездесу кешіне қош келдіңіздер.

2 – жүргізуші:

Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,

Мерекең құтты болсын, түлектерім.

Қол соғып ортамызға шақырайық,

Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін. – деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент, болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз. (Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады)

1 – жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары – мектебіміздің түлектері

Осыған орай өткелі тұрған студенттермен мектеп оқушыларының арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Мамандықтың бәрі жақсы...» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең - мектеп ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығымен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз. Ол басында мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.


1 – жүргізуші:

Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,

Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.

Өнеге үлгі болған кішілерге,

Ұстаздар шын пейілімен жыр арнады, - деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Төлеген Теміржанұлына береміз.

Ән: «Туған жер» орындайтын: Рымтаева Аяла

1 – жүргізуші:

Мамандық сөзіне анықтама

Мамандық дегеніміз не? Профессия - латын сөзінен шыққан, анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық алғың келеме,

Мамандық өзі немене?

Тыңдайық, қане ойлайық,

Білімге терең бойлайық,

Оқыған маман шын маман

Мамандық алмай қалмайық

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта

Қолыңнан жұмыс келмесе,

Тиеме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі мамандық,

Жер көктің бәрі мамандық

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамдық.

2 – жүргізуші:

Бірінші оқушылардың мамандық туралы өз ойларын білейік.

1.Мамандық дегенді қалай түсінесің.

2.Ақша болса мамандық қажет емес, дегенге келісесің бе? Себебі?

3.Неліктен мамандық иесі болу керек.

4. Мамандық бір – ақ рет бір жола таңдалады. (өз пікірің)

1 – жүргізуші:

Ұрпағы ұландары текті жердің,

Қашанда болмысыңа сүйенемін

Кешегі ғалымдар да, мамандар да,

Шығады өздеріңнен деп білемін.

Кешіміздің басында бір сергіп алу үшін «шар жару» ойынын ойнап алайық.

1 – жүргізуші:

Студент ертеңіне жол ашады.

Асқақта нұрлы болар болашағы.

Дәл осы мектебімде білім алып,

Арманға аласармас қыр асады, - деп бүгінгі студент ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.

Ендігі кезекті оқушылардың толғандырып жүрген сұрақтарына береміз. (Оқушылар сұрақтарын қояды)

  1. Сананың ашықтығы дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Елбасымыздың   «Рухани   жаңғыру:   болашаққа   бағдар»  Мақаласында кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сыңды сөздердің жастар үшін маңызы зор делінген. Осы мақаланың ішіндегі «ұлттық код» деген сөзді қалай түсінесіз.

  3. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар, ол қандай идея.

2 – жүргізуші:

Қабіл етіп қонақтардың тілегін,

Тілегіңді тұмар етіп жүремін.

Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,

Өздеріңдей болса деймін түлегім.

1 – жүргізуші:

Үздіксіз жалғап келеміз,

Жолдарын аға буынның

Өздерің сірә, болмасаң

Кім болар едім мен бүгін.


Келесі сөз кезегін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нағима Несіпбайқызына береміз.


1 – жүргізуші:

Бастайық қызық думан ойын шартын,

Кім тапқыр сол адамды мойындағын

Ойменен, ақылменен, санаменен,

Білген жөн бәрімізге заман нарқын, - дей келе кешіміздің келесі бөлімі студенттер мен оқушылардың қызықты ойындарына берейік.

«Әріптер сөйлейді»

Би: орындайтын «Қызғалдақ» бишілер тобы

2 – жүргізуші:

«Мамандықты тап» ойынына берейік. Студенттер оқушыларға әр - түрлі мамандықты ыммен және іс қимылмен жасырады. Оқушылар қандай мамандық екенін табады.


1 – жүргізуші:

Үш топқа тапсырма беріледі.

  1. Егерде мен Әкім болсам не істер едім

  2. Егерде мен директор болсам не істер едім.

  3. Егерде мен заң өкілі болсам. (сурет арқылы постер қорғау)

Би: «Қызғалдақ» бишілер тобы

Ойындар: «РЭП»

Мектебің- алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың- бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.


Әр топтан бір қонақ кәде сұраймыз


Рефлексия: «Еркін микрофон» студенттер бүгінгі кештен алған әсерін достарына, өздеріне арналған тілектерін айтады.

1 - Жүргізуші:

Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,

Зулайды жастық дәурен қас – қағымда

Мектебің ұстаздарың алтын қазық,

Тілейді сәтті қадам жастарына

Бүгінгі кешімізді қортындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің оқу тәрбиесі ісінің меңгерушісі: Анар Жаңабайқызына береміз


2 -Жүргізуші:

Болашақпен қоштасып, даналыққа беттедің

Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің

Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр.

Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін.

1 -Жүргізуші:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін. – деп Мағжан ақын жырлағандай, еліміздің ертеңгі болашағын жалғаушы сендер жас ұрпақ, жеткіншектер.




























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!